Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
51
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
997.38 Кб
Скачать

1.Дисперсия түрлері бақылау әдістері

Жарықтың дисперсиясы

Классикалық электромагниттік теорияда ортаның сыну көрсеткіші жарықтың толқын ұзындығына тәуелді емес деп саналады. Бірақ бұдан бұрын Ньютон өзінің классикалық тәжрибесінде ортаның сыну көрсеткіші толқын ұзындығынан тәуелді n=n() болатындығын көрнекі түрде көрсетіп берген болатын.

Жарықтың дисперсиясы деп ортаың n сыну көрсеткішінің жарықтың  толқын ұзындығына тәуелділігін айтады. Жарықтың дисперсия құбылысын зерттеуде көбінесе зат дисперсиясы ұғымы – сыну көрсеткішінен толқын ұзындығы бойынша туындысы пайдаланады.

Қалыпты дисперсия. Лоренц теориясына сәйкес мөлдір оптикалық материалдардың қалыпты дисперсиясы болуы тиіс; , яғни жарық жиілігі өскенде сыну көрсеткіші өсуі тиіс. Сонда орта шекарасында қысқа толқындар ұзын толқындарға қарағанда күштірек сынуы тиіс. Бұл шыныменен барлық мөлдір орталарда (ауа, су, шыны және т.б.) байқалады. Мысал ретінде Ньютонның тәжірибесін келтіруге болады: шыны призма ақ жарықты түрлі-түсті құраушыларға жіктейді және қысқа толқынды сәулені (күлгін түсті) призма ұзын толқынды сәулеге (қызыл түсті) қарағанда күштірек сындырады.

Аномаль дисперсия. Лоренц теориясында болжанатын аномаль дисперсия да экспериментте расталады. Аномаль дисперсия жұтылу сызығының ортасына жақын маңайда жиіліктердің жіңішке жолағында орын алады. Сондықтан оны эксперименттік бақылау едәуір қиындық туғызады.

Тәжірибе сұлбасы (схемасы) 7.5-суретте көрсетілген. Доғалық шамның ақ жарық шоғы натрий газ шамының (горелка) жалыны арқылы өткізіледі, бұдан кейін сындырушы қыры вертикаль қойылған призма арқылы өтіп қалқаға (экран) түсіріледі. Алғашында қалқада горизонталь түрлі-түсті жолақ (тұтас спектр) көрінеді. шамы қызып, натрийдың тығыздығы артқан сайын қалқадағы спектрдің сары бөлігінде жіңішке қара жолақ айқын көріне басталады. Осы жолақатомының жұтылу спектрлік сызығына сәйкес келеді.

Жақсы қыздырылған шамындабуының тығыздығы вертикаль бағытта біртекті емес кеңістіктік үлестірілуі орнығады. Осы жағдайдабуы өзі арқылы өтетін жарық шоғына сындырушы қыры горизонталь призма тәрізді әсер ете бастайды. Осының нәтижесінде түрлі-түсті жолақтың жұтылу жолағына жақын маңдағы шеттері 7.5-суретте көрсетілгендей майысады және бір шеті жоғары қарай, екінші шеті төмен қарай күштірек иіледі. Қалқадағы(экрандағы) спектрдің осындай деформациясы аномаль дисперсияның білінуі ретінде түсіндіріледі.

Жарық дисперсиясына алғашқы тәжірибелік зерттеулерді Ньютон (1672) жүргізді. Ол айқастырылған призмалар әдісін (метод скрещенных призм) қолданды. Ақ жарық вертикаль саңылаудан және сындырушы қырлары өзара перпендикуляр және екі призмадан өтіп, және линзалардың көмегімен қалқада (экранда) жиналады (7.2-сурет). Егер сындырушы қыры тігінен қойылған тек бір призма болса, онда экран бетінде жолағымен кескінделетін горизонталь түрлі түсті жолақ - тұтас спектр шыққан болар еді. Енді сындырушы қыры -ге перпендикуляр болатын призма ендірілгенде әрбір сәуле жоғары қарай ығысады және неғұрлым ол үшін осы призманың сыну көрсеткіші үлкен болса, соғұрлым күштірек ығысады. спектрі түгелдей төмен ығысады және қалпына келеді. Спектрдің қызыл шеті үшін ығысу ең аз, ал спектрдің күлгін шеті үшін ең үлкен болады. Спектрдің аралық нүктелері үшін спектрдің берілген нүктесіне сәйкес толқын ұзындығы үшін сыну көрсеткіші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ығысу үлкен болады. Сонымен, жолағы иілген болады және көрнекі түрде призмадағы дисперсияның жолын бейнелейді: экранда бақыланатын түрлі-түсті жолақтың түрі тәуелділігін кескіндейді.

Мөлдір заттар үшін толқын ұзындық кішірейгенде сыну көрсеткіші біркелкі артады (қалыпты дисперсия). Бұдан әрі зерттеулер толқын ұзындығы кішірейгенде сыну көрсеткіші кішірейіп дисперсияның кері жүрісі де мүмкін болатындығын (аномаль дисперсия) көрсетті. Аномаль дисперсия жарықтың жұтылуымен тығыз байланысты болатындығы тағайындалды: аномаль дисперсия байқалатын барлық заттар жарықты осы аймақта күшті жұтады.

Соседние файлы в папке ОПТИКА шпор