Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тураров Бактияр юк -201.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
334.34 Кб
Скачать

1.2 Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты жəне тасымалдау шартының басқа да түрлерi

Жолаушы тасымалдау шарты бойыншатасымалдаушы жолаушыны баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi жəне оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде – теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi. Жолаушы тасымалдау шарты – екi жақты, ақылы жəне жүктердi тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.

Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол тиiсiнше жол жүру билетiмен жəне теңдеме жүк түбiртегiмен рəсiмделедi. Аталған құжаттарда шарттың негiзiнен бiржолғы болып табылады, яғни белгiлi бiр көлiкпен бiр рет жол жүру мақсатында бекiтiледi. Жолаушыларды қалалық жəне қала маңы көлiгiмен тасымалдау туралы сөз болғанда белгiлi бiр (əдетте бiр айлық) мерзiмге бекiтiлетiн тасымалдау шарттары да қолданылады, бұл мерзiм iшiнде тасымалдаушы ұйым жолаушыны тасымалдауға мiндеттенедi. Мұндай шарттар жеке сипатқа ие болуы мүмкiн, мысалы, тасымалдаушы жеңiлдiк жағдайларымен тұлғалардың белгiлi бiр категориясын тасымалдауды жүзеге асырғанда. Бiр жолғы жолаушылар билетi жеке адамға да, сондайақ адамдар тобын тасымалдауға берiлуi мүмкiн, осындай жолмен бекiтiлген тасымалдау шарты жеке сипатқа ие емес, бiрақ тасымалдау басталғаннан кейiн ол тек билет бойынша жол жүрудi бастаған тұлғаға, тұлғалар тобына қатысты ғана жарамды болады. Жол жүру барысында жол жүру билеттерiн басқаға беруге, қайта сатуға тыйым салынады. Ал, əуе тасымалдауы кезiнде шарт жеке сипатқа ие, билеттi басқа тұлғаға қайта сату мен беруге тыйым салынады. Қайта сату немесе беру фактiсi анықталған жағдайда билеттiң күшi жойылады жəне оның бағасы қайтарылмайды. Шарт бекiту (билет беру) жолаушының жеке басын куəландыратын құжат негiзiнде жүзеге асады. Əрбiр жолаушы жол жүру билетiн именуге мiндеттi, тасымалдаушы оның сатылуын жолаушы көрсеткен мекенге жеткенге дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi (егер сол немесе басқа мекенмен байланыс болған кезде ғана). Егер жолаушы жол жүру құжаттарын жоғалтса немесе бүлдiрсе, онда олар қайта қалпына келтiрiлмейдi, оларға төленген ақша да қайтарылуға жатпайды. Жолаушыларды темiр жолмен тасымалдау үшiн пайдаланылатын поезд түрi маңызы болып табылады. Мəселен, жылдамдығына қарай шапшаң жедел жəне жолаушы поездары (тиiсiнше тасымалдаулар) ажыратылады. Поездар жол жүру қашықтығына қарай алысқа қатынайтын, жергiлiктi жəне қала маңына қатынайтын болып бөлiнедi. Жоғары сапалы қызмет көрсетулер көзделетiн поездар фирмалық болып бөлiнедi. Сондайақ жолаушы орналасатын вагонның, орынның түрi де маңызға ие. Су көлiгiмен тасымалдау кезiнде берiлетiн каютаның классы (не палуба орындарында тасымалдау көзделуi мүмкiн) маңыздылыққа ие. Жолаушыларды əуемен тасымалдау кезiнде жолаушы орналасатын салонның классына (қызмет көрсету деңгейiне) қарай градация көзделуi мүмкiн.

Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi жалпы түрде Азаматтық кодексте анықталады, ал толығырақ олар ҚРң “Көлiк туралы” заңында көрсетiлген, көлiктiң жекелеген түрлерiмен жолаушыларды тасымалдау бойынша олар жолаушыларды тасымалдаудың сол немесе өзге бiр түрiн реттейтiн нормативтiк актiлерде нақтыланады, бiрақ негiзгi тұстары бойынша олардың нормалары аталған заңның нормаларымен сəйкес келедi.

Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшiн айрықша нақтыланады. Оған кез келген көлiк түрiне жəне жолаушылар тасымалы үшiн ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы берiледi. Бекiтiлген шарт бойынша жолаушы көлiк құралында билiкке сəйкес орынды иеленуге құқылы. Бұл көлiк құралындағы орын категориясына да, нақты орынға да қатысты. Жолаушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн тасымалдаудың тiкелей жағдайларының өзi ғана емес, сонымен қатар қажеттi инфрақұрылымның, тиiстi қосымша сервистiк болуы маңызды болып табылады. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдаумен байланысты операцияларды орындау үшiн ашық болатын станциялар осы операциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн талаптарға сай болуға тиiс. Тасымалдаудың мөлшерiне қарай вокзалдарда теңдеме жүктi қабылдау мен

беру бөлмелерi, қол жүгiн сақтау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттiк жолаушылардың, ана мен баланың демалу бөлмелерi; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мəденитұрмыстық жəне санитарлыгигиеналық қызмет көрсететiн үйжайлар (почта, телеграф, радиожелiлер, шаштараздар, дəрiгерлiк көмек пунктерi жəне т.б.) жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшiн жəне олардың жол жүру, түсу жəне өту қауiпсiздiгiн арттыру үшiн станцияларда төбесi жабылған, павильондары бар платформалар, өту тоннельдерi немесе көпiрлер салынады. Вокзал маңындағы алаңдар жақсы жабдықталуға жəне жаяу жүретiндер мен қала көлiгiнiң ыңғайлы жəне қауiпсiз қозғалысының талаптарына сай болуға тиiс. Билеттi өзiнiң жол жүруi үшiн, сондайақ өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымал кезiнде 5 жасқа дейiнгi, бiр баланы (жеке орын берiлмейтiн) тегiн алып жүруге пайдалана алады. Яғни, мұндай жағдайларда тасымалдаудың жеке шартын бекiту талап етiлмейдi. Мұндай мүмкiндiк жолаушыға көлiктiң таксимен жүзеге асырылатын тасымалдан басқа барлық түрiмен тасымалдау кезiнде берiлдi. Жолаушыға iшкi тасымалдар кезiнде 7ден 15 жасқа дейiнгi жəне халықаралық тасымалдар кезiнде 5тен 12 жасқа дейiнгi балаларға қатысты шартты билет құнын 50% мөлшерiнде төлеумен жеңiлдiк жағдайларында бекiтуге құқық берiледi. Бұл жағдайда кəмелетке толмаған бала ересек адаммен бiрге немесе бөлек жол жүретiндiгi маңызды болып табылмайды. Тасымалдау əртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушыларымен жүзеге асырылатын жəне оған солармен бiрг Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы қатысатын кезде бұл жеңiлдiк (құқық) тек Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымал жолының бөлiгiнде ғана берiлетiн болады. Жолаушы көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдау кезiнде жүрiс барысындағы аялдамада билет күшiн 10 тəулiктен аспайтын мерзiмге, қалалық жəне қала маңына қатынайтыннан басқа, көлiктiң барлық түрлерiнде ұзартуға құқылы. Жүрiс барысындағы аялдама кезiнде билеттiң əрекет ету күшi тасымалдаушымен ұзартылуы мүмкiн. Мəселен, темiр жолмен тасымалдау шарты бойынша жолаушы ауруына байланысты жол жүру барысында аялдаған кезде емдеу мекесiнiң анықтама қағазын көрсеткенде билет күшiн ауыру уақытына ұзартуға құқылы. Жолаушыға поезда орын берiлмеген жағдайда билет күшi жолаушыға орын берiлетiн келесi поезд жөнелтiлгенге дейiн ұзартылады.

Тасымалдаудың барлық түрлерi бойынша жолаушы көлiк қызметтерiн көрсететiн тасымалдаушының кез келген мекемесiне тасымал басталғанға дейiн билеттi тапсыруға жəне тасымал үшiн төленген соманы қайта алуға құқылы. Тасымалдаушымен қайтарылмайтын соманың мөлшерлерi жəне оларды қайтару тəртiбi көлiк жарғыларымен (тасымалдау ережелерiмен) анықталатын болады. Темiр жол тасымалдары бойынша қайтарылатын сомалардың мөлшерi ТЖУЖдiң 105бабының “и” тармағында көрсетiлген. Егер пайдаланылмаған темiр жол билеттерi темiр жол станциясының кассасына поезд жөнелтiлгенге дейiн 24 сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкiн, ал поездың жөнелтiлуiне 24 сағаттан кем, бiрақ 6 сағатқа дейiнгi уақытта қайтарылса билет құнын жəне плацкарт құнының 50%ын алуға болады. Егер билет поездың жөнелуiне 6 сағаттан кем уақыт iшiнде қайтарылса тек билет құны қайтарылады, бұл кезде плацкарт құны қайтарылуға жатпайды.

Егер кəсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың тапсырыстары бойынша алынған жол жүру құжаттары поезд жөнелтiлгенге дейiнгi 7 тəулiктен кем, бiрақ 3 тəулiктен кешiктiрiлмей қайтарылса плацкарт құнының 50%ы ұсталады, егер олар поезд жөнелтiлгенге дейiнгi үш тəулiктен кешiктiрiлiп қайтарылса плацкарт құны толығымен ұсталып қалады. [48-52]

Ұжымдық жол жүру билеттерiн қайтару кезiнде өзгеше мерзiмдер мен ұстап қалуды белгiлеу, ең алдымен, тасымалдаушының бұл жағдайларда ұжымдық тапсырыстан бас тарту салдарынан анағұрлым көп шығынға ұшырауымен байланысты, өйткенi дəл сол орындарға билеттердi қайта өткiзуге мүмкiндiк болмай қалуы мүмкiн. Дегенмен, жол жүруден бас тарту барлық жағдайларда билет алған тұлғаның құқығы ретiнде қарастырылады, жəне қандай да бiр жауапкершiлiк санкциясын қолдану туралы сөз болмауға тиiс. Жол жүру билетi алынған поездға (қала маңына қатынайтыннан басқа) үш сағатқа, ал ауруына немесе оқыс жағдай салдарынан – поезд жөнелтiлген сəттен бастап үш тəулiкке кешiккен кезде жолаушы сол жол жүру құжатының күшiн плацкарт құнын қайта төлеу арқылы басқа поездға қайта жаңартуға құқылы. Сонымен қатар жолаушы плацкарт құнын шегерiп тастап, жол жүру құнын қайта алуға құқылы. Жол жүру бойында (темiр жол тасымалы кезiнде) жүрiсiн тоқтатқан кезде жолаушы жүрмеген қашықтығының жол құнын плацкарт құнын шегерiп тастап қайта алуға құқылы. Жол жүру барысындағы уақытта жолаушыға бос орындар болған кезде жоғары категориялы вагоннан орын алуға құқық берiледi. Жолаушы өзiмен бiрге қол жүгiн (теңдеме жүктi) алып жүруге құқылы. Əуе көлiгiнде, қалалық жəне қала маңына қатынайтын автобустармен тасымалдағанда салмағы 20 кг аспайтын қол жүгiн жəне теңдеме жүктi тегiн алып жүру белгiленедi. Темiр жол, теңiз, iшкi су көлiгiнде, сондайақ халықаралық автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгiн жəне теңдеме жүктi тегiн алып жүру белгiленедi. Тасымалдаушылар өз шешiмi бойынша көлiктiң барлық түрлерiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын ұлғайтуға құқылы. Темiр жол тасымалы кезiнде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттарды есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүктi тегiн алып жүру үшiн тапсыруға құқылы, белгiленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей отырып ол салмағы 100 кгнан аспайтын теңдеме жүктi алып жүре алады.

Тасымалдауды жалғастырудан тасымалдаушы бас тартқанда ол жолаушыны баратын жерiне өз есебiнен жеткiзуге немесе шартты бұзу салдарынан жолаушыға келтiрген барлық шығындарды өтеуге мiндеттi.

Егер темiр жол тасымалы кезiнде жолаушыға сатып алынған билетке сəйкес орын берiлмесе, онда темiр жол жолаушыға оның келiсiмiмен басқа вагоннан орын тауып беруге мiндеттi, ал вагонның категориясы жоғарырақ болса да ол үшiн қосымша ақы алынбайды. Жолаушыға өзi сатып алған жол жүру құжатының құнынан төмен тұратын орын берiлгенде, оған жол жүру құнының айырмашылығы да қайтарылуға тиiс.

Теңдеме жүктi тасымалдау жөнiндегi мiндеттеме – тасымалдаушының жолаушы көрсеткен бағытта теңдеме жүктi алып жүру мен оны тасымалдауға қабылдаған сəттен бастап сатып алушыға бергенге дейiн оның сақталуын қамтамасыз ету мiндеттемесi болып табылады. Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль көлiгiмен тасымалдаған кезде теңдеме жүк əдетте оны автобустың теңдеме жүк бөлiмшесiнде орналастыру үшiн қабылданады. Дəл

осылай теңдеме жүк су, əуе көлiгiмен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүктi əртүрлi көлiкпен тасымалдауда жоққа шығарылмайды. Темiр жол тасымалдауы кезiнде теңдеме жүктi тасымалдауға қабылдауға жəне оны сол немесе теңдеме жүк вагоны бар тиiстi бағыттағы келесi поезбен жiберуге мiндеттi. Егер жолаушының мəлiмдеуi болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында көрсетiлмеген басқа бағыт бойынша жөнелтiлуi мүмкiн. Көлiктiң барлық түрлерiнде теңдеме жүктi тасымалдауға алуды куəландыратын теңдеме жүк түбiртегi берiлетiн болады. Жолаушы теңдеме жүктi тапсыру кезiнде тарифке сəйкес алымды төлей отырып оның құндылығын жария ете алады. Жолаушыдан теңдеме жүк ретiнде тасымалдауға өзiнiң көлемi, буып түйiлуi мен қасиеттерi бойынша еш қиындықсыз теңдеме жүк вагонына тиелiп орналастырыла алатын жəне басқа жолаушылардың теңдеме жүктерiне зиян келтiрмейтiн заттар мен нəрселер қабылданады. Теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi баратын жерiне дейiн теңдеме жүк бiрге жөнелтiлген көлiк құралының жүру уақытымен анықталады. Егер теңдеме жүк жол бойында қайта тиеу маршруты бойынша жөнелтiлсе, онда оны жеткiзу мерзiмi қайта тиеуге кеткен уақыт шығынын ескере отырып жол жүру уақытымен анықталады. Темiр жол тасымалы бойынша əрбiр қайта тиеуге бiр тəулiктен қосылады. Егер теңдеме жүк оны жеткiзу мерзiмi аяқталғаннан кейiн 7 тəулiк iшiнде баратын жерiне келмесе, онда жолаушы теңдеме жүктi жоғалтылды деп есептеуге жəне оның құнын талап етуге құқылы ТЖУЖға сəйкес темiр жол тасымалдауы кезiнде 60 күн iшiнде талап етiлмеген теңдеме жүк iске асырылу үшiн жергiлiктi сауда ұйымдарына берiлуге жатады. Жолаушылардың ұмытып кеткен жəне тауып алынған заттары да iске асырылуға жатады.

Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүктi жəне жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше көлiк құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп беруге мiндеттенедi. Чартер шартының жүктердi жолаушыларды немесе теңдеме жүктi тасымалдау шартынан жалпы ерекшелiгi оның сөзсiз консенсуалды екендiгiнде. Өз кезегiнде бұл тасымалдау көлемiнiң айырмашылығымен байланысты, өйткенi чартер шарты, əдетте, клиенттiң көлiк құралы сыйымдылығының барлық немесе көп бөлiгiн алуын көздейдi, соған байланысты тасымалдаушы көлiк құралының сыйымдылығы толтырылмаған кезде елеулi шығындар қаупiнсiз тасымалдауды жоспарлай алады.

Бұрын əуе кемелерiн жалдау шарттары басымды маңызға ие болатын. Оларды тiкелей бекiту мен орындау азаматтық кодекс пен өзге де заңнама нормаларынан басқа, жоғарыда аталған, халықаралық жəне Қазақстан Республикасының iшкi əуе жолдарында тұрақты емес авиа тасымалдауларды жүзеге асырудың Ережелерiмен реттеледi. Республиканың батыс аймақтарында экономикалық қызметтiң жандаоуына байланысты теңiз тасымалдары аясында да чартер қатынастары зор маңызға ие бола бастады. Қазақстан Республикасының “Теңiз саудасы туралы” заңы кеменi экипажымен жалдау шарттарын (таймчартер), кеменi субжалдау (субтаймчартер) шарттарын, кеменi экипажы, жалдау шарттарын (бербоутчартер) көздейдi. Олардың мазмұны чартер шарттарында жалға алу

элементтерi басым екенiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ, тасымалдау тiкелей жүзеге асырылатын тасымалдау шарттары бойынша субъектiлердiң құқықтары (мiндеттерi) да аса зор маңызға ие екенiн ескеру қажет.

Халықаралық жеке құқықтың коллизиялық нормаларын қолдануға байланысты бiзде шетелдiк заңнама актiлерi жəне сонымен қатар халықаралық көлiк келiсiмдерi де қолданылады. Чартер халықаралық тасымалдар кезiнде жиi қолданылады жəне ол аталған актiлермен реттеле алады. Чартерлiк тасымалдаулардың тағы бiр ерекшелiк белгiсi – олардың тұрақты емес (кестеден тыс) сипатында. Осының салдарынан чартерлiк тасымалдаулар жоспарлы тасымалдар үшiн арналған көлiк құралдарын пайдаланумен, сондайақ тұрақты тасымалдар үшiн арналған жолдарды, əуе трассаларын пайдаланумен олар орындалуға тиiс болса да жүзеге аспайтындығы алдын ала белгiлi болып табылады. Халықаралық жəне iшкi чартерлiк тасымалдауларды жүзеге асыру су жолдары мен əуе кеңiстiгiн пайдалану талаптарын сақтауды талап етедi. Чартерлiк авиатасымалдаулар шет мемлекеттердiң құзiреттi органдарының, ал iшкi чартерлiк тасымалдаулар кезiнде Қазақстан Республикасының əуе кеңiстiгiн пайдалануға бақылауды жүзеге асыратын органдардың рұқсатын алуды талап етедi. Чартерлiк тасымалдаулар тасымалдау шарттарының айқын көрсетiлген жеке мазмұнымен ерекшеленетiн болады. Дегенмен де оларды бекiту кезiнде көлiк аясындағы қатынастарды реттейтiн заңнаманың мiндеттi талаптарын сақтау да қажеттi болып табылады.

ҚР Азаматтық кодексiнде (695 бап) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау жеке қарастырылған. Бұл шарт тұтыну шарттарына жатады, онда тасымалдау қатынастарына бiр жағынан өз теңдеме жүгiн бiр уақытта өзiмен бiрге алып жүре алатын жолаушылар түседi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты жүктердiң де тасымалын қамти алады.

Бұл қатынастарға тасымалдаушы жағынан шарттық қатынастарға заңнама жəне тиiстi тасымалдауларға берiлген лицензия (патент) негiзiнде түсетiн коммерциялық ұйымдар (кəсiпкерлер) түседi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау негiзiнен коммуналды шаруашылық аясына жататын болғандықтан, ол, соның iшiнде, жолаушыларды қала көлiгiмен тасымалдау, көбiнесе жергiлiктi өкiлдi органдардың актiлерiмен реттеледi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау оларды жолаушылармен аумақтық монополияға қарсы органдар бекiткен тарифтер бойынша төлеу арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық кодекстiң аталған бабында жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты жария болып табылатындығы нақты көрсетiлген. Жоғарыда бiз қазақстан Республикасының “көлiк туралы” заңына сəйкес жариялылық жалпы ереже бойынша тасымалдаудың басқа да

шарттарына тəн екенiн айтқанбыз, онда тасымалдаушының тасымалдауға жүгiнгеннiң кез келгенiмен шарт бекiту мiндетiнен ерекшелiктер көлiк заңнамасымен көзделуi мүмкiн екенi көрсетiлген. Өз кезегiнде бiз арнайы көлiк заңнамасын қарастыра отырып онда тасымалдаушының сол немесе өзге бiр тасымалдау шартын бекiтудiң мiндеттi немесе мiндеттi емес екендiгiн нақтылайтынын байқаймыз. Бiз сол немесе өзге бiр жағдайда анықтаушы факторлар ретiнде тасымалдау мiндеттемесiнiң мəнiсi, сондайақ тасымалдау жүзеге асырылатын iс жүзiндегi жағдайлар бола алатындығы туралы қорытынды жасай аламыз. Бiрақ, тасымалдаудың тұтыну сипаты оны сөзсiз жариялылыққа мəжбүр етедi жəне жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты туралы нормаларды қолдануға себепшi болады. [120-124]

Көлiк шарттарының тағы бiр түрi болып көлiк ұйымдары арасындағы шарттар табылады. Олар əртүрлi көлiк ұйымдарының əрекеттерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге есептелген, сондайақ олар аралас тасымалдаулар кезiнде жүк жөнелтушiлердiң құқықтарының сақталуына мүмкiндiк бередi. Бұндай шарттарға торапты келiсiмдер, жүктердi орталықтандыра кiргiзу (шығару) шарттары жəне т.б. жатады. Оларды бекiту тəртiбi көлiк туралы заңды актiлермен анықталады. Тасымалдауды теңiз көлiгiмен жүзеге асырған кезде көлiк шартының тағы бiр түрi – тiркеуге алу шарты бөлiнiп шығады.

2 ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК, КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ

2.1 Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк

Жүктердi тасымалдау бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң жалпы негiздерiтасымалдаудың басқа да шарттары сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтықкодексiнiң 701бабының əрекетiне негiзделедi. Тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған кезде басқа да шарттық мiндеттемелердi бұзғаны үшiн сияқты тараптар азаматтық кодекспен, көлiк туралы заңды актiлермен, өзге де заңды актiлермен, сондайақ тiкелей жүктердi тасымалдау шартымен тiкелей көзделетiн жауапкершiлiкке тартылады.

Тасымалдау шарттары жөнiндегi жалпы ереже бойынша заңды актiлермен белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жоюға бағытталған келiсiмдер де жарамсыз деп танылады. Тасымалдау шартын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының “темiр жол көлiгi туралы” заңын да қалыптастырылған. Аталған заңның 73бабының 1тармағында көрсетiлгендей, мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту тек қана құқық бұзылған тараптың талабы бойынша жүзеге асырылады. Осы норманы енгiзу арнайы көлiк заңнамасы мен азаматтық кодекстiң тағы да бiр тығыз нығая түскендiгiн куəландырады. Тасымалдау шарты бойынша тараптар өзара келiсiм бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта алады, сондайақ қосымша жауапкершiлiк көздеуi мүмкiн (яғни сол немесе өзге бiр

жағдайларда тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiктiң жекелеген негiздерiн жəне жауапкершiлiк мөлшерiн анықтау).

Тасымалдауды бiрнеше тасымалдаушылар жүзеге асырған жағдайда олар жүктi, теңдеме жүктi жоғалтқаны, олардың жеткiлiксiздiгi, бүлiнуi (зақымдануы), сондайақ жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн жөнелтушi (жүк жөнелтушi), алушы (жүк алушы) алдында ортақ жауапкершiлiкте болады. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң,

жүк алушының, тармақ иесiнiң, экспедитордың кiнəсi бойынша туындаған жауапкершiлiкке тартылса, онда ол кiнəлiлерге регресстiк (керi) талап қоюға құқылы. 74бапта жауапкершiлiк шарасы ретiнде айып төлеу қолданудың белгiлерi анықталған. Темiр жол көлiгiмен тасымалдау шартымен айып төлеу жиiжиi айыппұл сипатына ие екенiн атап өткен жөн (ертеректе тек ерекше алынатын айып төлеу ғана басым болатын). Айып төлеу мөлшерi азаматтық кодекспен, арнайы заңнамамен немесе тiкелей тасымалдау шарттарымен

анықталады. Тасымалдаушы тиесiлi төлемдердi төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексiмен белгiленгендей, бөтеннiң ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде айып төленедi. Егер тасымалдау шартының тараптарында өзге келiсiм болмаса жалпы азаматтық құқықтағыдай, жүзеге асырылған төлем сомасынан ең алдымен айып төленедi, ал қалған бөлiгiмен қарыздың негiзгi сомасы өтеледi.

Тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн де жауапкершiлiк туындауы мүмкiн (мұнда, тасымалды ұйымдастыру туралы шартқа негiзделген жоспар ойға алынып отыр). Мұндай жауапкершiлiк тек темiр жол тасымалдары үшiн ғана көзделедi. Тасымалдауды реттейтiн басқа нормативтiк актiлер бойынша жауапкершiлiк тасымалдау шарттарының немесе тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттардың өзiнде көзделуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” заңының 77бабында шарттың екi тарабымен тасымалдау жоспарын орындамаған үшiн айыппұл түрiндегi мүлiктiк жауапкершiлiк көзделген. Тасымалдаушы тарабынан тасымалдау жоспарын бұзу көлiк құралдарын бермеу немесе уақытысында бермеуден көрiнiс табады. [90-95]

Жүк жөнелтушi төмендегi жағдайларда тасымалдау жоспарын орындамаған үшiн жауапкершiлiкке тартылады: тиеу үшiн берiлген вагондар мен контейнерлердi пайдаланбау; жоспар бойынша көзделген вагондар мен контейнерлерден бас тарту; жүк жөнелтушiнiң кiнəсi бойынша станцияда тиеу мен түсiруге берiлу үшiн күтуде бос тұрған вагондар мен контейнерлердi пайдаланбау. Бұл жағдайларда жүк жөнелтушiнiң жауапкершiлiгi жалпы түрде тасымалдау жоспары орындалмағанына қарамастан туындайды. Жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы жоспардан артық жəне жоспардан тыс мiндеттемелердi орындамаған үшiн де, егер оларға қатысты жүк жөнелтушiнiң мəлiмдемелерi темiр жолмен қабылданған болса, жауапкершiлiкке тартылады.

Егер мiндеттемелердi орындауға стихиялы сипаттағы құбылыстар (су тасқыны, жер сiлкiнiсi, көшкiндер, құйындар жəне т.с.с.) кедергi келтiрсе онда тараптар темiр жол тасымалының жоспарын орындамаған үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындауға тыйым салу да оларды жауапкершiлiктен босату негiзi болып табылады.

Жүк жөнелтушi өзiнiң алдын ала келiсiмiнсiз тиеудi арттыру тəртiбiмен жоспардағы нормадан

артық берiлген вагондарды (контейнерлердi) пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылмайды. Сондайақ егер жүк жөнелтушi күнтiзбелiк он күндiктiң жекелеген күндерi жол берiлген жүк толмаушылықтың орнын сол күнтiзбелiк он күндiк iшiнде толтырса жауапкершiлiкке тартылмайды. Мұнай немесе мұнай өнiмдерiн тасымалдау туралы сөз болатын сондай ұқсас жағдайларда жүк жөнелтушiнiң жауапкершiлiгi туындамайды егер ол жүк толмаушылықтың орнын сол жүк толмаушылық орын алған айдың жартысында толтырса. Бiрақ бұл жағдайда олардың түсiрiлуi мұнай өнiмдерiнiң құю станцияларынан немесе қайта құю пунктерiнiң жүзеге асырылуға тиiс.

Темiр жол тасымалдау жоспарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жоғарыда аталған негiздерден басқа мына жағдайларда босатылады. Түсiру мен тазалауда жүк жөнелтушi вагондарды, контейнерлердi кешiктiрген кезде. Бiрақ бұл кезде темiр жол осы жүк жөнелтушiге аталған себептер бойынша ұстап қалынған жəне iс жүзiнде тиеуге берiле алмайтын вагондар контейнерлер санын бермегенi үшiн ғана жауапкершiлiктен босатылады; егер темiр жол күнтiзбелiк он күндiктiң жекелеген күндерi жол берiлген вагондардың, контейнерлердiң берiлмеуiнiң орнын сол он күндiк iшiнде толтырса. Мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдау бойынша қозғалмалы составты берудiң орнын толтыру мерзiмi тиiсiнше жарты айды құрайды (жүк жөнелтушiнiң жауапкершiлiгiн болдырмайтын дəл сол жағдайларда).

Тасымалдаушы жүктiң мүлтiксiз сақталуын оны тасымалдауға алған сəттен бастап, жүктi жүк алушыға, оның уəкiлдi тұлғасына берген сəтке дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушының кiнəлi жауапкершiлiгi көзделген. Бiрақ, азаматтық құқықтағы басқа да шарттар (мiндеттемелер) бойынша сияқты мiндеттеменi орындамаған тиiстi түрде орындамаған борышқор ретiнде оның кiнəсiнiң презумпциясы болады. Осының салдарынан ол жүктiң жоғалтылуы үшiн, егер жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалтылуы, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы (бүлiнуi) өз кiнəсiнен болмағанын дəлелдемесе, жауап бередi.

Тасымалдаушының жауапкершiлiгi туындамауы керек, егер тасымалдауға қабылданған жүктiң жоғалтылуы, бүлiнуi, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы төменде аталған жағдайларда орын алса:

а) жүк жөнелтушi немесе жүк алушының кiнəсiнен;

ə) жүктiң ерекше табиғи қасиеттерiнiң салдарынан, сондайақ тасымалдау немесе сақтау кезiнде жүктiң сақталуы үшiн ерекше жағдайларды немесе сақтық шараларын талап ететiн оның ерекше қасиеттерiн накладнойда көрсетпей жүктi тасымалдауға беру салдарынан;

б) егер тиеу немесе түсiру жөнелтушiнiң немесе алушының құралдарымен жүзеге асырылса, жүктердi төбесi жабық вагондарға, контейнерлерге тиеу немесе түсiруменбайланысты себептер бойынша;

в) жүктердi ашық жылжымалы составта тасымалдаумен байланысты кəдiмгi себептер салдарынан;

г) жүктi жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жол серiгiмен бiрге тасымалдау кезiнде;

ғ) жүктердi тасымалдауға қабылдау кезiнде сырттай қарау бойынша да анықталуы мүмкiн болмаған ыдысы немесе буыптүйiлуiнiң кемшiлiктерi салдарынан немесе ыдыста зақымдау iздерiнiң жол бойында байқалмаған кезiнде жүктiң қасиеттерiне немесе белгiленген стандарттарға сай келмейтiн ыдысты қолданудан;

д) жүк жөнелтушi накладнойда көрсеткен мəлiметтердiң қателiгi, нақты болмауы немесе толық болмауы салдарынан;

е) белгiленген норма шектерiнде жүк салмағының орынды түрде азаюы салдарынан;

ж) тасымалдау кезiнде тасымалдану мерзiмдерi мен температуралық режим сақталғанда тез бүлiнетiн жүктердiң бүлiнуi салдарынан. Тасымалдаушы аталған негiздердiң сырттай белгiлерi болған кезде жалпы ереже бойынша жауапкершiлiктен босатылатын болады. Оны жауапкершiлiкке тартуға мүдделi жүк жөнелтушi темiр жолдың сақталмаусыз тасымалдағандығының кiнəсiн дəлелдеуге тиiс. Тасымалдау шарттары бойынша мүлiктiк жауапкершiлiктiң ерекшелiгi – оның мөлшерi келтiрiлетiн нақты шығынмен шектелетiндiгiнде. Жүктiң жоғалтылуы немесе жетiспеушiлiгi орын алғанда оны өтеу мөлшерi жоғалтылған немесе зақымданған жүк құнының мөлшерiне тең болуға тиiс. Егер жүктiң зақымдануы (бүлiнуi) орын алса зиян мөлшерi жүктiң құны төмендетiлген сомадан есептеледi, ал бүлiнген жүктi қайта қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оның толық құны мөлшерiнде өтеледi. Құндылығы жариялана отырып тасымалдауға берiлген жүктi жоғалту кезiнде зиян жүктiң жарияланған құны мөлшерiнде өтеледi. Жүктiң құны сатушының немесе шартта көзделген есепте көрсетiлген баға негiзiнде

анықталады. Егер есеп немесе бағаны шартта көрсету болмаса, онда ол салыстырмалы жағдайларда, əдетте, соған ұқсас тауарлар үшiн алынатын бағаға сүйене отырып анықталады. Жүктiң жоғалтылуы, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы (бүлiнуi) салдарынан пайда болған анықталған шығынды өтеумен қатар тасымалдаушы осы жүктi тасымалдау үшiн алынған жол жүру ақысын жүк жөнелтушiге немесе жүк алушыға, егер тасымалдау ақысы жүктiң құнына енгiзiлмеген болса, қайтаруға тиiс.

Қазақстан Республикасының “Теңiзде жүзу саудасы туралы” заңының 105бабына сəйкес теңiз тасымалдаушысының жауапкершiлiктi шектеу құқығынан айырылу мүмкiндiгi көзделген. Тасымалдауға қабылданған жүктiң жоғалтылуы, оның жетiспеуi немесе зақымдануы (бүлiнуi) не оны жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алу оның қасақана немесе өрескел абайсыздығымен жасалған əрекетiнiң (əрекетсiздiгiнiң) нəтижесi екенi дəлелденген жағдайда теңiз тасымалдаушысы жауапқа тартылады. Темiр жол тасымалы үшiн теңдеме жүктi, қол жүгiн жеткiзу мерзiмiнен кейiн жетi күн өткен соң жоғалтылды деп есептеу көзделген. Яғни жоғарыда көзделген жауапкершiлiк үшiн сияқты негiз пайда болады. Теңдеме жүк, жүк қол жүгi аталған мерзiм өткеннен кейiн келген жағдайда қабылдаушы өз бiлгенiнше жүктi (теңдеме жүктi) қабылдауды жəне тасымалдаушы төлеген соманы қайтаруды жүзеге асыруы мүмкiн. Жүктi тасымалдаушы тиегенде темiр жол накладнойында көрсетiлген мəлiметтерге сəйкес келмейтiн жүктi берген жағдайда тасымалдаушы жүк алушы алдында жүктiң темiр жол көлiк накладнойында көрсетiлген құны мөлшерiнде оны жоғалтқаны үшiн сияқты жауапты болады. Аталған жағдайларда сол немесе басқа тараптың кiнəлiлiк немесе кiнəсiздiк презумпциясын iс жүзiнде қолдану мүмкiндiгi үшiн жəне соның салдарынан тиiсiнше жауапкершiлiк туралы мəселенi шешу үшiн азаматтық кодекске өз мəнiсi жағынан өте маңызды норма (705б. 3 т.) енгiзiлген. Ол жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қатысты бұрын болған кемсiтушiлiктi жояды, оларға тасымалдаушы өз кiнəсiн жоққа шығарғанда оны керi дəлелдеу өте қиынға соғатын. Өз кезегiнде оның себебi жалпы алғанда борышқордың мiндеттеменi бұзғандығының азаматтық құқықта жарияланған кiнəлiлiк презумпциясы тасымалдау қатынастарына қатысты iс жүзiнде жоққа шығарылатындығында. Əрекет етушi жаңа заңнамаға сəйкес жүктiң сақталмауының себептерi туралы (коммерциялық акт, жалпы нысан актiсi тасымалдаушысымен бiржақты тəртiпте құрастырылған құжаттар дау туған жағдайда тасымалдаушының не шарт бойынша қарамақарсы тараптың жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын жағдайлардың орын алғандығы немесе орын алмағандығы туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк беретiн басқа да құжаттармен қатар сотпен бағалануға жатады. Темiр жол тасымалдары бойынша жауапкершiлiктiң жекелеген санкциялары, тiкелей аралас байланыстар тасымалдауларын қоса (темiр жол тасымалы жүзеге асырылған бөлiгiнде) жүктердi жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алу үшiн көзделген. Темiр жол, егер мерзiмдi өткiзiп алу үшiн көзделген. Темiр жол, егер мерзiмдi өткiзiп алу өз кiнəсiнен болмағандығын дəлелдемесе, жүк алушыға мерзiмдi өткiзiп алудың əрбiр тəулiгi үшiн тасымалдау төлемiнiң 5%, бiрақ тасымалдау төлемiнiң 50% пен артық емес мөлшерде айыппұл төлеуге тиiс. Темiржолдан осындай мөлшерде жүк жөнелтушiге, жүк алушыға тиесiлi немесе олар жалға алған бос вагондарды жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн айыппұл өндiрiлiп алынуы мүмкiн. Əуе тасымалдаушысы жүктi тасымалдауды кешiктiруге байланысты жүк жөнелтушiде немесе алушыда туындаған шығындар үшiн жауапкершiлiкке тартылатын болады. Тасымалдауға тыйым салынған жүктi немесе тасымалдау кезiнде ерекше сақтық шараларын талап ететiн жүктiң отауын немесе қасиетiн темiр жол накладнойында дұрыс көрсетпей тасымалдауға бергенi үшiн жүк жөнелтушiден, темiр жолға келтiрiлген шығындарды өндiруден басқа тасымалдаудың барлық қашықтығы үшiн ең жоғарғы тариф бойынша тасымалдау ақысының бес еселенген мөлшерiнде айыппұл өндiрiледi. Бұдан басқа жоғарыда аталған жағдайлармен келтiрiлген шығындар да өндiрiлiп алынуы мүмкiн. [204-209]

Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” заңының 78бабы бойынша вагондарды немесе контейнерлердi өз бетiнше иеленiп алу, зақымдау немесе жоғалту үшiн жауапкершiлiк көзделген. Егер бұл тиiстi шарттармен көзделмесе, тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондайақ басқа да тұлғалар өздерiне тиесiлi емес вагондарды, контейнерлердi жеке өздерiнiң тасымалдаулары үшiн, жүктердi сақтану үшiн, сондайақ оларды иелерiнiң рұқсатынсыз тиеу үшiн пайдалануға құқылы емес. Осы талаптарды сақталмағаны үшiн кiнəлi тарап, вагондарды контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төлемнен басқа, олардың иелерiнiң алдында вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы мөлшерiндегi айыппұл түрiнде мүлiктiк жауапкершiлiкке тартылады. Айыппұлды төлеу бұзушыны жəбiрленген вагон (контейнер) иесiне келтiрiлген шығынды өтеуден босатпайды. Заңнамамен басқа да бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiк анықталады. Мəселен, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi вагондарды контейнерлердi түсiргеннен кейiн тазаламағаны үшiн жауапқа мүмкiн (ҚР “Темiр жол көлiгi туралы” заңының 83бабы). Аталған заңның 84 жəне 85 баптарымен жылжымалы составты, контейнерлердi, қозғалмалы тасымалдау құрылғыларын зақымдағаны немесе жоғалтқаны үшiн жүктердi тасымалдау шартының тараптарының жауапкершiлiгi жəне кiру жолдарынан вагондарды беру, алып кетудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi көзделген.

Жүк жөнелтушi вагонды, контейнердi жоя берiлетiн нормалардан артық тиеудiң кесiрiнен авариялық жағдай туындағанда да темiр жол алдында жауапкершiлiкке тартылады (шығынды өтемейдi). Артық тиегенi үшiн шығындарды өтеумен қатар тасымалдаушы пайдасына тасымалдау ақысының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл өндiрiледi. Жүк жөнелтушiнiң келiсiмi болған кезде тазартылмаған жылжымалы составты жəне контейнердi тиеуге беруге жол берiлдi. Бiрақ бұл кезде темiр жол заңнамамен қарастырылған мөлшерде жүк жөнелтушi пайдасына айыппұл төлейтiн болады.

Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiк. Жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындамаған кезде тасымалдаушы заңнамамен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады. Заңнама мен белгiленген жауапкершiлiктiң ерекшелiгi болып көлiктiң барлық түрлерiме тасымалдауға қатысты қолданылатын жауапкершiлiк туралы нормалардың унификациялануы табылады. Жолаушыны тасымалдайтын көлiк құралын жөнелтудi кiдiрткенi немесе мұндай көлiк құралының баратын жерiне кешiгiп барғаны үшiн (қалалық жəне қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кiдiрту немесе кешiгу дүлей күштiң салдарынан орын алғанын дəлелдемесе, жолаушыға көлiк туралы тиiстi заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi. Аталған жағдайларда жолаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы, онда тасымалдаушы жолаушыға кiре ақысын толық көлемiнде қайтаруға, сондайақ жолаушыға осындай кiдiртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

Қазақстан Республикасының “көлiк туралы” заңының 18бабының 2 тармағына сəйкес тасымалдаушының кiнəсi бойынша (жолаушы тасымалдаушының қызметтерiн пайдаланған жағдай да) жолаушыны тасымалдау кiдiртiлген кезде, егер олар орын алса жолаушыға залалды өтеумен қатар,тасымалдаушы жолаушыға кiдiртiлген əрбiр сағат үшiн билет құнынан 3% мөлшерiнде айыппұл төлеуге тиiс. Жолаушыға төлеуге тиiс айыппұлдың сомасы алынған билет құнынан аса алмайды. Жолаушының сұрауы бойынша оған тасымалдаудың кiдiрту себебi туралы ресми құжат берiлетiн болады немесе оның билетiнде белгi қойылуы тиiс. [29-38]

Тасымалдауға қабылданған теңдеме жүктiң жоғалғаны кем шыққаны жəне зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершiлiктiң мөлшерi тасымалдауға қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны, зақымданғаны үшiн сияқты болып табылады. Тасымалдаушы теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн теңдеме жүктi алушыға өткiзiп алынған əрбiр тəулiк үшiн тасымалдау ақысының 10% мөлшерiнде айыппұл төлеуге тиiс. Бұл жағдайда да жауапкершiлiктiң шектi мөлшерi тасымалдау ақысының 50%нан аспауға тиiс. Тараптардың келiсiмi бойынша, егер тасымалдаушы жауапкершiлiктiң жоғарырақ мөлшерiне келiссе, жолаушының не теңдеме жүктi алушының шығындарын өтеуге заңнамамен көзделген, аталған жауапкершiлiк мөлшерi ұлғайтылу жағына қарай өзгертiлуi мүмкiн. Бiрақ жауапкершiлiктiң келтiрiлген санкцияларын жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарттарын тасымалдаушымен бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң төменгi мөлшерi ретiнде қарастырған жөн.

Егер тасымалдау кезiнде жолаушының денсаулығына немесе өмiрiне зиян келтiрiлсе тасымалдаушы мүлiктiк жауапкершiлiкке тартылады. Барлық көлiк құралдарын жоғары қауiп көздерiне жатқызуға болады. Сонымен қатар, тасымалдаушы əдеттегiдей, кəсiпкерлiк қызмет субъектiсi. Осыған байланысты тасымалдаушының кiнəсiз жауапкершiлiгi көзделедi жəне ол жолаушының денсаулығы мен өмiрiне келтiрiлген зиянды өтеуден, егер ол зиян жəбiрленушiнiң терiс пиғылынан немесе бой алдырмайтын күштiң əрекет етуiмен келтiрiлгенiн дəлелдесе босатылуы мүмкiн. [33-39]

Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” заңының 75бабының 2тармағына сəйкес жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушы поезда жəне поезға кiру (шығу) кезiнде вокзал аумағында болған кезеңде туындайды.