Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tusinikteme.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
540.67 Кб
Скачать

1.2- Суретте сыртқы қабырға көрінісі келтірілген

4.3 Саты торының есебі

Саты торының енін анықтау

В=2*в+100=2*1200+100=2500м

Бір адымның биіктігі

Н/2=4200/2=2100мм

Бір адымның баспалдақтар санын анықтау

n=Н/2÷150=2100/150=14

Адым ұзындығын анықтау

а=300(n-1)=300(14-1)=3900мм

Саты торының толық ұзындығын анықтау

А=a+C1+C2=3900+1050+1050=6000мм

1.3-Сурет. Саты торы

5 Ғимаратты инженерлік жабдықтау

Су құбыры – шаруашылық ауыз суы сыртқы жүйеде. Сыртқы тегеуріні Н=18м. ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 сәйкес су тұтыну мөлшері бойынша қабылданған.

Канализация - өндірістік - тұрмыстық сыртқы желілерге.

Жылыту - орталық, сулық сыртқы желілерде. Жылусығышты параметрлері Т=95+70°С.

Жылыту приборы қасиетінде чугунды радиаторларды алдын алған «М-90» сыртқы контурды жылыту үшін жылтыр трубалар, ішкі контурды жылыту үшін, регистрлер жылтыр приборлардан - едендер мен шешіну бөлмелерін жылыту үшін.

Ыстық сумен қамтамасыздандыру - сыртқы желілерден орталықтандырылған.

Желдету - ағынды-соратын табиғи және механикалық қоздырумен.

Қысқы уақытта ағынды ауаны жылыту калорифердерде алдын алынған.

Электрмен қамтамасыздандыру – аудандық желілерден кернеулігі 380/220В.

Байланыс құрылымдары - телефондандыру, радиоландыру, өрт сигнализациясы, жергілікті радиотүйін. Телефон желілері телефон сигнализациясы бойынша жүргізілген.

6 Антисейсмикалық шаралар

ҚР ҚНжЕ 2.03-04-2001 көрсетілген нормалар сейсмикалығы 7 балл алаңдарда тұрғызылған немесе орналасқан ғимараттар мен имараттардың (онан әрі ғимараттардың )құрылысына,қайта құрылуына,күшейтілуіне және қалпына келтіруіне арналған жобалау құжаттарын әзірлеу кезінде сақталуы тиіс.

Сейсмикалық жағынан қолайсыз құрылыс алаңдарына мыналар жатады:

а)сейсмикалылығы 10 балл;

б)түп бетінің тектоникалық күйреуі мүмкін аймақтарда орналасқан;

в)борпылдақ сумен қаныққан топырақты немесе құрылымы қатты бұзылған жынысты,15º-тан жоғары құлама еңісті;лықсыма жазықтығы бойына таяу жерде немесе сел тасқыны өтуі мүмкін аймақта орналасқан;

г)топырақтары шөккен,қорыс,карсты,кен қазбалары.

1. тармағында көрсетілген жобалық құжаттаманы дайындау кезінде мыналар атқарылуы тиіс:

а)қағида бойынша,массалардың үлестірілуінің,симметриялылығын және реттілігін ғимараттардың жоспарында және биіктігі бойында қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлық және құрылымдық шешімдерді қабылдау;

б)сейсмикалық күштердің ең аз мәнін қамтамасыз ететін материалдарды,құрылымдарды және құрылыстық сұлбаларды қолдану,

в)құрама бөлшектерді қолдану арқылы тұрғызған құрылымдардың тұтасқұймалылығын және біртектілігін қамтамасыз ету қажет,түйіспелерді мүмкіндігінше аса зор күштер аймағынан тысқары орналастыру керек.

Құрылыс алаңының сейсмикалық шағынаудандастыру картасы бойынша анықталатын сейсмикалылығын мынандай жағдайларда дәлдеп алу керек:

а)егер де инженерлік- геологиялық ізденістер жүргізу әрекетінде құрылыс алаңының сейсмикалылығына әсер етуге қабілетті бұрын ескерілмеген факторлар анықталса;

б)ғимараттар әртүрлі сейсмикалықты орындар шекараларында орналастырылғанда.

Құрылыс алаңының сейсмикалылығын:

а)іргетастардың және олрдың орнатылу тереңдігінің құрылымдық ерекшеліктермен;

б)жергілікті жерде топырақтарды күшейту арқылы сипатын ерекшелеумен өзгертуге болмайды.

I және ІІ санатты топырақты алаңдардың сейсмикалылығы сейсмикалық шағынаудандастыру негізінде ғана 10 баллға тең етіп алынады.

Ғимараттардың немесе бөліктерінің шығыңқы қабырғалары жоспары бойынша тиісінше мына мөлшерлерден аспауы тиіс:

-сейсмикалылығы 7 балл құрылыс алаңдарында:тас ғимараттар үшін -2м; ірі панельді көлемді-арқалықты,қаңқалы және тұтасқұймалы темірбетонды қабырғалар үшін-6м;

-сейсмикалылығы 8 және 9 балл құрылыс алаңдарында:тас ғимараттар үшін -1м; ірі панельді,көлемді-арқалықты,қаңқалы және тұтасқұймалы темірбетонды қабырғалар үшін- 3м;

-сейсмикалылығы 10 балл құрылыс алаңдарында:ірі панельді.көлемді-арқалықты,қаңқалы және тұтасқұймалы темірбетонды қабырғалы ғимараттар үшін-2м.

Сейсмикаға қарсы жіктерді жұп қабырғалар немесе жақтаулар тұрғызу,сондай-ақ жақтаулар мен қабырғаларды тұрғызу жолымен жасау керек. Сейсмикаға қарсы жіктің ені есептер нәтижелеріне қарамастан,биіктігі 5м-ге дейінгі ғимараттар жағдайында 50мм-ден кем болмауы тиіс.Зәулім биік ғимараттардың сейсмикаға қарсы жіктің ені биіктігін әрбір 30мм-ден кем емес мөлшерде арттырып отыру керек.

Биіктігі 3 қабатты және одан көп ғимараттарда,қағида бойынша,әр бөлік сайын кемінде бір баспалдақ торын қарастыру керек.

Сейсмикалық қауіпсіздік бағасын мынандай ғимараттар үшін анықтау керек:

а)жер сілкіну немесе өзгеде апаттық және техногенді оқиғалар кезінде зақымданғандар;

б)сейсмикалық аудандастыру картасын талқылау кезінде сейсмикалылығы арттырылған аудандарда орналасқандар;

в)қайта құрылымданғандар (жаупкершілік дәрежесінің өзгерісімен немесе өзгеріссіз);

г)құрылыс кезінде осы нормалардың талаптарына сәйкес келмейтін құрылымдық шешімдер және материалдар пайдаланылғандар.

Қазіргі бар ғимараттардың құрылымдық шешімдерінің нормалардың есептік талаптарына сәйкестігі rs коэффициенті көмегімен мынандай формуламен белгіленеді:

(6.1)

мұндағы W-қарастырылып отырған құрылымдық жүйенің (немесе оның бөлшнктерінің) нақты көтергіш қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіш;

F-қарастырылып отырған құрылымдық жүйенің (немесе оның бөлшектерінің) қолданылып жүрген талаптарына сәйкес иеленуі тиіс көтергіш қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіш.

Қазіргі бар құрылыстағы ғимараттың сейсмикалық қауіпсіздігін мынандай жолдармен қамтамасыз етуге болады:

а)ғимараттың қызметтік мақсатын өзгертумен

б)құрылымдық бөлшектерді қалпына келтіру және күшейтумен

в)құрылымдық сұлбаны өзгертумен

г)көлемдік –жоспарлық шешімді өзгертумен.

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмыста ғимараттың негізгі құрылымдық шешімдері , олардың түрлері мен есептік-құрылымдық сұлбаларымен қолданыстағы жүктемелерімен және көлемдік-жайғасымдық ерекшеліктерімен байланыстырылып қарастырылған.

Олардың қолданылуының табиғаттық-климаттық және инженерлік - геологиялық сонымен бірге, басқа да кез келген талаптарға байланысты қолданылуы мысалдары келтірілген.

Нарықтық экономикалық қатынастарға өту кезінде көтеруші металл құрылымдар және тапсырысшылардың өтінімдер мен мүмкіндіктері ескерілген жеке жобалары бойынша әр түрлі физикалық-механикалық және геометриялық параметрлері бар тұтасқұймалы темір бетоннан жасалған құрылымдар кең өріс алды.

Сонымен бірге жаңа материалдарды қолдану технологиясын үдемелі дамыту жүріп жатқанын атап өту керек, сыртқы әрлеуге , терезелер мен әшекей әйнектерге , есіктер мен қақпаларға , инженерлік жабдықтарға енгізу , нәтижелерінің және т/б барлық ерекшеліктерін қамтыды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]