Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

зияткерлік ойын

.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
4.69 Mб
Скачать

21 орта мектеп 

 

 

 

 

 

Зияткерлік ойын

Тақырыбы: « Кім жылдам?»

(5 «а,б» сыныптар арасында)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жүнісова Айгүл Мырзабекқызы

 

 

 

 

« Кім жылдам?» зияткерлік ойыны

 

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың пән бойынша білімдерін кеңейту. Дамытушылығы:Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, интеллектуалды ойлауын жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа , ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Зияткерлік ойынының кезеңдері:

1. Таныстыру кезеңі

2. Бәйге

3. Сергіту сәті

4. « Ғажайып жетілік»

5. « Карта әлеміне саяхат»

6. « Сөзжұмбақтар сайысы»

7. Қорытынды

 І. « Таныстыру кезеңі» .

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топта 9 баладан болу керек. Топтар өздерін таныстырып, сайысты бастайды.

ІІ. « Бәйге»  кезеңі  Барлық топқа бірдей 10 сұрақ оқылады. Бірінші болып қол көтерген команда ұпай алады. Қойылатын сұрақтар Қазақстан және құқық саласына байланысты құрастырылған. Сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті  сайланған жыл?   (1991 жылы)    

2. Лондон олимпиадасының жеңімпаздары? (Александр Винакуров, Майя Манеза, Зулфия Шиншанло, Илья Ильин, Светлана Подабедова, Ольга Рыпакова, Серік Сапиев  , Әділбек Ниязымбетов, Ақжүрек Таңатаров, Иван Дычко, Даниял Гаджиев,Марина Вольнова, Гузель Манюрова)

3. Балаларды қорғау күні? (1 – маусым)

4. “ Көксерек” фильмде Құрмаштың рөлін ойнаған актер? ( Қамбар Уалиев)

5. “ Қысқы Азия ойындары” Қазақстанда қай жылы өтілді? ( 2011 жылы)

6. “ Бала құқығы” қай құжатта көрсетілген? ( Мемлекеттік  Ата заңда, Бала құқығын қорғайтын халықаралық конвенцияда)

7. Тәуелсіздіктің  20  жылдығы қашан атап өтілді? ( 2011 жылы)

8. Жер бетіндегі керемет саны? (7)

9. Робот елі? ( Жапония)

ІІІ. Сергіту сәті.

1. Ерекше кескіні бар қызық карта, бет – ауызы айқыш- ұйқыш сызық карта

( кескін карта)

2. Орақ болып туады, табақ болып тынады  (Ай)

3. Салынған көпір керемет

Қызығушы өте көп

Ал бірақта не керек,

Кісі  өтетін жолы жоқ. ( кемпірқосақ)

4. Көре алмайсың өзін сен, ол ысқырса, көзіңше,

орманыңды жайпайды, теңізіңді шайқайды  (жел)

5.Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем. ( жер)

 ІV. « Ғажайып жетілік»

20

20

20

30

30

30

40

40

40

 

Әр ұяшықта сұрақтар жасырылған. Сан мөлшері ұлғайған сайын сұрақ күрделене түседі.

20  ұпай  сұрақтары:

1. География ғылымының атасы ( Эротосфен)

2. Буын қолда көп пе, аяқта көп пе? ( Қолда)

3. Бір қаладан екінші қалаға ұшақ 1 сағат  20 минутта ұшады, ал қайтарда сол жолға 80 минут кетер екен. Ол қалай болғаны? (80 минут)

30  ұпай  сұрақтары:

1.  Атақты географ саяхатшыларды ата ( Х. Колумб, Ф. Магеллан, А. Веспучи, Р. Пири, С.Тянь- Шаньский т.б)

2. Шалда не жоқ, балада не бар? ( Балада Б әріпі бар)

3. Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38  жаста. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады (7)

40 ұпай сұрақтары:

1.  Анаконда жыланы қай материкте мекендейді (Африка)

2. Қарлығаш би деп кімді атады ( Төле би)

3. Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына сәйкес келетін санды табыңыз? (169)

91

32

78                                                     

25

                                                               

                 = 425                            = 4964                          =94                      = 811                  

43                             

       

                 = ?

V. « Карта әлеміне саяхат»

 Әр топтан бір бала шығып, картадан географиялық обьектілерді көрсетеді.

Номенклатура:

1. Жаңа Гвинея аралы

2. Жерорта теңізі

3. Африка материгі

4. Мадагаскар аралы

5. Рока мүйісі

6. Калимантан аралы

7. Қазақстан

8. Жаңа  Зеландия аралы

9.  Гренландия аралы

10. Сахара шөлі

 

VІ. «Сөзжұмбақтар сайысы»

 Әр топқа   сөзжұмбақ таратылады. Оқушылар сөзжұмбақ сұрақтарына жауап береді.

« Сөзжұмбақ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- топтың сұрақтары:

1. Жер бетіндегі ең үлкен материк? ( Евразия)

2. Ғылымдардың атасы ? (Математика)

3. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

4. Ең үлкен арал? ( Гренландия)

5.  Екі теріс санның көбейтіндісі қандай санды береді? ( оң)

2- топтың сұрақтары:

1. 90  мен 180² градус аралығындағы бұрыш ( доғал)

2.  Қазақтың бас ақыны? ( Абай)

3. 4 санының 3 дәрежесі нешені береді ( алпыс төрт)

4. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен ( Ніл)

5.  Қазақтан шыққан тұңғыш географ ғалым ( Шоқан Уалиханов)

 

Қорытынды:

1. Әр топтың ұпайларын есептеу

2. Ұпай саны бойынша жеңген команданы анықтау.

         Міне, балалар, бүгінгі өткен « Кім жылдам? » атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Сендерге білім теңізінде үлкен жеңіс тілейміз.  Қатысқандарың үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!!! Сәт сапар жас достар!!!