Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тастайбеков Темирлан СЖ.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
262.06 Кб
Скачать
    1. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі

Қазақстан негізінен целлюлоза-қағаз өніміні импорттауға бағытталған. Шикізаттың болмауы, сөзсіз, елде қандай да бір өнімнің меншікті өндірісін іске қосуды тежейтін фактор болып табылады. Дегенмен, көптеген жағдайларда дайын өнімді импорттағаннан гөрі, сол өнімді өз территориясында өндіруге көшу дұрыс нәтижеге әкелді. Саланың көптеген кәсіпорындары импортталатын өніммен бәсекеге төтеп бере алмай, өндірісін тоқтатуға мәжбүр болып отыр.

2011 ж. қаңтар-мамыр айларында қағаз бен қағаз өнімін өндіру көлемі 10 228 млн.теңгені құрады, бұл 2010 ж. сәйкесінше кезеңіне қатысты 73,3%.

27 Сурет. Өнеркәсіптің, қағаз бен қағаз өнімі өндірісінің өңдеуші өнеркәсібі өндірісінің нки (өткен жылдың сәйкесінше айына қатысты % өлшеммен)

2011 ж. қаңтар-мамырында қағаз және гофрирленген және бұрғылап тесілген, орамдағы немесе табақ беттердегі картон шығарылымы 12 793 тоннаға тең болды, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінің 35,2%. Қағаз бен картонның ағымдағы жылдың мамырындағы шығарылымы өткен жылдың сәйкесіше кезеңіндегі көрсеткіштің 16,4% құрады.

28 Сурет. Өнеркәсіптік өнімнің өндірісі заттай мәнде (тонна)

Ағымдағы жылдың 1 маусымына қарай 13 ірі және орта мекемелер мен өндіріс орындары тіркелген.

2011 ж. сәуірінде ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда қағаз бен қағаздан жасалған өнім өндірісінде еңбекақының аздап өсіп, 77 2326 теңгеге дейін жеткені байқалды.

29 Сурет. Бір жұмыскердің орта айлық нақты еңбекақысы, теңгемен

Ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда қағаз және қағаздан жасалған өнім өндірісіндегі жалдамалы жұмыскерлердің саны 2011 жылдың сәуірінде 2,0% төмендеп, 1 942 адамға тең болды. Ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда қағаз және қағаздан жасалған өнім өндірісінде жұмыс атқаратын жұмыскерлердің саны 2011 жылдың сәуірінде 1,0% төмендеп, 1 739 адамға тең болды.

Қағаз және қағаздан жасалған өнім өндірісіндегі негізгі капиталға құйылған инвестиция 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында 1 343 766 млн.теңгеге тең болды, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңіндегі көрсеткіштен 11 есе көп, жазылған материалдарды басу мен жаңғыртуға – 762 813 млн.теңге немесе сәйкесінше 222,7%.

2011 ж. қаңтар-мамыр айларында жазылған материалдарды басу мен жаңғырту саласында инвестицияның көзі шаруашылық етуші субъектілердің меншікті қаражаты болды – 82,6%, қағаз және қағаздан жасалған өнім өндірісінде заем қаражаты 52,3% құрады.

30 Сурет. Өнеркәсіптің салалары бойынша негізгі капиталға инвестициялар айларға бөліп қарағанда

2011ж. қаңтар-сәуір айларындағы қағаздың, картонның, целлюлозалы мақтаның және целлюлоза талшықтарынан жасалған кенептердің импортының көлемі төмендеп, өткен жылдың сәйкесінше кезеңінің 66,9% құрады. Оның себебі – Қазақстанның картонды өз күшімен өндіруі болып табылады.

Сонымен қатар, қағаз массасынан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдар бойынша импорт төмендеген – өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 86,6% және баспа кітаптар, газеттер, қайта өндірілген және т.б. полиграфиялық өнімдер бойынша; қолжазбалар, машинамен жазылған мәтіндер және жоспарлар бойынша төмендеу – 16,8%.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]