Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
334.8 Кб
Скачать

4. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.

Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.

Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер – азиялық скифтер;Парсылар – құдыретті еркектер;Ирандықтар – жүйрік атты турлар.Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар). Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар).Мекені: Мургап аңғары.

Б.з.б. VII-IV ғасырлар – сақ тайпалар одағы құрылды.Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:Жауынгерлер-қызыл түс.Абыздар-ақ түс.Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі – патша.Сонымен бірге сақ патшасы- Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;

Малшылардың үйретуші ұстазы;Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.

Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды.

Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті.Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.Шаруашылығы: б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.Сақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы. Бұл дала тайпаларының өміріндегі үлкен экономикалық прогресс болып саналады.Сақтар мал шаруашылығының үш түрін үйлестірді:Көшпелі мал шаруашылығы – батыс және орталық Қазақстанда.Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның бір бөлігі,Тянь-Шань, Алтай тауларының етегінде.Отырықшы мал шаруашылығы – Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу, Сырдария, Келес өзендерінің бойында.Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін шаруашылығы басым болды. Жылқы өсіру маңызды орын алды.Батыс және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең тарады. Тебіндеп жайылуға қабілеті болмағандық ірі қара аз өсірілді.Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты – қой өсіру. Сақтар мал шаруашылығымен қатар өзен және сулы аймақтарда суармалы егіншілікпен айналысты.Ерекше суару жүйесі бар егістік аймақтар – Сырдарияның оңтүстік аңғарындағы Шырық-Рабат, Бәбіш-молда қоныстары. Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен өолөнер жоғары дәрежеде дамыды.Мәдениеті. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке өткізіліп тұрған. Ұ.Ж.Жолының жеке бөліктерінің бағыты: Лазурит жолы. Памир-Иран мен Месопотамия. Нефрит жолы. Қашғария- Қытай. Үшінші дала жолы. Хуанхэ өзені-Алтай-Қаратеңіз жағалауындағы дала-грек, этростар елі (Б.з.б І мыңж ортасы). Ал шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.Б.з.б. ҮІІғ- Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның Оңт. Скифтік – Сібірлік «аңдық стиль» деп аталған өнер пайда болды. Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерде алғаш рет «Өмір ағашы» атанған арыстан бейнесі тараған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі есік қорымынан табылған патшаның бас киімінде бейнелеген. Бұлар-күн, қанатты тқрт ат және төрт алтын жебе суреті. Бұл Құдайдың үш әлемгебилік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі Құдай дәрәжесінде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]