Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГАЖ.docx
Скачиваний:
178
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
51.28 Кб
Скачать

2. Геоақпараттанудың қалыптасуы мен даму тарихы.

Геоақпараттану дегеніміз - табиғи жэне әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақытгағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі (МБ) негізінде компьютерлік белгілеудің көмегімен зерттейтін ғылым.

Геоакпараттанудың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар агыны табылады. Геоақпараттанудың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады.

Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде геоақпараттану өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді информатизациялаудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады. Геоақпараттанудың маңызды міңдеттерінің бірі — географиялық ақпараттардың синтезі мен талдаудың көптеген варианттарының орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.

Географияльщ зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен істелетін жүмыстары. Геоақпараттық жүйелерді жоболауда жэне оның қүрылуында географияның алатын орны мен ролі ерекше. Сонымен, қорыта келгенде, ГАЖ-дың қолдану мен қүрау саласьгада жүмыс істейтін географтарға математикальщ білімсіз жэне информатикалық түсініктерсіз қиынға түседі.

Геоақпараттану - жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттьщ жүйелер теориясьга біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып қүрылған жүйе.

Жер және қоғам туралы ғылымдар мен әдістердің арақатьгаасы. Геоақпараттану геология, топырақтану, биология, экономика, әлеумет- тану, картография, арақашықтықтан зерделеу, информатика және басқа ғылымдармен тығыз байланысты.

Геоақпараттану — классикалык география және картография дәстүрлері мей әдістерін, теориясын, қолданбалы математика, инфор- матика және компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сабақтас- тыратьга ғылым ретінде XX ғасырдың 60-жылдарында, ақпараттық технологиялардың негізінде Пентагон қойнауларында географиялық ақпараттарды әскери мақсатта ЭЕМ көмегімен өңдеу қажеттілігінен пайда болған, кейіннен географиялық ақпараттьщ жүйелер (ары қарай ГАЖ) деп аталған бағыт батыс елдерде, Канадада, Швецияда пайда болды.

Геоақпараттық жүйе мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күпггі графикалық құрал болып табылады. ГАЖ-ға берілген анық- тамалар өте көп. Солардың ішінде ең көп таралғаны, біріншіден, «ГАЖ - географиялық байланысқан ақпараттардың барлық түрлерін енгізіп, сақтайтын, жаңартатын, талдайтын, өңдейтін, шығаратын бағдарламалық-ақпараттық кешен».

Ал, екіншіден, ГАЖ техникадан кұралған жуйе екенін көрсетсе, ондай анықтамалар төменде берілген: « ГАЖ - мәліметтерді енгізген, сақтайтын және өндейтін, шығаратын жеке тулғалық және бағдарла- малық жүйелердің жиынтығы». Бұл екі анықтамада да өз тұрғысынан дұрыс. Әрине, бірінші анықтама толық деуге болады. Себебі, жұмысы толық әрі дұрыс орындалғанда ғана бағдарламалардың, т.б. мамандық- тардың тиімділігі жоғары болады. Бұл жетістік қазіргі жуйедегі көптеген маңызды мәселелерді шешеді:

жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;

мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық зерзаттармен байланыстыру;

кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналаскан жерін үлгілеу;

басқару мен тпүғыл шешімдерде қолғабыс беру;

мәліметтердің түрлі ақпараттық көздерін біріктіру;

өзге техникалық ақпараттық жүйелермен қарым-қатъшас және т.б.

Геоақпараттық технологияларды білімде қолданғанда, әртүрлі

астарларын қарастыра отырып, геоақпараттық технология үлгілерін келесі білім салаларында қолдануға болады.