Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекцияларды ысаша конспектілер.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
438.78 Кб
Скачать

2 Тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

Лекция мақсаты: Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстын құрылымың, факторларың, қалыптасу заңдылықтарын көрсету.

Негізгі терминдер: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, модельдер, баға факторлары, тепе-теңдік.

Лекция негіздері:

  1. Жабық экономикадағы жиынтық сұраныстың құрылымы

  2. Сұраныстың бағадан тыс факторлары

  3. Жиынтық ұсыныс және кейнсиандық модель

  4. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді макроэкономикалық тепе-теңдік

Жиынтық сұраныс

Жиынтық сұраныс – бұл тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни үй шаруашылықтарының, фирманың, үкіметтің кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі. Демек, сатып алушының сұранысы – өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.

Біз жиынтық сұранысты ақшаның сандық теориясының базасында қарапайым теңдеуді құра аламыз:

MV =PY,

мұндағы: М – ақша ұсынысы;

V – ақша айналымының жылдамдығы;

P – баға деңгейі;

Y - өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.

Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді:

М / Р = ( М / Р) = kY,

мұндағы k = 1/V.

Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы М/Р=(М/Р) сұранысқа, ал сұраныс өндірілген өнім көлеміне пропорционалды екенін көрсетеді.

Жиынтық ұсыныс

Жиынтық ұсыныс – бұл әрбір мүмкін болатын баға деңгейіндегі нақты ұлттық өнім көлемі. Яғни, фирмалар мен үй шаруашылықтарының таңдаған жиынтық өнім көлемінің экономикадағы қалыптасқан бағалар мен жалақы құрылымына тәуелділігін көрсетеді. Ол баға деңгейі мен нақты ұлттық өнім көлемінің арасындағы тікелей тәуелділік көрсетеді. Жиынтық ұсыныс AS қисығымен сипатталады. AS қисығы бір бірлік өнімге шығынның өзгеруін көрсетеді, демек, нақты ұлттық өнім көлемі бағасының жоғарылауы немесе төмендеуі. AS қисығы үш бөліктен тұрады: 1 – кейнстің шектік жағдайы; 2 – кейнстің қалыпты жағдайы; 3 – классикалық жағдай.

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарын бір диаграммада орналастырып AD-AS графиктік моделін шығаруға болады. Мұндағы қалыптасатын үш жағдай жиынтық ұсыныстың классикалық, кейнстің қалыпты және кейнстің шектік тәсілдемелеріне сәйкес келеді.

Классикалық жағдайда AD қисығының оңға-жоғары жылжуы қалыптасқан бағалар деңгейінде артық сұранысты тудырады. Сонан кейінгі бағалар деңгейінің өсуі w/P нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады, нәтижесінде еңбекке сұраныс оның ұсынысынан артып кетеді. Жалақы икемді болғандықтан, оның өсуі арқасында еңбек нарығында тепе-теңдік жылдам қалпына келеді. Демек, жаңа тепе-теңдік жағдай жоғарылаған бағалар деңгейі шартында AS тік сызығы мен AD жаңа қисығының қиылысуымен анықталады

Кейнстің жағдайында, атаулы жалақы икемсіз болғанда, жиынтық сұраныстың артуымен бірге бағалардың өсуі байқалады. Тіркелген атаулы жалақы w шартында нақты жалақы w/P төмендейді. Тым төмен жалақы фирмаларға көбірек жұмысшыларды жалдауға, нәтижесінде шығарылымды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан экономикада бағалар деңгейінің де, шығарылымның да өсуі байқалады

Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер

Жиынтық ұсыныстың кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың сілкіністері (шоктары) деп аталады. Шоктар жағымды және жағымсыз болады. Жиынтық сұраныс жағынан және жиынтық ұсыныс жағынан болатын шоктар – экономикалық тербелістердің себептері. Ұсыныс жағынан болатын шоктар – бұл тауар өндірісін тоқтату салдарынан фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі. Ұсыныс жағынан болатын шоктар баға деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға шоктары деп те атайды. Олар жаңалық ашу, мұнайға әлемдік бағалардың кенет өзгеруі арқасында пайда болуы мүмкін.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс

Классикалық жағдай ұзақ мерзімді кезеңге, ал кейнстің жағдайы қысқа мерзімді кезеңге сәйкес келеді.

А нүктесі – экономикадағы толық жұмыстылық кезіндегі тепе-теңдік нүктесі болсын Жиынтық сұраныс азайғанда AD1 қисығы AD2 қисығына дейін жылжиды. Нәтижесінде өндіріс құлдырайды да, шығарылым Y0–ден Y’ дейін азаяды, ал жұмыссыздық өседі. Аздап бағалар деңгейі P0–ден P’ дейін төмендейді. Диаграммада экономика В нүктесіне ауысады.

Өндіріс көлемі азайғандықтан атаулы жалақының w төмендеуі орын алады. Оның себебі амалсыз демалыстар, қысқартылған жұмыс күндерінің пайда болуы, сыйақының жойылуы. Бірақ атаулы жалақы кідіріп төмендейді.

W атаулы жалақы төмендеген сайын, w/P нақты жалақы да азаяды. Фирмаларға көбірек жұмысшылар жалдауға тиімдірек болады, жиынтық ұсыныс артады да, AS қисығы оңға жылжиды. Шығарылым бастапқы Ү0 деңгейіне оралғанға дейін бұл тенденция сақталады. Жиынтық ұсыныс қисығы AS1–ден AS2 жағдайына ауысады. Экономика АВС жолынан өтеді.

Сонымен, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығарылым шартында бағалар деңгейінің төмендеуі орын алады.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Жиынтық сұранысқа қандай негізгі компоненталар жатады?

2. Ұлттық экономикада жиынтық ұсынысты кім білдіреді?

3. Кейнсиандық моделі жиынтық ұсыныстың маңыздылығын қалай анықтайды?

Негізгі әдебиет: (72-125 б./1/)