Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силаус Каз. яз..doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Балалардың жұқпалы аурулары

Қызылша. Қызылша – балаларда кездесетін жұқпалы ауру. Оны ерекше микроб (вирус) қоздырады. Қызылшамен 6 ай мен 5 жас аралығындағы балалар өте жиі ауырады. Бұл аурумен бала кезінде ауырмайтын адам сирек кездеседі. Аурудың қоздырғыштары түкірік, қақырық, шаң-тозаң арқылы таралады.

Қызылша сау балаға ауру баладан жұғады. Бір рет ауырған балада иммунитет пайда болып, екінші рет ауырмайды. Ауру барысын 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. Аурудың жасырын кезеңі8-10 күнге (алдын ала егілген балаларда 28 күнге дейін) созылуы мүмкін.

  2. Продромалық кезең– аурудың алғашқы белгілері денеге қызыл бөртпелер шыққанға дейінгі 3-4 күн аралығы. Бұл кезеңде науқас баланың көзі қызарады, жасаурайды, жиі жөтеледі, түшкіреді, ерні мен ұртының ішіне, кейін бүкіл денеге бөртпе шығады.

  3. 3-кезең - ең ауыр кезең, науқас жарыққа қарай алмайды. Бүкіл денесіне тұтасқан қызыл бөртпе шығады. Дене қызуы 38-390С көтеріледі. Тыныс алуы қиындап, қырылдайды да, науқастың жағдайы нашарлайды. Бұл кезең 3-4 күнге созылады.

  4. Бұдан кейін айығу кезеңі басталады. Бұл кезде дене қызуы басылып, бөртпе қабыршақтанады. Науқастың жағдайы, тамаққа тәбеті жақсарады. Егер ауру асқынса, хлорингит, өкпе қабынуы, бұлық, стоматит сияқты ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Аурудан алдын ала егілген, яғни гаммаглобулин алған бала қызылшамен жеңіл ауырады.

Аурудың алдын алу жолдары: науқасты сау баладан бөлу, ойыншығын, жатқан бөлмесін таза ұстау, глобулин вакцина егу.

Қызылшаға арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Науқасты, көбінесе, үйде күтеді, ауру асқынса, ауруханаға жатқызып емдейді. Науқас жатқан бөлмені таза ұстау, гигиеналық талапты сақтау, жеміс-жидек, көкөніс т.б. витаминдері көп тамақ беру керек.

Эпидемиялық паротит. Эпидемиялық паротит құлақ түбі бездерінің қабынуы (орысша – свинка, бұнымен ауырған баланың құлағының түбі ісініп, мойны - шошқаның мойнына ұқсайды). Бұл ауруға бес жастан 15 жасқа дейінгі балалар шалдығады.

Ол күз және жаз маусымдарында жиі кездеседі. Паротитпен ауырған балалардың сілекей, құлақ маңайындағы бездері қабынады.

Ауру жұққан күннен бастап оның алғашқы белгілері білінгенге дейін 18-20 күн өтеді. Бұл кезде баланың ұйқысы бұзылады, ашушаң келеді, кейін дене қызуы көтеріледі. Алдымен құлақ түбіндегі сілекей бездерінің бір жағы, сосын екінші жағы іседі. Дене қызуы басылғанша науқас баланы төсектен тұрғызбау керек. Ісінген бездерге салқын компресс жасап, ауыз қуысын марганцовка немесе бор қышқылының әлсіздеу ерітіндісімен шайып отырған жөн. Ауру бала паротиттен жазылып кеткен күннің өзінде бір ай бойы дәрігердің бақылауында болуы керек.

15-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қызылша қандай ауру?

2. Аурулардың қоздырғыштары қалай жұғады?

3. Ауру барысын неше кезеңге бөлуге болады?

4. Продромалық кезеңде болатын белгілерді айтыңыз.

5. Қызылшаның ең ауыр кезеңінің белгісі қандай?

6. Эпидемиялық паротит қандай ауру?

7. Бұл ауру жылдың қай мезгілінде жиі кездеседі?

8. Паротитпен ауырған балада қандай белгілер байқалады?