Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

Міндеттемелік құқық. Міндеттемелер туралы жалпы ілімдер.

Міндеттеменің түсінігі және туындау негіздері.

Ежелгі Рим құқығының қайнар көздерінің бірінде міндеттеме «құқықтық кісен» деп аталыпты. Мұндай сипаттамаға бірталай себептер негіз болған. Мүліктік қатынастардың субъектілері міндеттеменің тараптары болып келеді, олардың біреуі белгілі әрекет жасауға міндетті болса, екіншісі одан сол міндетті орындауға талап етуге құқылы болады. Сондықтан екі тарап бірімен бірі тығыз құқықтық байланыста болып табылады. 12 тақтайша заңы бойынша алғашқы кезде Рим мемлекетінде бұл байланыс нақты түрде байлаудан туындапты. Мәселен, міндетін орындамайтын борышқорды оның кредиторы нақты түрде шынжырмен, арқанмен байлап ұстайды екен. Әуелі сол шынжырдың ауырлығы да белгіленген болыпты: 15 фунт. Және де сондай борышқорларды құлға айналдыру, құлдыққа сату, тіпті өлтіру де болады екен. Жаңа дәүірге дейін төртінші ғасырда Петелий заңы бойынша борышқорды сату немесе өлтіруге тыйым салынған. Императорлық кезеңнен бастап борышқордың жеке басының жауапкершілігі орнына оның мүліктік жауапкершілігі қалыптаса келді. Бұрынғы темір кісен құқықтық кісенге айналды. Міндеттеме туындау кезінде ол әлі орындалмаған болып келеді, тараптар біріне бірі сенім білдіріп, келешекте біріне бірі белгілі әрекеттер жасауға міндеттенеді. Сондықтан сенімділік қатынас пайда болады. Латынша сенім – сredo. Осы түсініктен екі тараптың талап қоюға құқылы жағы кредитор деп аталып кетті, ал оны орындауға міндетті жағы - борышқор.

Міндеттемелік құқық мерзімсіз болуы мүмкін емес, ол негізінде орындалумен тоқтатылуға бағытталған. Борышқор ерікті түрде міндетін орындамаған жағдайда оны сотқа талап арыз беру арқылы мәжбүрлеп орындатуға болады. Бірақ кейбір міндеттемелер талап арыз беру арқылы қорғалуға жатпайтын. Мысалы, отағасының келісімінсіз оның тәүелді ұлы біреуден қарызға ақша алып, оны қайтара алмаған жағдайда.

Алғашқыда тараптар біріне бірі нақты байланыста болғандықтан тараптардың ауысуы мүмкін болмаған және өкіл арқылы орындауға жол берілмеген. Шаруашылық және сауда-саттық дамыған сайын бұл қатаң ережелер өзгертіліп, міндеттемелерге өкіл арқылы қатысу рұқсат етілді және тараптардың біреуіне – кредиторға - өзінің талап қою құқығын өзге тұлғаға беру рұқсат етілді. Ол екі жолмен жүзеге асырылатын. Мысалы, кредитордың құқықтары мұрагерлеріне ауысатын. Одан кейін новация деген әрекет енгізілді. Новация бойынша кредитор борышқордың келісімімен өзінің оған талап қою құқығын басқа адамға беретін. Жаңа кредитор бұрынғы борышқорға өз атынан бірінші кредитордың талабын қоятын.

Бірақта новация да тікелей тараптардың ауысуына жол бермейтін. Оның орнына цессия қолданатын болды. Цессия – ол міндеттемедегі кредитордың ауысуы, талап қою құқығын өзге тұлғаға ауыстыру. Бірінші кредитор – цедент, оның орнына келген кредитор – цессионарий. Кредитордың ауысуы тұралы борышқорға хабарландыру қажет болды. Сонда да, тұлғаның айырылмас құқықтары ауысуға жатпаған, мысалы, алиментті талап ету, ар-ожданын қорғау.

Борышқордың ауысуы қарызды ауыстыру деп аталады. Міндеттемеде борышқордың ауысуы тек қана кредитордың келісімімен рұқсат етілген. Себебі, борышқордың тұлғасы кредитор үшін өте маңызды болып келетін, кредитор оған сенім білдіретін болу керек, сондықтан танымайтын бөтен біреу оның талабын қанағаттандыра ала ма, жоқ па, кредитордың сенімі толық болмайды.

Міндеттемеде жақтардың көпшілігі – ол кредитордың немесе борышқордың жақтарында екі немесе одан көп тұлғалар болуы. Ол көпшілік белсенді, бәсең және аралас деп айырылады. Белсенді көпшілікте бір борышқорға екі және одан көп кредитор қарсы тұрады. Ал бәсең көпшілікте бір кредиторда екі және одан көп борышқорлар болады. Аралас көпшілік деп кредитордың да, борышқордың да жақтарында екі немесе одан көп тұлғалар қалыптасқанды атайды.

2-ші сұрақ. Міндеттемелерді жіктеу.

Міндеттемелердің бастапқы бір жіктелу негізі – ол міндеттеменің туындау негіздері бойынша жіктеу. Бұ негіздер бойынша міндеттемелер ex contractu - келісім шарттан туындаған, және ex delicto – құқық бұзушылықтан туындайтын екі топқа бөлінеді. Ежелгі Римде құқық бұзушылықтың екі түрі ажыратылатын: delicta privata – жеке құқықтарды бұзу (зиян келтіру), және crimina – қылмыстық әрекет (қылмыс). Деликттердің нақты түрлері сипатталып, жіктеуге салынған. Сондықтан бұл жіктеуге сәйкес келмейтін зиян келтірушілік - квазиделикт деп аталатын, ал одан туындайтын міндеттемелер – квазиделикттік міндеттемелер.

Келісім шарттардан (контрактылардан) туындайтын міндеттемелер ең көп санды міндеттемелер болып келеді. Келісім шарт – ол мәмілелердің екіден бір түрі. Мәмілелер бір және екі тарапты бола алады, ал келісім шарттар – тек қана екі және көп тарапты мәмілелер. Ежелгі Рим мемлекетінде келісім шарттар тұралы ілім өте терең деңгейде зерттелген. Бірақ келісім шарттардың қалыптасуы тез арада болған жоқ. Жалпы рим құқығында келісім шарттың тарихи үш түрі болыпты. Олардың біріншісі, ең көнесі – nexum – манципация әдісімен, мыс пен таразы қолданып, бес куәнің қатысуымен жасалатын. Бұл шарттар көбінде қарыз беру тұралы мәмілелерін бекіту үшін қолданыпты деген мәліметтер бар. Екіншісі – стипуляция – ол бір тарап қойған сұраққа екінші тарап тұра сол сөздермен жауап беру арқылы жасалатын мәміле, яғни ауызша нысанда жасалатын. Үшінші болып қалыптасқан келісім шарттар – литералдық (жазбаша) контракттар.

Келісім шартарды бекіту әдістерінің қатаң формальдылығын зерттеушілер ежелгі Рим қоғамындағы шаруашылықтың оқшауланғандығымен байланыстырады. Әрбір отбасы тамақтарын да, өзге керек-жарақтарын да өздері өндіріп шығаратын. Сондықтан алғашқыда сату, сатып алу, жалдау, қарызға алу, қызмет көрсету және т.б. мәмілелер кең тарамаған. Кең тараған алғашқы мәмілелердеің бірі – айырбас (permutatio) мәмілесі болыпты. Республикалық дәүірдің аяқты шенінде нексум әдісімен берілетін қарыз шарты мутуум деген шартқа орын беріпті.

Рим мемлекеті империя кезеңіне жеткен кезде тауарлар алмастыру кең тарай бастаған. Сол кезде шарттардың жаңа түрлері қалыптасып, келісім шарттар тұралы ілім жоғары деңгейге көтерілген.

Кредиторлардың әрқайсысы міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға міндетті болуына сәйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме (in solidum) деп танылады. Ортақтасқан міндеттемелердің кейбіреулері корреалды міндеттемелер деп аталатын.

Міндеттемелер тағы өзге де түрлерге бөлінетін. Бұлар бөлінетін, бөлінбейтін, цивильдік, табиғи, альтернативтік және факультативтік. Жауапкершілік сипатына қарай міндеттеме үлестік және ортақтасқан болуы мүмкін.

Міндеттеме бөлінетін деп танылады, егерде оның пәні оның құндылығын жоғалтпай бөлуге мүмкіндік берсе. Бөлінбейтін дегеніміз міндеттеме пәні бөлінбейтін міндеттеме. Міндеттемені еріксіз орындау мүмкіндігін қарастыратын міндеттеме цивильдік болып табылады. Табиғи міндеттеме талаппен қорғалмайтын мүліктік сипаттағы қатынас. Альтернативтік міндеттеме (obligatio alternativa) дегеніміз борышқордың екі әрекеттің біреуін орындауға тиісті болатын міндеттеме. Егерде шартта өзгеше көзделмесе қай әрекетті орындауды таңдау құқығы міндетті тұлғаға беріледі.

Факультативтік (obligatio facultativa) – бұл тиісті міндеттеменің орнына басқа міндеттемені орындау мүмкіндігі. Факультативтік міндеттемеде міндеттеме пәні біреу, бірақ борышқорға жеңілдік беріледі, яғни борышқор міндеттеме пәнінің орнына басқаны ұсына алады.

Міндеттеменің орындалу орны мен уақыты. Міндеттеменің орындалу орны дау болған затты бағалауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің орындалу орны шартпен анықталады. Егерде міндеттеменің орындалу орны альтернативті түрде көрсетілсе, міндеттемені орындау орны борышқордың қалауы бойынша анықталады. Ал, егер орындалмаса, орындау орнын таңдау несие берушіге тиесілі. Егер шартта міндеттеменің орындалу орны көрсетілмесе, онда орындалу орны болып берілген міндеттеме бойынша талап қоюға мүмкін болатын орын саналды.

Міндеттеме бас кезден-ақ тоқтатылуға бағытталған. Міндеттеменің мазмұны және одан тарайтын борышқор мен несие берушінің талаптары уақытша мерзімге негізделген. Міндеттеменің негізгі және қалыпты тоқтатылу тәсілі оның тиісінше орындалуы. Тиісінше орындалу дегеніміз – міндеттемені тиісті борышқордың, міндеттеме мазмұны бойынша, орындалу орнында және мерзімінде орындалуы. Орындау - борышқордың несие берушінің пайдасына одан күтілген әрекеттерді орындауы. Орындау (solutio) түсінігі борыш пен жауапкершіліктің бір тұлғада сәйкес келуімен бекітіледі. Новация - бір міндеттемені екінші міндеттемемен ауыстыру. Зачет (есепке жатқызу) - бұл бір сипаттағы қарама-қарсы талаптардың өтелуі. Есепке жатқызуды қолдану үшін мына талаптар орындалу керек:

- талаптар қарама-қарсы болуы керек, яғни несие берушіге борышқор қарама-қарсы талап беруі тиіс;

-талаптар бір топтағы талап болуы;

-екі талап та орындалу мерзімі жеткен немесе талап ету мерзімі жеткен талаптар болуы тиіс.

Қарызды кешіру. Бұл несие берушінің борышқорды борыштан босататындығы туралы жариялаған біржақты әрекеті болды. Римде міндеттемеден босатудың тараптардың келісіміне негізделген, міндеттемені тоқтатуды мақсат ететін формальды тәсілдері болды. Несие берушінің міндеттемені орындалғандығын қабылдағаны туралы ауызша формальды өтінімі акцептиляция деп аталды. Акцептиляция формальды сұрақ және жауап жолымен жасалды.

Стипуляция дегеніміз болашақ несие берушінің сұрағымен және оған сәйкес келетін тұлғаның жауабымен жасалатын ауызша шарт болып табылады.

Несие беруші мен борышқордың бір тұлғаға сәйкестендірілуі.

Міндеттеме тоқтатылады, егерде несие беруші мен борышқордың бір тұлғағасәйкестендірілсе. Бұл жағдай confusio- тоғысу, сәйкес келу дегенді білдіреді. Мысалы, мұрагерлік немесе бала ғып асырап алу кезінде.

Орындау мүмкін еместігі. Мұндай мүмкін еместік заңи және нақты болуы мүмкін. Нақты мүмкінсіздік-бұл, мысалы, жеке белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде болады. Заңи мүмкінсіздікбұл, мысалы, қандай да болмасын міндеттемні орындауға тиым салу туралы заңның шығуы. Мысалы, егер мен бөтен құлды сатсам, ал ол қожайынымен бостандыққа жіберілген болса, онда мен міндеттемеден босатыламын. (Д.46.3.98.8.)

Тақырып бойынша сурақтар:

Міндеттеменің пайда болу негізі болып не табылады?

Альтернативті міндеттемеден факультативті міндеттеменің айырмашылығы неде?

Егер шартта ол туралы көрсетілмесе, міндеттеме қай жерде орындалды?

Борышқорда бірнеше құл болады және оның біреуін міндеттемені орындау үшін ол несие берушіге беруге тиісті болатын. Құлды таңдау құқығы кімге беріледі, егер бұл туралы мәміледе көрсетілмесе?