Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоба жмыс (2).docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
43.77 Кб
Скачать

4. Қазақстан және Киото хаттамасы

Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикізаттық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары технология­лық өндіріс үдерістеріне өзгеретін болады. Цифр тілімен сөйлесек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміздегі жоғары булы газдың шығарындысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвестициялық жобалар бірнеше есе арзанға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар негізінде құрал-жабдықтарды жаңартып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.

Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік деңгейде климаттың өзгеруі бойынша шешім қабылданарда Қазақстанды дауыс беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық экологиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте хаттаманы ратификациялау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды.

Енді Киото хаттамасын ратификациялау Қазақстанның әлемдегі инвесторлары мен серіктестері арасында оң пікір қалыптастырып, елімізде “Киото үдерісін” дамытуға, тиімді энергия саясатын енгізуге, зиянды заттардың шығарындыларын қысқартуға, сондай-ақ барлық экономикалық саладағы ашықтыққа жетуге оң ықпал етеді. Мұның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіру кезінде сөзсіз артықшылығы болады. Әрі хаттаманың экономикалық тетіктері толыққанды жұмыс атқарғанда қазақстандық бизнес те жаңа мәртебені иеленеді. Яғни, әлемдік рынокта булы газдар шығарындыларын саудалауда өзгелермен тең құқылы қатысушы болады.

Киото хаттамасын ратификациялау, сондай-ақ Қазақстанға қазіргі заманғы тиімді технологиялар түріндегі 1 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны – дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің жыл сайынғы инвестицияларын тартуға жол ашпақ. Бұл технологиялар трансферті жабдықтардың тозуы 60 пайызға жеткен және оны жаңғырту көлемді инвестицияларды талап ететін энергетикалық секторға бағытталатын болады. Қазақстанның өндірістік күшін өсірмеу үшін міндетті түрде Кито хаттамасын ратификациялау қажет. Батыстың жырымдап беретін қаржысы уақытша және алдамшы. Экономиканың негізі өнеркәсіп,егер өнеркәсібіміз дамымаса және еліміз біржақты яғни жер қойнауындағы байлықпен ғана дамитын болса,онда экономикамыз басқа елдерге тәуелді болады. Киото хаттамасын тек экологиялық құжат деп қабылдауымыз қате. Бұл халқаралық құқыққа сай, дамушы мемлекеттердің экономикасын/дамуын заңды реттеу құралы. Қорыта айтқанда, Киото хаттамасына қосылу қоршаған ортаны қорғауды басқарудың сапасын көтеріп, индустриялық-инновациялық дамуды жеделдетуге, сондай-ақ тараптар конференцияларына қатысу құқығына ие болу арқылы бүкіл әлемнің энергетикалық саясатына тікелей әсер ететін келіссөздерде еліміздің энергетикалық саясатын қорғауға мүмкіндік береді.

5. Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды.

Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС-і салынса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардара ГЭС-і, мұнан басқа - Тоқтагүл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер көптеген суару-суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді егіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр.

Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан алып теңіз, бүгінде жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір-түкпіріне жетіп жатқаны туралы суыт хабарлар, барған сайын қатерлі де, қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондықтан.

Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғынм көріп отыр. Теңізбен қоса, Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының қасіретін бастан өткізуде. Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара - осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, "Көкарал" бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру.

Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. "Көкарал" бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер "Көкарал" бөгеті болмаса, Сырдария суы Үлкен теңіз тереңдіктеріне алып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет.

6. Арал теңізінің мәселесінің шешімі

АРАЛ ПРОБЛЕМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ – Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан басшыларының Ташкентте өткен кездесуінің шешіміне сәйкес Қызылордада шақырылған Арал проблемалары жөніндегі тұңғыш халықар. конференцияда қабылданған шешімі. Осы аймақтың республикаларымен қатар оған Ресей Федерациясы да қатысты. Конференцияда Арал теңізі айдынындағы дағдарысты жағдайға байланысты мәселелер қаралды. Арал айдыны мен Арал өңірінің проблемаларын шешу, Арал аймағын экологиялық сауықтыру, әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірлескен іс-қимылдар туралы шешім конференцияға қатысушылар қабылдаған негізгі құжат болды. Келісімде Әмудария мен Сырдария атырауы аумағында, оған шектес теңіз түбінің құрғап бара жатқан телімдерінде бұзылған экологиялық жүйенің тепе-теңдігін қалпына келтіру, суды пайдалану тәртібін күшейтетін мемлекетаралық құқықтық және нормативтік актілерді әзірлеу, келтірілген залал мен зиянның орнын толтыру, жергілікті тұрғылықты халықтың санитарлық-гигиеналық және медицина-биологиялық жағдайын жақсарту мәселелері қаралды. Келісім 10 жылға арналып жасалынды және қатысушы мемлекеттердің бірде-біреуі оның күшін жоюды тілемесе, тағы да осынша мерзімге ұзартылды деп есептелетін болды. Конференция Аралды құтқару жөніндегі халықар. қор құру туралы ереже қабылдады. Арнаулы шешіммен оның президенті болып Қазақстанның Елбасы Н.Назарбаев сайланды.