Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makal matelder.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
22.02.2015
Размер:
167.02 Кб
Скачать

Ашушандық, ұстамдылық, шыдамдылық.

Ашынған тілді болады.   Ашу арымдайды, ақыл аяңдайды.   Қатты жауған күн Тез ашылады, Қатты ашуланған кісі Тез басылады.   Ашу — пышақ, ақыл таяқ.   Көш жүре түзелер.   Ағаш та ұстаған жерінен сымбайды.   Орынсыз ашу — от шашу   Аюды жеңген — жарты ер, Ашуды жеңген — бүтін ер.   Қанша берік дегенмен «Тәуекел» де қажиды.   Көзі қарайған там сүзер.   Ас тасыса, қатығы төгілер, Ашу тасыса, ақылы төгілер.   Қой алты күн аштыққа шыдайды.  

Сабын кірді ашады, Сабырсыз сырды ашады.   Қайтып кірер есікті қатты жаппа.   Бүргеге өкпелеп тонынды отқа тастама.   Қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды.   Ауырды нар көтереді, Әзілді жар көтереді.   Ашу — дұшпан, ақыл — дос.   Жаманның ашуы басы жерге тигенше, Жақсының ашуы шәйі орамал кепкенше.   Асықпаған арбамен қоян алады.   Ашу келсе — ақыл кетер.   Ашудан ақыл қөп болса, Ашу не етер?   Ашу үстінде ант жүрмейді. 

 

 

Аңқаулық, кішіпейілділік, сыпайылық

Екі кісі сығылысса, Бір кісілік орын бар.   Дастарқан басында отырып, Қонақ аяғын алысқа көсілмес.   Есекке күміс ер жараспас.   Тоқал ешкі мүйіз сүраймын деп, Құлағынан айырылыпты.   Әншейінде ауыз жаппас, Айт дегенде ауыз ашпас.   Сүт сұрай келіп, шелегіңді жасырма.   Сыпайы сырын жасырмас, Пұшық мұрнын жасырмас.   Көптен дәметкен, аздан құр қалар.   Көрпеңе қарай көсіл.   Қойға қоңырау жараспас.   Жуас түйеге өркім ие.   Бір киікті бір тау аш қылмайды.   Аштан өлмей, көштен қалмай.   Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.   Шыбын да аңқаудың аузын андиды.   Көп тыңда, аз сөйле.   Кең жерде тар отырсаң, Тар жерде кең отырарсың.   Кішіпейілділік — кісінің көркі.   Жат үйінде жатық бол.   Итке тұмар жараспас.   Жуас тананы падашы мінеді, Жуас адамды әркім іледі.   Сиырға ер жараспас. Ақсақ ат — алтынмен тағаласаң да ақсайды. Есекке үкі тақпайды, Ешкіге жабу жаппайды.

Жуас түйе жүндемекке жақсы.   Бойың қысқа болса, түйеге мін, Бойың ұзын болса, есекке мін.   Сыпайы тоңбас, қалтырар.   Мыңды айдаған, бірді мінеді.   Бір тойда екі жар жоқ.   Нысап сайын береке.   Ұялған сыбағасынан құр қалар.   Аспандағы тырнаны ұстаймын деп, Қолыңдағы шымшығыңнан айрылма.   Кұр алғыс азық болмайды.   Есіктен орын тапсаң, төрге озба.   Қой аузынан шөп алмас.   Барымен базар.   Бар болсаң «жоқпын» деме, Жоқ болсаң «тоқпын» деме.   Жетімге жеті бидай да тамақ.   Айтпас жерде аузыңды тый, Қышынбас жерде қолыңды тый.   Бір басқа — бір көз.   Өзінің шарқын білген, Өзгенің нарқын біледі.   Барымен базар, жоқты қайдан қазар.   Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме.   Лақпын деп ойлайды тоқал ешкі.   Қанағат қарын тойғызады, Қанағатсыздық жалғыз атты сойғызады.   Кішіпейілділіктен кішіреймессің.

 

Бақыт, бақытсыздық, күнә   Жарлыпың жалғыз қозысын қасқыр жейді.   Сорлыға сойылдың жуан басы тиер.   Бұлт қайда қонса, Береке сонда шөгеді.   Жұт жеті ағайынды.   Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды.   Бір қазаға екі жаза жоқ.   Әкесі өлгенді де естіртеді.   Жау жағадан алғанда, ит етектен тартады.   Қойға қасқыр шапқанда, ит семірер.   Жазым болса, быламыққа тіс сынар.   Жамандық аяқ астында.   Отырса — опақ, тұрса — сопақ.   Жаманшылық пен жақсылық егіз.   Жамандық жасырылмас.   Семіз қозы пышаққа сұранып тұрады.   Итті иесімен қина.   Қырсыққанда қымыран іриді.   Қырықтың бірі қыдыр.   Жетім қозы сүтке тоймас.   Айтқанда ауыз жаман, Жылағанда көз жаман.   Бағы тайған адамды түйе үстінен ит қабар.   Жолы болар жігіттің Желі оңынан тұрады.   Бақ қонатын адамның, Ұлы егіті, қызы көрікті болады.   Айран ішкен құтылып, Шелек жалаған тұтылып.   Таудай талаптан бармақтай бақ.   Аңшының кешіккенінен сүйін.   Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.   Сау басына сақина тілеп.   Таршылық болмай кеңшілік болмайды.   Батар күннің атар таңы бар.   Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр Жерғе жауған нұр.

Жетім қозы түртіншек.

Әр кәллада бір қиял   Бұл дүниенің құсасы, Ол дүниеге кетпейді.   Өз мінін білген өзгеге төрелік береді.   Күріш арқасымен күрмек су ішер.   Қайғыны қайраткер жеңеді.   Басыңа бақ қонғанда, Елден асқан данасың. Басыңнан бақ тайғанда, Қалыбыңа барарсың.   Жетім қыздың тойындай.   Қас жақсының белгісі, Қайғысын жұртқа білгізбес.   Қаралы көңіл жаралы.   Жолы болар жігіттің Жеңгесі шығар алдынан.   Ақсақ түйенің аузына Жел айдаған қаңбақ түсер.   Олай тартсаң — өгіз оледі, Бұлай тартсаң — арба сынады.   Аспаннан іздегенім аяғымның астынан шықты.   Жапалақты тасқа ұрсаң да, Жапалақ өледі. Таспен жапалақты ұрсаң да, Жапалақ өледі.   Байтал түгіл бас қайғы.   Сұмырай келсе су құрыр.   Жерге түскен жетімдікі.   Ел қонысынан айрылса, Ел ырысынан айрылады.   Сорлының аузы асқа тисе, мұрны қанайды.   Біреу өлмей, біреу күн көрмейді.   Құдай бергенге құлай береді.   Дүние — кезек.   Өлмегенге өлі балық кездеседі.   Қойдан қалған қозы қасқырға тап болады.   Бір күн қарны ашқаннан, қырық күн ақыл сұрама.   Жаман айтпай жақсы жоқ.   Өлетін бала молаға қарай қашады.

 

Ұрлық

Тұйені түгімен, атты жүгімен.                                                                  Ұрлық, ұрлық түбі қорлық.     Түйе ұрлаған да — ұры, Түйме ұрлаған да ұры.   Ұрыны қарақшы ұрады.   Ұры — қасық, ел— теңіз.   Ұрының қатыны өзіне лайық.   Ұры жете алмайтын жаяудікін алады. Сұрай алмайтын таяудікін алады.   Бөрі көмеді, түлкі ашады.   Бері азығы мен ұры азығы жолында.   Ұры ұрлығын қойса да, ұры атағы қалмайды.   Ұры өле-өлгенше ақпын дейді.     ,                                                         ; Ұры қосыларда Бірінің аузын бірі жалайды, Ал айрыларда — Ит болып таласады.   Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.   Көкек оз атын өзі шақырады.   Атақты ұры аштан өлер.   Ұры булікке құмар, Шыбын шірікке құмар.   Аңғырт бөрі қой үркітеді, Абайсыз ұры қолға түседі. Түлкінің қызылдығы — өзінің соры.

Сұқ семірмес, ұры байымас. Қуға қу намазшамда кездесер.   Көп жортқан түлкі терісін алдырар.   Жапалаққа күннен түн жарық.   Ұры басқаның малын жейді, озінің арын жейді.   Ұрының үйі көп: біреуінен алады, біреуіне береді.   Ақылды ұры өз ауылынан ұрламас.   Адам тілінен жазады, Ұры ізінен жазады.   Ұры бір түнде — бай, Бір күнде — кедей.   Қасқыр қарызын терісімен төлейді.   Ұры түн асқанша, Бөрі қыр асқанша.   Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.   Қасқыр мен ұры мінездес: Екеуі де түнді аңдиды. Бұлбұл мен гүл мінездес: Екеуі де күнді аңдиды.   Арамдық қып ішкен ас, Ішіңе барын болар тас.  Түлкіні түн асырайды.   Қонақ келсе — құт, Қарақшы келсе — жұт.