Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конс.право.Отарбай.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
135.6 Кб
Скачать

2007 Жылғы 21 мамырдағы конституциялық реформа Мәслихаттың өкілеттігін

мерзімінен бұрын тоқтату мәселесіне өзгертулер енгізді. Тиісті реформа бойынша

Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтататын болды,

оған дейін маслихатты тарату құқығы Парламент Сенатының құқы болатын. Сондай-ақ

мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен

бұрын тоқтатылады.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын келесі орган – жергілікті

атқарушы органдар. “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңға

сәйкес жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдік) – бұл облыстың (республикалық маңызы бар

қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз

құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын

алқалы атқарушы орган.

Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы

органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн

ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi

қамтамасыз етедi.

Конституцияға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын,

жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;

2) коммуналдық меншiктi басқару;

3) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және

қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға

байланысты өзге де мәселелердi шешу;

4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi

атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып

табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін

қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың

мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-

аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті

айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің

ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. Облыстар, республикалық

маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика

Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.

Әкiмияттар Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық

маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк

құрылмайды.

Мәслихаттар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi

әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен өкiмдер

қабылдайды.

Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет

шығысын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған

кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн

мәслихат шешiмдерiнiң күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн. Әкiмдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тиiсiнше Қазақстан

Республикасының Президентi, Үкiметi не жоғары тұрған әкiм жоюы мүмкiн, сондай-ақ

олардың күшi сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.

Тақырып: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТIКЕЛЕЙ ДЕМОКРАТИЯ

НЫСАНДАРЫНЫҢ ДАМУЫ (ӨЗЕКТІ)

Демократия ежелгі грек тілінен аударғанда халық, билік мағыналарын білдіреді.

“Халық” және “билік” категориялары “халықбилігі” ұғымын құрай отырып күрделі

құбылыс болып саналады.

Халық өз билігін тікелей және мемлекеттік билік арқылы жүзеге асырады.

Халықтың еркін білдіру түріне байланысты ол тікелей және өкілді демократия болып екіге

бөлінеді.

Өкілді демократия – бұл халықтың билікті сайланбалы өкілетті өкілдері арқылы

жүзеге асыруы.

Тікелей демократия – бұл халықтың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға

тікелей қатысуы, тікелей ерік білдіруінің нысаны. Тікелей демократия әртүрлі нысандарда

байқалады. Халық билігінің байқалуының ең жоғарғы тікелей нысаны болып референдум

және еркін сайлаулар табылады деп айтуға болады. Референдум – бұл республиканың

мемлекеттік және қоғамдық өмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша бүкіл

халықтық дауыс беру. Ал, сайлау – бұл азаматтардың мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі

басқару органдарында өздерінің еріктері мен мүдделеріне сәйкес билікті жүзеге асыру

үшін тиісті өкілдерге дауыс беру арқылы халық билігін жүзеге асыруға қатысуы болып

табылады.

Сайлау мәселелері арнайы лекцияда қаралатындықтан мұндай сайлауға көп

тоқталмаймыз.

Референдум халық билігінің аса бір маңызды нысаны болып табылады.

Референдумдар аумағы бойынша бүкіл халықтық (республикалық) және жергілікті

болады. Қазақстанда жергілікті референдум мәселесі реттелмеген.

Референдум – бұл қоғамдық өмірдің түрлі маңызды мәселелері жөнінде дауыс беру

арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері.

Республикалық референдум – бұл мемлекеттік маңызы бар шара. Референдум

арқылы халық мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде Конституцияны, заңдарды

қабылдайды, оларға өзгертулер енгізу ісімен республикамыздың заң шығармашылық

қызметіне қатысады.

Референдум белгілі бір шешім қабылдау арқылы тек Қазақстан Республикасының

базасының қатарын толықтырып қана қоймай, ол азаматтардың құқықтық санасының

өсуіне көмектеседі, мемлекеттің өкілді органының қызметінің жоғарылауына себепші

болады. Өйткені, референдумда халықбилігінің мынадай әлеуметтік қызметі жүзеге

асады: өкілді органдардың қызметіне қоғамдық бақылау. Себебі, референдумда заң

актілердің жобаларына өктем баға беріледі. Ал, ол өз кезегінде мемлекеттік биліктің

жоғары органдарының өз нормашығарушылық қызметін жетілдіруіне әсер етеді. Сондай-

ақ референдум арқылы азаматтардың мемлекет ісіне араласуы өсіп, өмірдің барлық

салаларына ықпалы мен әсері күшейеді.

Сонымен, референдумның бірнеше маңызды тұстарын көрсетуге болады:

1. халық тікелей заң шығарушы ретінде барлық азаматтар, мемлекеттік органдар мен

лауазымды тұлғалар үшін аса маңызды қоғамдық құқықтық нормаларды бекітеді;

2. референдум азаматтардың құқықтық санасының өсуіне өз ықпалын тигізеді;

3. референдум – бұл қоғамдық пікірді білдірудің бір нысаны;

4. референдум мемлекеттік органдардың нормашығарушылық қызметінің жетілуіне өз

септігін тигізеді;5. референдум арқылы қоғамның мемлекеттік және қоғамдық істерге деген

қызығушылықтары дамиды, өмірдің барлық салаларына ықпал етуі күшейеді.

Референдум қандай да бір мемлекеттік мәселелердің нақты шешілуінің өзіндік

нысаны болып табылады. Ол – халықтың қандай да бір мәселені тікелей ақырғы шешуі.

Қазақстанның тәуелсіздігі тарихында референдум туралы екі заң қабылданды. 25

наурыз 2005 жылғы “Республикалық референдум туралы” Президенттің конституциялық

заң күші бар жарлығына сәйкес “республикалық референдум – ҚР мемлекеттік өмірінің

неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған заңдар мен шешімдердің жобасы бойынша

бүкілхалықтық дауыс беру. 1995 жылы 2 қарашада қабылданған конституциялық заң

референдум ұғымын толықтырды, яғни республикалық референдум - Қазақстан

Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және

мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң

жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Демек, референдум – бұл 25 наурыздағы

нұсқадағыдай тек мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша заңдар мен

шешімдердің жобалары бойынша ғана дауыс беру емес, ең негізгісі, ҚР Конституциясы

мен конституциялық заңдарының жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.

Халық билігін жүзеге асырудың бұл жоғарғы нысанын пайдалану тәртібі ҚР

Конституциясының баптарында бекітілген. 1 бапта мемлекет өмірінің аса маңызды

мәселелері демократиялық әдістермен - республикалық референдум арқылы шешілетіні

ашылған, 3 бапта халықтың мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандары, оның ішінде

республикалық референдум арқылы жүзеге асыру белгіленген, 44 баптың 10)-

тармақшасында Президенттің республикалық референдум өткізу жөнінде шешім

қабылдау жөніндегі өкілеттігі бекітілген, 54 баптың 2 тармағының 3)-тармақшасында

Парламенттің республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі

құзыреті анықталған, 72 баптың 1 тармағында Конституциялық Кеңестің дау туған

жағдайда республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешу құқығы баяндалған,