Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
83.78 Кб
Скачать

1.2 Кірме сөздердің қолданысы, стильдік қызметі

Қай халықтың болмасын тарихында қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер болып тұратыны белгілі. Кез келген тіл басқа тілдермен қарым-қатынасқа түседі. Қай тілдің болсын сөздік қорына қоғамдағы түрлі тарихи оқиғалар өз әсерін тигізетіні анық жағдай. Тіл – үнемі өзгеріп, дамып, толығып отыратын қоғамдық құбылыс. Кез келген тілдің сөздік құрамының толғып кемелденуі ішкі мүмкіндіктерімен қатар, өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алуы арқылы да өзінің сөздік құрамын байтып, жетілдіруіне байланысты болады. Тарихтың белгілі бір кезеңінде халықтар арасында болған экономикалық, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастарды бір тілден екінші тілге ауысқан сөздердің кірме қабатынан байқауға болады. Қазақ тілінің сөздік құрамына түрлі жолдармен, заман ағымындағы өзгерістерге орай енген, дегенмен байырғы сөздік қорға жатпайтын сөздер тобы кірме сөздер деп аталады.

Жалпы кірме сөздер дегеніміз – әрбір тілдің өзіндік сөз тудыру тәсілмен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған сөздер. Яғни сөздің белгілі түр-тұрпаты мен мағынасы екеуі де өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер болып табылады. Б.Серебренниковтің пікірінше, кез келген тілде кірме сөздің пайда болуы қоғамдағы болған өзгерістер мен болып жатқан өзгерістерден хабар береді екен [3, 27-29]. Тілдің сөздік құрамын байыта түсетін лексикалық қабаттың қатарында кірме сөздердің алатын орны бөлек.

Қазақ халқы өзінің даму тарихында көптеген көрші елдермен үнемі тығыз қарым-қатынаста болған. Біздің еліміз тілдік қарым-қатынас жасауға өте ыңғайлы географиялық жерде орналасқан. Өз тарихы, тілі, дәстүрі, әдет-ғұрпы бар түрлі елдермен шектеседі. Тілдердің өзара қарым-қатынасы, бір-біріне әсер ететін ықпалы әр түрлі деңгейде болады.

Тілімізге араб, парсы кірме сөздерінің енуі VІІІ-ІХ ғасырдан бергі уақыт пен ХХ ғасырда енген интернационалдық терминдер мен руссизмдер. қоғамдағы түрлі қарым-қатынастардың әсерінен енген араб, парсы сөздері туралы мәселені арнайы зерттеген Л.З.Рүстемов: «Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорында түбірлес (түркі) тілдерге ортақ сөздер де, араб, парсы, монғол тілдерінен қосылған сөздер де, орыс, грек, латын т.б. тілдерден ауысқан элементтер де аз емес» [4, 4], – дейді.

Академик Р.Сыздықова: «... көп сөздердің түп-негізі араб-парсынікі болғанымен, халық тіліне сіңіп, қазақ лексикасының байлығына әлдеқашан айналған» [5, 154], – деп санайды.

Қазақ тілінің сөздік қорына талай тарихи кезеңдерде өзге тілдерден көп сөз ауысқанын көреміз. Шығыс халықтары тілдерінен сөздердің ауысу үдерісін ғалымдарымыз ислам дінінің келуімен, ІV ғасырдан бастап керуен саудасы болғанымен және қоғамдық-саяси құбылыстармен байланыстырады. Қазіргі қазақ тіліндегі араб, иран, парсы сөздері көбіне қоғамдық-саяси өмір, мәдени-ағарту, оқу, тәрбие, ғлым, діни ұғымдар туралы болып келеді. Барлық енген сөздер қолданылуы барысында фонетикалық, морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, қазақ тіл білімінде зерттеліп, анықталғанындай жалпыхалықтық тілге сіңіп, жымдасып, жігі білінбей кеткен.

Шәкәрім өлеңдеріндегі діни сөздердің көбі қазақтың ауызекі тілінің нормасына қарай икемделген: дін, сопы, мешіт, пір, мүрид, құдай,рахат, молда, т.б.Тілдік тұлға ретіндегі Шәкәрім шығармаларында кездесетін кірме сөздерді екіге бөліп қарау керек:

1) араб-парсы сөздері. Бұл сөздердің өздерін қалыптасқан дәстүрге сай іштей бірнеше топқа жіктейміз: а) бұрыннан енген, тілімізге сіңісіп кеткен сөздер: ә) діни әдебиет арқылы енген сөздер. Діни әдебиет арқылы енген сөздерді: а) шархи фәләк, Інжіл, фәни дене, ифрат, тафрит, аят, ғибадат, сахаба, кәрәмат, мархабат, фәни, хадис, т.б. – жазу үлгісін сақтай енген кірме элементтер және ә) құран, молда, молдеке, бейіс, хор, хор қыздары, тәпсір, тәпсірлеу, ғаршы (жоғары ғаршы), сәлде, тасбиық, пайғамбар, әулие, дозақ, патса, дін, дінші, т.б. – ауызекі сөйлеу үлгісін қабылдап, қазақ тілінің заңдылықтарына икемделген сөздер деп бөлеміз Кірме сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына жаппай енбегенімен, сөздік қордағы қазақтың төл сөзіндей ұзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған байырғы туынды сөздер көптеп табылады. Олар сөздік құрамға сіңісіп кеткендігі соншалық, тіпті кірме сөз екенін айырудың өзі біраз қиындық тудыратындары да бар. Бұл сөздер өзінің кірмелігіне қарамай, ұзақ өмір сүріп, сөздік қордағы сөздерге тән барлық қасиетке ие болған.

Шәкәрім шығармаларында төл сөздермен қатар кірме сөздерді де тіл байлығының жетіспегендігінен емес, әр түрлі стильдік мақсатта немесе эмоционалды-экспрессивті сөздер ретінде қолданған. Мысалы:

«Көрген, білген нәрседен ғибрат алған»(Әңгіме алдында аз сөз, 1-б.);

Нысан абыз: «Ықтиярсыз кетеді бой шымырлап» (3-б.)

Еңлік: «Қыз айтты: «Түнеуге айтқан уағда қайда» (8-б.)

«Ғаділ, залым, шафқатлі, мейрімсіз» (11-б.)

Шәкәрім қолданысында араб, иран, парсы тілдерінен енген сөздердің көбі дін мен оның түрлі ритуалдарына байланысты болып келеді. Халқымыздың ғасырлар бойғы тарихында ислам дінінің сіңісті болғанына көп уақыт өткені мәлім, соған орай, тіліміздегі ислам дініне қатысты сөздердің молырақ ұшырауын заңды деп түсінеміз. Бүгінге дейін тек қолданыс тілінде ғана емес, сонымен бір қатарда көркем әдебиет тілінде де араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер көптеп қолданылады.

Жазушы шығармаларында араб, парсы тілдерінен енген сөздерді сол тілдердегі негізгі тұлғаларын сақтап қолданған тұстары да кездеседі. Мәселен, уағда, ғаділ, шафқат, ғибрат т.б. сөздері: Тыныққан соң қалмақтан кек алуға, Сөз байлап уағдамен ұнасыпты. Орысқа уағда берген қарамаққа. Әуре боп саған уағда ет демеймін. Ғаділ, залым, шафқатлі, мейірімсіз, Көрген, білген нәрседен ғибрат алған. Аларсың көп ғибрат, байқағаның.

Жазушы шығармаларындағы кірме сөздер өркениетті өзгерістерді көрсету мақсатында алынған, қоғамдағы адам келбетін танытады. Шығыс тілдерінен енген сөздер көбіне діни нанымдағы әдет-ғұрыпқа байланысты болып келеді. Орыс сөздері ғылым мен техниканың дамуына, сондай-ақ қазақ арасына орыс тілі ықпалының ерекше екендігін таныту мақсатында қолданылған. Кейіпкерлерін өзінің алған тәрбиесі мен білім дәрежесіне, өскен ортасына қарай сөйлетіп отырған. Кезінде қазақ ауылдарында орыс мектептері ашылып, қазақ мектептері санының азайғаны бәрімізге белгілі. Қоғамдағы осы құбылыс біздің әдебиетімізге және әдеби тілімізге кері ықпалын тигізгені белгілі жайт. Жазушы Шәкәрім шығармаларында суреттеліп отырған өз заманына лайық, сол кезеңдегі қазақ өмірінің тұрмыс қажетіне, әкімшілік басқару ісіне қатысты кірме сөздерді қолданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]