Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лемдік социология классиктері.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.68 Кб
Скачать

Фердинанд Теннис

Фердинанд Теннис (Ferdіnand T(nnіes) (1855 - 1936) - неміс социологы, немістің

классикалық социологиясының негізін қалаушы.

1855 жылы 26 шілдеде Ольденсворт маңындағы Рип деревнясында ата-анасының фермасында туған. Жан-жақты білім алған: философияны, тарихты, классикалық тілдер мен археологияны, кейіннен Йен, Бонн, Лейпциг, Берлин, Тюбинген университеттерінде экономика мен статистиканы оқып зерттейді. Тюбингенде 1877 жылы ол классикалық филология саласында философия докторы атағын алды. 1881 жылы Киль университетінде философияның приват-доценті атанды. 1913 жылы экономика кафедрасын алғаннан кейін толық профессор атағына ие болды; эмеритеттенген университеттік профессоры мәртебесіне, яғни жоғарғы мектепте міндетті дәріс беруден босатылған дәрежесіне, Теннис тек 1916 жылы ғана ие болды. Сонда да ол дәріс беруді жалғастыра берді: 1921 - 1933 жылдары дейін ол Киль университетінде социологиядан дәріс оқиды. Наицонал-социализмнің өсіп келе жатқан қаупі алдында, ғалымдардың саяси күреске қатысуға болмайтын өзінің жеке принципін бұза отырып, 1930 жылы ол Германияның социал-демократиялық партиясының қатарына кіреді. Өмірінің соңына (1936 жылғы 9 сәуірге) дейін көптеген университеттік әріптестеріне қарағанда, Теннис нацистік режимнің қайтпас қарсыласы болып, оның иррационализмі мен антигуманизміне қарсы шықты. 1933 жылы нацистер ғалымды университеттен қуды. Тенниске табыс кеш келді. Оның басты еңбегі “Қауым мен қоғам. Коммунизм мен социализмді мәдени-эмпирикалық түрде қарастыру” алғаш рет 1887 жылы жарық көрді; екінші басылымда қайта қарастырып, кеңейтіп “Таза социологияның негізгі түсініктері” деген атпен тек 1912 жылы жарық көрді. Оның ғылыми мақалаларының бір бөлігі оқырманы аз және біраздан кейін жабылып қалған журналдарда басылды. Соған қарамастан Ф.Теннис ғалым ретінде үлкен беделге ие болды. 1909 - 1933 жылдары ол Георг Зиммель, Вернер Зомбарт және Макс Вебермен және т.б. бірлесіп ашқан “Герман социологиялық қоғамының” президенті болады. Ф.Теннис - Гоббс қоғамының (Socіetas Hobbesіana) негізін қалаушылардың бірі, “Герман статистикалық қоғамының (Deutsche statіstіsche Gessellschaft)”, “Әлеуметтік саясат одағының (Vereіn fur Sozіalpolіtіk)”, “Әлеуметтік реформалар қоғамының (Gessellschaft fur sozіalr Reform)”, “Халықаралық социология институтының (Іnstіtut Іnternatіonal de Socіologіe)”, Ағылшын және жапон социологиялық қоғамдарының мүшесі, “Американ социологиялық қоғамының (Amerіcan Socіologіcal Socіety) құрметті мүшесі.

Ол социологияның ғылыми пән ретінде қалыптасуы мен оның Германияда индустриялануына көп үлес қосты. Оның әлемдік социологияға қосқан негізгі үлесі теориялық түсініктер жүйесін ашып қарастыруында. Оның бастауы “Gemeіnschaft und Geselschaft” (1887) еңбегінде жатыр. Теннис жүйесінің толық құрылымы оның соңғы ірі еңбегі “Социологияға кіріспеде” (1931) көрсетілді. Теннис социологиясының маңызды категориялар санатына мыналар кіреді: басқа адамды танып білу, белгілі және белгісіздік (Gekannsteіn, Bekkanschaft - Fremdheіt), симпатия - антипатия, сенімділік - сенімсіздік (Vertrauen - Mіsstrauen); әлеуметтік байланыстылық (Sorіales Verbundenseіn); әлеуметтік мән (Sozіale Wesenheіt) немесе әлеуметтік форма (Sozіale Gestalt); мәндік ерік (Wesenwіlle) пен сайлау еркі (Kurwіlle); қауым (Gemeіnschaft) және қоғам (Gessellschaft); табиғи жасанды немесе әлеуметтік немесе ұғымдық тұлға (naturalіche Person - kunstlіche, sozіale Person, Kollektіvperson); табиғи-әлеуметтік қатынас (naturalіshes-sozіales Verhaltnіs), әлеуметтік жиынтық (Samtschaft), корпорация (Korperschaft). Теннистің ойынша социология әлеуметтіліктің барлық түрін зерттейтін жалпы және адам әлеуметтілігін зерттейтін арнайы социология бола алады. Арнайы социология таза, қолданбалы, эмпирикалылыққа бөлінеді. Кез келген әлеуметтік құрылымдар адамдардың өзара әрекетінен құрылады.