Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1407_OBZh_shpor.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
570.88 Кб
Скачать

68. Жыныс жолымен берілетін аурулардан қорғану жолдары.

Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай: 1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану. 2.Презервативтерді қолдану. 3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу. 4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек. 5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау. 6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.

69. ВИЧ-инфекциясын қалай жұқтыруға болады?

ВИЧ дегеніміз не?

Ал, жалпы, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (ВИЧ) жөнінде әркім біле жүргені абзал.

ВИЧ– адам үшін ең қауіпті вирустардың бірі. Вирус ағзаның әртүр­лі инфекциялардан қорғану қабілетін жойып, қорғаныс жүйесін зақымдайды. Қалыпты жағдайда білінбейтін ау­рулар ВИЧ жұққан адамда өте ауыр түрде өтеді. Қорғаныс жүйесі әбден жүдеген адам ағзасын қайталанатын немесе бір-біріне қабатталған ауыр аурулардан қорғану қасиетінен айы­ратын ВИЧ-инфекциясының ең ақыр­ғы кезеңі – жұқтырылған иммунитет тапшылығы (ВИЧ) болып табылады.

Ол қалай жұғады?

ВИЧ есірткіні, тамыр арқылы еге­тін жалпы инелерді қолданғанда, донорлық қан құйғанда, залалсыздандырылмаған медициналық, маникюр, татуаж, ұстара құрылғыларын пай­даланғанда қан арқылы жұғады. Жыныстық қатынас кезінде ауру адамнан қынаптық бөлінділер және шәуіт арқылы беріледі. Қауіптен қорғанудың жолы – бейберекет жыныстық қатынасқа бармау, мүшеқапты үнемі және дұрыс пайдалану. ВИЧ жұқтырған анадан вирус ба­лаға жүктілік кезінде, босанған неме­се емшекпен емізген кезде берілуі мүмкін. Жақындасқанда, қол алысқанда, сүйіскенде, ортақ төсек-орын және бір ас ыдысын пайдаланғанда, жө­телгенде немесе түшкіргенде, қан­сорғыш­ жәндіктер шаққанда ВИЧ инфекциясы берілмейді. Жалпы, ВИЧ және СПИД туралы әркімнің де біле жүргені абзал.

70. Вич-инфекциясының адамға жұқпайтын жолдары

ВИЧ қандай жағдайларда жұқпайды ?

ВИЧ – ауамен тыныс алғанда, тамақпен, сумен, бассейінде суда шомылғанда, қол берісіп амандасқанда, құрғақ сүйісуде, түшкіргенде және жөтелгенде, ыдыс арқылы, төсеніш, киім және аяқ киім арқылы, моншаға түсіп жуынғанда, жалпы дәретханадан, шыбын-шіркейлердің тістегенінен - жұқпайды.

ВИЧ жұққан адамдарды қауымнан аластауға ешқандай негіз жоқ. Керісінше ондай адамдар сенің көмегіңді қажет етеді, сондықтан қауым ортасында көмек көрсетіп жүру керек.

ВИЧ жұқтырудың алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады ?

ВИЧ жұқтырмау үшін қауіпсіз міне-құлықты сақтау керек:

  • Нашаны қолданба; немесе оны қантамыр ішіне салма.

  • Некеге тұрғанға дейін жыныстық қатынасқа түспе.

  • Өзіңнің жыныстық қатынастағы көңілдесіңе сенімді бол.

  • Өзіңнің сексуалдық қатынасыңды қауіпсіз жаса, ол үшін презервативті қолдан.

  • Өзіңнің шырышты қабатыңа немесе теріңе басқа адамның қаны, спермасы немесе қынап сұйықтығы тамып кетуден немесе жұғып қалудан сақтан.