все файлы 2 / / 1v_6
.docДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ
1. Оралдағы Кап үңгіріндегі табылған суретте бейнеленген жануар. A) Түйеқұс. B) Маймыл. C) Лама. D) Мамонт. E) Кенгуру. |
2. Ежелгі Грецияда бүкіл эллиндерді (гректерді) біріктіретін мереке. A) Олимпия ойындары. B) Егін ору мерекесі. C) Шарап жасау мерекесі. D) Жүзім жинау мерекесі. E) Зевстің туған күнін тойлау. |
3. Португалдықтар жеткенге дейін Үндістанмен сауда жасау кімдердің қолында болды? A) Монғолдардың. B) Арабтардың. C) Қытайлардың. D) Парсылардың. E) Ағылшындардың. |
4. Шіркеу иелері 7-8 жыл бойы түрмеде ұстап өз көзқарасынан бас тартқыза алмаған табанды ғалым. A) Т.Мюнцер. B) Н.Коперник. C) Леонардо да Винчи. D) Г.Галилей. E) Джордано Бруно. |
5. 1979-1989 жылдары Кеңес елінің әскері соғысты: A) Ауғанстанда. B) Иракта. C) Пәкстанда. D) Моңғолияда. E) Иранда. |
6. Ніл өзені құяды: A) Жерорта теңізіне. B) Араб теңізіне. C) Қара теңізге. D) Үнді мұхитына. E) Қызыл теңізге. |
7. Рим империясының ең соңғы жаулап алу жорығын жүргізген император: A) Помпей. B) Цезарь. C) Октавиан. D) Траян. E) Антоний. |
8. 100 жылдық соғыстан кейін Франция жерінде қалған ағылшын иелігі: A) Фландрия. B) Кале порты. C) Орлеан. D) Марсель порты. E) Леон. |
9. XVI ғасырда Испан королі мен католик шіркеуіне қарсы әрекет еткен нидерланды партизандары. A) Гугеноттар. B) Кальвинистер. C) Гёздер. D) Диггерлер. E) Пуритандар. |
10. Франциядағы абсолюттік монархия құлаған жыл. A) 1791 жыл. B) 1789 жыл. C) 1784 жыл. D) 1774 жыл. E) 1793 жыл. |
11. 1860 ж. АҚШ-та республикалық партиядан сайланған президент. A) Б. Франклин. B) Дж. Вашингтон. C) Д. Браун. D) Г. Джефферсон. E) А. Линкольн. |
12. Австралия доминиондық статус алған жыл. A) 1911 жыл B) 1910 жыл C) 1900 жыл D) 1867 жыл E) 1907 жыл |
13. 40 жасқа келген, саңырау болғанымен ұлы шығармалар жазуды тоқтатпаған немістің ұлы композиторы: A) Ф. Шопен. B) А.Дворжак. C) И.С.Бах. D) Л. Бетховен. E) В.А. Моцарт. |
14. 1959 ж. Куба революциясын басқарған қайраткер: A) С. Альенде. B) Л. Корвалан. C) Э. Че Гевара. D) Ф. Кастро. E) Д. Ортега. |
15. Ежелгі Үндістан билеушісіның титулы: A) Раджа. B) “Патшалардың патшасы”. C) Номарх. D) Пандава. E) Кшатрии. |
16. ІV ғ. аяғында германдықтар жаулап алуға көшкен мемлекет: A) Русь. B) Скандинавия. C) Рим империясы. D) Византия. E) Алдыңғы Азия. |
17. 1788 жылы орыс әскерлері түрік флотын талқандаған жер: A) Керчь. B) Измаил (Дунай соғысындағы). C) Еникале. D) Кинбурн. E) Днепр-Буг қойнауы (Очаков бекінісі). |
18. Пангермандық саясатта қарастырылған мәселе: A) Мәдениеттің дамуы. B) Бүкіл әлемде немістердің билігін орнату. C) Басқа елдермен ынтымақтастық. D) Халықаралық сауданы дамыту. E) Білімді қаржыландыру. |
19. ХХ ғасырдың басында Германия өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен әлемдегі иеленген орны: A) 7. B) 5. C) 2. D) 4. E) 1. |
20. Қандай ұлы композитор 11 жасында тұңғыш опера жазды? A) И. Гайдн. B) И.С. Бах C) Ф. Шопен. D) В.Н. Моцарт. E) Л. Бетховен. |
21. 1921 – 1922 жылдардағы Вашингтонда өткен конференцияда қаралған мәселелер: A) Ұлттар Лигасын құру мәселесі. B) Германия мәселесі. C) Соғыс олжасын бөлісу мәселесі. D) КСРО мен саяси байланыс мәселесі. E) Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит мәселесі. |
22. Дүниежүзілік қауымдастық нацизм мен фашизмді қайда әшекереледі? A) Нюрнберг процесінде. B) Потсдам конференциясында. C) БҰҰ Ассамблеясында. D) Ялта конферениясында. E) Қауіпсіздік кеңесінде. |
23. Герман Федеративтік Республикасы құрылған жыл: A) 1948 ж. B) 1949 ж. C) 1945 ж. D) 1951 ж. E) 1947 ж. |
24. Төменде көрсетілген елдердің бірі, ІІ дүниежүзілік соғыста Германия мен Италияның Одағы болған мемлекет: A) Польша. B) Албания. C) Чехия. D) Югославия. E) Венгрия. |
25. Дмитрий Донскойдың Мәскеудің князьдығын өсиетпен қалдырған ұлы: A) III Иван. B) IV Иван. C) Иван Грозный. D) III Василий. E) I Василий. |
26. XX ғасырдың басындағы Үндістандағы Б. Тилак басқарған ұсақ буржуазияшыл демократтардың негізгі талабы: A) Ел шаруашылығын национализациялау. B) Социализм орнату. C) Тәуелсіз Үндістан Республикасын құру. D) Жұмысшылардың жағдайын жақсарту. E) Демократиялық үкімет құру. |
27. XIX ғасырдың соңында Иранды жартылай отарына айландырған империалистік мемлекеттерді атаңыз: A) Франция. B) АҚШ. C) Германия, Осман империясы. D) Англия, Ресей. E) Италия, Жапония |
28. 1945 жылы Жапониямен соғыста Қиыр Шығыста құрылған кеңес әскерлерінің Бас қолбасшысы: A) Н.Ф.Ватутин. B) С.К.Тимошенко. C) А.М.Василевский. D) М.А.Пуркаев. E) Р.Я.Малиновский. |
29. Мексикада ұлттық-реформистік саясат бекінген кезең: A) Л.Карденас билігі. B) Л.Корвалан билігі. C) Ф.Кастро билігі. D) С.Альенде билігі. E) Х.Перон билігі. |
30. XX ғасырдың II жартысында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, американдық жазушы: A) П.Неруда. B) У.Фолкнер. C) А.Франс. D) Т.Манн. E) В.Хора.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
1.D 2.A 3B 4E 5A 6A 7D 8B 9C 10B 11E 12C 13D 14D 15A 16C 17E 18B 19C 20D 21E 22A 23B 24E 25E 26C 27D 28C 29A 30B