- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы
- •Дәріс, семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары (тәжірбиелік жұмыстар) Модуль атауы: Қазақстан тарихы. Қазақстанның экономикалық дамуы
- •Соөж және сөж тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Глоссарий
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Студенттердің білімін тексеру өлшемдері
- •Студенттер тарапынан түскен шағымның рәсімделуі.
- •Карта учебно-методической обеспеченности дисциплины
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •№ 6 Дәріс. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (XIII ғасыр)
- •Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.
- •Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы.
- •Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстық жүйенің қалыптасуы.
- •Ұлық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы. Қазақстан территориясын монғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.
- •XVI ғасырда Қазақ хандығының нығаюы мен дамуы.
- •XVII-ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы.
- •XVIII ғасырдың аяғындағы Ресейдің қазақ жеріне жүргізген әскери-саяси жүйесі.
- •1822 Және 1824 жылдардағы Жарғылар.
- •XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың іі жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.
- •Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •1886, 1891 Жж. Реформалар. Қазақстан территориясына алғаш қоныс аударушылар
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан Экономикасы.
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Тесты к теме № 12
- •13 Дәріс. Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы.
- •1916 Жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1917 Жылғы революция қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
- •Тесты к теме № 13
- •№ 14 Дәріс. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
- •1917 Ж. Қазан төнкерісі және кеңес билігінің орнатылуы.
- •1917-1918 Жж. «Алаш» және «Үш жүз » партиялары.
- •Тесты к теме № 14
- •Жоспар:
- •1946-1964 Жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Тың игеру жылдары.
- •1946-1964 Жылдардағы саяси жағдай.
- •Семинар №1 Семинар сабағының тақырыбы Қазақстан тарихына кіріспе
- •Семинар № 2 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 3 Семинар сабағының тақырыбы
- •3.5.Түркі мәдениеті
- •Семинар № 4 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 5 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 6 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 7 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 8 Семинар сабағының тақырыбы
- •XiXғ. 22-24, 60-90 жылдардағы реформалар Отарлаудың аяқталуы.
- •Семинар № 9 Семинар сабағының тақырыбы
- •XiXғ. II жартысындағы Қазақстандағы экономикалық жағдай. Капиталистік қатынастардың дамуы.
- •Семинар № 10 Семинар сабағының тақырыбы
- •10.3. Алаш-Орда автономиясы тарихы
- •Семинар № 11 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 12 Семинар сабағының тақырыбы Қазақстандағы бұқаралық Қуғын-сүргін
- •Семинар № 13 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 14 Семинар сабағының тақырыбы
- •1965-1991 Жж. Қазақстан. Қайта құру жылдарындағы қазақстан.
- •Семинар № 15 Семинар сабағының тақырыбы
- •1991-2007Жж. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы
- •Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Назарларыңызға рақмет!
1917 Жылғы революция қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай.
Ұлт-азаттық қозғалысындағы қазақ интеллигенциясының рөлін ерекше атап өткен жөн. Олардың күресі қазақ халқының өлкедегі аграрлық мәселенің әділ шешілуі жолындағы күресімен тығыз сабақтасып жатты. Жергілікті интеллигенттердің қатарлары өздерінің көзқарастарымен және іс-әрекеттерімен айырмаланды. Олардың кейбіреулері, негізінен төменгі топтардан шыққандары социалистік идеяларды ұстанды, социал-демократтармен, әскерлермен бірлесіп жұмыс істеді.
Қазақ интеллигеғнциясының тек сан жағынан ғана емес, сонымен бірге ықпалы жағынан да неғұрлым басым екінші бір бөлігі либералды-демократиялық позицияда тұрды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев т.б. 1905ж. қазанда олар Оралда бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп қазақтардың ұлттық мүдделерің қорғауға тиісті өздерінің партиясы Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалық құрмақшы болды. 1906ж. ақпанда Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Ол съезд кадеттердікіне жақып бағдарламаны мақұлдады, әйтсе де оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аудартылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тану, мектептер ашу т.б. туралы талаптар енгізді. Олар өздерінің дін тату еркіншілігін алу, ұлттық мәдениетті дамыту, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен теңестіре тарату жөнінде мәселелер көтерді.
Қазақстан халқының саяси санасының өсуінде мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу айтарлықтай рөл атқарды. Бұл сайлау науқаны барысында саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі кеңінен өрістеді. Олар өлкенің орыс халқы саны едәуір неғұрлым ірі облыстарында социал-демократтар мен еңбек партиясының өкілдері, ал қазақ халқының арасында либералды-демократиялық ұлт интеллигенциясының өкілдері үлкен ықпалмен пайдаланатындығын көрсетті. Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан тоғыз депутат сайланды, олардың төртеуі қазақ халқынан- бес депутат байланды.
Қазақстан территориясында саяси баспалар ашылды “Қазақ” - 1913-18жж. “Айқап” (1911-1915). Халықтын саяси санасына зор ықпалын тигізді.
Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақпаев – либерал демократтар. 1905ж желтоқсанда бес облыс делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын құрмақшы болған. Қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғайтын.
1906ж ақпанда Семейде қазақтардың ІІ съезі өтті, ол кадетке жақын бағдарлама бекітті және аумаққа қоныс аударуды, Қазақстанның барлық жерін тұрғылықты халықтый меншігі деп табылу талаптарын қосты. Ұлттық мектептер ашу талабы қойылды. Бұл саяси ағымды - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, М.Дулатов бастады. Олар діни бостандық үшін, ұлттық мәдениетті, қазақ тілін дамыту үшін күресті.
Семей, Петропавл, Ақмолада діни ұйымдар пайда болды. 1905ж Нижний Новгородте бүкіл реселік мұсылмандар съезі өтті, онда Қазақстан делегациясы да қатысты. Съезд “Бүкіл ресейлік мұсылман одағын” құрды, бағдарлама қабылдады.
Қазақстан халқының саяси түйсігінің көтерілуіне мемлекеттік Думаға сайлау өткізудің де әсер етті. Ол кезде саяси партиялар сайлаушылар дауысы үшін таласқа түсті. Мемлекеттік Думаға сайлау – мүліктің ценз бен сословиелік теңсіздік жүйесінде жүргізілді. Салаушылар 4 теңемес бөлікке бөлінді: 1) егінші /помещик/, 2) қала /буржуазия/, 3) үй шаруасы, 4) шаруа және жұмысшы. Ерекше артықшылықпен помещиктер пайдаланды. Бұл жүйе жұмысшылар құқына нұсқау келтірді.
Мемлекеттік Думаға – басқа ұлт өкілі сайланбады, яғни орыс тілін білмесе, Қазақстанда мемлекеттік Думаға сайлау – социал демократтардың орыс халқы арасындағы беделін, ал қазақтар арасында – либерал-демократ, ұлт зиялыларының беделін көрсетті.
Мемлекеттік Думаға сайлауда патша үкіметті заңшығарушы билікке қазақ халқының өкілін жібермеу мақсатын ұстады. І мемлекеттік Думаға 9 депутат Қазақстаннан сайланды, оның 4 қазақ халқынан Ә.Бөкейханов, А.Беремжанов, А.Кальменов, Құлманов, орыс халқынан – 5.
І мемлекеттік Дума халық сенімін ақтай алмады.
8 шілде 1906ж екінші Дума шақырылды.
А.Бөкейханов бұрынғы дума мүшелерімен алым салыққа қарсы жиынға қатысты, сол үшін 3 айға түрмеге Семей, Самараға жер аударылды.
ІІ мемлекеттік Думаға сайлау келесі тушілік жағдайда өтті. Онда 14 депутат сайланды, 6 –уы қазақтардан, 8 орыстардан. Қазақ халқынан сайланған депутаттар қоныс аудару саясатына қарсы шықты, бірақ князь Васильчиковтан -–қоныс аудару ісінің меңгерушісі: “ХХ ғасырда қырғыздардың көшпелі өмір салтын үзілді кесілді тоқтату керек, сондықтан қоныс аударушыларды жіберу керек” деген жауап алды.
«Алаш» қозғалысы және «Алаш-Орда» үкіметінің қызметі.
Ресейдің бүкіләлемдік империалистік соғысқа кіруі, Қазақстанның еңбекшілерінің жағдайына кері әсер етті. Алым салық көбейді, егін салатын жерге шектеу салынды. Соғыс жылдары ұлттық отарлау езгісі күшейді. Орыс шаруаларынан мұсылман еңбекшілеріне қарсы қаруланған отрядтар жасақталды. Олар ауылдарға шабуыл жасап, малдарын қуып, өздерін тонап кетіп отырды.
І ші дүниежүзілік соғыс 1914ж 19 шілдеде басталды. Ресей соғысқа дайын емес еді, әскери техникалық қамтамасыз етілмеген. Соғыс басталысымен өндіріс күштері құлдырай бастады. І дүниежүзілік соғыс Қазақстандағы экономиканың құлдырауына әкелді. Егіншілік тұрақты дамымаған. Бүкіл ер адамдарды соғысқа әкету, малшаруашылығының құлдырауына әкелді.
Мал басы азайды, жайылым мен жердің алынуына байланысты. Соғысқа қолдағы аттар мен түйелері, ірі қара малды да әкетіп отырды.
Өнеркәсіп те әскери қажетке жұмыс істеді. Өспен, Сасық Қарасу рудниктерінде. Риддер, Соколов рудниктері түсті металлургияны дамытуға негіз алды.
Екібастұз қорғасын цинк зауытына Ресейде пара пар өнеркәсіп орыны болған жоқ. Мыс рудасы Спасск мыс қорыту зауытында шығарылды. Отын базасы – Қарағанды көмір бассейні. Ірі шетел магнаттары мұнай өнеркәсібіне де кірісті. Патша үкіметі оларға жол ашты, себебі шетелдің көмегіне мұқтаж болды. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде әскери өнеркәсіп комитеттері құрылды. Осындай комитеттер Қазақстанның барлық қалаларында құрылды.
Өңдеу өнеркәсібі әскерге соғыс мұқтажына ет-сүт өнімдерін, тері бұйымдарын жөнелтті.
Соғыс жылдарында да патша үкіметі қазақтардың жерін тартып алуды тоқтатқан жоқ, отарлық саясат күшейе түсті. Шаруа толқулары, ереуілдер көбейді. Солдаттар арасында бас көтерулер басталды. Соғыс жағдайында қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Дулатов “Қазақ” газеті аясында бірігіп, өз қатарларына шара – жұмысшыларды тартты. Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ” өлеңдер жинағы 1909ж басылып шықты Соғыс Ресей империясындағы кризисті күшейтіп, 1916ж ұлт азаттық қозғалыстың басталуына себеп болды. Басты себеп, әлеуметтік экономикалық және саяси сипат: отарлық саясаттың күшеюі, алым салықтың көбеюі, жерді тартып алу, орытсандыру саясаты. Сонымен бірге 1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің “Қазақстанның Орта Азия, Сібір халықтарын тыл жұмыстарына алу” туралы жарлығы. Бұл жарлық негізінде 19 дан 43ке дейінгі барлық ер адамдар майданға шақырылды. Жарлық туралы мәлімет жер-жердегі болыс басқарушыларға жеткізілді, олар халықпен түсінік жұмысын жүргізу керек еді. 1916ж қозғалыс патшаның осы Жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Әуелі стихиялық түрде нараылық көрсеткен халық, кейін ұйымдасқан қозғалысқа шықты. Олар әкімшілік шешуліктерге болыс, билерге бас салды, әскерге алынатындар тізімін өртеді.
Қозғалыстың негізгі орталығы Жетісу мен Торғайда болды. 1916ж көтерілістің мақсаты: ұлттық және саяси бостандыққа қол жеткізу. Сондықтан ол ұлт азаттық сипат алды. Ол сонымен бірге көп ұлтты, себебі қазақтармен бірге, ұйғыр, өзбек, қырғыз, дұнғандар болды.
Патша жарлығына қарсы шығып, халықты бастаған қазақ зиялылары Тоқаш Бокин, Тұрар Рысқұлов, Әубәкір Жүнісов т.б. Ал либерал-демократтар зиялысы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов “Қазақ” газеті арқылы халықты көндіргісі келді. Себебі олар патшаға қарсы шығып, қуғын сүргінге ұшырайды деп қорықты.