- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Астана 2012 ж.
- •Мазмұны
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •(Syllabus)
- •Пән атауы «қазақстан республикасының отбасы құқығы»
- •Оқу нысаны: күндізгі
- •Астана – 2012
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж орындау және тапсыру графигі
- •Сөж-ның тапсырмасы және оны орындау кестесі
- •Бірінші аралық бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау сұрақтары
- •Глоссарий
- •Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •Осы пән бойынша ұсынылатын әдебиеттердің тізімі Нормативтік – құқықтық актілер
- •Әдебиеттер
- •«Қр отбасы құқығы» пәнінен дәрістер жинағы
- •7 Тақырып. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.
- •«Қр отбасы құқығы» пәні бойынша тарату материалдары «қр отбасы құқығы» пәні бойынша есептер
Бірінші аралық бақылау сұрақтары
1.Отбасы құқығының түсінігі, пәні.
2.Отбасы құқығның негізгі қағидалары.
3.Отбасылық құқықтық қатынастар: түсінігі,түрлері және субъектілері
4.Отбасы құқығын қорғау және іс жүзінде жүзеге асыру.
5.Некнің түсінігі.
6.Некеге тұрудың шарттары.
7.Некеге тұрудың тәртібі.Некеге тұрудың мемлекеттік тіркеу.
8.Некенің жарамсыздығы:негіздері құқықтық салдары.
9.Некені тоқтату:негіздері,тәртібі,құқықтық салдары.
10.АХАЖ органында некені бұзу.
11.Сот тәртібімен некені бұзу.
12.Қаза болған немесе хабар- ошарсыз кеткен зайыбының келуіне
байланысты некені қалпына келтіру.
13.Ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар.
14.Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі.
15.Ерлі-зайыптылардың әрқайсының меншігі.
16.Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігін бөлу:негізі,тәртібі.
17.Неке шарты:түсінігі,нысаны,тараптары.
18.Неке шартының мазмұны.
19. Неке шартын жарамсыз деп тану.
20.Неке шартын өзгерту және бұзу.
21.Ерлі-зайыптылардың жеке міндеттері бойнша
жауапкершілігі.
22.Ерлі-зайыптылардың ортақ міндеті бойынша жауапкершілігі.
23.Баланың туу тегін белгілеу.Әкенің ерікті түрде тану.
24.Әкелікті сот тәртібімен белгілеу.
25.Ата(ана) болуды даулу.
Екінші аралық бақылау сұрақтары
26.Кәмлетке толмаған балалардың құқығы.
27.Ата-ананың құқықтары мен міндеттері.
28.Ата-ана құқықтарынын айыру:негізі,тәртібі және құқықтық салдары.
29.Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру.
30.Ата-ана құқықтарын шектеу:негізі,тәртібі, және құқықтық салдары.
31.Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою.
32.Алименттік міндеттемелердің түсінігі,түрлері.
33.Ата-аналардың кәмлетке толмаған балалар жөніндегі алименттік міндеттемелер.
34.Ата-ананың еңбекке жарамсыз кәмлетке толған балалар жөніндегі алименттік міндеттемелер,мөлшері, негізі,өндіріп алу тәртібі.
35.Кәмлетке толған балалардың,ата-аналардың асырып алу жөніндегі міндеттемелері(мөлшері,негізі)
36.Ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері(бұрынғы ер-зайыбы).
37. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері.
38.Алимент төлеу туралы келісім:түсінігі,субъектісі,нысаны.
39.Алимент уақытында төленбегені үшін жауапкершілік.
40.Ата-ананың қамқорлығынсыз өалған балаларды тәрбиелеу нысаны.
41.Баланы асырып алу:түсінігі,шарттары және тәртібі.
42.Баланы асырап алудың құқықтық салдары.
43.Баланы асырап алудың күшін жою.
44.Қорғаншылық және қамқоршылық:негізі,тәртібі және құқықтық салдары.
45.Потронат:түсінігі.субъектісі,негізі.
46.Баланы тәрбиелеуге беру шарты:түсінігі,субъектісі,нысаны
47.Азаматық хал ахуал жағдайы.
48.ТМД-ға мүше мемлекеттердің азаматтар арасындағы отбасылық қатынастарды реттеу.
49.Азаматтығы жоқ және шетел азаматтарына неке-отбасы занамасының нормаларын қолдану.
50.Қ.Р.”Неке және отбасы туралы” заңына жалпы сипаттама.
Глоссарий
неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;
жалған неке - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;
отбасы- некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
неке жасы- адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;
балалық шақ- кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;
мүліктің шарттық режимі- ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;
суррогат ана шарты- балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;
патронат- уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;
алименттер- алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;
отбасылық жағдай- некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;
материалдық жағдай- жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;
азаматтық хал актілері- адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар;
жақын туыстары- ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
қорғаншы (қамқоршы)- қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
қорғаншылық (қамқоршылық)- кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
репродукциялық денсаулық- адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;
суррогат ана- суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу;
қорғаншы және қамқоршы орган- республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.