Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

* * *

Әйел үшін еш уақытта көзге шөп салмау, жалғыз-ақ рет көзге шөп салудан жеңіл...

Ларошфуко.

* * *

Қызға бергісіз жуан бар.

Майлықожа.

* * *

Көздің әуресі де сөздің әуресі секілді, сөзді артық айтып қалып, өкінішке түскендей, кейде құмарлықпен көзің сатып, ол адамыңды жеңсем, меңгерсем деген айлаң өзіңе қайта оралғанда, яғни, оның айласы сенің айлаңнан асып түскенде, өкінішке түсесің.

* * *

Көп үйірде бар еді бір қысырақ, кетті оған жаман сәурік ұшырап.

* * *

Құлақтың тамыры – өкпеде, жүректің тамыры – көзде. Өйткені көз – сұғанақ, құлақ – тыңшы.

* * *

Ұялту кезінде айтылған сөзді түсіну үшін саналы ақыл керек.

* * *

Төсектегі қызықпен ұдайы жақсы бола алмайсың.

* * *

Адам арылу ниетіне бет бұрса, ол үшін мешітке барып тұру аз, ешкім бір шараны атқарып, бірер күн немесе бірер жыл соны жалғастырып, содан өзгеріп кете алмайды. Ол үшін Құдайдан кешірім сұрап, тазару жолына түсу, күнәдан арылуға шындап кірісу керек. Сонда ғана өткен күнәлар кешірілмек. Жезөкшелік, ұрлық я озбырлық жасап жүріп, мешітке бара қалғандардікі бекер іс.

* * *

«Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенін қайтесің?» деген халық даналығынан да құмарлық жолындағылар қорытынды жасауына болады.

* * *

Кімде-кім дұрыс жолмен жүрсе, оның пайдасы өзіне. Ал азғындық жасайды екен, оның зардабын да өзі тартады. Біреудің күнәсін біреу көтермейді.

Исра сүресі, 15-аят.

* * *

Бір ақсақалдың баласы басқа бір әйелмен әуейі болып, отбасы бұзылатын болғанда көпшілікке салып отырып, ұлысына: «Балам, ол нәрсе өте терең, ешкім де оның түбіне жете алған емес» дегені бар еді.

* * *

Әйел еркекпен некесіз бірге тұра бастаса, еркек оны пайдаланып жүргендей көрінеді. Ол бекер, пайдалану бір жақты болмайды.

* * *

Өз нәпсісін жеңе білген адам – ең ақылды.

81

* * *

Егер әйел біреуден кейін біреуге көңілі ауа берсе, оны тоқтату қиын.

* * *

Заратуштрада «Дәмің кетпей тұрғаныңда кетіп қалған дұрыс» деген ой бар. Бұл құмарлықтың жолына түскендерге де пайдалы.

* * *

Кейінгі ілімдер кей оқиғаларды жадыңнан өшіріп, ойды тазартып тұруға үндейді. Басыңа түскенде ғана ондай ұсыныстың оп-оңай жүзеге аса салмайтынына көзің жетеді екен. Ұмытқың келсе де ұмыта алмайтын, зердеңнен өшпейтін оқиғалар, оқиғалар ғана емес, бір адамға қатысты тұтас тарих болады екен, оны өшіріп тастау мүмкін емес екен.

Мұсылман дініндегілердің көбі: «Әр кісінің тағдыры маңдайына анасының құрсағында жазылады. Одан асып жақсы да, жаман да бола алмайды» дегенді уағыздайды. Меніңше, оншалықты емес: жақсы мен жаман болу маңдайға қалай жазылатынын қайдам, жақсы ата-ана берген тәрбие, жақсы жар, жақсы орта адамды өзгертетініне сенемін.

Жұрт теледидардан көріп, жеңілтек саналатын Лолита деген Ресей әртісінің өзі: «Мен өзім оны алдап, басқамен болуды қаламайтынға жеткізетін еркек іздеп жүрмін», - дейді. Расында, нағыз еркек деп осындай еркекті айтпаймыз ба!

Сол әртіс: «Гиперсексуалды адамдарда ақыл болмайды», - дейді.

* * *

Жаңа әріптес іздеу әрбір әйелдің басында болады дейді сексолог ғалымдар. Ол сезім үш жағдайда пайда болады екен:

1)сексуалдық қызығу, сол арқылы әрбір әйел кездескен таныс я бейтаныс еркекті өзіне ойша шамалап көреді екен. Ол көбіне ойша, яки «мына кісі төсекте қандай екен?» деген сияқты. Бұл генетиканың заңы екен.

2)өз еркегінен артық еркекті іздеу, әйелдердің бұл мінезін сезгіш еркектер тез ақ біле қояды. Содан да өзіне сенімді еркектер әйелдерден дөрекі түрде қатынасқа түсуді сұрай береді екен және көбіне шапалақ орнына тез-ақ келісімге келеді екен.

3)кей әйелдер өзге еркекке қызығуды ұрпақ жалғастығы үшін де жасайды екен.

* * *

Қай заманда да соғыстардың, өлімге қию мен қатігездіктердің барлығы дерлік әйелдердің себебінен болған. Әйелдің сұлулығы, айлакерлігі мен аярлығы, залымдығы мен мекерлігі қаншама рет дүниенің астын үстіне келтірген. Олардың бұл мінезіне төзгендер, байқаса да байқамағандар, соған жол бергендер мыңдап саналады. Оған махаббат та, құмарлық та, бәсеке де себеп болған.

* * *

Күнә деген жанның кеселі емес пе?!

* * *

Өзіне сенімді өркөкірек жүйріктердің құмырсқаның илеуінен жығылатыны болады. Бұл – құмарлыққа ере кетуге бейімдердің есінде боларлық ақыл...

* * *

Жасарын жасап алып, «Пендеміз ғой» деуден артық күнә жоқ.

* * *

Төсектесудің бастапқы сәттеріндегі көңіл тұшытарлық сәйкестік – әлі махаббат емес.

* * *

82

«Сен жарық дүниедегі баршасын ұмыта аласың, неге туғаныңды ұмытудан өзгесін. Өзіңді арзанға сатушы болма, өйткені сенің құныңа баға жетпейді. Сен екі дүниеге – көк пен жер дүниесіне татисың. Ал егер өз құныңды білмесең, не істерсің?».

Жалаледдин Румидің бұл сөзінде өз бағасын білмей, кім болса соған есі ауып, құмарлығын тыя алмай, тәнін арнап жүргендерге тоқтам боларлық ой бар-ау.

* * *

Белгілі адамдардың мосқал тартқан кездегі махаббаты туралы тарихта мәліметтер аз емес. Пифагор алпыс жасында өзі сабақ беретін университеттің студентіне, Ф.Достоевский өзінің стенографисіне үйленіп алған. Белгілі тенор Лучано Паворотти, Ресей Федерациясы Федералдық Кеңесінің төрағасы Сергей Миронов, экс-сыртқы істер министрі Андрей Козырев, ФСБ-ның эксбастығы Николай Ковалевтер өздерінің хатшы қыздарына үйленген.

Комик артист Чарли Чаплин өз ұлының келіншегін ажыратып алып қосылып, онымен қырық жылдай өмір сүрген, төрт перзент көрген.

Бұлардың бәрі өз қылықтарын «махаббат» деген сөзбен түсіндірген.

* * *

Өмірде ойнастарына өз әйелінен де жақсы жағдай жасап қойғандар көп. Қазақта да мұндай мысалдар бар. Тіптен бір рет көрген жезөкше әйелдерге де үйіп-төгетін жігіттер бар көрінеді. Бір газетте Алматыдағы сутенер Марина деген әйел бір адамның төсектес болған жезөкшесіне сол жерден кетпей 60 мың доллар алдырып бергенін, біреуі бір сәттік қызыққа риза болғаны үшін сол жерде отырып «Джип» алдырғанын айтыпты. Біреуі қойындас болған әйелді ол жерден шығарып алып, үй сатып әперіп, өзіне басыбайлы ойнас етіп алған еді, бірақ бес-алты айдан кейін ол борделіне қайтып келіпті.

* * *

Құдай мені қойды саған құмар ғып, Айға да ұштым, төзімім де жұқарды. Жазылғаны болар дағы маңдайға,

Сүйсем дағы, күйсем дағы, тақсам дағы сақинаңды тұмар ғып.

* * *

Біздің қазақта бір жаман қыз үшін өліп қалатын жігіттер бар. Қазақстан үшін өлетін жігіттер шыққан күні қазақ жөнделеді.

Қытайдағы қазақ жазушысы

* * *

Пендеме ерік бердім, қисық жолмен жүре ме, тура жолды таңдай ма, өзі біледі.

Құран Кәрім.

* * *

Секс қуаты кемерінен асып тұратын еркектер болады. Оларды өзі мінездес адамдар тез таниды.

* * *

Сенімге әбден кіріп алған соң, артқы есікті мықтап бекітуді ұмытпаңыз.

* * *

Еркек қиналғанда әйелді іздейді. Көңілденгенде де әйелді іздейді. Бірақ басқа әйелді.

К.Мелихан.

* * *

Орташалау әйел ақылдыдан гөрі, сұлу болғанды қалайды, себебі орташалау еркектің ойы дұрыс болмағанмен, көруі жақсы.

83

* * *

Нағыз әйелдердің екі-ақ проблемасы бар: күйеуді қалай табуға болады немесе күйеуден қалай кетіп қалуға болады.

Шәкер Әбенов:

...Дүние – долы қатын шоқпыт дамбал, Алданып, қыз екен деп жүрміз аңғал.

...Қыз екен деп қызықпа, Жаныңдай көрген дүниең Көйлекшең қатын дамбалсыз

* * *

Тақымы асау...

* * *

Ажырасардағы сөз:

...Не қыл дейсің... не дейсің? Жасып қалсам... демерсің. Жер жастансам, танысқа Дүғай сәлем дегейсің. Жыламайын... жұбатпа! Құламайын... құлатпа! Ұнамайын... ұнатпа! Сұрамайын... сұратпа! Алтын басым – асқақ тау, Төмендетпе бірақ та.

Сөз қылмашы... өтінем, «Бөз» қылмашы... өтінем! Аялашы... өтінем, Аямашы... өтінем, Күндемеші... өтінем, Міндемеші... өтінем, Ұмытпашы... өтінем...

* * *

Мекер әйел – міншіл.

* * *

Сайқалдың қызығын сайтан көреді.

Қадыр Мырза Әли.

* * *

Тұрысбек Сәукетаев:

...Кешегі жезөкше, салдақылар қазір бибі болды. Кешегі алқаштар ақылман, абыз болды. Адамның өзгергеніне қарсы емеспін, тәубаға келгені – қайыр, береке. Бірақ олардың таңдайынан һарамның дәмі кетпей тұрып, тақымынан нәпсінің тері кеппей тұрып, кісілік туралы уағыз айтатынына жаның түршігеді. Олар алдымен тәніндегі бес батпан кірден, жанындағы күнәдан арылып алсын!

...«Әйелдің көйлегінің етегі қысқарған сайын өзі көрінбей қалады» дейді ғой француздар. Бірақ етегі қанша қысқарса да, көйлегі ғана көрінетін әйелдер болады.

84

* * *

Мен сенің қандай адам екеніңнің түбіне жете алмадым…

Бірде сен сексқұмар сайқал болып көрінесің.

Бірде сені ақтап алғым келеді...

Бірде екі қолымды төбеме қойып безіп кеткім келеді...

* * *

Әйелдермен сөйлескенде үш тақырыптан аулақ болған жөн: ақша, ауру, өлім.

* * *

Тоқалы бар деген бізде оның жетістікке ие екендігінің, жеткілікті екендігінің, әлі «патронтажы» босамағанының, яғни, жыныстық тұрғыдан белсенді екенінің көрсеткіші саналады.

* * *

Жігіттер ұзын бойлы, кең иықты әйелдерді емес, ашаң әйелдерді жақсы көреді екен. Ол – геометриядағы тік төртбұрыш. Әрине, тік төртбұрыш, үш жағы тең үшбұрышпен салыстырғанда көзге жағымдырақ көрінеді.

* * *

Өкініш: Сенің төсегіңе кофе әкеле алмайтын болдым...

* * *

Сен мен үшін «сексуальный объект» қана едің...

* * *

Мекер төсегін сатар, нөкер көсемін сатар.

Әбіш Кекілбайұлы.

* * *

Итальялық ұлы философ Томмазо Кампанелла өмір бойы түрмеде отыру жазасына бұйырылып, ондаған жылдар түрмеде отырған. Ол кезде түрмеде отбасымен отыруға рұқсат етілген. Сондағы адамдарға сонеттер, махаббат сезімдерін білдіретін хаттар жазып беріп, орнына нан, ірімшік, ет және де өзіне ең керекті қағаз бен сия алып отырған. Түрмеде жатып, Неапольға қолжазба күйінде тарап кеткен, бұрынырақта жазған «Күн қаласы» философиялық трактаттарындағы кейбір күмән туғызатын қорытындыларын жөндеген. Оның пікірінше, кедейлік адамдар арасында қылмысты, биліктегілерге жарамсақтануды, алдауды, ұрлықты, бой-басына қарамауды туындатады, ал байлық, өз кезегінде тартып алуға, үстемдікке, менмендікке, жалған мақтауға, қызыққұмарлыққа бой ұрғызады. Ол «махаббаттағы еркіндік» төсекқұмарлыққа, ажырасуларға, түсік тастауға, қызғанышқа, жұбайлар арасындағы ұрыс-керіске себепкер болатынын жазған.

* * *

Қарау адам – күншіл, Мекер әйел – міншіл.

* * *

Еркек – әйел жынысына мүлдем қарама-қарсы тіршілік иесі.

Ожегов «Түсіндірме сөздік».

* * *

«Сен» деп сізге не дейін? Тамұқта мәңгі күйіңіз.

Мағжан.

85

* * *

Қазіргі заманғы әйелдер еркекті өзіне тартпай қоймайды. Өйткені олар толықтай ашық – кеудесі де, мінезі де, пиғылы да. Оларды жеңіп әуре болмайсың. Ақша болса болды...

Ат мініп, ұзын трубка сорып, шалбар киетін герой Жорж Сандқа біздің қатарлас қыздарымыз қызығатын. Қазір бәрі – Жорж Санд.

* * *

Мен сені ұмыта алмаймын, ал сен мені баяғыда-ақ ұмытқансың.

* * *

Құмарлығын шектей алмайтын, еркек көрсе елегізетін әйелдер де, әйел көрсе елігіп тұратын еркектер де молайды.

* * *

Опасыздықты кешіру қиын...

* * *

Махаббат майданында әйелдер – кәсіпқой, ал еркектер – әуесқой.

Франсуа Трюффо.

* * *

Әйел еркекті жан-жақты таныса, не қосылады, не ажырасады.

В.Ключевский.

* * *

Әйел өзі кәнәлі болғанда ғана кешіре алады.

Арсен Юссе.

* * *

Қатын ерге тоймайды.

Мәшһүр Жүсіп.

* * *

Жан билемей, тән билеп, Ақылдың соры қайнады.

Шәкәрім.

* * *

«Ару – жолда, мал – жерде, бала – белде». Ең жеңіл ақталу!

* * *

«Менің барлық жүзімдерімнің дәмі бірдей, дәмін татсаңдар болады, көп жегеннің, аз жегеннің еш айырмасы жоқ» деген Қожа Насреддиннің сөзін оқығанда бір әйелден екіншісіне ауып, қызық қуып көбелектеніп жүргендерге лайық тұспал бар екен деп ойладым.

* * *

Бір түндік еркек туралы әйелдің әйелге ақылы:

Еркектер әйелдерді қолғап секілді ауыстыруды өздерінің ерекше құқы деп есептейді.

Бұған келіскің келмейді, дегенмен де бізге де кей-кейде өмірді өзгертіп тұру керек әрі ол пайдалы. Қоғамдық мораль оны айыптайды, бірақ өмір өз дегенін істеп жатыр.

Сонымен бір түндік еркек кездесе қалса, қандай саясат ұстанған жөн?

Егер еркек жомарт әрі ақылды болса, әрине, кеш жақсы өтеді. Бірақ ондай еркек қайда...

Көбі тиын санап, даяшымен есептескенше елеңдеп, темекі алып шексең де шытынап отырады. Кейін соның бәрінің өшін сенен алады.

86

Ең қиыны таңертең. Өткен түніңе өкініш, ұят аралас бірдеңе қинайды. Мұндай күндер жиі болса, аяғы депрессияға жалғасуы мүмкін.

Сонымен... не істеу керек.

Таңертең ештеңе ойламау керек. Түн тәтті болды ма, ойлағаныңдай болмады ма, бәрібір ештеңе ойлама. Тіпті таңертең онымен сөйлеспе, бетіне де қарама.

Кейде... бір түнгі еркегіңе ғашық боп қаласың. Барлығы әсем, барлығы ғажап көрінетін кездер бар ғой. Ең қиыны осы.

Лажы болса ғашық болма. Бір мезеттік ләззат қанша әсем болғанымен, екінші кездескеніңде де нақ солай қайталануы неғайбыл.

Әсіресе, бір түнгі еркекті сағынып, іздей бастасаң, сордың нағызы сонда болады. Оның жалғасы, әдетте, былайша өрбиді. Бірінші түн қызықты өтті делік. Екеуің тағы кездестің. Тағы да. Бара-бара ол саған үйреніп қалады. Әйелі бар болса, алдауға мәжбүр. Ыстық құшақ қалап тұрғаныңда тұрып киіне бастайды. Сен... кәдімгі ойнасқа айналасың...

* * *

Әйелінің көзіне шөп салып жүрген еркек әйелін мақтап, көтермелей береді. Кеткісі келіп, ниеті айнып жүрген еркек әйеліне себепсіз тиісе береді.

* * *

Алла зинақор кексе кісіні жек көреді.

Хадис.

Еркекті танып ал...

Еркекпен танысқан алғашқы он минуттың ішінде-ақ оны толықтай танып алуға болады

екен.

Мәселен, ұзақ жылдардан бері достарымен қатынасын үзбеу достыққа беріктіктің белгісі, бірақ мұндай адамдардың жаңаны қабылдауы қиындау, өзгерістерді онша жақтыра бермейді.

Отырысқа ақша төлеген кезде кредит картасын немесе ірі нақты ақша ұсынатын адам – амбициясы жоғары, алдына нақты мақсат қойып, соған жете білуге қабілетті. Қалтасы тесік еркек өзі үшін басқалар жауап беруін қалап тұрады.

Егер еркек құмар ойындарын беріле ойнаса, онда тәуекелшіл адам болғаны. Бірақ нақты жағдайдан ауытқығыш, артық оптимизм иесі болуы да мүмкін.

Темекіні жиі шегетіндер – тұрақсыз, араққа құмарлар – өзіне сенімсіз еркектер. Электрондық хат жазысуға бейім еркек – оңай шағылар жаңғақ емес. Бұл – әр сөзін өз

сынынан қайта-қайта өткізіп, өзгертіп отырудың мүмкіндігі. Мұндай адамдар сөз сөйлегенде де әр сөзін теріп, қате пікір айтып қалмауға тырысып тұратын абайшыл. Оған қоса, ондай еркек сіздің ұдайы оған назар аударып тұрғаныңызды қалайтын, сіздің ол туралы не ойлайтыныңызды бірден біліп алуға тырысушы адам. Ол барлығы да дұрыс болса екен дейді және интимдік әңгімелерден қашпайды.

Машина жүргізгенде басқа жүргізушілерге қолдарын сермелеп отырса, ондай еркекте агрессия көтеріңкі болғаны. Ол тәп-тәуір офистік қызметкер болуы мүмкін, бірақ интимдік қатынастарда қиындық туғызушы. Көлік жүргізгенде буддилік жайбарақаттық көрсеткен еркек өзін-өзі ұдайы бақылауда ұстай алады.

Тым ұқыпты еркек «Маған ылғи да жақсы болсын», - дейді. Ал, ұқыпты болғанмен кейде төгіп-шашып жүретіндер – ашық және уайымсыз.

Жұрт көзінше әйелге жабыса кететін, құшақтасу мен сүйісе салуға да бара беретіндер: «Бұл менікі! Тимеңдер!» дегенді қимыл-қозғалысымен жеткізгісі келіп тұратын, бірақ іштей өзіне-өзі сенімсіз еркектер. Бір жағынан ел көзінше құшақтай алатын еркек: «Біз біргеміз» дегенді де білдіреді. Егер оның бұлай екеніне әлдебір күдігі болса, онда ол әйелмен арақатынасты сақтайды.

Көзіңе көзін түсіруден қашатын еркекке сенуге болмайды. Әңгіме кезінде көзімен ішіп-жеп тұрса, онда әйелді ұялтқысы келгені. Ал әйелдің көзіне қарап, көзін тайдырып әкетсе, онда еркектің әйелді ұнатқаны.

87

Егер еркек асығыс сөйлесе, онда қуатты және тез шешім қабылдайтын, бірақ өзімшіл адам болғаны. Еркектің сөзі бір қалыпты және жайбарақат болса, ол көбіне қарапайым және тыңғылықты. Оларда ешқандай күтпеген жағдай болуы қиын.

* * *

Адамда бір ғана өмір бар, соны бақытты болу мен берілгендіктің арасына салып қоюдың не керегі бар. Бұрын жақсы көрген, бір-біріне ант бергендері үшін жүргендер болады, оларды бақытты дей алмайсың...

* * *

Мауыққан қыз маубас еркектің қасынан шығады.

Қазақ сөзі.

* * *

Әйел әйелі бар еркекпен көңілдес болу жағдайына жеткенде оны жөн санады дей беріңіз. Ұят, күнә дегендер жайына қалады.

Пауло Коэльоның кітаптарындағы құмарлыққа қатысты сөздер

...Көп әйелдердің үш бетпердесі бар.

Біріншіден, ол – еркекке қарағанда таңырқағандай болып тына қалатын және онда қаншама билік, қаншама даңқ бар екеніне қайран қалатындай болып көріне алатын Аңқау Қыз.

Екіншісі – Батыл Әйел, ол өзіне сенімсіз еркектерге шабуыл жасап, бұдан былай ештеңе жасамай, ештеңеден уайымдамай-ақ қоюға болады дегенге сендіріп, бастаманы өз қолына алады.

Үшіншісі – Сүюші Ана, ол өз кеңесін керек ететіндерді мейіріммен қорғай жүреді, олар өзінің барлық әңгімелерін, бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығарып жіберіп жатса да, төзімділікпен тыңдайды.

...Өмір сүру мен өмір сүрген болып көрінудің қайсысы маңызды? Бүгінгі күн барлық күндердің ішіндегі ең тамаша күн болды деп айтуға тәуекел ету ме? Сөзімді бөліп, түсінік бермей, мені тыңдағаны үшін рахмет айтайын ба? Жоқ, қайтадан «ерекше нұры» бар, жігері мықты әйел жамылғысын жамылып, күтіп қалайын ба?

...Маркиз де Сад: «Адам ең соңғы шегіне жеткенде ғана өзінің мәнін біле алады. Ол үшін бізге ержүректік керек, тек сонда ғана біз бір нәрсеге үйрене аламыз», - дейді.

Мен ойлаймын: адам өзін, тек өз мүмкіндіктерінің шекараларын ашқанда ғана біле алады. Сонымен бірге өзің туралы барлығын біліп алу соншалықты маңызды ма екен? Өйткені адам тек даналық жинау үшін тумаған, ол сонымен бірге жер жырту, бидай егу, өнім жинау, нан жасауы да керек қой.

Менің ішімде екі әйел бірге өмір сүріп келеді: біреуі өмірде барлық құштарлықтардың орындалуын, қуанышқа жетуді, қызықты оқиғалардың болуын қалайды. Екіншісі күнделікті тұрмыстың тыныш қана құлы, ошақтың сақтаушысы болып, барлығын еппен жоспарлап алып атқарғанды дұрыс көреді. Мен бір мезгілде отбасы анасымын және жезөкшемін, олардың екеуі менің тәнімде бірге өмір сүреді және бірімен бірі күреске түседі.

Ал әйелдің өзімен өзі кездесуі қызықты, бірақ өте қауіпті ойын. Ол – Құдайлық би. Біздер кездескенде екі Құдайлық қуат пен екі галактика қарама-қарсы тұрады. Абайламаса, осы екі галактика бірін бірі жойып жібереді.

...Өзінің сүйіктісін бақылап қараған адам сексуальдық қуат адамда секс болмаса да пайда болатынын біледі. Рахатты секс емес, иемденсем екен деген құштарлық береді. Құштарлық күшті болса, секске алып келеді. Бірақ алдымен құштарлық сезімі келгені дұрыс.

...Қызғану деген қалыпты жағдай, ол біреуді тек қана маған тиесілі деп ойлағаннан болады. Олай ойлаған адам өзін ғана алдайды.

88

...Көріп-біліп алған соң, сексті адамдар көп жағдайда, нақты өмірден қашу үшін, өз проблемаларын ұмыта тұру үшін есірткі ретінде қолданатынын түсінесің. Есірткінің барлық түрлері сияқты ол да қирататын және құртатын қабілетке ие.

...Еркек пен әйел бірге болғанда, егер бірін-бірі жақсы көрсе, ол үшін әлдебір театрландырылған көріністер жасаса да, ойын ойнағандай болса да, бірін-бірі шыдамдылықпен және тиянақты түрде тексеріп алуы тиіс, сонда олар жақындасу жай ғана механикалық байланыс емес, шын мәніндегі қауышу екенін түсінеді.

...Секс – бағынбайтын биікті бағындыру!

...Жан шуағына ие болу үшін әуелі өз тәніңе ие болуды үйрену керек.

...Менде сүйікті әйелді ұстап қала алмаған икемсіздігім жасырынып тұрған шығар. Ол әйелді іздеп, қайтып келуге сендіріп, жалынып-жалбарынудың, жұбайлық өмірді сақтап қалудың тағы бір мүмкіндігін жасауға тырысудың қажеті бар ма?

Бұл күлкілі болар еді; одан да бұрынғы сүйіктілер түптің-түбінде тастап кеткендегідей қасірет шеккенім дұрыс шығар. Бұрынғыша өз жарамды өзім жалап жазғаным дұрыс болар. Бүйте берсем, әйелімнің кетіп қалғанынан басқа әңгіме қалмай, достарымды мезі етіп алатын сормаңдай болып кетермін. Болып өткен жағдайды ақтауым үшін, ол маған қатігездік жасады, ал мен қашан да жақсы болып қалдым және істегендерімнің бәрі дұрыс еді деп өзімді күні-түні ойша сендірермін. Басқа бір әйел табармын. Көше кезіп, әркімдердің бетіне үңілермін, солардың ішінен оған ұқсас біреу табылар. Апта өтер, ай өтер, мүмкін жылдар өтер.

Осылайша барлығы өтіп кеткенше жүрермін. Жүрегім жаралы, бірақ ол жазылар және қайтадан өмірдің сұлулығын сезінермін. Бұрын да осылай болған, енді де солай болар. Біреулер кетсе, орнына біреулер келер және мен махаббатымды табармын.

Мен енді өзімді ойша бай, атақты және бойдақ ретінде сезіне бастадым. Кісілер арасына кімді қаласам, сонымен бірге бара аламын. Кештерде өзімді көп жылдардан бері ұстағандай емес, еркін сезіне аламын. Бұл жаңалық тез тарап, көп әйелдер, оның ішінде жасы мен жасамысы бар, бай немесе онша байлығы жоқ, бірақ бай болып көрінгісі келетіндер бар, ақылдысы, мүмкін, тәрбиесі маған жағымды нәрсе айтуға жететіндері менің есігімді қағатын секілді.

Еркін болу тамаша екеніне сенгім келеді. Қайтадан еркін болу. Мені әлі күтіп жүрген, солай екенін әзірше екеуміз де білмейтін өмірімдегі нағыз махаббатымды кездестіруге дайын боларлық еркіндік.

...Қалағаным болып, сезім тұрақтылығына жетсем, ол сезім тұрақтылығын әкеледі деп ойласам, бұл тұрақтылық терең зерігумен жалғасатыны алдымнан шығады.

...Менің бұрынғы әйелдерімнің бәрінде тұрақтылық пен берілгендік бар еді, мен болсам қызық оқиғалар мен бұрын ашылмаған бірдеңелерді іздеумен болдым. Менен: «Менімен бірге болу саған ұнай ма?» – деп сұраса, «ия» деп жауап берер ем. Бірақ: «Менсіз өмір сүре аласың ба?»

– деп сұраса да сол «ия» деген жауапты айтар едім.

...Еркектер әйелдердің епті аспаз болуын қалайды. Әйелдер болса еркектерден бәрін талап етеді: олар отбасын қамтамасыз ете алатын, төсекте белсенді, ұрпағын қорғай алатын, тамақ табушы, жетістіктерге жете алатын болуы тиіс болады.

...Берілгендік деген не? Мен иемденіп жүрген жан мен тәннің маған тиесілі екеніне сенім

бе?

...Менде барлығы бар, сөйте тұра мен бақытсызбын. Мен бір өзім ғана олай емеспін. Осы жылдардың бәрінде мен төңірегімдегі байдың да, кедейдің де, құдіреттінің де, өмірге

89

бейімделгіштің де ішіндегі менің көзқарасыммен сәйкес келетіндердің бәрінің көздерінен таусылмас мұң көремін.

Біреулер бақытты болып көрінеді: бұл олардың мұны ойланып та көрмегендігінен. Біреулер жоспар құрады: мінекей мен тұрмысқа шығамын, үйім болады, екі балам болады, қала сыртында үйім болады деп. Осыларды ойластырып жүргенде олар тореадорды іздеп жүрген бұқаға ұқсайды: ештеңе ойламай, тек алға ұмтыла береді. Автомобиль сатып алады, кейде оның аса қымбатына қол жеткізеді, өмірдің мағынасы сол деп ойлайды және ешуақытта өзіне ешқандай сұрақ қоймайды. Бірақ соған қарамастан, оның көздері мұңға тұнып тұрады, оны өзі де байқамайды.

Мен білмеймін, барлық адамдар да бақытсыз ба? Бірақ мен адамдардың бәрі ылғи да бос емес, мерзімнен тыс жұмыс істейді, балаларға, еріне, карьераға, диплом алуға қамқорлық жасайды, ертең не сатып алатынын ойлайды, өзін кем санамауы үшін бәлендей нәрсем болса дейді. Бір сөзбен айтқанда ешкім: «Мен бақытсызбын» демейді. Көбі: «Менің жағдайым жақсы, мен жетемін дегеніме жеттім», - дейді. Сонда мен: «Сені бақытты етіп тұрған не?» деп сұраймын. Ол: «Менде адам армандайтын нәрсенің бәрі – отбасы, үй, жұмыс, денсаулық бар», - дейді. «Өмірде осылар жеткілікті дегенді ойлау үшін сен тоқтап қалдың ба?» - деп сұраймын. «Ия, жетерлік» деген жауап аламын. Тағы сұраймын: «Демек, өмірдің мағынасы отбасында, өскен соң сені тастап кете баратын балаларда, нағыз сүйіктіден досқа айнала бастайтын еріңде не әйеліңде ме? Жұмыс та бір күні бітеді. Содан соң не етесің?» - деп сұраймын.

Бұған жауап жоқ. Олар әңгіменің тақырыбын өзгертуге тырысады.

Өміріме ризамын дегендердің көбі, мен олардан нақтылап сұрай бастағанымда, бір нәрсе жетпей тұрғанын жасыра алмайды. Фирма бастығы армандап жүрген тиімді келісімге әлі қол жеткізе алмай, үй шаруашылығындағы әйел тәуелсіздеу болсам және ақшам көп болса деп ойлап, сүйіп қалған жасөспірім өзінің сүйіктісін жоғалтып алуы уайымына түсіп, жоғарғы оқу орнын бітіруші мамандықты өзі таңдады ма, жоқ ол үшін өзгелер таңдады ма деген сұраққа жауап іздеп, тіс дәрігері әнші болсам деп, әнші – саясаткер, саясаткер – жазушы, жазушы – ауыл адамы болсам деп ойлап жүрген болар. Тіпті таңдап алған мамандығына сай қызмет атқарып жүрген адамның өзін кездестіргенімде, бәрібір оның жаны бір нәрселер үшін қобалжулы екенін көрдім. Өз-өзімен толық келісімде өмір сүрген адам жоқ шығар, сірә...

Сүйікті әйелі бар, арманындағы карьераға жеткен, достары қызғана қарайтын еркіндікке, сапарға шыға алар мүмкіндікке ие, құрмет пен құттықтаулардан кенде емес адамның өзі сол орнында тоқтап қалса, өмірдің мағынасы болмайды.

Бойымды еркін ұстап, Париж секілді ерекше әсем қалаларда қыдырып жүрсем де, «мен қалағанымның бәріне жеттім» деп айта алуым мүмкін, бірақ «қалған өмірді пайдаланып қалайын» деп айта алмаймын.

Барлық адам да солай ойласа керек. Мына өтіп бара жатқан әсем киінген әйел өз күндерін сырғып бара жатқан уақытты тоқтатып қою уайымымен, салмағын күніге өлшеумен өткізіп жүр. Өйткені махаббаты соған байланысты деп санайды. Айналаға қараңыз, барлық адам бұл әлемдегі кездейсоқ саналатын қасіреттерден қалай қорғану уайымында.

Атақтылар туралы жалтырақ журналдардағы олардың күліп түскен суреттері шын мәнінде бір ғана сәттік, суретке түсер сәтіндегі жасанды күлкі мен шаттық қана, түнде не таңертең оның көңіл күйі тіптен басқа болған. Бай болып көрінуге ұмтылып жүргендердің көбі барлығы жеткілікті болуға ақшасы жетіңкіремей жүргенін жасырып жүр. Біз неге бір-бірімізді жек көре тұрып күлімсірей қараймыз? Біз неге бақытсыз бола тұра, журнал бетіндегі суретте бақытты болып көрінгіміз келеді, сөйтіп, бақытымызды сатамыз? Онда біз даңқтың құлы болғанымыз ба?

...Мен барлық уақытта бақытсызбын деп айта алмаймын. Мен де ойнап-күлемін, сені сүйемін, жұмысымды жақсы көремін. Бірақ бір уақыттары өзімдегі терең мұңды сеземін, кейде ол айыпты сезінумен немесе қорқынышпен араласа келеді, уақыт өте келе ол өтіп кетеді, бірақ ол қайта келіп, қайта өтіп кетіп тұру үшін сөйтетін сияқты.

...Бостандық деген не? Еріңнің сенің не істеп жүргеніңмен ісі болмауы ма? Я болмаса сен өміріңді бағыштаған адамың жұмысына беріліп, карьера қуып, саған онымен ой бөлісуге мүмкіндігі болмағандықтан өзіңді жалғыз қалғандай сезіну ме?

90