Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ.doc
Скачиваний:
977
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
913.92 Кб
Скачать

Тұрақтану жылдарындағы Батыс елдері

  1. Дауэс жоспары

  2. Құрылымдық қайта құру

  3. АҚШ 20 жж.

  4. Веймар республикасының дағдарысы

  5. Ұлыбритания 20 жж.

  6. Франция 20 жж.: «одақтасу саясаты»

  7. Италия: фашистер билік басында

  8. РСФСР: республика қорғануда

Еуропа елдерінде соғыстан кейін бейбіт өмірге оралу ұзаққа созылды. Бітім жөніндегі келісімдерге қол қою, күйреген империялар қалдығында жаңа мемлекеттердің құрылуы, әлеуметтік қозғалыстардың толастауы, кеңеске қарсы басқыншылықтың тоқтатылуы мен Батыстың Кеңстік Ресеймен қарым-қатынастарының тоқтатылуы мен қалыпқа келуі тұрақтылыққа жол ашты.

Өмірдің қалыпқа түсу процесі басқалардан гөрі жеңімпаз мемлекеттерде ертерек байқалды. АҚШ, Англия, Франция, Скандинавия елдері экономикалық бейбітшілік арнасына бұруды аяқтап, 1929-1933 жылдары экономикалық дағдарыстарға дейін созылған экономикалық өрлеу жолына түсті.

Дауэс жоспары.1924 жылы америкалық банкир Дауэс басқарған арнайы халықаралық комитет халықаралық несие-қаржы және сауда қатынастарын қалпына келтірудің стратегиялық жоспарын қабылдады. Жоспардың мазмұны несиелердің көмегімен Германия экономикасын қалпына келтіру болды. Бұл оған Англия, Франция және басқа да елдерге соғыс шығындарын өтеуге, ал олардың өздерінің АҚШ-қа қарыздарынан құтылуға мүмкіндік берді.

Құрылымдық қайта құру.20 жж. жетекші капиталистік елдердің экономикасында маңызды құрылымдық өзгерістер орын алды, соғыс кезіндегі қираушылықтар қалпына келтіріліп, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары біршама жақсарды. Автомобиль, электротехника,химия өнеркәсіптері сияқты жаппай өндіріс салалары алдыңғы қатарға шықты.

20 жж. екінші жартысында барлық капиталистік елдер өндірістің соғыстан бұрынғы деңгейін қалпына келтіріп қана қоймай, оны басып озды. Әсіресе АҚШ экономикасы аса жедел дамыды. Соғыстан бұрынғы деңгеймен салыстырғанда халықаралық сауда үштен бір есе артты. Ол жылдардағы «просперити» деген американ сөзі экономиканың дағдарыссыз даму дәстүрінің келгеніне сену мен болашаққа үмітпен қараушылықты білдірді.

Капиталистік дүниенің экономикалық дамуы біркелкі болмады. Егер АҚШ, Франция, Германия салыстырмалы тез дамыса, Англия, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Африка елдерінің көпшілігі даму қарқыны жөнінде артта қалды.

АҚШ 20 жж.:Соғысқа ең соңғы кірісіп және соғыс қимылдары театрларынан қашықта орналасқан АҚШ-тың адам шығыны ең аз болды, оның үстіне соғысқа қатысқан ел бизнесі орасан көп пайда тапты. АҚШ Еуропа қарыздардан несие берушіге айналды. АҚШ жаңа техника мен технологияның саласында таңқаларлықтай табыстарға жетті. Тұңғыш рет Генри Форд енгізген конвейер жүйесі 1913 ж. Мичигандағы автомобиль зауытында машинаны жинау уақытын 14 сағаттан 1,5 сағатқа дейін қысқартыға мүмкіндік алды. Кіржуғыш машиналарды, тоңазытқыштарды, фотоаппараттарды, радиоқабылдағыштар мен ойнатқыштарды жаппай шығару басталды. 20 жж. соңында әрбір американдықтың радиоқабылдағышы болды. Жолаушылар таситын әуе көлігінің дәуірі басталды. 1927 ж. Чарльз Линдберг монопланмен 33 сағат ішінде Атлант мұхиты арқылы ұшып өтті. Кино актерлері Мэри Пикфорд, Чарли Чаплин атағы әлемге жайылды. Журналистер 20 жж.-ды әртүрлі «актерлер ғасыры», «джаз ғасыры», гүлдену онжылдығы т.б. деп атап, мақтанып жатты.

Еңбекақыны көбейту туралы кәсіпорындардың ұсыныстарын, соғыстан кейінгі ереуілдер тасқынын бизнес большевизм мен революция қауіпі деп түсінді. Осындан келіп анархистердің үкіметті құлату туралы жоспары жайлы қауесет тарады. 1919-1920 жж. орын алған жеке террор актілері «қызыл қауіп» туралы байбалам науқанын қыздыра түсті. Екі итальяндық келімсек Николо Сакко мен Бартоломео Ванцетти зауыт күзетшілерін өлтірді деген жалған айыппен өлім жазасына кесілді. Ку-клукс-клан ұйымдары өз әрекеттерін белсендіре түсті. Оңтүстіктің бірақ штаттарында Таурат қағидаларына қарсы келетін ғылымдарды оқытуға тыйым салынды. Мектеп оқытушысы Джон Скопс Чарльз Дарвиннің эволюциялық теориясын оқытқаны үшін айыпталып, сот жазасына кесілді.

Жүгенсіз кеткен баю әрекеттері мен биржа алып-сатарлығының екінші, көлеңкелі жағы болды. Кейбір конгресс пен үкімет мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысына байланысты жанжалдар елдің саяси өмірін дүр сілкіндірді. Президент Гардингтің өзіне де осындай айыптар тағылуы мүмкін еді, бірақ ол 1923 ж. тамызда сал ауруынан қайтыс болды.

Қылмыстың көбеюі, сыбайлас жемқорлық, жасырын бизнес тез өсіп келе жатқан қалаларда, әсіресе ірі өндіріс орталықтарда адамдардың өміріне үлкен қауіп туғызды. Жасырын бизнес, оның ішінде рэкетпен, спирт ішімдіктерін, есірткілер сатумен тұтас синдикаттар айналысты. Аль Капоненің қарақшылық синдикаты бүкіл Чикагода билік жүргізді.

Американдық гүлдену мен жетекші капиталистік елдердің экономикасының бір осал жері болды: жаппай өндіріс тұтыну рыногінің тиісті сұраным мен көлеміне арқа сүйемеді. Төмен еңбек ақы ертелі-кешті өткізу дағдарысын тудыратыны белгілі. Американдықтар ойлап тапқан «Жарнама оған қоса несие - өмірлік гүлдену» формуласы артық өндірудің дағдарысының басталуын біршама уақытқа кідіртті, бірақ несие деген ол қарыз, сондықтан да оны ертелі-кеш қайтару керек. 1929 ж. 24 қазанда Нью-Йорк биржасындағы биржалық апат АҚШ-тан кейін бүкіл капиталистік дүниені қамтыған аса терең экономикалық дағдарыс кезеңінің бастамасы болды.

Веймар республикасының дағдарысы.Бітім туралы келісімге қол қою және 1919 ж. жазында Веймар қаласында Құрылтай жиналысының конституцияны қабылдауы Веймар республикасы кезеңінің басы болды. Конституция буржуазиялық-демократиялық құқықтар мен бостандықтар, жалпыға бірдей сайлау құқығын жариялады.

Республикалық демократиялық құрылысты орнату және жаңа саяси жүйені тұрақтандыру қиын және ұзақ процесс болып шықты. 1919 ж. бастап 1923 ж. соңына дейін елде жағдай шиеленісіп, қызу саяси күрес жүріп жатты.

1920 ж. наурыздың ортасында монархист В.Капп, генерал Г.Людендорф т.б. басшылығымен әскери төңкеріс жасауға әрекет орын алды.

1922 ж. үкімет басына В.Куно бастаған буржуазиялық партиялар тобы келді де, репарациялық төлемдерге қарсы саботаж ұйымдастырып, ұлтшылдық насихатты күшейтті. 1923 ж. қаңтарында бұл саботажға жауап ретінде француз-бельгиялық әскерлер Рур облысына басып кірді. 1923 ж. тамызында Германия жұмысшыларының жаппай ереуілі Куно кабинетін құлатты.

1923 ж. 8 қарашада Мюнхенде фашистердің бір тобы фашистік диктатура орнату ұрандарымен көшеге шықты. Адольф Гитлердің басшылығымен болған фашистердің бұл бүлігі «сыра бүлігі» деген атақ алды, себебі олар жиналыстарын ылғи сыраханаларда өткізетін. Полиция бүлікті тез арада басып тастады.

Тек 1924 ж. Германиядағы жағдай біршама тұрақтана бастады. Тұрақтылыққа көшудің экономикалық негізі Германияға америка несиесін берген Дауэс жоспары мен тұрақты валютаның (алтын марка) енгізілуі болды. 20 жж. екінші жартысында герман экономикасы өнеркәсіп өндірісінің соғыстан бұрынғы деңгейін басып озды. Бірақ Веймар республикасының саяси тұрақтануы аса берік болмай шықты.

Саяси алауыздық жағдайында 20 жж. соңында 1923 ж. бүліктен кейін тыйым салынған фашистік ұйымдар белсенділік көрсете бастады. Адольф Гитлер қатаудан босанып шығып, фашистік партия ашық түрде көпшілік саяси және әскериленген (СД әскери топтары) ұйымдар құру үшін күрес жүргізілді. 1925 ж. Ұлттық Социалистік Жұмысшы партиясының (ҰСЖП) кейбір басшылары 1928 ж. рейхстагқа сайланды. Бұл оларға қолсұқпаушылық құқығын пайдала отырып, әртүрлі бұзақылық және кедергілер жасау жолдарымен парламенттің беделін кетіру жөнінде агрессиялық және арсыздық науқанын жүргізуге мүмкіндік берді.

Ұлыбритания 20 жж.:Соғыста жеңіп шыққанымен, елде қияншылықтар жеткілікті болды. Соғыстан шеккен зардаптар айтарлықтай еді. Несие берушіден АҚШ пен өзінің доминиондарының борышкеріне айналды. 1920-1921 жж. экономикалық дағдарыс өндірістің, сыртқа шығару мен сырттан тасудың қарқаруына, жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соқты. Ереуілдер қозғалысы қанат жайды.

Лейбористік партия аса маңызды күшке айналды. Лейбористер 1918 ж. парламентке өздерінің 60 өкілін өткізіп, тұңғыш рет либералдарды үшінші орынға ығыстырып, екінші орынға шықты. 1923 ж. парламент сайлауында лейбористер 4,3 млн. дауыс алды. Сөйтіп, 20 жж. басында лейбористер Ұлыбританияның саяси жүйесінде екінші партия есебінде орын тепті.

1924 ж. қаңтарда премьер-министр С.Болдуин сенімсіздік білдіргеннен кейін (яғни үкімет саясатына қарсы дауыс беру) кабинеттің орнынан түсетіндігін мәлімдеді. 1924 ж. 23 қаңтарында лейбористердің басшысы Р.Макдональд Ұлыбританияның тарихында тұңғыш рет лейбористік үкімет құрды. Қауымдар палатасында көпшілікке ие бола алмағандықтан, бұл үкімет көп өмір сүре алмады, бірақ бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған бірсыпыра шараларды іске асырып үлгерді. Мезгілінен бұрын өткізілген келесі сайлауда жеңіске консерваторлар ие болды.

1926 ж. Англияның тарихындағы ең ірі жанжал орын алды, елдің жұмысшы табының жаппай ереуілі басталды. Бұл ереуіл 1929 ж. кезекті сайлаудің қорытындыларына әсер етпей қоймады. Лейбористер тұңғыш рет қауымдар палатасында консерваторлардан көп орын алып, екінші лейбористік үкімет құрды.

Франция 20 жж. «одақтасу саясаты».Франция дүниежүзілік соғыстан жеңімпаздар қатарында шықты. Германияны жеңгеннен кейін елде шовинистік рух белең алды. 1919 ж. қарашадағы сайлау кезінде ұлтшылдық пен большевизм қаупімен қорқыту басым болды. Оңшыл буржуазиялық партиялардың тобының негізінде Ұлттық одақ құрылды. Оған радикалдар мен республикашылдар партиялары, және француздың көппартиялық саяси жүйесіне тән басқа да топтар келіп қосылды. Социалистік партия жападан жалғыз қалды. Ұлттық одақ сайлауда дауыстың үштен екісін алды.

Үкіметті соғыстан бұрын социалистерден қол үзген А.Мильеран басқарды. Тәжірибелі саясаткер Мильеран елдегі өсіп жатқан революциялық және жұмысшы қозғалысын әлсіретуді көздеді, әлеуметтік реформалар жүргізуге, жұмысшыларға пайданы бөлісуге, кәсіпорындарды басқаруға қатысуға құқық беруге уәде берді, еңбек пен капиталдың ынтымақтасуын жақтады. Бұл уәделер тек іс жүзінде қалды да, Франция 30 жж. ортасына дейін әлеуметтік заңдар шығару саласында бір адым да алға жылжымады.

Франциядағы саяси күштердің арасалмағын өзгертудегі бетбұрыс Пуанкаренің Рур авантюрасы болды. 1923 ж. қаңтарында герман репарациясы есебінен көмір жөнелтудің тоқтатылуына байланысты француз-бельгия әскерлері Рурға басып кірді. Бұл оқиға Франция мен Германияда саяси дағдарыстың шығуына себеп болды. Француз буржуазиясының авантюристік бағыты, Еуропада үстемдік етуге ұмтылыс, сыртқы саясатқа әскери күш пайдалануда құмарлық, елді милитарландыруға жасалып жатқан шаралар саяси күштердің жіктерінің ашылуына алып келді. Ұлттық одақ ыдырай бастады.

Рурды басып алуға және Пуанкаренің саясатына коммунистер, социалистер және кәсіподақтар батыл түрде қарсы шықты.

Италия: фашистер билік басында.20-30 жж. тән екінші бір бағыттың мысалы ретінде Италияны келтіруге болады. Мұнда бірінші рет үкімет басына фашистік саяси ағым мен тоталитаризмнің корпоративтік нұсқасын бейнелеуші партия келді.

Италияда фашистік ұйымдар 1919 ж. көктемінен бастап құрыла бастады. Олардың жетекшісі бұрынғы социалистік партияның мүшесі Бенито Муссолини болды. Фашистік террор (жұмысшы ұйымдарының кеңселерін өрттеу, кәсіподақ пен солшыл партиялардың белсенділерін қастандықпен өлтіру, жергілікті билік орындарын тарату) жазалаусыз қалып отырды.

1922 ж. қазанында фашистердің съезі ұкіметтен өздеріне бірнеше министрлік портфельдер беруді талап етті. Үкіметке қысым көрсету мақсатымен фашистер «Римге жорыққа» аттанды. Үкімет орнынан түсу туралы өтініш берді. Король Муссолиниді шақырып алып, оған үкімет құруды тапсырда. Билік оңшыл экстремистік, фашистік партияның қолына көшті.

1924-1926 жж. конституциялық монархия террористік диктатураға айналды. 1926 ж. қарашасында барлық азаматтық және саяси бостандықтар жойылды, жеке адамның ешқандай құқығы қалмады.

Фашистік бірпартиялық диктатура 1926 ж. кейін бүкіл қоғамды корпоративтік негізде реформалауға кірісті. Оларға төменнен жоғары қарай жұмысшылар, қызметкерлер бірікті. Сатылық ұстанымдар негізінде 20 корпорация құрылып, олардың басында өз министрліктері мен дучелері тұрды.

РСФСР: республика қорғануда.Қазан революциясының жеңісінен кейін Ресейде пролетарлық мемлекеттің құрылысы басталды. 1918 ж. қаңтарында Ресей Кеңестер республикасы деп жарияланды.

1918 ж. басталған азамат соғысы шетелдік интервенциямен қосылды. Контрреволюциялық күштердің жағында басты капиталистік елдер мен олардың одақтастарының Англияның, Францияның, Италияның, Жапонияның, Польшаның және басқалардың әскерлері соғысты.

Қызыл Армия тек ішкі контрреволюцияшылдардың – Колчактың, Деникиннің, Юденичтің және Врангельдің әскерлерін талқандап қоймай, сонымен бірге шетел басқыншыларын да елден қуып шықты. 1920 ж. соңында азамат соғысы аяқталды.

1921 ж. наурызында РК(б)П-ның Х съезі соғыс коммунизмі саясатын Жаңа экономикалық саясатпен ауыстыруға шешім қабылдады.

Бұрынғы Ресей империясының орнында РСФСР-дан басқа Украина, Белоруссия және Әзірбайжан, Грузия және Арменияны біріктірген Закавказье федерациясы сияқты егемен кеңес республикалары өмір сүріп жатты.

1922 ж. 30 желтоқсанында Кеңестердің І съезі Кеңестік Советтік Республикалар Одағының құрылуы туралы Шарт пен Декларацияны бекітті. Ал 1924 ж. КСРО-ның тұңғыш конституциясы қабылданды.