Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

5.Артист. Оның ырқына төзу қиын, ол сүйемін деп айтқанда нақ солай ойлайды да. Өзгенің өзін ұнатқанын, қамқорлық жасағанын жақсы көреді. Құлаған құшағында қалып қою мүмкіндігі мол.

6.Тәуелсіз. Индивидуалист. Тұйық, сезімін онша ақтара бермейді. Әйелдерге сенімсіздікпен қарауға бейім.

7.Өз-өзіне сенімді. Әйелге қамқоршы. Әйелге қатысты ынталы және өктем. Өзін-өзі тыңдау, өзі туралы мақтау сөздерге құлақ түруге бейім. Қошаметшіл, дақпыртқа сенеді.

Әйелге қатысты кейбір әңгімелерді қысқаша түсіндіру

1.«Евгений Онегин»: Деревняға жас жігіт келеді. Оны осындағы бір қыз ұнатып қалады. Әйткенмен, жігіт қыздың нәзік жанын түсінбейді. Жігіт қалаға қашады. Кейін қызды қалада жолықтырады. Қыздың таза махаббатының қадіріне кеш жеткен жігіт енді өзі хат жазып, сөз салса, қыз тұрмысқа шыққанын, сол адамға адал күйінде өтетінін айтып, жауап береді... Жігіт дал болып тұрып қалады.

Бұл сюжеттен де ұлы шығарма жазу – шеберлік, мәселе сонда...

2.Думан Рамазанның «Күйік» атты әңгімесі бар. Әжесі туралы. Өз әжесі болса керек. Әжесі алдымен атасының Қосай атты ағасына әйел болыпты. Олар үйленгенде атасы

еңбектеп жүрген бала екен. Қосай ертерек қайтыс болып, әжесі үш қызымен жесір қалған соң, әмеңгерлік жолымен өзінен жиырма бес жас кіші мұның атасына қосыпты. Әжесі тағы да екі ұл сүйіпті. Екінші ұлы мұның әкесі екен.

Атасы алпыс жасқа келгенде тоқал алам деп, сөз қозғапты: «Мен кетемін. Бірақ келіп-кетіп тұрамын. Менің рұқсатымды беріңдер», - депті. Сонда жасы сексен беске келген әжесі қатты қызғанып, жібергісі келмей бұрқылдап ашуланыпты.

Көп сөйлей бермейтін әкесі: «Аға! Егер кетсеңіз жолыңызды бөгемеймін. Бара беріңіз, бірақ бұдан былай мені балам бар демейсіз, мен әкем бар демеймін. Бұл үйдің есігін қайыра ашпай-ақ қойыңыз!» - депті.

Осыдан қайтып бұл мәселе сөз болмапты.

3. Несіпбек Дәутайұлының «Батыр» атты әңгімесінде ауылын шауып кеткен түрікмендерден қарымта қайтару үшін араға екі ай салып, ұмыттырып барып аттанған қазақ жасағының түрікмен ауылын тұтқиылдан бас салып, аз уақытта қыран-топан еткені суреттеледі. Жасақ кездескен мен көрінгендердің бәрін жусатып болып, ежелден келе жатқан дәстүр бойынша түрікмендердің өздері жасайтын қыз-келіншектердің етегін басына түріп, білгендерін істеп, құмарларын қандыруға кірісе бергенде, шеткі үйден бес қаруы сай жас түрікмен батыры шыға келіп: «Батыр, әуелі мені өлтір!» - депті. Батыр жасағына иек қақса, түрікменді жайратып салғалы тұр, бірақ ол ердің ісін істеп оны жекпе-жекке шақырған. Ұзақ айқаста түрікменнің жас батыры бірнеше рет мұны ат бауырына түсіре жаздаған. Тәжірибесі мен иесінің ниетін тақымынан танитын әккі қара төбел қазанаты мұны аман алып қалғандай. Қайта бір бетпе-бет келгенде қыл арқан бұғалықты түрікмен батырының мойнына тастап, оны жерге жұлқып түсіріп, сүйрей жөнелген. Найзасын жас батырға бойлата сұғып жібергісі келіп тұрып, іркіледі. Мынадай боздақты көзі қимайды.

Сол мезетте киіз үйден уыздай жас әйел жүгіріп шығып, дауыс шақыра жөнелген. Оған үйден томпалаңдап жүгіріп шығып, әкесіне төне кеткен екі ұл бала қосылады. Батыр жасақтарына иек қаққанда, құлын мүше келіншекті олар іліп әкетті. «Жаныңды қидым! Бірақ қатыныңды алып кетемін», - деді батыр. «Өйткенше өлтіріп кет! Өлтір! Егер өлтірмесең, жер түбіне кірсең де, сені мен өлтіремін!» - дейді түрікмен.

Сол түрікмен келіншек батырға екі қыз туып беріп, арада жиырма жыл өткенде баяғы түрікмен батыры іздеп келіп, әйелін қайтып беруін сұрайды.

-Тірі болсам, жер түбіне кетсең де қанымды ішем деп едің. Жиырма жылдан бері қайда

жүрсің?

-Сертімнен тайдырған екі ұлым. Бірде сапардан оралып, сәскеге дейін ұйықтап қалсам, екі балам менің бар қаруымды шыңырау құдыққа тастап жіберіпті. «Әке, жаугершілікте жүріп өліп қалсаң, бізді кім қарайды? Анамыз да, ата-әжеміз де жоқ», - деді. Мен қатты ойландым. «Әйелін де

121

қуып бара алмады» деп сөз етер деп бір күнде құмның терең түкпіріне сіңіп кеттім. Көп жыл оңаша, тыныштықта ғұмыр кештік. Балалар өсті, екеуін де үйлендірдім, бірақ олар анасын іздеуді, сағынуды қоя алмады. Сосын іздеп келдім., - дейді

Батыр бұл істің шешімін тоқалының өзіне салды, ол үнсіз ұзақ жылап: «Еліме, жеріме, ауылыма қайтарыңыз», - дейді. «Екі қызыңды шынымен қиып барамысың?» дегенде: «Қыз жат жұрттық, түбі кетеді, өзіңізге табыстадым», - депті.

5. Несіпбек Дәутайұлы. Айғыркісі атты әңгімесіндегі «Айғыркісі» – жылқы аты. Бұлай аталуы – туа алмай, шыңғырып жатқан келіннің жатқан киіз үйіне екпіндеп барып, есікті басымен ұрып кіріп келіп кісінегенде, құлақ тұнып, сонымен бірге шар еткен бала даусы да шығыпты. Келіннің айтуынша: «Есік тарс еткенде тура маған қарай екі көзіне от шашып жылқының басы төніп келеді екен. Өмірімде бұлай қорыққан емеспін. Баланың даусы шар етісімен жылқы езу тартқан сықылданды». Соны естіген ауыл адамдарының бірі: «Құдай-ау, мына айғырың да кісі екен ғой», - депті. Содан арғымақ ат «Айғыркісі» аталған.

Әңгімеде «Айғыркісіге» қатысты мынадай эпизод бар. Ауланың арғы түкпірінде «Айғыркісімен» осы көршінің бірінің күйті келіп жүрген байталы оттап тұрған. Үйден екі жас әйел шығып, сол түкпірдегі әжетханаға қарай кетіп бара жатты. Дәл осы мезетте «Айғыркісінің» байталға артылып, оның аяусыз ырғауынан жас байталдың балғын бөксесі қатты шөмиіп кеткенде, құдайдың құдіреті жас әйелдің бірі: «Аһ!» деп екі алақанымен ауын басып отыра кетпесін бе?! Сонда айғырдың байталға шабысынан әлгі келіншектің оқыстан күйті құтырып, ұрпақ күйінің ағыны бойынан құйылып кеткені ғой.

* * *

Әйел мен еркекте болатын он комплекс

Әйелдер:

1. Артық салмақ.

Газет-журналдар дегеніне жетті. XXI ғасыр басында тәнді май басу әйелдер фобиясының рейтингін бастады. Ол – жақсы отбасының болмауы, карьераның тоқтап қалуы, тіптен еркектердің көзі түспеуіне уайымдаудан да басым түсті. Психологтар көп әйелдерді аз ғана артық салмақ қосып алу қорқынышы әсемдіктің белгілі бір қағидаларына саналы түрде сәйкестенуден де артып бара жатқанын айтады. Мұнда нәтиже де маңызды емес, одан гөрі соған талпыну процесі маңыздырақ секілді. Бұлай ету аноргазмияның, яғни, төсек қатынасынан рахат алмаудың орасан зор эпидемиясына алып келіп жатыр. Әйелдер бұл қауіпті де сезінер емес, әлі жіңішке бел үшін күресуде.

2. Целлюлит.

Еркектерге «ең негізгісі – қайдағы бір сантиметрлер емес, ақыл» деп сендіруге болар, бірақ әйелдерді IQ-дің осынау ең жоғарғы көрсеткішімен салыстырғанда «апельсин қабығы» эффекті жарамдырақ деп сендіре алмайсыз. Целлюлит дегеннің қайдан шыққанын ешкім дәл білмесе де, әлгі айтқан апельсин қабығы секілді көкірекке ие болу – әр әйелдің ізгі арманы. Сонымен берге ол

косметикалық салондар мен психоталдаушылардың да наны.

3.Жас ұлғаю алдындағы қорқыныш.

Кейде қыздары түгілі немерелеріне де көрікті көрінетін жетпіске келіп қалған киножұлдыздардың келбеті – сұлулық индустриясының төңкеріске парапар жетістігі. Түрі әп-әсем бола тұра, қартаю мен солу қорқынышы олардан еш арылмайды. Ол қорқыныштың негізгі құрбандары – өздерін-өздері ұдайы қадағалап отыратын 30 бен 50-дің арасындағылар. Мамандар жас шамасының диктатурасын психологиялық деңгейде жеңудің маңыздылығын баса айтады. Оның үстіне газеттер «30 жасқа дейінгі...» деген хабарландыруларды жасамайтын болса, әйелдердің сыртынан «женщина!» деп шақырмаса дұрыс болар еді, ал төлқұжатта әйелдің жасы жазылмайтын болса, тіптен-ақ қатып түсер еді деп есептейді.

4. Еркектердің қарай қоймауы.

Флирт, романдар мен секс – Жаратылыстың адамзат баласына жасаған марапатының ең көңілдісі. Бұл мерекеде қатыспай қалу жанды ауыртады, сондай жағымсыз және өкінішті. Қырындайтындардың жеткіліксіздігі шегіне жеткенде, әйел ағзасындағы «апаттық тетіктердің» бәрі іске қосылады: өзіне өте сенімсіздік, қайғы және өмірдің өзін жек көріп кету. Бұлар әйелді

122

шұғыл түрде бір нәрсені өзгертуге итермелейді. Мәселен, шаштаразға бару, базар аралап гардеробты жаңарту, я болмаса мұрынның кейпін өзгерту мен түсіңкіреп қалған қабақты көтеру секілді шараларға ұрындырады. Кейбіреулері ғана дұрыс шешім табады – психоталдаушыға барып себебін анықтап, оны барынша түзейді, сөйтіп, жетістікке жетеді.

5. Суықтық.

Феминистер әйелдердің құқығын ерлермен теңестіру керек деп шешіп, олар сайлау және сайлану құқығын пайдаланып депутат болсын, биік билікке ұмтылсын, немесе куннилингус арқылы еркексіз-ақ рахаттансын дейді. Ал сексологтар әйел тек еркекпен қатынас жасаудан ғана шын рахат алады дейді. Ол рахатты бұрынғы заман әйелдерінің ойына да кіріп шықпаған атпен «оргазм» деп айтады. Еркекпен қатынас жасаудан осындай рахат алмаған әйелді фригидті, яғни, «суық» әйел дейді. Бұл сөз көп әйелді уайымға салып қойды. Бүгінге дейін оның бар-жоғынан хабарсыз кезде алаңсыз жүрген әйелдер енді: «Осы жолы оргазм болды ма, болмады ма?» - деп отыратын жағдайға жетті. Болмай қалғандай болса, онда «Мен неге рахат ала алмадым?» немесе «маған неге рахат бере алмады» деп мұңға оранатын болып алды. Ол, әріптестің қабілетінің төмендігінен емес, өзін-өзі сендіргеннен болып жатқанынан да әйел сорлы хабарсыз. Өзін-өзі бұлай сендіре беру жақсылыққа апара қоймайды. Ол – «суықтық» та емес. Ол – әйелдің сан түрлі табиғатынан. Біреу тез ысып, тез суиды. Біреу жай ысып, ұзақ суиды.

6. «Басқалардан төмен болып қалудан» қорқу.

Еркектерді нақты жетістіктер ғана қызықтырса, әйелдер «шын» болудан гөрі «солай болып көрінуге» бейім. Олар «қоғамдық пікірге» мойынсұнады, өйткені олар сыртқы әсерге сенеді. Әйелдің жетістігі салыстырумен танылады. Үйінде тіптен де жағдайы мәз болмаса да, әйел аптасына шашын бояуды ұмытпайды және отбасының көрнекті болып көрінетін анасы ретінде көрінгісі келеді.

7. Жалғыз қалудан қорқу.

Біздер күн кешуге мәжбүр болып жүрген сапырылысты өмір мегаполистер өркениеті деп аталады және ол индивидуализм мен ара-даралықты сіңдіргісі келеді. Үлкен қаладағы жалғыздық Батыс елдерінде неврозға ұрындырғалы қашан. Мұндай ара-даралық, әсіресе, әйелдерге зиянды әсерін тигізеді. Егер еркек социумда өзін-өзі керекті ете білсе, әйелдер (тіпті, олардың бизнеспен айналысатын салқынқандыларының өзі) өздерін отбасында ғана керекті сезінеді. Төңірегінде жақын адамдары жоқ әйел олардың керектігі мен солай бола тұра жоқтығын инстинкт дәрежесінде-ақ сезінеді. Сөйтеді де неврозға ұшырайды, кейде одан да тереңірек кесел тауып алады.

8. Аноргазмия.

Статистика тұрақты жыныстық қатынас жасайтын әйелдердің 30 пайызы оргазмды сезінбейді дейді (егер жалпы алғанда солай болса, онда Қазақстанда ол сан екі еседен астам көп болса керек, өйткені ауыл әйелінің басым бөлігі оны сезіну-сезінбеудің өзі қалай екенін білмейді). Аноргазмия деп осыны айтады. Аноргазмияның нақты себебін ешкім білмейді. Өзі жақында ғана ашылған процестің табиғатын зерттеушілер аз болса да бар, бірақ әрқайсысы әр түрлі айтады, әр түрлі дәлелдер келтіреді. Ешкім сенімді түрде дәлелдеп жатқан жоқ, бәрінікі болжам ғана. Патриархат басым тұрған біздің қоғамда аноргазмия үшін тек әйелдерді айыптайтын еркектер де толып жатыр. Бұл да әйел байғұстың жүйкесін жұқартады.

9. Интеллекттің төмендігі.

«Мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін» деген көне заманғы философ Сократ әлі күнге дейін ең жарқын және алдыңғы қатардағы ақыл-ойлардың қатарына жатады. Осыны ойлағанда өзінің IQ-ін онша жоғары көрсеткішке жақын деп санамаған әйел де жарық дүниедегі ең төмен компанияның ішінде емес шығар деп санаудың жөні келер.

10. Карьерада жолы болмау.

Әйелдерді «үй, отбасы және көршілер не дейді?» деген ойлар мазасыздандырады. Карьера жасауда жолы болу да соңғы жылдарғы «нағыз жетістікке жеткіш әйел» деуге боларлық топқа жатады. Сондықтан атқарған ісінде жолы болмаса – бизнесі жүрмесе немесе бір қызметте ұзақ отырып қалса, әйел мұңға оранады. Бұл да – аноргазмияға ұрындыратын себептердің бірі.

Еркектер:

1. Кішкентай ұлы мүше.

123

Бұл жерде газет-журналдар халық даналығымен тайталаста жеңіліс тапты. Олар жай жағдайда ұзындығы 2 сантиметрге жетсе, онда барлығы жақсы деп қаншама рет түсіндіргісі келсе де, өзінің «аспабын» кішкене деп тапқандар осыған қатысты клиникалардың табалдырығын тоздырып жүр. «Секс үшін көлем маңызды емес»,- деп қанша айтқанмен, еркек үшін оны түсіндіріп жату – әйелге ашаң болғаннан жұмсақ қана толық болған жақсы деп түсіндіргенмен тең.

2. Әлеуметтік мәртебенің төмендігі.

Целлюлиттің еркекше аналогы. Мұның рейтінгінің жоғарылығы еркектердің басым бөлігі бомж немесе аула сыпырушы болып жүр дегенді білдірмейді. Еркектердің ішінде түрлі клерктер, қарапайым қызметкерлер, орта буын менеджерлері бар. Яғни, олардың бәрі – қоғамның жолы болып жатқан мүшесі платиналық кредит карточкасын қалай иеленіп жүргенін, модель қыздарды ілестіріп жүруді кімдер жасай алатынын және күмбезі бар зәулім үйде кімдер тұрып жатқанын теория жүзінде білетіндер. Ақиқат мезеті ол иелердің көбі мектепте екілікке оқыған, бүгін мұнай магнаты болып отырғандар екенін анықтап береді. Ал ары да, жағасы да ақ қызметкерге тиетіні – жылдық есепті реттеу мен екі бөлмелі пәтерін үш бөлмелі пәреге ауыстыра аламын ба, жоқ па деген ойдың төңірегі ғана.

3. Импотенция алдындағы қорқыныш.

Төсекте әлсіздік көрсетіп алу қорқынышы, яғни, әйел алдында масқара болу – бастықтан ең қатал ескерту мен сөгіс алудан да ауыр. Төсектегі жеңіліс еркекке он екі қабат үйдің үстінен басқа түскен кірпіш сияқты әсер етеді. Олай болудың себебі балаң жастық кезінде бір рет кездесіп қалған жағдайдың еске түсе беруінен еркек жүйкесінің керек кезде тоза қалатынынан болуы мүмкін. Еркектік күшті бір кезде жоғалтып алуым мүмкін-ау деген қорқыныш ерте заманнан бері ер азаматтың ой-санасының бір түкпірінде жасырынып жатады. Табиғаттың өзі батыл еркектерді көбірек қорғап, оларға әке болу құқығын жүйкесінің мықтылығына сай беретін секілді.

4. Материалдық жағдайдың жеткіліксіздігі.

Еркектің бүгінгі күнгі ең басты белгісі – ақша. Интеллект пен дене қуаты артта қалды. Өкінішке орай әйелдер де «байларда кішкене нәрсе болмайды» дегенді ұстауға бейімдігін өз мінез-құлқымен жиі көрсететін болып алған. Әлеуметтанушылар некеге тұрғандар ішінде әйелі ерінен гөрі көбірек табыс табатыны байқалатынын айтады, бірақ оған қалыптасып кете бермейтін ерлі-зайыптылар кездеседі дейді. Қазіргі заман еркегі әйелінің есебінен күн кешуге төзе алады, бірақ олар үшін ол қымбатқа түседі, өткені олардың жігері жасиды.

5. Өзінің денсаулығы жайлы қорқыныш.

Ең денсаулығы мықты және ойы айқын еркектің өзі «ауыр бір кеселге ұшырап қалмас па екенмін» - деп уайымдайды. Еркектер ауруға төзімсіздеу келеді. Ол, мүмкін, олардың қиялдары байырақ болғандықтан ба екен, білмеймін...

6. Шаштың түсуі.

Қазіргі барлығы да мүмкін заманда шашы азая бастаған еркектер оны денесінің басқа жерінен көшіріп қондыруды да армандайды. Оған осы жаңа кәсіпті игеріп, бизнес жасап жүргендердің де ықпалы мол. Ақшаң болса, қиял шіркін қайда жетелемейді.

7. Өз қабілетін іске пайдаланудың мүмкін еместігі.

Мұндай жағдай еркектерде 40-45-терге барғанда пайда болады. Оны «орта жас кризисі» деп атайды. Әйелдер мұндай сезімнен ада. Себебі бұл жасқа жеткен әйелде қанағаттанарлық сезім басым, олар өмірде өз орнын табады, басым көпшілігі бала туады, оларды тәрбиелеумен еркектерден гөрі көбірек айналысады. Еркекке өзінің жеткен жетістіктері азырақ секілді көрінеді де, қанағаттанбау сезімі басым болады. Олардың көбі «басы жақсы басталып еді ғой» деп уайымға түседі. Әдетте нақты өмірде жағдай еркектің өзі ойлағанынан жақсырақ болып келеді. Осылай «өзін-өзі сынақтан өткізудің» нәтижесінде еркек әйелінен гөрі жасырақ әйелмен болуға ұмтылады.

8. Еркектің мінезінде «әйелдік» қасиеттердің көрініп қалуы.

Психологтардың айтуынша, қоғамда еркектер мен әйелдерге қатысты бірдей стандарттар қолданылмайды. «Ілгергі» модель етіп еркекше мінез алынады, сондықтан әйелдердің мінезі еркектікіне ұқсас болса, ол түсіністік табады, ал еркектен әйелге тән мінездер байқалса, қатаң айыпталады. Содан еркектер әйелге ұқсас болудан тартынады. Ең лайықсыз «әйелдік» белгілерге көз жасын көрсету (әлсіздікті көрсетудің басты белгісі ретінде) және біреулердің есебінен күн көруге құмарлық жатады.

9. Бойдың аласалығы.

124

Адамдардағы бойдың аласалығы тарихи дамудың дем берушісі ретінде танылған. Олар жетістіктерге жеткіштіктен алдыңғы қатарда тұрады. Бірақ аласа бойлылардың ішінде өмірде жолы болмағандар да аз емес. Соған қарағанда мәселе сантиметрлерде емес, баста ми болуда болса керек.

10. Әзіл-оспаққа бейімсіздік.

Еркектер өзі бір қызық халық. Олар айтқан әзілімді жұрт түсінбей қала ма деп те сақтанады, оны аноргамияға орай дәрет сындырып қойғанмен тең көреді. Сөйте-сөйте басыла береді, басыла береді. Қартаю деген осы.

* * *

Жасында шешесі солай үйреткендіктен төсек қызығын қаламайтын әйелдер болады.

Жыныстық қатынастың көлеңкелі тұстары

Бүгінгі заманда жастардың жыныстық жетілуі жасарып келеді. 90-шы жылдардың басында ғана 17-20 жасқа келгендер жұбайлық өмірге дайынбыз десе, қазір ол орташа 14-15 жасқа дейін төмендеді.

Отбасын жоспарлау керек пе, қанша жаста тұрмыс құрған дұрыс, қанша бала болғаны тиімді, тіпті тұрмыс құру шарт па деген сұрақтар бүгінгі заманғы жастар үшін негізгі мәселе болып тұр.

14-15 жаста адам нағыз махаббатына жолығуы некен-саяқ. Көбі балалық қызығу болып қалады.

Жасөспірім баланың миы губка сияқты, ол барлық көргенін, естігенін талғамай бойына сіңіреді. Әсіресе, барлық лас нәрсе, қисық-қыңыр мінездер алдымен қабылданады. Баланың темекіге, есірткіге әуестігі, төсек қатынасына құмарлық – білмейтінін білуге ұмтылғаннан. Бұған тыйым салуға, қатаң болуға тырысу нәтиже бере бермейді. Олардың «Біз бәрін білгіміз келеді», «Мен ертерек есеюді армандаймын» дейтіні осыдан.

Ресей газеттерінің мәліметтеріне сүйенсек, 15 жасқа келген қыз балалардың 90 пайызы қыздық белгісінен айрылғандар. Ресейде ол құнсызданған. Осы мерзімде Америкада қыздық белгі қайтадан бағалы бола бастағаны байқалуда. Неге осындай кереғарлық?

Жауап мынада: Америка жастай желікке ұшыраудың «мектебінен» әлдеқашан өткен, соның зиянды екенін сезіне бастаған. Кеңес Үкіметінің қатаңдығынан Ресей бұл мәселеде «кешеуілдеп» қалған. Америка болса бұл мезеттерді өткізіп, енді бағалының қадірін білмеу ұлттың денсаулығына зиян келтіретінін түсінген. Ойнастыққа ерте ерген жас азамат онымен тоқтамайды, енді есірткінің дәмін татып көргісі келеді. Темекіні ол әлдеқашан-ақ үйреніп алған.

Ұлт денсаулығына зиянды әсерді болдырмау, осы нашар қылықтарды балаға жастайынан бастатпай, қыздық белгіні сақтау принципті болмас еді, егер еркінсіп алған жасөспірім еліктеуін одан әрі жалғастырмаса.

Адам табиғатының өзі солай: ол ешуақытта қанағаттанбайды, тереңірек зерттеуге, тағы қызығырақ көрінетін бір нәрсе жасап көруге тырысады. Адам өмірінде жай секстен тойынып, өзгеше бір қызық іздейтін кез келеді екен. Барлық адамда емес әрине, төсек қатынасына құмар, онда өзін еркін сезінетін немесе еркін болғысы келетін адамдарда. Мысалы, әуелі секстің әр түрімен айналысып көрсе, бірте-бірте оның өзі білмейтін құпияларын іздейді. Әріптесті шынжырлап тастап, қайыспен сабау сияқты садистік тәсілдерге барады.

Ол аздай қазір свинг деген шықты. Ол бір адамның бір мезгілде бірнеше адаммен төсектес болуы деген сөз.

Ол былай: жігіт әйелі екеуі басқа бір әйелмен бір мезгілде бірге болады, әйел өз әйелі болмауы да мүмкін немесе, керісінше, екінші әйелді жігіттің әйелі өзі таңдауы мүмкін. Кейде екі еркек екі әйел болуы да мүмкін. Кейбіреулер өздерінің өмірлік жұптарын басқа жақтан таңдайды, білдірмей жасайды, «отбасын былғамау керек» деп санайды. «Свинг үшін Е+Ә өздеріне Ә+Ә (Е+Ә немесе Ә ғана болуы да мүмкін) іздейді» деген жарнамалар ғаламторда өріп жүр. Ғаламтордан күніне он шақты хат алып, сол әріптес болғысы келетіндер ішінде кастинг ұйымдастыратындар да бар екен.

Әйеліне серіктес болып келіп қалған подругасына ғашық болып қалып, ажырасып кететін немесе ажырасуға шақ қалатындар бар. Әйелінің сол серіктес подругасы кейіннен жігітке ұдайы

125

свинг серіктес бола жүріп, одан бала туып алғандар және свингті сол күйінше жалғастырып, «бақытты» өмір кешіп жүргендер де бар деседі.

Свингке аңдарды пайдаланатындар да бар секілді. Мәселен, үлкен төбет.

Свингті қазіргі сексолог ғалымдар сексуалдық зерігудің бірден-бір шегі деп санайды. Тек еріктен тыс болып, адамның немесе аңның намысына тимейтіндей болса болды дейді.

Бұл отбасында тоқырау бола жаздап тұрғанда оны сақтап қалатын күш дейтіндер бар. Ерлізайыптылардың бір-біріне қызығушылығы басылар болса, свингтің де бір пайдасы тиеді дейді оны насихаттаушылар.

Олардың ұрандары: «Мен ешкімге ештеңе қарыз емеспін!».

Свингерлер әдетте үндемес келеді, өздерін-өздері насихаттамайды және өздері туралы айта бермейді.

Қанша айтқанмен бұл істерінің нормадан ауытқу екенін іштегі бір сезім қылдары арқылы сезінсе керек.

Қай нәрсенің болса да соңы бар. Аса беріліп, жаңарта беруге құмар адамдар, соңына келе азғындайды немесе депрессияға түсіп күйрейді.

Қазақстанда туған жүз баланың жетеуінің ғана дені сап-сау болып туылады екен. Барлық ТМД елдерінде солай көрінеді. СПИД жайы айтпасақ та түсінікті.

Бұл сандық көрсеткіштер де секстің тез есею тәсілі ретінде ең қауіпті нәрсе екенін көрсетеді.

Қыздық белгінің қадірі

Бұрындары қазақ үйленген адамының қыз екенін тексеретін. Жаңа түскен келіннің төсегіне жеңгелері ақ жайма жайып, таңертең тексеріп алушы еді. Ойдағыдай болмай шықса төркініне қайтаратын, ері жақсы көрем деп көнбегеннің өзін оны қоршаған қоғам әйелді барынша қабылдамай, оған жиіркенішпен қарап, өмірден түңілдіріп жіберетін. Ондағысы – күйеуге тигенше адал болмаған адам бұдан былай да адал бола алмайды дегеннен шыққан еді. Бүгінде, бәрі жеңілденген заманда, қыздығы болсын дейтіндер – уайымшылдар, өздеріне өздері сенімсіздер. Олар әйелі өздерін ешкіммен салыстырмаса екен дейді.

Қызды тексеру

Бір жолы Абылай ханға екі қыздың бірін таңдап, әйелдікке алу керек болыпты. Олардың қыз емесіне жолығып қалмау үшін хан төңірегіндегі ақылшыларынан кеңес сұрапты. Әркім әртүрлі ақыл айтыпты. Солардың бірі:

-Хан ием, екі қызды оңаша шығарып, солардың көзінше бір байталға айғырды асылдырыңыз, сонда қайсысының қыздық белгісі бар, қайсысы одан айрылып қалған, білесіз, - депті.

Хан онысын мақұл көріп, айтқанын істепті.

Айғыр биеге асылыпты, бұлар сырттан бақылап тұрса, осы көрініске қарап тұрған екі қыз екі түрлі мінез көрсетіпті. Біреуі көрген бойда «Ой!» деп күліп жіберіп, ұялған болып, теріс айналыпты. Екіншісі әлгі көрініске аң-таң болып қарап тұрыпты.

Сонда әлгі кеңес берген кісі:

-Ұялған сыңай танытқан қыз – мұндай жағдай өзінде бұрын болғандықтан ұялып тұр, қыздық белгісі бойында бар қыз – екіншісі, байқадыңыз ба, ол қыз мұндай нәрсені бұрын-соңды көрмегендіктен: «Не болып жатыр?» деп түсіне алмай, аңырып қарап қалды, бір жағынан мұнысы

осылай болады екен-ау деп қызыққаны, - депті.

Айтқаны шындық болып шығыпты. Осы сөздер ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, бүгінге жетіпті.

* * *

Ұрғашы түлкі ін сақтайды, еркек түлкі түз сақтайды.

Қазақ мақалы.

* * *

126

Өмір деген бірін-бірі іздеп жүрген еркек пен әйел-ау деймін. Жұбайың қанша жақсы болса да, біреуге көз салып тұратының неліктен? Көз салғаның алтын болса мейлі, жәй ғана алтын жалатқан мыс болса ше? Сонда да ұмыта алмасаң ше?!

* * *

Ерлі-зайыптыларға кешіруге болмайтын күнә – бір-біріне сатқындық жасау. Егер ол – көзге шөп салу болса – кешірілмейтін сатқындық. Оны білдірмей жасағанның өзінде ол – екеуара қатынастың іргетасына түскен сызат. Сатқындық жалғаса берсе, сызат тереңдейді де ғимарат құлайды, ошақ үрлеусіз қалады. Үрлеусіз қалған, отын салып тұрмаған ошақ сөнеді.

Екі әлем – екі ұстаным

Шығыс пен Батыста бір-біріне ұқсастық жоқтың қасы, қайта, қарама-қайшылық көп. Соның бірі ерлі-зайыптының бірін-бірі қызғануы. Бұл іс Шығыста жетерлік. Ал Батыста ерлізайыптылардың, әсіресе, ерінің әйелін қызғануы мәдениеттілік деп санала бермейді. Тіптен: «Әйел ерінің жеке меншік мүлкі емес, оның өз еркіндігі болуы тиіс» делінеді. Ресей әншісі Наташа Королева ері Тарзанның өзге әйелдермен байланысу мүмкіндігін талқылағанда: «Көзге шөп салу «физикалық» тұрғыдан болса, кездейсоқ кездесе қалса, сатқындық емес» - дейді. Бұл – мұсылманшаға барынша жат. Мұхаммед пайғамбардың бір хадисінде: «Өз қатынын қызғанбайтын, оған қарағысы келмейтін еркекке Алла қиямет күні рақым жасамайды» делінген. Мұсылман дінінің ұстанымы бойынша әйелдің тәртіптілігі – отбасының негізі, беделі, ар-намысы. «Әйел азса, ел азады» дейді мұсылмандар. Сондықтан ері әйелінің ашық-шашық жүріп, сұқ көзге ұрынуына тыйым салып отырады, ол – арамдық, хайуанға тән мінез саналады.

Дегенмен, қызғаныш ұсақтыққа бастамауы, еркек өз ойына еріп, себепсізден-себепсіз әйел өмірін тозаққа айналдырмауы тиіс. Десе де, әйелдің мінезі опасыздыққа бастап тұрса, оған кешіріммен қарауды да ерінің өз азаматтығына салып, өз еркіне беру керек. Жан жарыңа деген опасыздық – Отанға жасаған опасыздықпен тең. Себебі Отан әрбір отбасылардың жиынтығынан құралады. Әркім Алласы мен Ары алдында жауап бере алатындай жағдайда жүргені, зауалды ұмытпағаны жөн.

* * *

Біз күллі әлемнің әйелдері алдында жығылуымыз керек. Жас болсын, кәрі болсын. Әдемі я сұрықсыз болсын... оларды жылатуға, қорлауға болмайды. Оларды жылату – өзіңді қорлағаныңызбен тең. Сіз әйел-анадан жаралып, осы өмірге адам болып келдіңіз.

Тантра, әйел анасы.

* * *

Осы күндері «Әйел еркексіз де күн көре алады» дегенді көп еститін болдық. Еркектік өзімшілдігі жібермей, ол сөзге мұрын шүйіре қарап жүргендер көп. Бірақ біз шындықтың бетіне тура қарай алсақ, шынында да солай емес пе өзі?!

Сонда: «Әйелдер еркектердің жағдайын жасауы тиіс» дейтін қағиданың күресінге тасталғаны ма?

Еркек деген бара-бара бейкүнә сәбидей әйелінің ыстық ықыласына зәру болып барады.

* * *

Жігіттер қыздарды алдап жеңсем, қойынға алсам деп ойлайтын болды. Қыздар жігіттер сөз айтса болды, құлай түсетін болды.

Пикассоның пайымы

Пикассоның «Құшақ» атты көпнұсқалы туындыларының бірінде – әйел мен еркектің арасында еш айырмашылық жоқ, құшақтасқан тағы ешкім жоқ – тек құшақ қана бар, ешқандай екі адам жоқ – екі адамның махаббаты ғана бар. Пикассо құшақтың мотивін абсолютті даналықпен кестелеген: мұнда эротиканың ізін де шалмайсыз, есесіне платондық мағынадағы рухани эрос патшалық құрған.

127

Адамдарды жақындататын махаббат туралы сөз еткенде онан сезімнің жұрнағын таппайсыз. Әредікте Пикассо өзінің персонаждарын жыныссыз ететін тәрізді. Дистрофикалық жүдеулік, діңкелеу, титықтап қалжыраған, бос үстелде құшақтасып ұйықтаған еркек пен әйелден эротикалық үйлесімді ұшырата алмайсыз: мүлдем басқа, ұмыт қалған екі адамның бір-біріне деген ұмтылыс мазмұны бейнеленеді. Махаббаттан қорған іздеген бұл екеуі – тек кейбір сәттерде ғана еркек пен әйел.

Сурет берер ойлар осы.

Пикассо «Мүсін және жасыл жапырақтар фонындағы жалаңаш әйел» картинасында ғашығы Мари-Терез Вальтерді жалаңаш бейнелеген. Бұл қызды суретші 17 жасында көрген, ол кезде суретші орыс балеринасы Ольга Хохловамен заңды некеде болатын және олардың Пауло атты ұлдары бар еді. Мари-Терез Вальтерге ессіз-түссіз ғашық болған Пикассо қызбен жасырын қауышып, оның бейнесін көптеп қағазға түсірді. Сұлу қыз жүкті болып, дүниеге Майя атты қыз келді. Суретші Ольгадан ажырай алмады, аңғал аруға деген махаббаты шарықтау шегіне жетті. Көзіне көрінген сұлуға ғашық бола кететін суретші енді фотограф Дора Маарға жүрегін ұсынды.

Жақында суретшінің бұл картинасы ашық аукционда әлемдегі ең қымбат бағаға – 106,5 миллион долларға сатылды.

* * *

Бүгінгі жастар отыз жасқа қарай отбасы құратын болып жатыр. Қазіргі адамдар өте сауатты, өз қадірін өздері жақсы біледі. Бұдан былай тең құқылы некелер көбейіп, кездейсоқ некелер азаяды.

* * *

Өзіңе тең жар таңда, өкініші болмайды.

Клеобул.

* * *

Қызғаншақ пенденің үнсіздігі құлақ тұндырады.

Джебран Халил Джебран.

* * *

Ақыт Ұлымжыұлы:

...Жаман болса алғаның Атысатын жау емес, Айтысатын дау емес, Астыңнан өткен сызбен тең.

...Кей ұрғашы, жарандар Еркектен артық ақылды. Әдеппенен сөз сөйлеп, Бек біледі мақұлды.

* * *

Күйеулері бар әйелдерге қарағанда ажырасқандар мен жесірлер жүрек ауруларына көбірек ұшырайды екен.

Әнге арқау болған Ғалия

Бастапқыда жаңаарқалық Тілеудің қызы Ғалия Біржан дегенге атастырылып қойылған екен. Біржанға тұрмысқа шығып, бірер жыл тұрып ажырасып, Ақмолаға келіп, қымыз сатушы әйелге көмекші болып жүргенде оны Балуан Шолақ көріп, ғашық болады (Балуан Шолақ 1864 жылы Жамбыл облысында туған, бала кезінде Арқа жеріне көшіп келген). Екеуі бірін-бірі ұнатып, есебін тауып жолығысып, өмірді бірге өткізуге уәделеседі. Біржан қалыңмалды қайтаруды талап етеді. Балуан Көкшетауға, ағайыннан мал жинап алуға кетеді. Бірақ Көкшетауда Балуан Шолақ басы бәлеге ұшырап, бұрынырақ жоғалған 80 өгіздің жаласы жабылып, оған қоса ұрланған бір топ

128

жылқыны сол әкетті деген айыппен түрмеге түсіп қалады. Ғалия сот арқылы Біржаннан құтылады, бірақ Балуан туралы «жер аударылыпты, бірнеше әйелі бар екен» деген қауесеттерге еріп Қанапия дегенге тұрмысқа шығады, оның да әйелі бар екен, Ғалия тоқалдыққа көнуге мәжбүр болады.

Осы кездері Балуан Шолақтың Ғалияны сағынғандағы әндері шығады. Ғалия Қанапиядан кетіп, Қоянды жәрмеңкесінде қымыз сатады. Онда семейлік Қали атты бай баласы соңына түсіп қоймай, екеуі қосылады. Бірақ көп өтпей Ғалия Қалиды Семейге апарып, бұрынғы әйелі мен балашағасына табыстайды. Өзінен бала болмаған Ғалия Қалидың бір қызын сұрап алып, бойжеткен соң өз қолынан ұзатады. Өзі 1922 жылы 35 жасында туберкулез кеселінен қайтыс болады.

* * *

Жақсы әйел жаман әйелдердің «қылығын» жақсы атқарады.

* * *

Еркектің көйлегіне жағылған помаданы көргенде әйелдің бірінші ойы: «...менің помадам мынадан арзандау ма, қалай?!..».

Қызғаныштың қыр-сыры

Ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаншақтық «тек менікі» деген ойдан туады. Оның мынадай түрлері бар:

1.Депрессиялық. Бұл қызғаныш сарыуайымға салынғыш, пессимист жандарда болады. Олар не болса соған күйгелектеніп, алда ешбір жол қалмағандай сезімде болады.

2.Күдікшілдік. «Жұбым өзге біреумен көңіл жарастырып жүрген жоқ па?» деген ойдан арыла алмайды. Сөйтіп, жұбайын түртпектеп, әр нәрсені қазбалап сұрап, қазымырлықпен бағасын кетіреді.

3.Желікпелік. Жеңіл көзқарастағы, мінезі алып-ұшып тұрған жандарда кездеседі. Олар жұптық өмірге бір жақты ғана мән береді.

4.Секемшілдік. Өз-өзіне сенімі аз, «Жұбайымнан айрылып қалсам күйім не болады?» деп уайымдаумен күн кешеді. Өз бетімен жол таба алмайды.

5.Қалыптан тыс. Мұндай адамдардың қадамын болжап болмайды, ол түрлі істерге, қауіпке, зиян келтіруге әзір тұрады. Өз ісіне есеп бере алмайды. Бұл, әдетте, жұбайлардың бірінің көріктілігі, білімділігі, мәртебесі жоғары болғанда кездеседі.

6.Көңілдестік. «Жұбайым да қарап жүрмеген болар» деп, өзіне көңілдес іздейді, яғни, есепті тең ұстағысы келеді.

* * *

Ұлт мәдениеті әйелге деген қарым-қатынаспен өлшенеді.

Әйел – әлемдік жаратылыстың орталығы. Қазір де, бұрын да әлемге әмірін жүргізіп келген, оны мойындау керек. Бұрын оны құпия жасаса, қазір құпия жоқ.

Оған еркектердің өздері кінәлі. Қазіргі еркектер жалтақ, мойынсұнғыш, бойкүйез, сатқын. Еркектіктің мазмұны жоғалып, формасы ғана қалып бара жатқандай...

Осыған қатысты Түймекүл Ибашеваның «Әйел тектес еркек» деген өлеңі бар: Нағыз еркек құшағын аңсады қыз, Жанарында нұр ойнап тамсады қыз.

Әйел тектес еркектер биттей қаптап, Алпамысын іздеумен шаршады қыз. Әйел тектес – ұрсысады шабаланып, Шәңкілдейді, шәуілдеп, абаланып.

Әйел тектес – ұятты жиып қойып, Шапылдайды, бықсиды, шала жанып. Әйел тектес намысы – мәңгі ұйқыда, Сабыры да кіріскен сәнді ұйқыға. Сырты – еркек, іші – әйел, жаратылыс, Жиіркенесің, қарайсың да сиқына. Әйел тектес – іші тар, пейілі шөл,

129

Сараңдығы тас қамал, мәрттігі – нөл. Ел-жұртына қадірсіз бұл ақиқат, Арнасы жоқ, ағынсыз сасыған көл. Несібесін нағыз ер жейді шашып, Әйел тектес кемірер баурына басып. Ұсақталып барады балаларың, Бабаларым! ...сөзге ерме кілең жасық. Бабаларым!

Әйел тектес – жар болмас еш жарытып, Сан ұялтар басыңды көрге тартып. Мұныменен бас қосып қор болғанша, Жалғыздықтан баз кешіп өлген артық...

* * *

Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, жары жақсы болса - мың бақыт.

Мықты әйел мен мықты еркек

Мықты әйел – ең алдымен, ақылды әйел. Әдемі, қылықты көрінгенімен, жан дүниесі бос болса, не тілеп, не қоятынын білмесе, одан әйелге тән шынайы тартымдылықты күтпе.

Мықты әйел – жаратылысынан балажанды, оның арманы – бала сүю, бала туу, бала бағу, бала өсіру.

Мықты әйел, егер ол тұрмыс құрған болса, күйеуін пір тұтуы тиіс, оның өзін дәрменсіз сезінуіне ешқашан жол бермеуге тиіс.

Мықты әйел – өз үңгірін, өз күшіктерін жан ұшыра қорғайтын ана бөрі.

Мықты әйел, сұрапыл дауыл соқсын мейлі, тіпті, үй шатырын жұлып әкетсін мейлі, ошағының отын сөндірмей сақтап қалады. Вайнах әйелінің нақ осы – ошақ отын сөндірмес қасиеті соңғы жылдары қаншама қиямет сынақтарға душар болғанын білесіздер. «Әйел бойындағы күшқуат жаңа ғасырдан бастап тек бейбіт уақыт нормасы бойынша өлшенсін!» - деп барлық халықтың ер-азаматы серт байласуы керек.

Мықты әйел – берекелі үйің, тамағы тоқ, көйлегі көк балаларың, хош-риза қонағың, осылардың баршасына шүкір қылған өз басың.

Ер мықтысы дегенің – әйел өзін мықты сезінуі үшін не керектің бәрін жасай білген азамат. Ол, ең алдымен, отбасының – әйелі мен балаларының арқа сүйер асқар тауы; ұлдары еліктеп, үлгі алар ұлы тұлға өз шаңырағынан табылғаны қандай ғанибет!

Ер мықтысы – шын мықты болып шығуы үшін ең әуелі жай ғана еркек болып алсын, қауіпқатерге қасқайып қарсы тұра алатындай, қиындықты жеңе білетіндей, өз еркін өзі билеуге, өз басы, отбасы, қоғамы алдында жауап беруге үйренетіндей болуы үшін, ең алдымен, әскерде қызмет етсін (одан басқа ер жету мектебін мен әзірше білмеймін).

Ер мықтысы дегенің – ол ар-намыстың адамы.

Осы айтылғандарға қосарым: сырт қарағанда кавказ халықтарында әйел еркекке бағынышты, еркекке қызмет жасау үшін жаратылғандай көрінеді. Жоқ, жоқ, тек вайнахтарда емес! Еңсесі түскен, жасық, қорғаншақ ингуш қызы мен әйелін көргеніңіз бар ма? Мінез-құлқы сыпайы ма – әлбетте!.. Қорлық, қағажу көрген бе – Құдай сақтасын!.. Қараңызшы, бір басында қаншама қадір-қасиет, тектілік бар, ішкі еркіндік бар. Олар өздерінің ерлер жүрегіндегі, біздің республика өміріндегі шынайы орны қандайлығын тамаша біледі.

Қазір мен мұны дәлелдейін. Сіз Ингушстанда әйелді құрметтеу мерекесі Клара Цеткин мен оның әйел теңдігі идеясынан әлдеқайда бұрын тойланып келгенін білесіз бе? Ол мереке біздің де көктеммен бірге келеді, сәуір айының аяғында тойланады. Ендеше, бұл дәстүрді Клара апай біздің ингуштерден алып жүрмегей...

Руслан Аушев. Мықты әйел қандай, мықты еркек қандай? «Общая газета».

* * *

Піскен апельсиннің согы көп болады

130