Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия реферат NURGULDIKI.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
300.76 Кб
Скачать

Босану жолдарының негізі – жамбас қуысы

Босану жолдарының негізін жамбас қуысы құрайды. Жамбас қуысы 2 бөлімнен тұрады: үлкен және кіші жамбас қуыстары. Үлкен және кіші жамбас шекарасы екі жағынан мықын сүйегі сызығымен, алдынан қасаға сүйегінің қырымен, артынан сегізкөздің негізімен өтеді. Екі жамбас аралығындағы ернеуді кіші жамбас кіреберісі дейді, оның босану кезінде маңызы зор. Үлкен жамбастың үсті мен алды ашық, жоғарғы жағы кең. Сондықтан босану жолында кіші жамбас қуысының маңызы зор. Себебі, нәресте осы жамбас қуысы арқылы өткенде көптеген кедергілерге ұшырайды.

Жамбас өлшеуіш туралы түсінік

  • жамбас қуысы өлшемдерін арнайы құрал жамбас өлшеуіштің көмегімен анықталады;

  • - бұл құрал циркуль тәрізді, сантиметрлік және жарты сантиметрлік бөліктерге бөлінген;

  • - екі ұшы түйме тәрізді дөңгелек;

  • түйме тәрізді екі ұшын өлшеуге қажетті арақашықтықтарға қойып, өлшейді;

  • - жамбастан шығу көлденең өлшемін өлшеу үшін жамбас өлшеуіштің бұтақтарын айқастырады.

Жамбас қуысын өлшеу ережелері:

  • Жүкті әйел аяқтарын екі жаққа ашып, ішін ашып, арқасымен жатады;

  • Дәрігер жүкті әйелдің оң жағында алдыңғы жағында тұрады;

  • Жамбас өлшеуішті қолға былай алу керек: бас бармақ пен сұқ саусақпен түймелерді ұстау арқылы.

  • Бөліктерге бөлінген шкала жоғарыға қаратылған.

  • Алдымен сұқ саусақтармен өлшеу керек аймақтарды тауып, сосын өлшеуіштің бұтақтарын ашып түймелерін арақашықтыққа қойып, жамбас қуысының өлшемдерін табады.

Үлкен жамбас қуысының өлшемдерін өлшеу (үш көлденең, бір тік өлшем)

I Distantia spinarum-қылқанаралық қашықтықмықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қылқанының аралығы.

Өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді.

Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-27 см.

II Distantia cristarum –

қыр аралық қашықтық -

мықын сүйегі қырларының нүктелік аралығы.

Өлшегіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.

Қалыпты жағдайда бұл аралық 28-29 см.

III Distantia trochanterica-

ұршық аралық қашықтық -ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтарының арасы.

Өлшеу үшін ұршықтарының нүктелерін тауып, соған өлшегіштің түймелерін басады.

Қалыпты жағдайда бұл аралық 30-32 см.

IV Conjugata externa – сыртқы коньюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі .

Бұл өлшемді анықтау үшін: әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшегіштің бір түймесін шаттың жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөзүсті ойығына орналастырады.

Қалыпты жағдайда бұл арақашықтық 20-21 см.

Ішкі тік өлшем – conjugata vera

Сыртқы коньюгатаның өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі – ішкі тік өлшемді (conjugata vera) анықтауға болады.

Мысалы, сыртқы тік өлшем 20 см. болғанда, одан 9 см-ді алып тастаса, ішкі тік өлшем 11 см-ге тең болады.

Сыртқы және ішкі коньюгатаның арасындағы айырмашылық сегізкөздің, симфиздің және жұмсақ тіндердің қалыңдығына байланысты.

Әр әйелде сүйектер мен жұмсақ тіндердің қалыңдығы әр түрлі болғандықтан, сыртқы мен ішкі коньюгатаның арасындағы айырмашылық 9 см-ге тең болмауы да мүмкін.

Ішкі коньюгатаны диагональді коньюгата арқылы дәл өлшеуге болады.