Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Жұмысты орындау тәртібі

1-тапсырма

Төрт разрядты ығыстырушы регистрдің схемасын құру

  1. Төрт разрядты универсал ығыстырушы реверсивті регистрдің 3-суретте берілген схемасы бойынша жұмысын талдап, танысу.

  2. Берілген схема бойынша регистрдің құрылу кестесі толтырылады. Кесте басқару тетіктерінен бастап солдан оңға қарай және жоғарыдан төмен қарай жүру арқылы толтырылады.

  3. Байланыстыру кестесі бойынша регистрдің схемасы стендпен жиналады.

  4. Басқару тетіктерінің қасына 3- сурет бойынша олардың орындайтын функциялары көрсетілетін қағаз үлгісі жапсырылады.

2-тапсырма

Регистрге мағлұматты параллель кодпен

енгізу және ығыстыру амалдарын орындау.

  1. Схеманың құрылуының дұрыстығы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  2. SA1÷SA6айырғыштары бірлік күйге ауыстырылады.

  3. Триггерлердің «S» – кірістері бойынша SA2-SA5 айырғыштары арқылы регистрдің барлық разрядтарына «1»- лік мағлұмат параллель кодпен

енгізіледі. Осы кезде триггерлердің шығысымен қосылған индикаторлар (светодиодтар) жарықтанады.

Ескерту: «1» мағлұмат айырғыштарын қысқа мерзімде «1»-лік күйге ауыстыру арқылы енгізіледі.

  1. «Тазарту» тетігі арқылы регистрдің барлық разрядтары нөлдік күйге келтіріледі.

  2. SA1-SA6 тумблерлері нөлдік күйге ауыстырылады.

  3. Регистрдің S- кірістері бойынша SA5-SA2 (1р÷4р) айырғыштары арқылы 0101 саны енгізіледі. Бұл санның оң жақтағы алғашқы «1» мүшесі - енгізілген санның ең төменгі разряды, ал сол жақтағы алғашқы «0» жоғарғы разряды болып табылады. Светодиодтардың көрсетуі бойынша енгізілген мағлұматтың дұрыстығына көз жеткізу керек.

  4. SA11тумблерімен «солға» ығыстыру режимі тағайындалады.

  5. SB2батырмасы арқылы регистрдің «С»- кірісіне синхроимпульстар бере отырып, индикаторлық диодтардың жарықтануы бойынша регистрге енгізілген санның солға қарай ығысқанына тағы да көз жеткізіледі.

  6. S-кірістер бойынша SA5-SA2 айырғыштары арқылы регистрге 1010 саны енгізіледі. Индикаторлардың көрсетуі бойынша санның дұрыс енгізілгендігі қадағаланады.

  7. SA11 айырғышы арқылы «оңға» ығыстыру режимі тағайындалады.

  8. SB2 батырмасы мен «С» - кірісіне синхроимпульстер беру арқылы индикаторлардың көрсетуі бойынша енгізілген санның оң бағытта ығысқаны қадағаланады.

3-тапсырма

Регистрге мағлұматты кезектесіп келген кодпен енгізіп, параллель кодпен шығару.

Бұл амалды екі жолмен орындауға болады:

а) санның кіші разрядынан бастап

б) санның жоғарғы разрядынан бастап

Бірінші жағдайда кіші разряд регистрдің жоғарғы разрядына енгізіледі де, біртіндеп солға қарай ығыстыру арқылы санның қалған разрядтары енгізіледі.

Мысалы:

  1. Регистрге 1010 санын жоғарғы разрядтан бастап солға қарай ығыстыру арқылы орналастыру қажет болсын.

  2. SA2-SA5айырғыштары (1р-4р) бірлік күйге ауыстырылады.

  3. Регистрдің қорындағы мағлұматтар SB1 батырмасымен тазартылады.

  4. SA11айырғышы «солға» ығыстыру режиміне ауыстырылады.

  5. Регистрдің 1- разрядына мағлұматты қабылдауға арналған SA6 (қб.1р) айырғышы енгізілетін санның 1010 жоғарғы төртінші разрядына (1) сәйкес келетін бірлік күйге ауыстырылады.

  6. SB2батырмасы арқылы қайта жазу және регистрге мағлұматты енгізу сигналы беріледі. Оның нәтижесі HL-A1, индикаторының күйінің өзгеруінен бақыланады.

  7. SA6 айырғышы енгізілетін санның 3-ші разрядына (0) сәйкес келетін күйге ауыстырылады.

  8. SB2 батырмасымен тағы да мағлұматты қайта жазу және енгізу сигналы ұйымдастырылып, оның нәтижесі HL-A1 индикаторының өшіп, HL-A2 индикаторының жарықтануынан байқалады. Осылай 1010 енгізілетін санның қалған екі разряды да регистрге енгізіледі. Енгізу нәтижесі (HL-A1)÷(HL-A4) индикаторларының күйлерінің сәйкес келуімен бағаланады.

  9. Регистрге 0101 санын төменгі разрядтан бастап оңға қарай ығыстыру арқылы енгізу үшін регистрдің S- кірістеріне SA2-SA5 айырғыштарымен «1» шамасы тағайындалады.

  10. SB1 батырмасымен регистрдің жадылық элементтері түгелдей тазартылады.

  11. «Ығыстыру» SA11 айырғышы «оңға» ығыстыру режиміне ауыстырылады.

  12. Регистрдің 4- разрядына мағлұматты енгізуге арналған SA1 (қб.4р) айырғышы енгізілетін 0101 санының төменгі разрядының мәніне «1» сәйкес келетін жағдайға ауыстырылады.

  13. SB2 батырмасымен ұйымдастырылған синхроимпульс арқылы сол «1» шама регистрдің төртінші разрядына орналастырылады. Оның нәтижесі HL-A4 индикаторының күйінің өзгеруінен байқалады.

  14. SA1 (қб.4р) және SB2 батырмасының көмегімен енгізілетін санның келесі разряды «0» регистрге орналастырылады. Осы кезде индикатордың 4- разрядындағы бірлік шама 3-разрядқа ауысады да, оның орнын соңғы енгізілген «0» цифры алмастырады. Осылай берілген санның қалған разрядтары да регистрге енгізіледі. Оның нәтижесі светодиодтардың күйінен байқалады.

4-тапсырма

К155ИР13 ИМС-мен құрылған 8 разрядты регистрді зерттеу

Бұл регистр орта дәрежелі тығыздықтағы интегралды микросхемамен құрылған. Регистрге мағлұматты енгізу параллель және кезек кодпен орындалады.

Параллель кодпен енгізу кезінде регистрдің D1-D8 кірістік тізбектері, ал кезекпен кіргізу кезінде DR, DL кірістік тізбектері қолданылады (4-сурет). Мұндағы DR – кірісі регистрге енгізілетін санды кезекпен 1-разрядтан 8-разрядқа дейін солдан оңға қарай ығыстыра отырып орналастыру үшін қолданылады.

Регистрдің DL - кірісі оған енгізілетін санды жоғарғы разрядтан төменгі разрядқа қарай, кезекпен оңнан солға қарай орналастыру үшін қолданылады. Орналастыру әрекеті «С»- синхротізбегіне SB1 батырмасынан берілетін импульс арқылы орындалады.

SB2 батырмасымен байланысқан R – кірісі регистрдің барлық разрядтарын тазартып, «0» күйіне келтіру үшін қолданылады.

Регистрдің S0 және S1 кірістері оның жұмысын басқарушы тізбектер болып саналады. Бұл жағдайда келесі кестеден анықтауға болады.

S0

S1

Жұмыс режимі

0

0

1

1

0

1

0

1

сақтау

солға ығыстыру

оңға ығыстыру

жазу

Регистрдің шартты белгісіндегі «RG » символдар қабылданатын мағлұматты екібағытта енгізуге болатындығын сипаттайды. Регистрге орналастырылған мағлұмат 1-8 шығыстары арқылы параллель кодпен өндіріледі. R-кірісіндегі кіші шеңбер регистрдің осы

тізбек бойынша төменгі потенциалмен басқарылатындығын сипаттайды. Регистрдің жұмысын зерттеу төмендегідей жүргізіледі.

  1. Регистрдің құрылу схемасы бойынша (4-сурет) оның байланыс тізбектерінің кестесі толтырылады.

  2. Кесте бойынша стендпен регистрдің схемасы жиналады.

  3. Басқару тетіктерінің тұсына атқаратын функциясы көрсетілген қағаз шаблон жапсырылады.

  4. Тізбектің дұрыс құрылғандығы тексерілгеннен кейін, стенд ток көзіне қосылады.

  5. «Тазарту» (Сброс) кірісі бойынша регистрдегі кездейсоқ мағлұмат жойылады.

  6. Басқару кестесі бойынша S0 және S1 - кірістері арқылы «оңға ығыстыру» режимі тағайындалады.

  7. DR- кірісінің көмегімен регистрге «01101011» екілік саны енгізіледі. Сол үшін регистрдің DR- кірісіне енгізілетін санның төменгі разрядының мәні «1» тағайындалады. SB1 батырмасы арқылы регистрдің C- тізбегіне синхроимпульс беріледі. Нәтижесінде оның 8-разрядына «1» шамасы жазылады. Оны HL-B8 индикаторының жарықтануынан байқаймыз.

  8. DR- кірісі бойынша енгізілетін санның екінші разрядының мәні «1» енгізіледі. Нәтижесінде келесі ығысу орындалады. 8p; 7p, яғни 7-8 разрядтардың индикаторлары бірлік шамаларды көрсетеді. Регистрдің қалған разрядтары нөлдік күйді сақтайды. Осылай 8 разрядты түгелдей толтырылғанша енгізу процессі жалғаса береді.

  9. Басқару кестесі бойынша S0, S1- кірістері арқылы «солға ығысу» режимі тағайындалады.

  10. Регистрдің DL- кірісі арқылы оған 10110110 саны енгізіледі. Енгізу амалы осы санның жоғарғы разрядынан бастап 7, 8 пункттердегі нұсқаулар бойынша жүргізіледі.

  11. Басқару кестесі бойынша S0, S1,- кірістері арқылы параллель кодпен орындалатын «жазу» режимі тағайындалады.

  12. D1 – D8 кірістерімен байланысқан SA3 SA10 тетіктерінің көмегімен 10011001 санның әрбір разрядтағы мәндері тағайындалады.

  13. Регистрдің С- кірісіне SB1 батырмасымен синхроимпульсты келтіру арқылы, енгізілетін санның регистрдің сәйкес разрядтарына орналасқаны қадағаланады.

  14. Стенд ток көзінен ажыратылып, жұмыс орыны тәртіпке келтіріледі. Сабақ аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]