Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Ерлан.doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
14.98 Mб
Скачать

1.2 Жұмсақ бидайдың пайда болуы, систематикасы мен сипаттамасы

Бидай бір жылдық, тік тұратын, биіктігі 0,3-1,2 м жететін астық дақылы. Бидай дәнмен көбейтіледі және олар 3-6 ұрықтық тамырмен өнеді. Тамыр өсімдік тіршілігінде үлкен орын алады. Жер асты түйіннен 4-5 жапырақ шыққанда екінші реттік тамыр жүйесі дамиды. Ол кең таралмайды, кейде жеке тамырлар 1м түптерге дейін немесе одан да тереңге енеді. Бүйір түйіннен түйін тамырдан ертерек дамиды, 3 жапырақ түзілгенде жалпы 1-6 дейін түп түзіледі.

Түп (сабақ) – іші қуыс сабан, буын арқылы буын аралықтарға бөлінген, олардың ұзындығы сабақтың жоғарғы жағында ұлғаяды. Төменгі жағында буын аралықтар жапырақ қынабымен тығыз көмкерілген, жоғарғы жағында ажырап, бос тегіс, түзу жапырақ тақташаларына айналады, кеңдігі 1-2см, ұзындығы 20-37см. Түптену фазасынан кейін сабақтардың белсенді өсуі жүреді, ол кезде төменнен жоғары қарай буын аралықтар ұзарады. Сабақтану кезеңінде гүл шоғыры жапырақтың қынабынан шығады, содан кейін өсімдік масақтану фазасына өтеді. Масақ, ұзындығы 5-10см өзектен тұрады, әрбір түбіртекте бір масақ 2 параллельді қатарда өседі, жоғарғы жағында, масақпен бітеді. Масақта 2 масақша қабыршағынан және бірнеше гүлден тұрады, гүлдердің әрқайсысы 2 гүл қабықшасымен жабылған. Гүл ұрық бүршігі бар түйіннен, 2 үлпершекті түйін аузынан жән 3 аталықтан тұрады. Гүлдену бидайда бірден масақтану кезеңінен кейін жүреді. Гүлдену кезеңі масақтың орталығынан басталып, одан кейін, бірден жоғары және төмен қарай таралады. Гүлдену ашық немесе жабық жүреді, мүмкін өздігінен тозаңдануы басым болуы мүмкін. Гүлдену басталғаннан кейін сабақтың өсуі тоқтайды. Ұрықтанудан кейін ұрық жетілуі, яғни пісіп-жетілу кезеңі басталады [5].

Жемісі – жемістің және тұқым қабықшалырының тығыз бірігіп өсіп кеткен қабықшадан, сыртқы алейронды және ішкі крахмалды қабаттары бар эндоспермнен және ұрықтан тұрады. Негізінен жоғарғы сортты ұнды макарон, лапша, вермишель жасауға пайдаланады.

Бидай Triticum туысына жатады, туысқа 30-дан астам түрі жатады. Туыстың үлгілі түрлері адам мекенінің қазбаларында, қазіргі Ирак, Түркия, Иордания территорияларында табылған.

Қазіргі уақытта мәдени бидайдың ең кең тараған түрлері 250-ден асады және бірнеше мың сорттары бар. Нанның дәндік сапасы қоректік құнарлығы белок пен клейковинаға байланысты. Жақсы ұнда белок 14%-н аз емес, клейковина 28%, орташа ұнда 11-13,9% және 25-27% сәйкесінше клейковинаның мөлшері мен сапасы нанның көлемдік шығынын және нан жұмсақтығын анықтайды [6].

Жұмсақ бидай жазғы және күзгі деп екі түрге бөлінеді. Бұл өте икемді түр, әр түрлі климаттық жағдайларға, топырақ түрлеріне және биік мұхит деңгейінен 1000м жерде, ең ыстық жерлерде және полярлы аймақтарда кездестіруге болады.

1.3 Жұмсақ бидайдың биологиялық ерекшеліктері

Бидай – жылу, жарық және топырақ режимінің кең ауқымында өсе алатын астық дақылдарына жатады. Қоңыржай зонада, ыстық дала аудандарында, сонымен қатар суық солтүстік аудандарда да өсіріледі. Оларға тұқым өніп, өркен шығу үшін 12-14°С жеткілікті. Сонымен қатар, өркендер қысқы үсікке шыдымды келеді. Жазғы бидайдың түптену кезеңінде де жылу талабы жоғары емес. Күзгі бидай жақсы қыстап шығуы және генеративті фазаға өтуі үшін дайындықты талап етеді. Олар бұл кезеңге температура төмендегенде және күзгі түптену кезіндегі күн ұзақтығының қысқаруы кезінде жүреді. Генеративті фазаға өту үшін бидай орташа тәуелділік температурасының 18-28°С-қа біртіндеп өсуін талап етеді. Ең белсенді температуралардың шамасы вегетация кезінде 1400-1600°С төмен болмауы керек. Суғарылмайтын бидай үшін қажетті жылдық жауын-шашын қолайлы мөлшерде жауса, азырақ кезінде де жақсы өнім алуға болады. Ең бастысы вегетация кезінде мөлшері 200мм төмен болмауы керек [7].

Селекция мен сорттары. Тропиктерде бидай өнімінің төмен болуы бірқатар себептермен түсіндіріледі. Өнімділігі төмен жергілікті сорттардың таралуы, егістікте дақылдардың дұрыс кезектесіп өсірілмеуі, суғарылудың механизациясы, тыңайтқыштардың, өсімдіктердің әр түрлі аурулар мен зиянкестерге қарсы заттардың болмауынан, жоқтығынан көптеген жергілікті, сонымен қатар, селективті сорттар әсіресе оларды жылы әрі ылғалды тропикалық климатында өсірсе, өсімдіктер жатағандық пен саңырауқұлақ ауруларына сезімтал болады. Климаты құрғақ аудандарда көптеген сорттар құрғақшылыққа төзімсіз болып келеді. Сондықтан дүниежүзінің тропикалық аудандарда сорттарды жақсарту үшін селекция келесі бағытта жүреді [8].

  1. Оптимальды түптену, масақ мөлшері, дәндердің саны мен салмағы арқылы өнімділікті жоғарылату.

  2. Климаты ыстық әрі құрғақ аудандарда және кейбір ауруларға төзімді, тез пісетін сорттар.

  3. Жатағандылыққа тұрақтты, яғни өсімдіктерде қысқа және мықты сабақтардың болуы.

  4. Дәндерінің ерте шашылып қалмауға тұрақты болуы.

  5. Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі, әсіресе тат ауруларына қарсы.

  6. Жергілікті жағдайға және суғару әдісіне қолайлы болуға.

  7. Дәндердің жақсы технологиялық сапасының болуы.