Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metrologia_shpor.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
135.71 Кб
Скачать

57.Өлшеу қателіктерінің көріну тәсіліне қарай қалай бөлінеді?

Қателіктерді көріну тәсілдері бойынша оларды абсолютті, қатысты және келтірілген деп бөледі.

Абсолютті қателік (3.1) формуласы бойынша жазылады және өлшенетін шаманың бірлігімен беріледі. Дегенмен, ол өлшеу дәлдігінің көрсеткіші ретінде бола алмайды, өйткені, мысалы, Х = 100 болған кезде  = 0,05 өлшеудің жоғарғы дәлдігіне сәйкес, Х = 1 мм кезінде – төменгіге сәйкес келеді. Сондықтан да қатысты қателік деген түсініктеме енгізілген. Салыстырмалы қателік – абсолютті өлшеу қателігінің өлшенетін шаманың шын мәніне қатысы болып табылады:

 = /Q = (X - Q)/Q. (4.2)

Бұл өлшеу нәтижесінің берілген дәлділік сипаты ӨЖ қателіктерін мөлшерлеу үшін жарамайды, өйткені Q мәнін өзгерткен кезде Q = 0 кезіндегі шегіне шейін әртүрлі мәндерді қабылдайды. Осыған байланысты ӨЖ қателіктерін көрсету және мөлшерлеу үшін қателіктің тағы бір түрі – келтірілген қателік қолданылады.

Келтірілген қателік - ӨЖ-нің абсолютті қателігі барлық өлшеу аралығында немесе оның бір бөлігінде тұрақты болатын шартты түрде алынған QN мәніне жататын қатысты қателік:

 = /QN = (X - Q)/QN. (4.3)

Шартты түрде алынған QN мәнін мөлшерлеуші деп атайды. Көбінесе оның орнына берілген ӨЖ-нің жоғарғы өлшеу шегін алады, ол негізгі жағдайда “келтірілген қателік” ұғымының орнына пайдаланылады.

58. Метрологияның қоғамдағы рөлі.

Метрология – бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.Теориялық метрология – метрология дамудың іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.Заңнамалық метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.Қолданбалы метрология - әртүрлі саладағы теориялық және заң шығарушы метрологияның практикалық қолдануын жүзеге асырады.Практикалық жұмыста өлешмді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де ол кезде өлшем бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса.Қандай да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің сапасы мен өлшемі туралы, дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және барлық өндіру цикілі туралы нақты мәліметтер болуы керек.Бұндай мәліметтерді олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың едәуір санын өлшеу жолымен алады.Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді.

59.Си Халықаралық бірліктер жүйесі.

Бірліктердің Халықаралық Жүйесі (SІ; СИ) — Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960) қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 — 18-Бас конференцияларда дәлдене түсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылдан басталды (ГОСТ 9867 — 61), ал 1982 жылдан ол міндетті түрде қолданыла бастады. Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің бірліктері арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды. Берілген кестеде Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер — электрлік және магниттіккельвин — жылулықкандела — жарықмоль — молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.

Халықаралық бірлік жүйесі (International Sistem Units) — 1960 жылы Парижде өткен мөлшер мен салмақ туралы XI Генералдық конференцияда барлық ғылыми, техникалық, халықшаруашылығы салаларға және білім жүйесіне арналып, қабылдаған физикалық шамалардың әмбебап бірлік жүйесі.

Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі  (фр. Système International d'unités, SI) — өлшемдердің халықаралық қалыпы, метрикалық жүйесінің заманауи нұсқасы.

SI күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде SI заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады. Осы аздаған елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін SI бірліктерне ауыстырған

Бұл жүйе мына өлшемдерге негізделінеді: ұзындықалыстық және жылжым үшін — метр, масса үшін — килограмуақыт үшін — секунда.

Кесте 1 — SI негізгі бірліктері[1][2]

Атауы

Халықаралық белгілеуі

Өлшемі

метр

m

ұзындық

килограм

kg

масса

секунд

s

уақыт

ампер

A

ток күші

келвин

K

термодинамикалық температура

мол

mol

заттегі мөлшері

кандела

cd

жарық қарқыны

Метр, килограм, секунда бірі-бірімен үйлестіріліп қолдануы мүмкін. Бұл әртүрлі өлшемдер жасайды. Мысалы, көлемқуатқысымжылдамдық дегендер үшін.

Кей уақытта үлкендеу мен кішілеу өлшеу мағыналарын айтқанда, өлшем атаулары алдына арнайы префикс қосылады. Мысалы, кило — «1000», милли — «0,001». Сонда километр — 1000 метр болады, миллиграм —

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]