Тәжірибенің
басталу мерзімі: «1» қыркүйек 2014 ж.
Тәжірибенің
аяқталу мерзімі: «13» желтоқсан 2014 ж.
Мекен-жайы:
Алматы қ., әл-Фараби даңғылы,71.
кафедрасының
оқытушысы: п.ғ.к., доцент
Оналбеков Е.С
.
кафедрасының
оқытушысы:
п.ғ.д., профессор Ташимова Ф.С.
Қызмет
түрі |
Өткізілген
күні |
Жұмыстың
нәтижелері |
Педагогикалық
практиканы жүргізу ережелерімен
танысу |
1.09.14-
6.09.14
|
Жоғары
мектеп педагогикалық практикасын
жүргізу үшін жетекші таңдадым. Жетекшімнің
сабақ кестесімен, сабақ беретін
топтарын қарап таныстым. Жетекшіммен
ақылдасып ХТНВ-201р тобына физикалық
химия пәнінен педагогикалық практиканы
жүргізуді шештік. Педагогикалық
практиканы жүргізудің университет
бойынша бекітілген ережелерімен
таныстым. Сабаққа
қатысып практика жүргізетін топтың
студенттерімен таныстым. |
Педагогикалық
практикада өтетін сабақтардың жоспарын
құрастыру |
8.09.14-
13.09.14
|
ХТНВ-201р
тобының силлабусын жетекшімнен алдым. Силлабусқа
сараптама жүргізіп, дәрістермен,
семинар сабақтармен, зертханалық
жұмыстармен таныстым. Жетекшіммен
кеңесіп өзіме міндетті семинар, дәріс
және зертханалық жұмыстарды таңдап
алдым. 1
семестрде өтетін сабақтардың жоспарын
құрдым. Жетекшімнің
алғашқы дәрісін тыңдап, дәріс беру
әдіс-тәсілін бақыладым. |
Кафедра
мұғалімінің сабағына қатысу |
15.09.14-20.09.14
|
Физикалық
химия пәніне байланысты кітаптар,
материалдар іздедім. Зертханалық
жұмыстармен таныстым, әдістемелік
кітаптар жинақтадым. Физикалық
химия пәніне байланысты есептер
жинағын іздедім, интернеттен электрондық
кітаптар жүктедім. Физикалық
химия кафедрасының мұғалімдерінен
дәріс, семинар жүргізуге байланысты
ақыл-кеңес сұрадым. Жетекшімнің
дәрісіне қатысып, дәріс беру шеберлігіне
назар аудардым. |
Зертханалық
сабақты жүргізу |
22.09.14-27.09.14
|
Определение
энтальпии нейтрализации зертханалық
жұмысының теориясын оқып, түсініксіз
сұрақтарды іздедім. Зертханалық
жұмыстың есебін шығарып, жетекшіме
алып барып, тексерттім. Зертханалық
жұмысқа байланысты басқа әдебиеттерді
қарастырып, оқыдым және студенттерге
қойылатын сұрақтарды дайындадым. Алдыңғы
аптадағы лекция бойынша мини бақылау
сұрақтарын дайындап жетекшім
тексерттім. Студенттерден
зертханалық жұмыстың теориясын жұмыс
барысын сұрап жұмыс жасауға жібердім. |
Семинар
сабағын жүргізу |
29.09.14-4.10.14
|
Термодинамиканың
ІІ заңын әр түрлі әдебиеттерден
салыстырмалы оқып, конспект жасадым. Термодинамиканың
ІІ заңына, энтропияға, энтропияның
температураға тәуелділігіне Кудряшов
есептер жинағы бойынша есептер
шығардым. Шығарған
есептерді жетекшіме тексерттім,
түзетулер мен толықтырулар енгіздім. Алдыңғы
сабақта жазған мини бақылауды тексеріп,
балын қойып, жетекшіме айттым. Сабақта
Термодинамиканың ІІ заңына байланысты
есептерді шығарып, шығарылу жолын
талқыладық. |
Физикалық
химия пәніне байланысты әдебиеттер
қарастырдым |
6.10.14-11.10.14
|
Алдыңғы
аптадағы химиялық потенциал тақырыбы
бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып,
қарастырдым. Химиялық
потенциал тақырыбы бойынша мини
бақылау сұрақтарын жасап, жетекшіме
тексерттім. Кафедра
мұғалімдерінің физикалық химиядан
сабақтарына қатысып, тыңдадым. Интернеттен
осы аптадағы лекцияға байланысты
материалдар жинақтадым. Студенттерден
мини бақылау жұмысын алдым, определение
энтальпии нейтрализации жұмысының
есептелуін қабылдадым. |
Зертханалық
сабақты жүргізу |
13.10.14-18.10.14
|
Алдыңғы
аптада жазған мини бақылауды тексеріп
балл қойдым. Дәріс
тақырыбына байланысты біраз әдебиеттерді
оқып, керек жерін жазып алып отырдым. Изучение
взаимной растворимости жидкостей в
двойных и тройных системах зертханалық
жұмысын оқып жұмысқа байланысты
әдебиеттерді оқыдым. Зертханалық
жұмыстың есебін шығарып, жетекшіме
тексертіп, толықтырулар енгіздім. Студенттерден
зертханалық жұмыс теориясын қабылдап,
жұмыс жасауға жібердім. |
Жұмыстың
есебін қабылдау |
20.10.14-25.10.14
|
Тепе-теңдік
константасына байланысты бірнеше
әдебиеттерді қарап оқыдым, конспект
жасадым. Интернеттен
тепе-теңдік константасына байланысты
қосымша ақпарат іздеп, толықтырулар
жасадым. Тепе-теңдік
константасына байланысты мини бақылау
сұрақтарын жасадым. Кафедра
мұғалімдерінің физикалық химиядан
сабақтарына қатысып, тыңдадым. Студенттерден
изучение взаимной растворимости
жидкостей в двойных и тройных системах
зертханалық жұмысының есебін
қабылдадым, мини бақылау жаздырдым.
|
Дәріс
оқу |
27.10.14-1.11.14
|
Гиббстің
фазалар ережесі, еркіндік дәрежесі,
Клайперон-Клаузиус теңдеуі, 1-ші және
2-ші текті ауысулар тақырыбын әр түрлі
әдебиеттерден оқып, конспект жасадым. Біркомпонентті
жүйелердің диаграммасын, судың
диаграммасын әдебиеттерден оқып,
конспект жасадым. Дәріс
бойынша жалпы конспектті жетекшіме
тексертіп, түзетулер мен толықтырулар
енгіздім. Гиббстің
фазалар ережесі бойынша презентация
жасадым. Гиббстің
фазалар ережесі бойынша алғашқы
дәрісімді оқыдым. |
Дәріске
байланысты мини бақылау сұрақтарын
жасау |
3.11.14-8.11.14
|
Дәріс
материалдарын қайта қарап шығып,
жіберген қателіктеріме анализ жасадым. Гиббстің
фазалар ережесі бойынша мини бақылау
сұрақтарын құрастырдым. Кафедра
оқытушыларының дәрістерін тыңдап,
қорытындылар жасадым. Интернеттен
дәріс тақырыбы бойынша қосымша ақпарат
іздедім. Студенттермен
біркомпонентті жүйелерді зерттеп,
еркіндік дәреже санын есептедік, мини
бақылау алдым. |
Зертханалық
сабақ жүргізу |
10.11.14-15.11.14
|
Екі
компонентті жүйелердің балқу
диаграммасын, Рычаг ережесін
әдебиеттерден оқып, зерттедім. Комплексті
марганец оксалатының ыдырау жылдамдығын
спектрофотометрлік өлшеу зертханалық
жұмысымен толығырақ таныстым. Комплексті
марганец оксалаты жұмысының есептелуін
жүргіздім. Екі
компонентті жүйелер бойынша мини
бақылау сұрақтарын құрастырдым. Студенттерден
комплексті марганец оксалатының
ыдырау жылдамдығын өлшеу жұмысының
теориясын сұрап, жұмысқа жібердім. |
Семинар
сабағын өткізу |
17.11.14-22.11.14
|
Алдыңғы
сабақтағы мини бақылау сұрақтарын
тексеріп, балл қойдым. Екі
компонентті жүйелердің балқу
диаграммалары бойынша семинар
сабақтарына дайындалдым. Балқу
диаграммаларының түрлері туралы
интернеттен қосымша ақпарат іздестірдім. Ерітінділер,
Рауль заңы тақырыптары бойынша мини
бақылау сұрақтарын жасадым. Студенттерден
мини бақылау алдым, зертханалық
жұмыстың есебі мен қорытындысын
қабылдадым. |
Дәріс
оқу, тәрбие сағатын өткізу |
24.11.14-29.11.14
|
Химиялық
кинетика, реакция механизмі, реакция
жылдамдығы тақырыбы бойынша
әдебиеттерден материалдар жинап,
дәріске дайындалдым. Жасаған
конспектімді жетекшіме тексертіп,
түзетулер енгіздім. Химиялық
кинетика тақырыбы бойынша презентация
жасадым. Тәрбиесіз
алған білім-адамзаттың қас жауы
тақырыбында ашық тәрбие сағатын
ұйымдастырып, факультет мұғалімдері
мен студенттерін шақырдық. Химиялық
кинетика, химиялық реакцияның
механизмі, жылдамдығы, химиялық
кинетиканың негізгі постулаты
тақырыбында ашық дәріс өткіздім. |
Дәріс
оқу, семинар сабағын жүргізу |
1.12.14-6.12.14
|
Химиялық
кинетика тақырыбы бойынша мини бақылау
сұрақтарын дайындадым. Химиялық
реакцияның жылдамдық константасы,
0,1,2,3 және n-ші ретті қарапайым бірбағытты
реакциялардың кинетикалық теңдеулерін
әдебиеттерден оқыдым. Химиялық
кинетика тарауы бойынша есептер
шығарып, жетекшіме тексерттім. Химиялық
реакцияның жылдамдық константасы
дәрісіне презентация жасадым. Студенттерге
дәріс оқыдым, мини бақылау жұмысын
алдым. |
Қорытынды
шығару |
8.12.14-13.12.14
|
Химиялық
кинетиканың жылдамдығы, кинетиканың
негізгі постулаты тақырыбында мини
бақылауды тексеріп, балл қойдым. Студенттердің
соңғы өзіндік жұмыстарын тексердім. Бақылау
жұмыстарын тексердім. Соңғы
Темкин-Шварцман әдісімен есептелетін
есеп түріндегі зертханалық жұмыстарын
тексердім. Жетекшіммен
бірге барлық жинаған балдарын қосып
қорытынды шығардық. |