Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДНГЯ_Улбике апай (ж.т).doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы

XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздары тіліндегі лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктері XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздары тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздары тілінің халыққа біршама түсінікті, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағандығын көрсетеді.

XIX ғасырдың II жартысында қазақша жазылған іс қағаздары тілі өз алдына едәуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық Россияның әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Ресми іс қағаздары XIX ғасырдың II жартысында жанрлық тұрғыда көбейіп, тілі мен стилі жетіле түсті.

Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны ерекше. Бұл кезеңде қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі, үлкен өзгеріс, жаңа құбылыс басталды. Оны әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздары тілінен де анық байқауға болады.

XIX ғасырдың II жартысында қазақ жері орыс патшалығының әкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай, патша үкіметі жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты қарқынды түрде жүргізе беру үшін әрбір әкімшілік бөлікте екі тілде газеттер шығара бастады. Олар: «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902), «Торғай газеті» (1899).

Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша өкіметінің жергілікті әкімшіліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ әдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздары стилін одан әрі жетілдіруде үлкен рөл атқарып, оның әрі қарай дамуына ықпал етті.

126-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздарының дамуы қандай дәрежеде болды? 2. Бұл кезеңде қазақша жазылған іс қағаздары не ретінде танылды? 3. Қазақ даласының өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны қандай болды? 4. Бұл кезеңде қазақ әдеби тілінде не басталды? 5. Аталған дәуірде патша үкіметі неге байланысты екі тілде газеттер шығара бастады? 6. Газеттер қалай аталды? 7. Газеттер қандай рөл атқарды?

9-апта. 18-сабақ

127-тапсырма. Іс қағаздарының бір түрі – хаттамамен таныссыздар ма? Мәлімет алып, хаттама жазуды біліп алыңыздар.

128-тапсырма. Хаттама қай уақытта жазылады, оның құрылымына не кіреді? Бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.

129-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Бұйрық-жарлық құжаттары

* * * * *

Х А Т Т А М А

Хаттама – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде тыңдалған, қаралған, талқыланған, қорытындыланған мәселелер барысында жазылатын іс қағаздарының бір түрі, өкілетті құжат. Сондай-ақ жиналыс, отырыс, мәжілістерде қарастырылған мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.

Хаттамада «Шешті», «Шешілді», «Қаулы етеді», «Қаулы қабылдады» деген сөздер пайдаланылады. Қаулыны (шешімді) хаттамада толық көрсетеді. Шешімдердің қаулы қабылдайтын бөлігі нақты болуға тиіс.

Хаттамалар жыл бойы нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан бірінші нөмірден басталады. Хаттамалар кәсіпорын, мекеменің маңызды құжаттарының біріне жатады, сондықтан оны 10 жыл сақтап, одан соң мұрағатқа (архивке) жібереді.

Хаттама мәтіні: 1. Кіріспеден және 2. негізгі бөлімнен тұрады. Кіріспеде: мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның және құжаттың атауы, мәжілістің өткізілген орны, күні, қатынасқандар туралы, төраға туралы мәлімет, күн тәртібі жазылады. Негізгі бөлімде қаралған негізгі мәселелер бойынша тыңдалған баяндамашылардың пікірі, тұжырымдар, қабылданған қаулы, шешім жазылады.

Хаттама құрылымында көрсетілетін негізгі мәліметтер:

  1. Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның және құжаттың атауы. Мысалы: