Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
41,50.docx
Скачиваний:
70
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
31.67 Кб
Скачать

48. Ақпараттық қоғамның ерекшеліктерін сипаттаңыз.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып, оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған алдынғы тәсілдерден мүлдем бас тартуды білдірмейді. Дәстүрлі оқу кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безеңдендіру аймақтарында едәуір тәжірибе жинақталған. Осыған байланысты иллюстрацияның өзі, басылымның элементтерін кеңістікте топтастыру ерекшеліктері, жеке элементтердің басым көрсетілуі (көзбен қарағанда), қабылдаудың физиологиялық жақтары (баспаның айқындығы, қаріп ерекшеліктері т.б.) ерекшеленеді.

Т.Стоунвер ақпараттық қоғамның ерекшеліктері туралы былай деп жазады: “Байлықты адамдар жасайды. Адамдық капитал—постиндустриалдық қоғамның маңызды ресурсы”. Байлық техника құралдарының көмегімен технологиялық білімді және ұйымдастырушылықты жетілдіру арқылы қалыптасады. Сондықтан Т.Стоунвердің пікірінше “индустриалдық экономикадан постиндустриалдық экономикаға өтудің ең тиімді стратегиясы—бұл білімді, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды кең ауқымды дамыту”. Сондықтан ақпараттық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технологияның прогресіне бағынышты болады. Осыған байланысты “постиндустриалдық қоғамда ұлттық ақпараттық ресурстар - негізгі экономикалық құндылық, байлықтың ең үлкен потенциалды көзі” деген Стоунвердің пікірімен келіспеуге болмайды.

 Д.Беллдің пікірінше:      “Келесі жүзжылдықта экономикалық және әлеуметтік өмір үшін, білім өндірісінің тәсілдері үшін, сонымен қатар адамның еңбек әрекетінің сипаты үшін телекоммуникацияларға негізделген жаңа әлеуметтік үрдістің қалыптасуы шешуші мәнге ие болады”

Сондықтан “...ақпараттық қоғам адам болмысының мәнімен қатар құрылымын өзгертетіндіктен мыңдаған жылдар бойы философияның жұмбақ құбылыстары болып келген шығармашылықтың құпиялары мен адамзат ақыл-ойының терең тылсымдарына ену мүмкіншіліктері мен оны адами игеру деңгейлерін, тұлға жүйесін түбегейлі өзгертетін болғандықтан философияның көкжиегіндегі зерттеу аймағы болып қала береді” Болашақта адамзат өркениетінің дамуы қандай болмасын, мейлі ол ғарыштық дәуір, компьютерлік немесе ақпараттық және т.б. болсын, мұның бәрі адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын ескеруіміз қажет. Бұл мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген американ философы X.Сколимовскидiң пікірімен келісуге болады.

49. К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыда түсінуінің гносеологиялық мәнін ашып көрсетіңіз.

Маркстік философия 40-шы жылдардың ортасында қалыптасты (ХІХ ғ). Оның авторлары: материалист Карл Маркс (1818-83) және Фридрих Энгельс (1820-95). Маркс Гегельді жоғары бағалай отырып, сынады. Энгельс болса, оның еңбектерін диалектикалық философияның поэмасы деп атады. Маркс пен Энгельс Гегель мен Фейербахты сынау нәтижесінде диалек­тиканы қайта, жаңадан, диалектикалық-материалистік ілім ретінде жасады. ХІХ ғ Маркс пен Энгельс: «Идеяны тудыратын данышпандар, қозғаушы күш – халық», – деп түсіндірді.

Тарихи материализмнің гносеологиялық мәні:

  • қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде адамдар өздерінің өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше, объективті, олардың еркінен тәуелсіз өндірістік қатынастарға түседі (еңбек өнімдерін сату, материалдық өндіріс, еңбек бөлінісі);

  • өндірістік қатынастар, өндірістік күштердің деңгейі экономикалық жүйені құрайды, ал бұлар қоғамдық қатынастардың, қоғамның мемлекеттік институттарының базисі болып табылады;

  • аталған мемлекеттік және қоғамдық институттар, қоғамдық қатынастар қоғамдық базистің қондырғылары болып есептеледі;

  • базис пен қондырма бір-біріне әсер етеді;

  • өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейіне және базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялар бөлініп шығады – алғашқы қауымдық құрылыс (өндіргіш күштер өндірістік қатынастар деңгейі төмен, қоғамның бастамасы); құл иеленушілік қоғам (экономика құлдыққа негізделген); өндірістің азаттық тәсілі – ерекше қоғамдық экономикалық формация экономика бұқаралық, ұжымдық мемлекет қаиаң бақылауға алған азат адамдардың, жер өңдеушілердің еңбегіне негізделген (Ежелгі Египет, Месопотамия, Қытай); феодолизм (экономика ірі жеке жерменшігіне және тәуелді шаруалар еңбегіне негізделген); капитализм (өнеркәсіп өндірісі, жалдамалы жұмысшылар еңбегіне негізделген); социалистік (коммунистік) қоғам тең құқықты адамдардың ерікті еңбегіне негізделген. Бұл қоғамда жеке меншік жоқ, меншік мемлекеттік.

  1. Өндіргіш күштердің өсу деңгейі өндірістік қатынастардың өзгеруіне және қоғамдық-экономикалық формация мен қоғамдық-саяси құрылыстың ауысуына алып келеді;

  2. Экономикалық деңгейі, материалдық өндіріс, өндірістік қатынастар қоғам мен мемлекеттің тағдырын, тарихтың барысын анықтайды.

  1. Гадамердің герменевтикалық тәсілінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Ганс Гадамер философияны таным позициясынан – түсіну позициясына ауысуға, көшуге шақырды. Адам болмысы оның өз болмысы туралы уайым – толғауынсыз мүмкін емес. Адам өмір бойы, біріншіден, тәжірибе жинақтайды (ол тәжірибенің көп құрайды), екіншіден , әлемдік тәжірибеге өз үлесін қосады. «Әлемдік тәжірибені» өткен ұрпақтан қазіргіге және қазіргі ұрпақтан – келешекке берудің басты жолы – кітап, ондағы мәтіндер «тіл». Демек, мәтін тілін талдау, оны түсіну – ұрпақтар арасындағы жетекші бағытқа айналуға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]