Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Химия Билет.docx
Скачиваний:
430
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.21 Mб
Скачать

2. Иондық байланыс Мысалдар 169 бет

Химиялық байланыс — атомдардың химиялық қосылыс түзіп әрекеттесуі.

19 ғасырдың басында К.Бертолле Химиялық байланыс түзілуінің гравитациялық,

1810 жылы Й.Я Берцелиус электрхимиялық,

1861 жылы орыс ғалымы А.Н Бутлеров заттардың химиялық құрылыс теориясын,

1915 жылы неміс физигі Кассель,

1916 жылы ағылшын ғалымы Г.Льюис электрондық теорияларын ұсынды.

Кванттық механика көзқарасы тұрғысынан Химялық байланыс валенттілік сұлба және молекулалық орбиталдар әдісімен түсіндіріледі. Химиялық байланыс түзілуіне қарай төртке бөлінеді:

  1. иондық

  2. ковалентті

  3. металдық

  4. сутектік

Иондық байланыс - иондардың арасында электрстатикалық тартылыс күшінің әсерінен түзілетін байланыс.

Оң зарядты иондар - катиондар, ал теріс зарядты иондар - аниондар.

Нағыз металдар (I, ІІА) мен нағыз бейметалдардың (VI-VIIА) арасында иондық байланыстар түзіледі.

Иондық байланыс тұздарда, негіздерде және қышқылдарда да байқалады.

Иондардың зарядтары араб цифрларынан кейін көрсетіліп, элемент таңбасының оң жағын ала жазылады.

Иондық байланыс металдық және бейметалдық қасиеттері айқын,электртерістілік шамасының айырымы көп  ажыратылатын  элементтер атомдары  арасында түзіледі

Иондардың,катиондар мен аниондардың электростатикалық  тартылуы есебінен түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады.

 Иондық байланыстың сипаттамалары:

Иондық байланыста иондар әр түрлі бағытта тартылатындықтан бағыты болмайды.Оның күш өрісі компенсацияланбаған, сондықтан иондық байланыс қанықпаған.

Иондық байланыс пен ковалентті байланыстың пайда болуы механизмінде ерекшеліктер жоқ. Олар молекулалық электрондық бұлттың полюстену дәрежесімен ерекшшеленеді. Таза иондық байланыспен байланысқан зат жоқ.Әдетте иондық байланыстың дәрежесімен анықтайды.Мысалы:натрий хлоридінде  -0,84.

3. Алюминий гидроксиді (Al(oh)3) құрамындағы элементтердің массалық үлесін есепте

Шешуі:

1. Al(OH)3 алюминий гидроксидінің Менделеев таблицасы бойынша молярлық массасын табамыз, ол Al(OH)3 М=27+48+3 =78 грамм/моль

2. Оның құрамына кіретін үш элементтің атомдық массаларын молярлық массаға бөлеміз және коэффициенттерін ескереміз, сонда массалық үлестерін табамыз:

алюминий: 27/78 = 0,3461 = 34,61%

оттек: (3*16)/78 = 0,6153 = 61,53%

сутек: (3*1)/78 = 0,0384 = 3,84%

2 Билет

1 Заттардың және олардың физикалық қасиеттері

Химияосыған дейін өздерің оқып үйренгенгеография,биология,физикасияқты жаратылыстану ғылымдарының бірі. Мұнан баска химия ғылымы геология, экология, т. б. ғылымдармен терең астасып жатады. Ғылым салаларының бұлай байланысып жатуы дүниенің біртұтастығынан, оны оқып білуге әр жағынан келуге болатындығын көрсетеді. Химия ғылымының энергетикалық, экономиялық, экологиялық, ауыл шаруашылык, медициналық және тағам өндірісіндегі мәселелерді шешудегі маңызы да орасан зор.Химия - заттар және олардың өзгерістері туралы ғылым. Заттар дегеніміз денелердің құраушылары, мысалы, күнделікті өмірде шыныдан, пластмассадан және металдан жасалған құйғыштар пайдаланылады (су, сүт, бензинқұйғанда). Бір дене әр түрлі заттан жасалған. Физикалық денелер - бізді коршаған бұйымдар. Денелердің массасы мен көлемдері болады.

Ағаштан орындық үстел, төсек, т.б. үй жиһаздары жасалады. Бұл мысалда бір заттан әр түрлі денелер дайындалатынын көреміз. Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады. Оларға заттың агрегаттық күйі, түрі, түсі, тығыздығы, балқу және қайнау температуралары, жылу және электрөткізгіштктері, ерігіштіктері жатады. Мысалы, шыныдан, пластмассаданжасалған шөлмектер алып, оларды ұрып көрсек, шыны шөлмек оңай сынатынын, ал қыздырғанда пластмасса шөлмек оңай балқып, олардың пішіндерінің өзгеретінін байқаймыз.

Мұндай өзгерістер физикалық құбылыстардеп аталады.

Ал енді осы шөлмектерді жағып көрсек, ең оңай өзгеретіні - пластмасса шөлмек, ол алдымен балқып, сосын қара күйеленіп жанады, ал шыны мен металдан жасалғандары Мұндай өзгеріске түсу үшін оларды өте жоғары температураға дейін қыздыру керек. Бір заттың екінші бір затқа айналуы химиялық құбылысқажатады, мысалы, сүт тасып кеткенде ол күйіп, көмірленеді. Пластмасса жанғанда басқа заттар тұзіледі.

Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. 

Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады. Заттардың химиялық қасиеттерін химия ғылымы зерттейді. Осы кезде сан алуан заттар белгілі, олардың саны күн өткен сайын артып отыр, себебі тұрмыстық және өндірістік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қасиеттері әр түрлі заттар жасанды жолмен алынуда. Заттардың қасиеттерін жете білу оларды саналы түрде колдана алуға мүмкіндік береді. «Білмеген у ішеді» деген мақалда халықтың көп жылғы бақылауынан түйген даналық ой айтылған. Шынында да қасиетін білмей тұрып кез келген затты иіскеп, колға алып уқалап немесе дәмін татып көруге болмайды: себебі күйіп, тіпті уланып қалу қаупі бар. Химияның атқаратын көптеген маңызды міндеттері бар. 1. Заттардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу. 2. Қоғамның кажеттілігіне карай жаңа сапалы заттар алу. 3. Қоршаған ортаның байлығын тиімді пайдаланып, оларды корғау. Біздің киген киіміміз, ішкен асымыз, тұтынып отырған заттарымыз — бәрі де химиялық қосылыстар. Тіпті біздің өмір сүруіміздің өзі ағзаларда жүретін химиялық құбылыстарға негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]