Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
683.01 Кб
Скачать

Қондырғыны жұмысқа дайындау

4- суретте көрсетілген аспаптың электрлік схемасын жина.

ФПЭ-09 модулінің панеліндегі ауыстырып қосқыш тетіктер (кнопкаларды) ажыратылған күйде.болуы керек.

  1. РО осциллограф панелдеріндегі басқару тетіктерін айнымалы кернеу амплитудасын және уақыт бойынша жаймасын өлшеуді қамтамасыз ететін жағдайға келтіру. Жайма синхронизациясы сигналы тумблерін сыртқы сигнал синхронизация жағдайына келтіру.

  2. Схеманы оқытушы немесе лаборант тексергеннен кейін барлық аспаптарды ~220 В желіге қосып, 3-5 минут қыздыру.

  3. Генератордың шығу сигналының параметрлерін: жиілік -20 кГц, кернеу -2В шамасына қойыныз.

  4. Осциллограф экранында генератор кернеуінің тербеліс амплитудасын осциллографтың вертикал ауытқу каналының ауытқу коэффициентін өзгерту арқылы шамамен экранның 2/3 бөлігін алатындай етіп алыныз.

  5. Генератор сигналының экранда орнықты кескінін алыңыз.

  6. Экранда зерттелетін сигналдың 2-3 периоды бақыланатындай етіп жайма ұзақтығын алыңыз.

  7. Генератордың шығу кернеуін жайлап реттейтін тұтқа көмегімен осциллограф экранындағы генератор сигналының вертикал кескіні мөлшерін түпкілікті реттеп алыңыз. Генератор сигналы кескінінің осы мөлшерін барлық өлшеулерде тұрақты етіп ұстау ұсынылады.

1-тапсырма. Екі резистор бар тізбектегі электрлік процестерді зерттеу.

1. ФПЭ-09 модулі панеліндегі резистор бар тармақты кнопкалық ауыстырып қосқыш көмегімен тұйықтау.

2. Осциллограф экранында екі зерттелетін сигналдың орнықты кескінін алу.

3. Миллиметрлік қағазға бақыланған тербелістерді сызып алу. Тізбектегі ток пен кіру кернеуі арасындағы фазалардың ығысу бұрышы нольге тең екендігіне көз жеткізу.

4. Тізбектің кіру және шығу кернеулері амплитудаларына өлшеу жүргізу.

Бұл үшін әрбір сигналдың амплитуда шамасын экран шкаласының бөліктерінде өлшеп және алынған мәндерді осциллографтың вертикал ауытқыту каналының ауытқыту коэффициентіне көбейту керек.

Осы жұмыста қолданылатын осциллограф көмегімен кернеулерді өлшегенде ауытқу коэффициентінің мәнін сигналдың вертикал бойынша кескіні мөлшері экран шкаласының кем дегенде екі бөлігін құрайтындай етіп қою ұсынылады.

5. Тізбектің беріліс коэффициенті мәнін (17) формуласы бойынша есептеу.

6. Резистордың кедергісі шамасын (22) формуласы бойынша анықтау.

7. Тізбектің беріліс коэффициентін және резистордың кедергісін өлшеу қателіктерін бағалау.

8. Өлшеу және есептеу деректерін 1-кестеге толтыру.

1-кесте

В/бөл

бөл

В/бөл

2-тапсырма. Резистор және конденсатор бар тізбектегі электрлік процестерді зерттеу.

1. ФПЭ-09 модулінің панеліндегі ауыстырып қосу кнопкалары көмегімен конденсатор бар тармақты тұйықтау.

2. Осциллограф экранында екі зерттелетін сигналдың орнықты кескінін алу.

3. Генератор жиілігі 20 кГц болғанда осциллограф экранында байқалатын тербелістерді сызып алу.

4. Тізбектегі ток пен 20 кГц жиіліктегі кіру кернеуі арасындағы фазалар ығысуы бұрышын анықтау. Бұл үшін осциллограф экраны шкаласының бөліктерінде Т период тербелістеріндегі екі зерттелетін сигналдарының кескіндері арасындағы уақыт бойынша ығысуды өлшеу (6-сурет). Фазалар айырымын мына формула бойынша есептеу.

(31)

6-сурет. Тізбектегі ток пен берілген жиіліктегі кіріс кернеудің арасындағы фазалық ығысу бұрышын анықтау

5. 2-інші тапсырманың 3 пен 4 бөлімдерін. генератордың 80 кГц жиілігі жағдайында қайталау.

6. Генератордың әртүрлі жиіліктері мәндері жағдайында тізбектің кіру және шығу кернеулерінің амплитудаларына өлшеу жүргізу (1-інші -тапсырманың 4-інші бөлімінде айтылған әдіс бойынша). Генератор жиілігін 20-дан 80 кГц-ке дейінгі ауқымда алдымен 5 кГц аралықпен (40 кГц-ке дейін), бұдан кейін 10 кГц аралықпен өзгерту.

7. Тізбектің беріліс коэффициенті мәндерін (17) формуласы бойынша жиіліктердің бүкіл зерттеу арқылы (диапазоны) үшін есептеу.

8. тізбектің беріліс коэффициентінің кіру кернеуінің жиілігінетәуелділігі графигін салу.

9. графигі көмегімен конденсатордыңсыйымдылығы шамасын бағалау. Бұл үшін (26) формуласымен бейнеленетін графиктің сызықтық бөлігін пайдаланамыз. Сызықтық бөліктің көлбеу бұрышының тангенсін анықтап және оны (26) тәуелділігінің бұрыштық коэффициентіне теңестіріп,қатынасын аламыз, осыдан

  1. (24) формуласы бойынша генератор жиілігінің екі мәні: 20 және 80 кГц жағдайында фазалар айырымын есептеу. Есептеу нәтижелерінбұрышын тікелей өлшеу нәтижелерімен салыстыру.

  2. Өлшеулермен есептеулер нәтижелерін 2-кестеге толтыру.

2-кесте

С,

Ф

бөл

бөл

бөл

В/бөл

бөл

В/бөл

3- тапсырма. Резистор және индуктивтілік катушка бар тізбектегі электрлік прцестерді зерттеу.

1. ФПЭ-09 модулінің панеліндегі кнопкалық ауыстырып қосу көмегімен L индуктивтілік катушкасы бар тармақты тұйықтау.

2. Осциллограф экранында екі зерттелетін сигналдың орнықты кескінін алу.

3. Генератордың 30 кГц жиілігі жағдайында осциллограф экранында байқалатын тербелістерді сызып алу.

4. Тізбектегі ток пен кіру кернеуінің арасындағы 30 кГц жиілік жағдайындағы фазалардың ығысу бұрышын анықтау. Бұл үшін осциллографтың экраны шкаласының бөліктерінде екі зерттелетін сигналдардың кескіндері арасындағы уақыт бойынша ығысуын жәнетербеліс периодын өлшеу (6-суретті қара). Фазалар айырымын (31) формуласы бойынша есептеу.

5. Генератордың 100 кГц жиілігінде п.п.3,4 қайталау.

6. Тізбектің кіру және шығу кернеулерінің амплитудаларын генератордың жиілігінің әр түрлі мәндерінде өлшеу жүргізу (1-тапсырманың п.4 айтылған әдіс бойынша). Генератор жиілігін 10 кГц интервалымен 30-дан 100 кГц-ке дейінгі шекарада өзгерту.

7. Тізбектің беріліс коэффициенті мәндерін (17) формуласы бойынша жиіліктердің зерттелетін бүкіл ауқымы (диапазоны) үшін есептеу.

8. тәуелділігі графигін салу.

9. графигі көмегімен катушканың L индуктивтілік шамасын бағалау. Бұл үшін графиктің (30) формуласымен бейнеленетін сызықтық бөлігін пайдалану керек. Сызықтық бөліктің көлбеу бұрышының тангенсін анықтап және оны (30) тәуелділігінің бұрыштық коэффициентіне теңестіргенде,қатынасы алынады,

10. Генератордың 30 және 100 кГц жиілігі мәндерінде (28) формуласы

бойынша фазалар айырымын есептеу. Есептеу нәтижелерінбұрышын тікелей өлшеу нәтижелерімен салыстыру.

11. Өлшеу және есептеу нәтижелерін 3-кестеге толтыру.

3-кесте

С,

Ф

бөл

бөл

бөл

В/бөл

бөл

В/бөл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]