Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салыктык бакылау.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
89.57 Кб
Скачать

Құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру.

Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді:

1) құжаттық тексеру;

2) рейдтік тексеру;

3) хорнометраждық тексеру;

Құжаттық тексеріс – салықтық тексеріс түрлерінің маңызды және ең қиынтарының бірі болып табылады.

Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

2)1.тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;

2.міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды.

3.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;

4.банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;

5.трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;

6.акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;

3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.

Тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау.

Салықтық тексерістер салықтық қызмет ұйымдарымен тексеріс кестесінің (жоспардың) негізінде жүзеге асырылады. Аталған кестені құру кезінде тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау салықтық заңдамасының негізінде әзірленген таңдау критериялары бойынша жүргізіледі.

Таңдау жолы:

  • салық төлеуші ұсынған салықтық есептілікті талдау және камералды тексерістері;

  • салықтық есептіліктің белгілі-бір жолдары бойынша, салықтың түрлері бойынша деректердің келісуін тексеру, олар салықтық заңдамаға сәйкес салыстырылуы тиіс.

Қазіргі уақытта тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау электрондық режимде жүргізіледі, яғни деректер базасы қалыптасады.

Деректер базасына әрбіз заңды тұлға бойынша мына сипаттамаларды тапсыру қажет:

салық төлеуші туралы жалпы мәліметтер:

кәсіпорындардың атауы және оның СТН-ны, салық төлеуші бақылауда тұрған салықтық комитеттерінің коды,салықтық тіркелу мерзімі, яғни салықтық ұйымдарға есепке тұрған мерзімі, кәсіпорынның қызмет істей бастаған мерзіміне қарап тексеріс тағайындаудың дұрыстығын анықтауға мүскіндік береді,соңғы салықтық тексерістің мерзімі, алдыңғы тексерістің түрі, кәсіпорынның қызметінің түрі.

кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі және олардың әрбір күнтізбелік жылда өздерінің салықтық міндеттерін орындауы туралы мәліметтер:

кәсіпорынның жылдық жиынтық кірісінің мөлшері, төленген салықтық сомасы, салықтың есептелген сомасы салықтың тексеріске жататын заңды тұлғаларды анықтау үшін оларды алдын-ала 3 топқа бөлу қажет: ірі, орташа және ұсақ.

Бөлу орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлеміне, экспорттық-импорттық операциялар көлеміне қарап жүзеге асырылады. Қызметтің соңғы 2 жылындағы төленген салықтың және алымның және динамикадағы міндетті төлемдердің көлемі есепке алынады, содай-ақ бөлінген салықтық алымның және міндетті төлемнің көлемі есепке алынады. Ірі заңды тұлғалар приоритеттік салықтық ұйымдармен тексеріске жатады.

Салық органдарымен тексеріске жататын орташа және ұсақтардың санынан заңды ьтұлғаларды анықтау үшін тиісті топта ҚР-ң салық заңдамасының нормаларының бұзылу қалпының көрсетікіштерін бағалауды жүзеге асыру және орташа деңгейден жоғары көрсеткіші бар субъектілерді ерекшелеп қою қажет. Салық заңдама нормаларының бұзылу қауіпінің орташа көрсеткіші әрбір заңды тұлға бойынша қауіп көрсеткіштерінің сомасының тиісті топтағы иелік субъектінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады.

Қауіп көрсеткішін анықтау салық органдарында бар құжаттардыі және қауіп көрсеткішін бағалау журналын толтыра отырып заңды тұлғалар декларациясының негізінде жүзеге асрырылады. Журнал нөмерленуі, шнурлануы, территориялық салық органының мөрімен бекітілінуі тиіс.

Салық тексерулерін жүргізудің мерзімділігі

Салық тексерулері мынадай мерзімділікпен жүргізіледі:

1) кешенді- жылына бір реттен жиі емес;

2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес.

Мынадай жағдайларда қолданылмайды:

1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ салық төлеушінің өтініші негізінде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда.

Бұл орайда тексеру салық төлеушінің өтінішін алғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізілуге тиіс;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім – шарттың қолданылу мерзімі өтуіне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде;

3) қарсы тексеруді жүргізу кезінде;

4) қайтарылуға қойылан қосылған құн салығы сомасының дұрыстығына салық төлеушінің өтініші негізінде тақырыптық тексеру жүргізу кезінде;

5) салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексеру кезінде;

6) нақты салық төлеушіге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргілетін кезектен тыс құжаттық тексеру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген негіздер бойынша.

Салық тексеруін жүргізудің мерзімдері:

1. Берілетін нұсқамаларда көрсетілетін салық тексерулерін жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

2. Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға салық тексеруін жүргізген кезде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

3. Ерекше күрделі мәселелерді тексеру кезінде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық қызметінің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін елу жұмыс күніне дейін, құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін сексен жұмыс күніне дейін арттыруы мүмкін. Ерекше күрделі меселелер салық қызметінің жоғары тұрған органының салық төлеушіге тапсыратын негізделген жазбаша шешімімен расталады.

4. Салық тексеруін жүргізу мерзімі құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушіге беру кезі мен салық тексеруін жүргізу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушінің табыс ету аралығындағы уақыт кезеңінде, сондай-ақ салық органының мәліметтер мен құжаттарды сұратып алу кезінде тоқтатыла тұрады.

Салықтық тексеру мерзімінің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәліметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады.

5. Хронометраждық зерттеулер жүргізудің мерзімі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен хронометраждық зерттеулер жүргізу тәртібіне сәйкес белгіленеді.