Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.7 Mб
Скачать

15.3. Жұмыстың орындалу тәртібі

1- тапсырма: Диодтың ВАС–ын алу

  1. 8–суретке сәйкес электр схемасын жинаңыз.

8–сурет. Диодтың ВАС-ын зерттеуге арналған электр схемасы

GPS-1830D қорек көзіндегі токты «current» жәй «fine» және дөрекі «coarse» реттейтін бұрандаларын ортаңғы қалыпына қойыңыз.

Сыртқа берілетін кернеуді «voltage» жәй «fine» және дөрекі «coarse» реттейтін бұрандаларын сағат тіліне қарсы бұрап, шеткі жағдайға келтіріңіз.

UT–803 мультиметртін тұрақты «DC» токты “mА”, M89OG мультимертін тұрақты «DC» кернеуді өлшейтін қалпына қойып GPS-1830D қорек көзін 220 В желісіне қосыңыз.

2. GPS-1830D қорек көзіндегі «voltage» жәй «fine» және дөрекі «coarse» реттейтін бұрандаларымен кернеуді біртіндеп өсіріп, диодтың ВАС-ының тура тармағын алыңыз.

GPS-1830D қорек көзін бүлдіріп алмас үшін, 10100 mА диапазонында токтың шұғыл өзгеруіне жол бермеңіз. Тура ығысу өзгерісінің қадамы 0.1В-тан аспауға тиіс. Ток көзін сөндіріңіз.

3. Диодтың қосу полярлығын керіге өзгертіңіз. UT–803 мультимертін-дегі өлшеу шегін “А”-ге қойыңыз. Кернеудің абсолют мәнін 0-ден -1В-қа дейін 0.1В қадаммен, ал -7В-қа дейін 1В қадаммен өсіре отырып, ВАС-тың кері тармағын алыңыз.

4. ВАС-ты сызыңыз және осы қисықтан контактылық потенциалдар айырымын бағалаңыз.

5. р-n өткелдің тура және кері бағытта ығысулары (кернеудің 35 мәндері үшін) жағдайында ВАС-тан динамикалық кедергіні анықтаңыз.

6. Кернеудің 35 мәндері үшін түзету коэффициенттерін есептеңіз.

2-тапсырма: Диодтың ВАС-ның осциллограммасын бақылау үшін 9-суреттегі электр схеманы жинаңыз

1. ОСУ-10В осциллографтың сигналды жайып көрсететін тетігін өшіріңіз. MFG-8216A дыбыс генераторының жиілігін 100200 Гц диапазонына қойыңыз.

2. Генератордан сыртқа берілетін кернеуді арттыра отырып, диодтың ВАС-ын осциллограф экранында алыңыз.

3. Осциллограф экранынан калькаға осциллограмманың көшірмесін түсіріңіз. Оны алдыңғы тапсырмада, өлшеу нәтижесінде, алынған ВАС-пен салыстырыңыз.

9–сурет. Диодтың ВАС -ның осциллограммасын алудың электр схемасы

4. Осциллографтың сигналды жайып көрсететін тетігін қосыңыз. А және В нүктелерін сыммен жалғаңыз. Синусоидалық кернеудің орнықты осциллограммасын алыңыз. Ауыстырып қосатын “ ” тетікпен осциллографқа сигнал берілетін нүктелерді тікелей жалғап, нольдік деңгейді орнатыңыз.

5. Ауыстырып қосатын тетікті бастапқы қалпына келтіріңіз. А және В нүктелерін ажыратыңыз. Бір жарты периодты түзетілген кернеудің орнықты осциллограммасын алыңыз және оны калькаға көшіріңіз.

15.4. Бақылау сұрақтары

1. Жартылай өткізгіштердің электромагнитік табиғаты қандай?

2. Қоспалы электрондық немесе кемтіктік электр өткізгіштік қалай пайда болады?

3. Сыртқы кернеудің әсерінен p-n ауысуында қандай өзгерістер болады?

4. Диодтың вольт-амперлік сипаттамасының жолын түсіндіріңіз.

5. Айнымалы токты түзету схемаларында диод қалай пайдаланылады?

6. Жартылай өткізгішті диодтардың вакуумдық диодтармен салыстырғандағы негізгі артықшылығы мен кемшіліктері қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]