Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Материалы по контролю.doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
141.82 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

I. Деректер:

1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1991.

2. Құрбанғали Халит. Тауарих хамса (Бес тарих). Алматы, 1992.

3. Құдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз, түрік һәм хандар шежіресі. Алматы, 1990.

4. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. (Извлечения из персидских тюркских сочинений). Сост.: С.К.Ибрагимов, Н.Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин. Алматы, 1969.

5. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Алматы, 1989.

Мұхаммед Хайдар Мырза. Тарихи Рашиди. Т., 1996.

6. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997.

7. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІIІ вв.: Сборник документов и материалов. Алма-Ата, 1961.

II. Зерттеулер:

1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-ші том. Алматы, 1997.

2. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменный состав и расселения казахов (конец XIX - нач.XX вв.). Алма-Ата, 1968.

3. Тынышпаев М. История казахского народа. Алматы, 1993.

4. Арғынбаев Қ. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987.

5. Арғынбаев Қ. Қазақ отбасы. Алматы, 1996.

6. Дәуренбеков Ж., Тұрсынов Е. Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы, 1993.

7. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985.

8. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV-XVIII ғғ.). Үшінші кітап. Алматы, 1992.

9. Тоқтабаева Ш. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы, 1985.

10. Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы (XV-XVIII ғғ.). 2-бөлім. Алматы, 1988.

11. Златкин И.Я. История джунгарского ханства 1635-1758 гг. М., 1983.

12. Едилханова С.А. Казахско-джунгарские отношения в XVI-XVIII вв. Алматы, 2005.

13. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв. Алма-Ата, 1992.

11. Тынышпаев М. Великие бедствия (Актабан-шубырынды). Алма-Ата, 1992.

III. Мерзімді басылымдар:

1. Елеуұлы М. Шу өңірі: Аңыз бен тарих. // ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. №3. Алматы, 1996.

2. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылуы. // Қазақ тарихы. 1995.-№4. 5-6 бб.

  1. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. Алматы, 1995.

  2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 1-ші том. Алматы, 1996.

  3. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең. Алматы, 1996.

3 Модуль бойынша арналған тапсырмалар «Қазақстан Ресей империясы құрамында» Логикалық тапсырмалар және жаттығулар

1) «Барлық Азия елдеріне және басқа да жерлерге бұл орда кілт және қақпа. Сондықтан бұл орда Ресей протекциясында болуы керек» - деп мәлімдеді Петр-I Қазақ хандығы туралы. Ресей императорының пікіріне баға беріңіздер. Патша Үкіметі қандай мақсат ұстанды?

2) Петр І. Сыртқы істер коллегиясының аудармашысы М. Тевкелевті ақпараттандырды. «Ресейге Кіші жүздің қосылуының үлкен маңызын айта келіп, ол орда біздің қол астымызға кіруді қаласа, қанша ұлы шығындар жұмсалатынына қарамастан-«миллион» шығын жұмсалса да, Ресей протекциясына қабылдауға міндеттеме алуымыз керек».

3) 1620 ж. Жайық қалашығының салынуы (Қазір Орал) 1645ж. Гурьев.

1741ж. Шығыс Қазақстанда полковник Бухгольц Экспедициясы ұйымдастырылды. 1716ж. Омбы; 1717ж. Жезқазған; 1718ж. Семей; 1720 ж. Өскемен салынды. Сол уақытта Бекович-Черкасский Каспии және Аралдың Шығыс жағалауына келіп зерттеу жүргізді. Ресей саясаты туралы тұжырым жасаңыздар.

4) 1732 жылы 5 қаңтарда қазақтарды Ресей қол астына алу жобасы туралы мәлімдемесінде сыртқы істер коллегиясының аудармашысы М.Тевкелев: «Әбілқайыр хан Империя протекциясын қабылдауды және оның баспаларының хан тағына мұрагерлігінің сақталуын қалайды»-деп жазды. Сіздер қалай ойлайсыздар? Тевкелев мұнымен не айтқысы келді. Әбілхайыр ханның қандай мақсаттары болды?

5) Абылай ханның саясатын ашып көрсетіңіз. Ресей және Қытай арасында оған дербес саясат жүргізу қалайша мүмкін болды?

6) Арнайы қазак әскерін Орынборда құру қазақтардың жағдайына қалай әсер етті?

7) 1743 ж. 28 қыркүйектегі қалмақтардың қазақ жеріне «Әскери жорық» ұйымдастыруына рұқсат беруі туралы патша үкіметінің жарлығының мақсатын қалай түсінуге болады. Жайық және Орынбор казактарына да рұқсат берілді. Оның зардаптары қандай болды?

8) «Бөліп ал да, билей бер» саясаты нені білдіреді. Қазақстанда бұл саясат қолданылды ма?

9) Қазақ даласына орыс әкімшілігінің белсенді түрде басып кіруі неден көрінді. Қазақ қоғамының қандай бөліктері отарлаушы аппаратқа арқа сүйеді.

10) Қазақ жүздерінің Ресей империясы құрамына кіруінің қандай тиімді және тиімсіз жақтары болды? Өз көзқарасыңызды баяндаңыз.

11) Не үшін Кіші жүз қазақтары Е.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысты?

12) Е.Пугачевтың шаруалар соғысына неліктен қазақ шонжарлары, ру жетекшілері Досалы сұлтан, Сейдалы сұлтан, Сырым Датұлы қатысты?

13) Игельстром реформалары туралы айтып беріңіздер. Қай кезде қабылданды, қандай мақсаты болды, зардаптары қандай болды?

14) Сырым Датұлының отарлауға қарсы күресінің маңызы неде?

15) Сібір қырғыздары туралы жарғы не үшін қабылданды. Оның мақсаты және зардаптары қандай болды?

16) Кенесары Қасымұлының көтерілісінің басқа көтерілістерден айырмашылығы неде?

17) ХІХ ғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында қандай өзгерістер болды?

18) Әлеуметтік дифференциация (жікке бөлу) және қазақтардың жаппай жерінен айырылуы жаңа таптардың шығуына алып келді. «Қоңсы және байғұс» деп кімдерді атады?

19) 1789 ж. Омбыда «азиаттық мектеп» ашылып, онда жергілікті әкімшіліктерге, аудармашы және хатшы дайындалды. Мақсаты неде?

20) 1867-68 ж. реформалар қандай өзгеріс алып келді?

21) ХІХғ. 60-70 ж. Патша үкіметінің әкімшілік саясаты қандай болды? Қоныстандырудың саяси зардаптары.

22) ХІХ ғ. 60 жылдар ортасында Қазақстан Ресей отарына айналды. Мұны қалай түсіндіре аласыздар?

23) П.А. Столыпинның реформаларының әлеуметтік мәні неде?

24) П.А. Столыпинның қоныстандыру саясатының мақсаты неде?

25) Азамат соғысының шығу себептерін анықтаңыздар.

26) Азамат соғысындағы большевиктердің жеңісі қандай факторларға байланысты болды?

27) 1917 ж. 25 қазан оқиғалары тарихи әдебиетте әр түрлі баяндалады, қайсысы шындыққа сәйкес?

29) Азамат соғысындағы Алаш партиясының ұстанған позициясы қандай болды?

30) Не үшін шаруалар ақтарға да, қызылдарға да қарсы соғысты?