Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Елтану.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.17 Mб
Скачать

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағының-қысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіреді.

Придаточные образа действия показывают как происходит действие в главном предложении и отвечают на вопросы қалай? (как?), қайтіп? не етіп? (каким образом?).

Бағыныңқы сабақтас

(Придаточные предложения)

Бағыныңқының баяндауышы (Сказуемое придаточных)

Мысалдар (Примеры)

Қимыл-сын бағыныңқылы (Придаточные образа действия)

1. Көсемшенің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. (Путем прибавления к корню глагола деепричастий

-а, -е, -й, -ып, -іп, -п).

2. Есімшеге -дай, -дей жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. (Путем прибавления к причастию суффиксов -дай, -дей).

Олар су іш+іп, шөлдерін қандырды. (Выпив воды, они утолили жажду).

Арман келме+й, жұмыс бітті. (Работа закончилась до того, как пришел Арман).

Ол адамдар еститін+дей, қатты сөйледі. (Он говорил так громко, чтобы люди могли слышать его).

476-тапсырма. Екі жай сөйлемнен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

1. Әбу Насыр елімен қоштасты. Ол оқуға аттанды. 2. Жиырма жасар Әбу Насыр сауда керуеніне ерді. Бағдаттағы «Даналық үйіне» аттанды. 3. Олар алыстағы елдерді аралады. Әбу Насыр сол сапарынан Фарабқа оралды. 4. Мына мақаланы тез жазды. Баспаға наурыздың аяғына дейін тапсырыңыздар. 5. Мен көп ойланған жоқпын. Бірден келістім. 6. Қасым Қазақстанда болды. Қазақ тілінен білімін жетілдірді. 7. Ала сауысқан бұтаққа қонбады. Шықылықтап ұша берді.

477-тапсырма. Себеп және қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын көрсетілген торларда көрсетіңіздер.

Себеп бағыныңқылы

* * * * *

Қимыл-сын

бағыныңқылы

478-тапсырма. Берілген сөздермен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Орындайтын+дай, жоспарла+п, сақта+п, кел+е, табылатын+дай, күтетін+дей, жина+й, бар+а, ал+ып, қайт+ып, бітір+іп.

479-тапсырма. Төмендегі сөздермен себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Келмейтін+діктен, танымайтын+дықтан, ұсынған себепті, барған соң, айтқан соң, қатысқан+дықтан, сағынған себепті, білетін+діктен.

480-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар.

1. Қимыл-сын бағыныңқылы: 2. Себеп бағыныңқылы:

а) -да, -де, -йынша, -йінше а) бері, дейін, -де, -ша, -п

ә) себепті, деп, үшін, шейін ә) -дей, үшін, -да, -де

б) -дай, -дей, -ып, -п, -а б) соң, себепті, -дықтан,-діктен

в) -қалы, -келі, -й, -е, -іп в) -қалы, -келі, кейін

г) -ша, -ше, -ғалы, -гелі г) -ып, мен -йынша, -йінше

481-тапсырма. Көп нүктенің орнына қимыл-сын, себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарларын қосып жазып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер, түрлерін ажыратыңыздар.

Беті ашылып, жалаңаштанып қалған тау жыныстарының белгілі бір мерзімде беті ашылуы ..............., ол өзгеріссіз қалпын сақтайды. Күрделі кен қазбаларын жүргізу нәтижесінде оның межелі тұсына, ............... .............., оған жер бетінен жол ашылады. Поршень қысылған ауаның күшімен, ............... ................ бұрғының артынан келіп соғады. Осы соққылардың арқасында тау жыныстары .............., скважина тереңдей береді. Өкпе-жүрегі аяғына ................., талған буындарын баса алмай келеді. Тұла бойы .................., төбе шашы жиырылып бара жатты. Өзінің сөздігі .................., бірнеше сөздің аудармасын менен сұрады. Күрделі қазбалар пайдалануға .................... .................., олар негізгі қор құрамына енеді.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті басыңқылар: Себепті, жеткен соң, жүріп отырып, бұзылып, түскендей, шымырлап, болмағандықтан, берілген соң.

13-апта. 39-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Қарсылықты, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

482-тапсырма. Соңғы жылдардағы еліміздегі білім берудің даму жолдарынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Жоғары оқу орындарының элитасы туындауда

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында: «Жоғары білім беру сапасы халықаралық ең жоғарғы стандарттарға сай болуы тиіс», - деп көрсетілген. Жаһандану жағдайында біздің ел үшін басқа жол жоқ. Мемлекет дамуының сапасын айқындайтын жоғарғы білікті мамандарды дайындауда, жоғары оқу орындарының атқаратын міндеті зор. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ЖОО-дағы білім сапасына аса үлкен көңіл бөледі. Қазір оқу орындары студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әрі халықаралық деңгейдегі білім беруге ұмтылуда. Қазақстанның 145 жоғарғы оқу орындарында 633 мыңнан астам студент оқиды. Оларға мемлекеттік тапсырыс бойынша 34840 орын бөлінді, бұл 2008-ші жылға қарағанда 1350 орынға артық. Экономикалық дағдарыс жағдайында студент жастарды әлеуметтік жағынан қолдау мәселелері қарастырылған.

2009-2010-шы оқу жылында ақылы оқудан 23737 студент, банктік несиемен оқуға ауысты. Ол мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 70 %-ын алады. Грантта оқитындар 9375 теңге шәкіртақы алады және олардың жол шығындарына өтемақы төленеді. Бұндай үлкен көлемдегі көмек еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері бірінші рет көрсетілуде.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы мектебі Болондық келісімшартына біртіндеп енуде. Еліміздің 30 жоғарғы оқу орны университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. 37 жоғары оқу орнында екі дипломдық білім беру іске асырылуда. 131 жоғарғы оқу орны кредиттік технология бойынша оқытады, ал 20 университет қашықтан оқу жүйесі бойынша білім береді.

Жоғарғы білім беруде білім сапасы және халықаралық стандарт – негізгі бағыт болып табылады. Қазір 9 жоғарғы оқу орны институттық аккредитациядан, ал үшеуі арнайы халықаралық аккредитациядан өтті. Әлемдік рейтингке ену – барлық Қазақстан оқу орындарының міндеті. 2009 жылдың күзінде Астанада алғаш рет рейтинг бойынша 4-ші халықаралық конференция өткізілді.

Университеттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды дамуда. Мысалы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Алтай» технопаркінде 16 ғылыми зертхана жұмыс істейді. Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені жұмысын бастады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде физика, математика, ақпараттану институты және екі ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

Нағыз болашақтың жобасы – Астанадағы «Назарбаев университеті». Оның даму стратегиясы келесі принциптерге негізделген. Біріншіден, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен серіктес болу. Екіншіден, заманауи ғылыми инфрақұрылымды қамтитын зерттеу қызметін ұйымдастыру. Үшіншіден, басқарудың заманауи сараптама және қаржыландыру жүйесін құру. Бұл – университеттегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Университетте жеті мектеп жұмыс істейтін болады. Олар: 1. дайындық мектебі;

2. жалпы білім беру департаменті; 3. инженерия мектебі; 4. жаратылыстану ғылымы;

5. жалпы медицина; 6. бизнес; 7. мемлекеттік саясат мектебі.

2010 жылы дайындық мектебіне 700 адам қабылдау жоспарланған. Академиялық бағдарламалардың мазмұны, сонымен қатар, факультеттерді мамандандыру ісі шетелдік серіктестермен бірге жасалады.

Сөздік:

туындау – произвести; производный төлемақы – плата за что-либо

шәкіртақы – стипендия сарап – экспертиза; отбор; оценка

483-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

484-тапсырма. XXI ғасырдағы білім беру жүйесі қандай? Өзара пікірталас ұйымдастырыңыздар.

485-тапсырма. Мәтіннің бірінші бөлігінен үш сөйлемді алып , олардан қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і:

Елімізде экономикалық дағдарыс болған+мен, студент жастарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіліп жатыр.

486-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардан шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і:

Жоғары оқу орындары халықаралық аккредитациядан өтпейін+інше, әлемдік рейтингке ене алмайды.

487-тапсырма. «Қазақстандағы білім беру реформасы» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

488-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Айтқанмен, барса да, біле тұра, табылса да, ұсынғанмен, болса да, білгенмен, жасағанмен, көре тұра, мақұлдаса да, жібере тұра.

489-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.

Орындаса, қайталамайынша, енгізбейінше, орналасса, шықса, жауап берсе, кездеспейінше, өзі хабарласпайынша, талқыласа.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс, оқиға мазмұнына қарама-карсы мағыналық қатынаста келетін сөйлемдерді қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас қайтсе де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? (несмотря ни на что?) деген сұрақтарға жауап береді.

В придаточном уступительном предложении придаточные имеют противоположное главному значение: действие главного предложения совершается как бы вопреки условиям, поставленным в придаточном предложении.

Бағыныңқы сабақтас

(Придаточные предложения)

Бағыныңқының баяндауышы (Сказуемое придаточных)

Мысалдар

(Примеры)

Қарсылықты бағыныңқылы (Придаточные уступительные)

1. Есімшеге көмектес септігінің -мен жалғауының жалғануы арқылы жасалады. (От причастий с окончанием көмектес септік -мен).

2. Шартты райлы етістікке -да, -де шылауларының жалғануы арқылы жасалады. (Путем прибавления после условной формы глагола частиц -да, -де).

3. -а, -е, -й жұрнақты көсемше түрінен болады. (От деепричастий с суффиксами -а, -е, -й).

Күн жарқырап тұрған+мен, қатты аяз. (Хоть и светит солнце, стоит сильный мороз).

Тез жүрсе де, пойызға үлгермей қалды. (Хоть и ехал быстро, на поезд не успел).

Сабақ оқуға уақыттары аз бол+а тұр+а, емтиханды жақсы тапсырды. (Хоть у них и было мало времени на подготовку, они хорошо сдали экзамены).

490-тапсырма. Сөйлемдерден қарсылықты бағыныңқылы сабақтастарды тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Қазақстан Республикасында қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғанымен, тілді меңгеру жоғары деңгейге көтерілмей жатыр. 1986 жылы желтоқсанда Орталық алаңға жастар шкеруге бейбіт сипатта шыққанмен, аяғында оларды қуғындап, соққыға жығып, оқу, жұмыстарынан шығарды. Конституцияға қарсы келетін ешқандай іс-әрекеттер жасамаса да, Орталық билігіндегілер өз өктемдігін жасады. Жастардың қарусыздығын көре тұра, Кеңес әскері халыққа саперлік күректер, су шашатын машиналар сияқты қару түрлерін қолданды. Алыстағы ағайынының анда-санда жазар сәлем хатын сағына күткенімен, таяу арада ешқандай хабар ала алмады. Үйі қалада бола тұра, ол қаладағы демалыс орындарына шыға қоймайтын. Білім алу адамды ізет пен абыройға, жоғары дәрежеге жеткізетін құрал екенін білсе де, Жомарт білім алуға онша талпына қоймайтын.

491-тапсырма. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Атың жақсы болса, Әйелің жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы. Бірінші – иманың,

Балаң жақсы болса, Екінші – жиғаның

Жан мен тәннің шырағы. Үшінші – ырысыңның тұрағы...

* * * * *

Тату болса, ағайын жақын, Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын. Адал болса, досың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын Жан серігің жас кезіңнен,

Алдыңа тартқан адал асын – Бәрінен де әйелің жақын.

Қимас жақын қарындасың.

492-тапсырма. Сөйлемдерден шартты, мезгіл, қарсылықты, қимыл-сын бағыныңқыларды тауып, оларды әр бағанаға бөліп жазыңыздар.

Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге болмайды. Еуропа әдебиетімен танысқаннан кейін, қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастады. Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады. Бұл – французша күрес, екі жауырыннның арасын жерге тигізбейінше жыққанға есептелмейді. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Өзім де жаным – арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен өзге ұлттарды құрметтегенмен, өз ұлтын сүюші адаммын. Зор дұшпаннан қалай сақтансаң, ұсақ жаудан солай сақтан. Қорлық-зорлыққа қанша көнсе де, ана жүрегі қарсыласуын қояр емес. Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.

493-тапсырма. Төмендегі атауларға берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Тәрбие – араб тілінен енген сөз. Түбірі – «раба», мағынасы «өсу, есею, ұлғаю» сөздеріне келеді. Түбір сөздің алдына «та» буыны, соңына «й» жұрнағы қосылып, тәрбие атауына, яғни өсіру мағынасына ие болған. Кейде арабтарда «тарабиет» сөзі кішіпейіл мағынасында қолданылады. Ол сөз қазақ тіліне ауысқаннан кейін «тәрбие» тұлғасына ие болған.

Бет – түркі тілдеріндегі «бет» сөзінің алғашқы мағынасы басқаша болғандығын тува, тофа тілдерінен байқалады. Туваларда «бети», тофа тілінде «беъет» сөздері қазір бізде қолданылып жүрген «алды», «бұрын» сөздерінің мағыналарын береді. Ал «бет» сөзі кейін келе бастың алдыңғы жағы мен кейбір заттарлың үстіңгі жағын ұғындыратын «су беті, кітап беті» мағынасын білдіретін болған.

Мәдениет – сөздің араб тіліндегі тұлғасы – «мудун» сөзі «қала» мағынасын берсе, «мәдени» – «қала тұрғыны» деген ұғымды білдіреді. Осыдан «мәдениет» сөзі пайда болған.

Сурет – сөздің араб тіліндегі тұлғасы «сувар», ал мағынасы – «түр, кейіп, кескін» дегенді ұғындырады, көпше түрі «суварат». Сөйтіп, осы күнгі түсінігімізге «сурет» болып енген.

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің жүзеге асу, не аспау шартын білдіретін сабақтас сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас деп аталады.

Условные придаточные предложения указывают на условия, при которых происходит действие главного предложения, и отвечают на вопросы қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? (при каком условии?).

Бағыныңқы сабақтас(Придаточные предложения)

Бағыныңқының баяндауышы (Сказуемое придаточных)

Мысалдар (Примеры)

Шартты бағыныңқылы (Придаточные условия)

1. Етістіктің шартты рай түрінен болады. (От условной формы глагола).

2. Етістіктің болымсыз түріне -йынша, -йінше жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. (Путем прибавления к отрицатель-ной форме глагола суффиксов йынша, -йінше).

Қар жау+са, балалар қуанады. (Когда идет снег, дети радуются).

Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін түсіндірме+йінше, шахтаға жіберуге тиым салынған. (Новым рабочим запретили спускаться в шахту, пока их не ознакомят с правила-ми техники безопасности).

494-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар.