Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
путев.ВШЭБиСН-2014.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
19.63 Mб
Скачать

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі - қазақ гуманитарлық заң университетінің беделді мектептерінің бірі

ЭБжӘҒЖМ директоры

Диедерик Кром

Мектептiң тарихы өз бiтiрушiлерiмен қызықты. ЖОО бітірген студенттер Президенттiк «Болашақ» бағдарламасы бойынша алыс шетел университеттерiнде - Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия және бүгінгі таңда бастаушы ұлттық және шетелдiк компанияларда, банктер, қаржылық құрылымдарда жұмыс істейді. ҚазГЗУ 2009 – 2010 оқу жылының экс-Фемидасы Байсеитова Ж., 2010 – 2011 оқу жылының экс – Фемидасы Құрманғалиева Айжан ФССП – 302 тобының студенті, «Астана-Моторс» коммерциялық директоры Баталов А., «Астана Финанс» АҚ эксперті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тұрсынбеков А., «Лагуна» компаниясының қаржы директоры Альбеков Ч., Қазақстандық психологтар ассоциациясының психологы Дубовова Е., Сарыарқа аудандық РОВД психолог-инспекторы Иманбаев Р., ЦЕССИ – Казахстан қызметкері Еркебаева Г. және басқалары. ЭБжӘҒЖМ-нің түлектері:

ЭБжӘҒЖМ мамандарын дайындау алты мамандық бойынша жүргізіледі. Олар: 5В050900 - Қаржы, 5В050600 - Экономика, 5В050700 - Менеджмент, 5В050800 - Есеп және аудит, 5В090200 - Туризм, 5В050300 - Психология.

Оқу-әдiстемелiк, ғылыми және тәрбиелiк жұмыс бiлiм беретiн барлық процесстiң бағытында орындалады және кафедралардың кадрлық потенциалына тәуелдi болады.

ЭБжӘҒЖМ университеттiң бастаушы кафедралары жұмыс iстейдi: Гуманитарлық және жаратылыстану пәндердiң кафедрасы, Қаржы және есеп кафедрасы, Әлеуметтiк-психологиялық пәндердiң кафедрасы, Экономика және бизнес кафедрасы.

Профессорлық - оқытушылық құрамы республика мен университеттегі таңдаулы ғылыми - педагогикалық кадрлардан тұрады. Олардың қатарында ф.ғ.д., профессор Иманқұл Н.Н., п.ғ.д, профессор Бәкір Ә.Қ., п.ғ.д., профессор Тесленко А.Н., э.ғ.д., профессор Турекулова Д.М., «2009 жылғы ЖОО-ң үздік оқытушысы» конкурсының жүлдегері, э.ғ.д., профессор Аленова К.Т., э.ғ.д., профессор Тулемисова О.Т., э.ғ.к., доцент Ахмедина Р.З., РhD докторы, доцент Тоқтабаева А.М., э.ғ.к., доцент Жаныбаева З.К., э.ғ.к., доцент Аяпова Ж.М., «2008 жылғы ЖОО-ң үздік оқытушысы» конкурсының жүлдегері, т.ғ.к, доцент Кусаинова Ж.Д., т.ғ.к. профессор Мукатаева Л.К., э.ғ.к., доцент Джангельдина М.Н., т.ғ.к., доцент Тажбенова Г.Д., т.ғ.к, доцент Акылбаева И.М., ф.ғ.к. доцент Малгараева З.Б., т.ғ.к., доцент Султангазы Г.Ж., э.ғ.к., доцент Омашева А.Б., б.ғ.к., доцент Кобланова С.А., п.ғ.к., доцент Айдарханова Б.К., аға оқытушы Дауменова О.А., аға оқытушы Рейдолда С.Р.

ЭБжӘҒЖМ ұжымы халықаралық, ғылыми - практикалық конференция-ларға белсене қатысады, кафедра оқытушылары ғылыми мақалаларды республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды үнемi жариялайды.

«Есеп және қаржы» кафедрасы оқу-әдістемелік секциясының мәжілісі

ЭБжӘҒЖМ студенттері республикалық, студенттiк жарыстар мен жобаларға белсендi қатысады. Студенттерге мұндай жарыстарға қатысу экономика салаларындағы өз бiлiмдерiн тексерiп, толықтыруға, менеджменттiң қосымша дағдыл

арына ие болып, ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталы болуға көмектеседi.

«Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика», «Менеджмент» мамандықтар бойынша бiтiрушiлер департаменттер, әр түрлi министрлiктер, ҚР Ұлттық Банкiнде және екiншi деңгейлi банк үшiн дайындалған. «Психология» мамандығының түлектері әлеуметтік саламен тығыз байланыста болады. Олар әлеуметтiк қамсыздандыруды мәселелерін шешумен айналысады. «Туризм» мамандығын бiтiрушiлер бiздiң республикадағы туристтiк индустрияны жетiлдiруге байланысты туризм және спорт Министрлiгінде, туристік агенттіктерде жұмыс iстейді.

ЭБжӘҒЖМ халықаралық өкiлдiктер, ұйымдар, қоғамдар мен шетел университеттерiмен белсене ынтымақтасады:

  • АҚШ, Миннесота Университеті;

  • Ресей, Институт МИРБИС;

  • Япония, «Fujitsu» Компаниясы;

  • АҚШ, Salera Capital Management Компаниясы;

  • Ресей, Федерация Кеңесі.

  1. «Студенттерге қабылдау» дәстүрлі іс – шарасы

Жыл сайын бiздiң мектеп студенттері «студенттерге қабылдау» атты дәстүрлі іс – шараға қатысады. Бұл таңқаларлық және өмірде бір рет болатын оқиға. Осындай маңызды шараға әзiрлену студенттердiң бос уақытының едәуiр бөлiгiн алады. Кейін жағымды еске түсiрулер болып қалады.