Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

02-06-2014_21-54-37 / pikir ardak

.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
13.28 Кб
Скачать

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

5В020500 – Филология: қазақ тілі мамандығының 4 курс студенті

Қынат Ардақтың «С. Мұқанов және зар заман әдебиеті»

атты диплом жұмысына

ПІКІР

Зар заман кезеңінің қоғамдық жағдайын жан-жақты сипаттай отырып, зар заман ақындарының өлеңінің мағынасын түсіндіріп, шығармаларын тереңінен зерттеп, бұл ақындардың өлеңдерін жүйелеп, тақырыптық жағынан бір сарынға салып алғашқы зерттеудің жолын салған – Сәбит Мұқанов.

Бітіруші Ардақ Қынат «Сәбит Мұқанов және зар заман әдебиеті» деп диплом жұмысының тақырыбын таңдаудағы мақсаты С. Мұқанов шығармашылығына деген сүйіспеншілігінен туындағаны бірден көрініп тұр.

Студент Сәбит Мұқановтың «Қазақтың XVIII-XIX ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» атты монографиясының «Зар заман жағдайы» атты екінші тарауы негізінде ғалымның зар заман әдебиетін зерттеуге қосқан үлесін зар заман әдебиетін зерттеген басқа ғалымдармен салыстыра отырып жан-жақты зерделеген.

Ардақ Қынат дипломдық жұмысының тақырыбын қарастыруда айқын мақсат қоя білген және осы мақсатқа жету жолында алға қойған міндеттерді толық орындаған.

Студенттің жұмысқа қызығушылығы жоғары. Мұны қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман кезеңінің қалыптасу, даму тарихын қарастырған Қ.Мәдібай, Б.Омарұлы сияқты ғалымдар еңбегін теориялық негізде, ал С.Мұқанов шығармашылығын жан-жақты зерттеген Т.Кәкішұлы, Т.Нұртазин, К.Ахметова т.б ғалымдардың еңбектерін методологиялық негіз етіп алғандығынан-ақ көруге болады.

Жұмыста қолданылған әдістер де ғылыми әрі жүйелі түрде орындалған. Осының негізінде өзіндік ғылыми ізденіс жүргізгендігін байқауымызға болады.

Қорыта айтқанда, студент Ардақ Қынат «Сәбит Мұқанов және зар заман әдебиеті» атты дипломдық жұмысы тақырыптың таңдалуы, материалдардың сұрыпталуы және ғылыми аппаратының тереңдігі жағынан бітіру жұмыстарына қойылатын талаптарды толық қанағаттандырады. Соны ескере келе, Ардақ Қынат өте жақсы «4» деген бағаға лайық деп білеміз.

Рецензент

Ф. ғ. профессоры Дәуітов С.

Соседние файлы в папке 02-06-2014_21-54-37