Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет.docx
Скачиваний:
974
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
2.85 Mб
Скачать
    1. – сурет. Шлагбаум арқылы темір жол өткелі

  1. Автоматты локомотив сигнализациясына қызмет көрсету бойынша тексерудің тәртібі

Темір жолдың жүрдек жолаушылар пойыздарының айнымалы учаскелерде орналасқан аралықтар мен станциялар автоматты локомотивті сигнализацияның автоқосқышы бар автоматты локомотивтік сигнализациясы-мен жабдықталады.

Автоматты локомотивті сигнализациясы (АЛС) – сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде – аралықтағы пойыздар қозғалысы кезінде локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөліктенген пункттер блок-учаскелердің белгіленген шекаралары болып табылатын жүйе.

Автоматты локомотивті сигналдандыру – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлатуға және локомотивтік бригадалар жұмысының шарттарын жақсартуға арналған құрылғылар АЛС құрылғылары пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршам көрсеткіштеріне сәйкес келетін сигналдарды жолдан автоматты жіберу мен локомотивте қабылдауды қамтамасыз етеді.

Шешілетін эксплуатациялық мәселелердің жетілдірілуі мен деңгейіне байланысты АЛС қырағылықты, жылдамдықты бақылау және жылдамдықты авто реттеу жүйелерінің бар болуына байланысты түрленеді. Қырағылықта бақылау кезінде пойыз автоматты түрде тоқтайды. Егер сигнал тыйым салушы сигналға ауысуы туралы ескертуден кейін немесе бақылау уақытының аяқталу кезінде машинист қырағылық тетігін баспаса қырағылықты бақылау бірнеше рет қайталануы немесе периодты болуы мүмкін. Жылдамдықты бақылауы бар АЛС жүйесі техникалық сипаттары бойынша автоматты реттеудің ажыратылған жүйелеріне жатады.

Жылдамдықты АЛС сигналы анықтайтын мәнге дейін машинист төмендетеді. Егер машинист жылдамдықты берілген бағдарламамен төмендетпесе автоматты тежеу орын алады. Автоматты реттеудің тұйықталған жүйесіне жататын жылдамдықты авто реттеуі бар АЛС жүйесі ең жетілдірілген жүйесі болып табылады. Реттей объектісіне пойыз жылдамдығы жатады. Қозғалыстың берілген жылдамдығы АЛС сигналымен анықталады. Ал нақты жылдамдығы локомотив дөңгелегімен байланысқан жылдамдық өлшеуішпен (датчикпен) бақыланады. Қозғалыстың берілген және нақты жылдамдықтары туралы ақпарат салыстыру органында салыстырылады. Егер нақты жылдамдық берілгеннен жоғары болса, пойыз тежегіштерімен байланысқан орындаушы органға әсер пайда болады. Тежеу басталып жылдамдық берілген мәнге дейін төмендетіледі, кейін тежеу тоқтатылады.

Автоматты локомотивті сигнализациясы сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын учаскелерде екі шектес блок-учаскенің ұзындығы барынша іске асырылатын жылдамдықта автоматты локомотив сигнализациясы мен авто тоқтату құрылғыларының пойыздың тежеу жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде пойыз өтетін жолды есепке алғанда жедел тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс. Автоматты локомотивті сигнализациясы кезінде локомотивтік бағдаршамдар пойыз жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсетулеріне сәйкес көрсетулерді береді.

Автобұғаттаумен немесе сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнализациясымен жабдықталған учаскелерде орналасқан станцияларда басты жолдар, жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту жолдары, сондай-ақ пойыздарды тоқтатусыз өткізуге арналған қабылдап-жөнелту жолдары автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. Жартылай автоматты блоктау кезінде жақындау учаскелер және станциялардың басты жолдары автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғыларымен жабдықталады.