Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмысты ы готов.doc
Скачиваний:
159
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
524.8 Кб
Скачать

7. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және жауаптылықтың негізі

Қылмыстық жауаптылық дегеніміз-қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттерді жасағандығы үшін осы заңға сүйене отырып,сот органдарымен қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының бір түрі.Жауаптылық кең ұғым,жаза жауаптылықтың бірі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады.Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады.Мысалы:тонау, ұрып-соғу,денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру,бұзақылық,т.б. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды.Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне,кінәнің нысанына,қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылықтың құрамы: 1)кінәлі адамға қолданылатын құқық қорғау органдарының қызметтері:тергеу әрекеттері; 2)кейбір қ.қ.о.-ң әрекеттерін адамның ықтиярынсыз қолданылуы; 3)жазаның қолданылуы; 4)жаза өтелгеннен кейін соттылық мерзімінің қолданылуы. Қылмыс жасаған кінәлі адам егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса,қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылады.Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес.Мысалы:Қ.К.-ң 68бабының 1-2 бөліктерінде:Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адмды,егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса,сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады.Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге,яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді.Демек,қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса,ол адамды қылмыстық жауаптылыққа тартатын негіз жоқ.

8. Қылмыстық жауаптылықтың сатылары, олардың сипаттамасы

Қылмыстық жауаптылықтың құқықтық табиғаты жөнiнде айтқанда, оны жазамен теңестiруге болмайды. қылмыстық құқықтың екi негiзгi институттары, олар қылмыстық заңның əртүрлi жеке нормаларымен қарастырының ең қатал жəне кең қолданылатын қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың нысаны.Қылмыс жасаған адамның əрекетiнде қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамын анықтау бойынша Қылмыста жазаны қолдануға əкеп соқпайды. Қылмыстық заңның Жалпы бөлiмiнде қылмыс жасаған адамға жазадан медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қолданылу туралы нормалар немесе жауаптылықтан мүлдем босату мүмкiндiгi де қарастырылған.

Қылмыстық-құқықтық қатынас қылмыс жасау сəтiнен бастап туындайды. Осы сəттен бастап қылмыстылыққа тартудың ескiру мерзiмi есептеледi. Қылмыстық-құқықтық қатынастың жүзеге асырылуы кiнəлiге негіздегенен кезден басталады. Яғни, қылмыстық құқықтық қатынастың одан əрi дамуы барысында қылмыс жасағанқылмыскер, сотталушы, сотталған адам ретiнде танылады жəне жасаған қылмысы үшiн жауап беруге міндеттi болып табылады. Жазаны орындау барысында қылмыстық-құқықтық қатынастар қылмыстық-қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық қатынас соттылықтың өтелу немесе алыну сатылары айттылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе қылмыстық жауаптылық өзiнiң дамуында мынадай 5 сатыдан өтеді

1- саты. Қылмыстық жауаптылықпен қорқыту немесе қылмыскердi анықтау. Жағымсыз құқықтарды өтеу мiндетi қылмыс жасау фактiсiнiң орын алуымен пайда болады. Бұл мiндет, егер қылмыс ашылған кезде қылмыскер анықталмаса, жүзеге асырылмауы да мүмкiн. Алайда, жауаптылықты өтеу мiндетi ескiру мерзiмі біткенде тоқтатылмайды, бiрақ жүзеге асырылмайды да.

2–саты. Қылмыстық жауаптылыққа тарту. Қылмыс жасаған адамның əрекетiнде қылмыс құрамы бар екенін анықтау қылмыстық iстi қозғауға жеткiлiктi негiз болып табылады. Бұл сатыда қылмыстық iс жүргiзу заң шараларына сəйкес тергеу əрекеттерi жүргiзiледi, қылмыс жасаған сезiктiнiң кiнəлiлiгiн куəландыратын дəлелдеу анықталады. Бұл саты айыптау қорытындысын шығарып, iстi сотқа жiберумен аяқталады.

3–саты. Iстi сотта қарау жəне жаза тағайындау. Iстi сотта қарауға жеткiлiктi негiздер бар болған жағдайдың барысында сот адамның кiнəлiлiгi туралы мəселенi шешпес бұрын iстi сот қарауына тағайындау туралы қарау атқарады. Бұл саты үкiмдi заңды күшiне енгiзу сəтiмен аяқталады. Мiне, осы сəттен бастап қылмыстық жауаптылық тағайындайды, өйткенi осы конституциялық принципке сəйкес «ешкiм соттың үкiмiнсiз қылмыс жасағаны үшiн кiнəсі үшін жаза тағайындайды

4–саты. Үкiмдi орындау. Айыптау үкiмi заңды күшiне енген кезден бастап қылмыстық жауаптылық қылмыскерді айыптау қатынастары арқылы жүзеге асырыла бастайды. Жазаларды орындау тəртiбi мен жағдайлары ҚР қылмыскерді айыптау кодексiмен анықталады. Бұл саты жазаны iс жүзiнде нақты өтеумен немесе мерзiмiнен бұрын жазадан босатылады.

5–саты. Соттылық мерзiмiнiң өтуi. Соттылықтың өту мерзiмi кезiнде адамда қылмыс жасаумен байланысты туындаған белгiлi бiр жағымсыз салдар сақталады. Өйткенi, соттылықтың мерзiмi басқа жағдайлармен бiрге қылмыстылықтың көлемi мен ауырлығын анықтайды. Соттылықтың өтелуi немесе алынуы соттылықпен байланысты қылмыстық құқықтық жағымсыз салдарды жойып жiбередi. Сондықтан осы сəттен бастап қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылуы да тоқтатылады.Сонда, қылмыстық жауаптылық сот үкiмi заңды күшiне енген кезiнен басталып, соттылықтың өтелуi нысанын анықтауымен аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]