Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арман еркебулан д.docx
Скачиваний:
83
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
583.16 Кб
Скачать

1.1- Сурет. Қаражанбас кенорынының шолу картасы

1.2 Литологиялық- стратиграфиялық сипаттамасы

Қаражанбас кен орнында іздеу, барлау және пайдалану ұңғымаларымен полеогенді, неогенді және төрттік шөгінділерімен қимасы ашылды.

Шөгінділер кешенінің шекараларының арасы үлкен үзілістермен және шұғыл бұрыштық келіспеушілікпен сипатталады.

Төменгі триас шөгіндісі көптеген ұңғымалармен толық ашылмаған. Жыныс жасы оленеке ретінде анықталады. Триастың төменгі құмтасты қимасы, шартты түрде индты ярусқа жатады. Кен орынның жинақтауыш бөлігінде триасты жыныстар төменгі бор шөгінділерінің астында шоғырланған.

Бұрғылау кезінде орта юра шөгінділері тек переклинальдарда және қанаттардың жүктелген аймақтарында құрылымның 390 м- ден 500 м-ге дейінгі тереңдігінде кездескен, ал жиналымның үлкен бөлігінде көтерілімдер шайылған. Ашылған шөгінділер байос және батс ярусына жатады және максимальды қалыңдығы 125 м (ұңғыма105).

Төменгі бор жаппай таралған стратиграфиялық бұрыштық келіспеушілікпен төменгі триас және юраның әр түрлі горизонттарының шайылған беттік жағында шоғырланған. Шоғырлану тереңдігі 20 м-ден 480 м-ге дейін құбылып тұрады. Ұңғымалармен ашылған қимада неокомды жасты шөгінділер бар (берриас-валанжин, готерив, баррем) жалпы қалыңдығы 170-190 м және апта шөгінділері (қалыңдығы 75-90 м) және альба (қалыңдығы 140 м-ге дейін барады).

Қаражанбас кен орнында іздеу, зерттеу және пайдалану ұңғымалары көмегімен төменгі триас, орта юра және төменгі мел шөгінділері бар тілімдері алынған.

Шөгінділер комплексі арасындағы шекаралар шөгін жинаудағы үлкен үзілістермен және үлкен бұрыштық келіспеушіліктермен сипатталған.

Төменгі триас шөгінділері көп ұңғымамен толық қалыңдықта алынбаған. Шөгін жастары оленектік деп алынған. Төменгі, триас тілігінің анағұрлым құмды бөлігі, шартты түрде инд ярусына жатқызылды. Кен орынның күмбезді бөлігінде триас шөгінділері тікелей төменгі мел шөгінділері астында орналасқан.

Орта юралық шөгінділер бұрғылау кезінде тек переклинальдарда және 390 м-ден 500 м-ге дейінгі тереңдіктегі структура қанаттарының терең учаскілерінде кездескен, ал күмбез көтерілуінің көп бөлігінде олар дұрыс көрінбеген. Ашылған шөгінділер байос және бат ярустарына жатады. Олардың максималды қалыңдығы 125 м-ге дейін (105 ұңғыма).

Төменгі мел шөгінділері стратиграфиялық және бұрыш келісімсіздіктерімен жергілікті таралады. Олар томенгі триас және юра әр түрлі горизонттарының бұзылған бттерінді жатыр. Жату тереңдігі 20 м-ден 480м-ге дейін орналасқан. Ұңғылар көмегімен алынған тілім құрамында 170-190 м қалыңдықтағы неоком жасының(берриас-валанжин, готерив, баррем) шөгінділері, сонымен қатар апта(қалыңдығы 75-90) және альба(қалыңдығы 140) шөгінділері кездеседі.

Алынған нәтижелердің нақты зерттелуі бойынша 1992-93 ж және кейін алынған тереңдіктегі сынақ мұнайлары барлау және сынақ игеру мерзімі кезінде алынған мұнайға қарағанда газ құрамының азаюы және қанығу қысымының төмендеуі байқалды. Игеру процессіндегі қабаттағы мұнайдың газ құрамының азаю себебі, я қысымның қанығу қысымынан төмен түскендегі қабат мұнайының газсыздануы, я ұңғы өнімдерінің жаппай сулану процессі.(бұл кезде мұнай газының бір бөлігі жолаушы алынып жатқан суда ериді) Бұл екі процесс те Қаражанбас кен орнының учаскілерінде қолданған оның бәрі қарқынды игеріліп жатқан аймақтарда қабат мұнайы күрт өзгерген, және бастапқы мұнай қалпымен мүлдем сәйкес келмейді.

Қазіргі кездегі, әсіресе кен орынның шығыс учаскілеріндегі, жаңа учаскілердегі қарқынды бұрғылаулармен және газсызданумен кен орынның аз бөлігі аумақталғандықтан, I және II объектілеріндегі қабат мұнайының қасиеттері бастапқы жағдайларға да, пайдалану кезіндегі жағдайларға да орнықты.

Қаражанбас кен орнының мұнай қоры бір рет қана бағаланбаған еді. 1977 ж қорды есептеу жүргізілген іздеу-барлау жұмыстарының материалдары бойынша жүргізілген. 1993 және 1997 жылдары қор 1500 ұңғыманы эксплуатациялық бұрғылау нәтижелерінен алынған.

Шығыс бөлігі үшін 1997 ж-мен салыстырғанда 25 жаңа ұңғыма бұрғылау материалдары бойынша геологиялық құрылымын нақтылау нәтижесінде өзгерістер пайда болды. Мұнай қоры қайта есептеліп 01.01.2001 ж жағдайы бойынша жалпы кен орынның қоры өзгерген.

Кен орынның игеріліп жатқан бөлігі бойынша мұнай қоры В категориясы бойынша бағаланады, ал барлау ұңғыларының алып жатқан аймағында С1 және С2 категориялары бойынша бағаланады. Сонымен қатар, Б және В қабаттарында бұрғыланбаған бөлігі үшін структураның переклиналінда, қабаттардың өндірістік өнімділігі бекітілмеген жерде, ГКЗ СССР есептеулерінің варианты сақталған, мұнайдың өндірістік ағындары алынатын аймақтарда С1 категориясы бойынша бағаланады, басқа аудандарда - С2 категориясы бойынша.

Әртүрлі қанығу аймақтары мен жалпы кен орынның бастапқы және қалдық балансты мұнай қоры 1.1 кестеде келтірілген.