дневник1
.docx1 неделя
-
Жоғары мектеп педагогикалық практикасын жүргізу үшін жетекші таңдадым.
-
Жетекшімнің сабақ кестесімен, сабақ беретін топтарын қарап таныстым.
-
Жетекшіммен ақылдасып ХТНВ-201р тобына физикалық химия пәнінен педагогикалық практиканы жүргізуді шештік.
-
Педагогикалық практиканы жүргізудің университет бойынша бекітілген ережелерімен таныстым.
-
Сабаққа қатысып практика жүргізетін топтың студенттерімен таныстым.
2 неделя
-
ХТНВ-201р тобының силлабусын жетекшімнен алдым.
-
Силлабусқа сараптама жүргізіп, дәрістермен, семинар сабақтармен, зертханалық жұмыстармен таныстым.
-
Жетекшіммен кеңесіп өзіме міндетті семинар, дәріс және зертханалық жұмыстарды таңдап алдым.
-
1 семестрде өтетін сабақтардың жоспарын құрдым.
-
Жетекшімнің алғашқы дәрісін тыңдап, дәріс беру әдіс-тәсілін бақыладым.
3 неделя
-
Физикалық химия пәніне байланысты кітаптар, материалдар іздедім.
-
Зертханалық жұмыстармен таныстым, әдістемелік кітаптар жинақтадым.
-
Физикалық химия пәніне байланысты есептер жинағын іздедім, интернеттен электрондық кітаптар жүктедім.
-
Физикалық химия кафедрасының мұғалімдерінен дәріс, семинар жүргізуге байланысты ақыл-кеңес сұрадым.
-
Жетекшімнің дәрісіне қатысып, дәріс беру шеберлігіне назар аудардым.
4 неделя
-
Определение энтальпии нейтрализации зертханалық жұмысының теориясын оқып, түсініксіз сұрақтарды іздедім.
-
Зертханалық жұмыстың есебін шығарып, жетекшіме алып барып, тексерттім.
-
Зертханалық жұмысқа байланысты басқа әдебиеттерді қарастырып, оқыдым және студенттерге қойылатын сұрақтарды дайындадым.
-
Алдыңғы аптадағы лекция бойынша мини бақылау сұрақтарын дайындап жетекшім тексерттім.
-
Студенттерден зертханалық жұмыстың теориясын жұмыс барысын сұрап жұмыс жасауға жібердім.
5 неделя
-
Термодинамиканың ІІ заңын әр түрлі әдебиеттерден салыстырмалы оқып, конспект жасадым.
-
Термодинамиканың ІІ заңына, энтропияға, энтропияның температураға тәуелділігіне Кудряшов есептер жинағы бойынша есептер шығардым.
-
Шығарған есептерді жетекшіме тексерттім, түзетулер мен толықтырулар енгіздім.
-
Алдыңғы сабақта жазған мини бақылауды тексеріп, балын қойып, жетекшіме айттым.
-
Сабақта Термодинамиканың ІІ заңына байланысты есептерді шығарып, шығарылу жолын талқыладық.
6 неделя
-
Алдыңғы аптадағы химиялық потенциал тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді оқып, қарастырдым.
-
Химиялық потенциал тақырыбы бойынша мини бақылау сұрақтарын жасап, жетекшіме тексерттім.
-
Кафедра мұғалімдерінің физикалық химиядан сабақтарына қатысып, тыңдадым.
-
Интернеттен осы аптадағы лекцияға байланысты материалдар жинақтадым.
-
Студенттерден мини бақылау жұмысын алдым, определение энтальпии нейтрализации жұмысының есептелуін қабылдадым.
7 неделя
-
Алдыңғы аптада жазған мини бақылауды тексеріп балл қойдым.
-
Дәріс тақырыбына байланысты біраз әдебиеттерді оқып, керек жерін жазып алып отырдым.
-
Изучение взаимной растворимости жидкостей в двойных и тройных системах зертханалық жұмысын оқып жұмысқа байланысты әдебиеттерді оқыдым.
-
Зертханалық жұмыстың есебін шығарып, жетекшіме тексертіп, толықтырулар енгіздім.
-
Студенттерден зертханалық жұмыс теориясын қабылдап, жұмыс жасауға жібердім.
8 неделя
-
Тепе-теңдік константасына байланысты бірнеше әдебиеттерді қарап оқыдым, конспект жасадым.
-
Интернеттен тепе-теңдік константасына байланысты қосымша ақпарат іздеп, толықтырулар жасадым.
-
Тепе-теңдік константасына байланысты мини бақылау сұрақтарын жасадым.
-
Кафедра мұғалімдерінің физикалық химиядан сабақтарына қатысып, тыңдадым.
-
Студенттерден изучение взаимной растворимости жидкостей в двойных и тройных системах зертханалық жұмысының есебін қабылдадым, мини бақылау жаздырдым.
9 неделя
-
Гиббстің фазалар ережесі, еркіндік дәрежесі, Клайперон-Клаузиус теңдеуі, 1-ші және 2-ші текті ауысулар тақырыбын әр түрлі әдебиеттерден оқып, конспект жасадым.
-
Біркомпонентті жүйелердің диаграммасын, судың диаграммасын әдебиеттерден оқып, конспект жасадым.
-
Дәріс бойынша жалпы конспектті жетекшіме тексертіп, түзетулер мен толықтырулар енгіздім.
-
Гиббстің фазалар ережесі бойынша презентация жасадым.
-
Гиббстің фазалар ережесі бойынша алғашқы дәрісімді оқыдым.
10 неделя
-
Дәріс материалдарын қайта қарап шығып, жіберген қателіктеріме анализ жасадым.
-
Гиббстің фазалар ережесі бойынша мини бақылау сұрақтарын құрастырдым.
-
Кафедра оқытушыларының дәрістерін тыңдап, қорытындылар жасадым.
-
Интернеттен дәріс тақырыбы бойынша қосымша ақпарат іздедім.
-
Студенттермен біркомпонентті жүйелерді зерттеп, еркіндік дәреже санын есептедік, мини бақылау алдым.
11 неделя
-
Екі компонентті жүйелердің балқу диаграммасын, Рычаг ережесін әдебиеттерден оқып, зерттедім.
-
Комплексті марганец оксалатының ыдырау жылдамдығын спектрофотометрлік өлшеу зертханалық жұмысымен толығырақ таныстым.
-
Комплексті марганец оксалаты жұмысының есептелуін жүргіздім.
-
Екі компонентті жүйелер бойынша мини бақылау сұрақтарын құрастырдым.
-
Студенттерден комплексті марганец оксалатының ыдырау жылдамдығын өлшеу жұмысының теориясын сұрап, жұмысқа жібердім.
12 неделя
-
Алдыңғы сабақтағы мини бақылау сұрақтарын тексеріп, балл қойдым.
-
Екі компонентті жүйелердің балқу диаграммалары бойынша семинар сабақтарына дайындалдым.
-
Балқу диаграммаларының түрлері туралы интернеттен қосымша ақпарат іздестірдім.
-
Ерітінділер, Рауль заңы тақырыптары бойынша мини бақылау сұрақтарын жасадым.
-
Студенттерден мини бақылау алдым, зертханалық жұмыстың есебі мен қорытындысын қабылдадым.
13 неделя
-
Химиялық кинетика, реакция механизмі, реакция жылдамдығы тақырыбы бойынша әдебиеттерден материалдар жинап, дәріске дайындалдым.
-
Жасаған конспектімді жетекшіме тексертіп, түзетулер енгіздім.
-
Химиялық кинетика тақырыбы бойынша презентация жасадым.
-
Тәрбиесіз алған білім-адамзаттың қас жауы тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұйымдастырып, факультет мұғалімдері мен студенттерін шақырдық.
-
Химиялық кинетика, химиялық реакцияның механизмі, жылдамдығы, химиялық кинетиканың негізгі постулаты тақырыбында ашық дәріс өткіздім.
14 неделя
-
Химиялық кинетика тақырыбы бойынша мини бақылау сұрақтарын дайындадым.
-
Химиялық реакцияның жылдамдық константасы, 0,1,2,3 және n-ші ретті қарапайым бірбағытты реакциялардың кинетикалық теңдеулерін әдебиеттерден оқыдым.
-
Химиялық кинетика тарауы бойынша есептер шығарып, жетекшіме тексерттім.
-
Химиялық реакцияның жылдамдық константасы, 0,1,2,3 және n-ші ретті қарапайым бірбағытты реакциялардың кинетикалық теңдеулері дәрісіне презентация жасадым.
-
Студенттерге дәріс оқыдым, мини бақылау жұмысын алдым.
15 неделя
-
Химиялық кинетиканың жылдамдығы, кинетиканың негізгі постулаты тақырыбында мини бақылауды тексеріп, балл қойдым.
-
Студенттердің соңғы өзіндік жұмыстарын тексердім.
-
Бақылау жұмыстарын тексердім.
-
Соңғы Темкин-Шварцман әдісімен есептелетін есеп түріндегі зертханалық жұмыстарын тексердім.
-
Жетекшіммен бірге барлық жинаған балдарын қосып қорытынды шығардық.