Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-6 Жулдыз Микро-макро арым .docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
47.18 Кб
Скачать
  1. Адам микроэкологиясындағы макро- және микроорганизмдер қарым-қатынасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Бала ана ағзасында нормада стерилденген жағдайда дамиды. Жаңа экологиялық жүйесі «Адам ағзасы + ондағы микрофлора» туылғаннан бастап қалыптасады және оның негізі анасының микрофлорасы мен баланың сыртқы қоршаған ортасы (ең алдымен ауа). Аз уақыт ішінде сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатын тері жамылғылары мен шырышты қабаттарда әр түрлі микроорганизмдер өсе бастайды. Баланың микрофлорасының қалыптасуында бірінші жылы (ең алдымен бифидобактериялар мен лактобактериялар) ана сүтімен қоректенуі негізгі роль атқарады.

Еркін тіршілік ететін МО-ге қарағанда симбионт-микробтар эволюция барысында қожайын организммен тіршілік ету жағдайына жақсы бейімделген. Келесідей симбиоз түрлері бар: Мутуализм (лат.mutuus-взаимный),Комменсализм (фр. commensal- сотрапезник), Паразитизм (гр.parasitos-нахлебник). Дені сау адам организмінің қалыпты микрофлорасына мутуализм мен комменсализм тән.

Симбиоз (греч. symbiosis—бірге тіршілік ету)—симбиотикалық жүйені құрайтын түрлі организмдердің бірігіп тіршілік етуі. Симбиоздың пайда болу негізіне трофикалық, кеңістіктік қарым қатынас түрлері бола алады.  Факультативті симбиоз кезінде әр организм жеке тіршілік етуге қабілетті болады, ал облигатты симбиоз кезінде организмдер тіршілік барысында бір біріне тәуелді болады. Симбионттардың арасында көп жағдайда тіршілік процесі барысында түзілетін өнімдермен алмасу жүреді.

Мутуализм (лат. mutuus—екі жақты) – қауымдастық өкілдерінің арасындағы байланыс екі жаққа да тиімді болады және екі организм бір бірінсіз тіршілік ете алмайды. Мутуализмге мысал ретінде айранда, дәнде, қымызда сүтқышқылды бактериялар мен ашытқылардың бірігіп тіршілік етуін жатқызуға болады.

Комменсализм (лат. com—с,бірге және mensa—трапеза), жүйедегі бір түр(комменсал) келесі түрге (қожайын) өзінің қоршаған ортамен байланысын реттеуді жүктейді, бірақ тығыз байланысқа түспейді. Комменсалдық байланыстың негізіне ортақ кеңістік, cyбстрат, қорек жатады. Оларға мысал ретінде өсімдіктерде кездесетін сүтқышқылды бактериялар, ашытқыларды жатқызуға болады.

Паразитизм —екі әр түрлі организмдердің антагонистік қарым қатынасының формасы, мұнда біреуі екінші организмді тіршілік ортасы, қорек ретінде пайдаланады. Паразиттер қожайын организмдердің санының реттелуінде, кей жағдайда микроэволюциялық процестің бағытталуында да үлкен рөл атқарады. Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) болып ажыратылады. Сыртқы ортаның жағдайына байланысты микроорганизмдер өздерін паразит ретінде де, сапрофит ретінде де көрсетеді, сол үшін оларды факультативті паразиттер деп атайды. Облигатты паразиттер өздерінің метаболиттік мүмкіндіктерін толығымен жоғалтқаннан кейін қожайын организмдердің ұлпаларын зақымдай отырып тіршілік етеді.

  1. Адам организмі және қалыпты микрофлорасы қарым-қатынасының молекулалық негіздерін түсіндіріңіз.

Қалыпты микрофлора деп – дені сау индивидтердің белгілі бір денесінің аймақтарында қалыпты мөлшерде жиі кездесетін микроорганизмдердің жиынтығы. Белгілі бір түрге тән микрофлора индигенді деп аталады. Оның біршама тұрақты бөлімін «облигатты», «факультативті» деп ажыратады. Адам ағзасы мен жануарлардың микрофлорасы эволюциялық процесс кезінде микрофлора мен макроорганизмнің өзара байланысы нәтижесінде түзіледі. Ағзаның әр облысы үшін белгілі бір микрофлора тән. Жаңадан туылған нәресте стерильді, ал 6-10 сағаттан кейін оның ағзасынан бір қатар микробтар табуға болады.

Адам организмінде кездесетін микробтар алуантүрлілігін екі топқа бөлуге болады. Резидентті микрофлора, Транзиторлы микрофлора.

Қалыпты микрофлораның адам ағзасы үшін пайдалылығы қазіргі уақытта үлкен сенімділікпен дәлелденіп отыр. Қалыпты микрофлораның микроорганизмді инфекциядан қорғаушы фактор және сол қалыпты флораны реттеуші фактор екендігі, қалыпты флораның антоганистік қасиеті белгілі.

Ішек флорасы:

  • асқорыту процесінде үлкен роль атқарып, ішектің тегіс мускулатурасының тонусын көбейтеді.

  • ағзада витаминдік қажеттіліктің үлкен бөлігін қамтамассыз етеді. Микроорганизм 9-дан аса В комплексіне жататын витаминдерді, никотин және фоли қышқылы, витамин К және басқа да витаминдерді синтездеуге қабілетті.

  • ағзада ортақ иммунитеттің қалыптасуына үлкен қызмет атқарады. Оның болмауы клеткалық және гуморальдық иммунитеттерді әлсіреуіне әкеліп соғады. Мысалы: жақында алынған зерттеулерге қарағанда қан сарысуының синтезі қалыпты микрофлораға байланысты.

Белгілі бір түрге тән микрофлора индигенді деп аталады. Оның біршама тұрақты бөлімін «облигатты», «факультативті» деп ажыратады.

Адам ағзасы мен жануарлардың микрофлорасы эволюциялық процесс кезінде микрофлора мен макроорганизмнің өзара байланысы нәтижесінде түзіледі. Ағзаның әр облысы үшін белгілі бір микрофлора тән. Жаңадан туылған нәресте стерильді, ал 6-10 сағаттан кейін оның ағзасынан бір қатар микробтар табуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]