Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика ekolog.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
418.3 Кб
Скачать

2.3 Гидротехникалық құрылыс

Гидротехникалық құрылыстар су қауымдастықтарына елеулі әсер етеді:

  • гидробионттар түрлерін арналар бойынша қоныстандыру (мысалы, Суэцк каналының ашылуы Жерорта теңізінде Қызыл теңізден бірқатар гидробионттар түрлерінің пайда болуына әкелді);

  • гидроэлектрстанциялар бөгеттерінің уылдырық шашу жолдарын жауып, балық қорларының өсуіне теріс әсер етуі. Бөгеттермен жасалатын су қоймалары да бұрынғы уылдырықтамаларды су басып кетіп, балық қорларын жиі бүлдіреді. Су қоймаларының су режимінің тұрақсыздығы су күрт ығысқанда уылдырықтамалардың кеуіп қалуының себебі болады;

  • ГРЭС су қоймаларының су деңгейінің тұрақсыздығы су маңындағы сүт қоректілерге және жағалаулар мен су қоймаларының таяз аймақтарында қоныстанған құстарға теріс әсер етеді;

  • балық суландыру жүйелеріне түскенде оның жойылуы. Сонымен бірге олардың 90%-ы онда түнде түседі, себебі балықтарда ағу бағытына және жылдамдығына реакция болмайды. Сондықтан су жинау уақытын ұтымды реттеу немесе суландыру жүйесіне кіре берісте «жарықтан қорғауды» ұйымдастыру керек.

2.4 Ландшафттардың өзгеруі

Қазіргі жағдайларда ландшафттардың антропогенді өзгеруі түрлік құрамына, құрылымына, экожүйелердегі экологиялық байланыстарға әсер ететін аса күшті және тұрақты факторды білдіреді.

Ландшафттар өзгеруінің экожүйелерге әсерінің келесі басты бағыттары туралы айтуға болады:

  • антропогенді өзгерістер түрлік құрамның және экожүйеде биоценоздық байланыстардың нашарлауына әкеледі; ол жүйелердің сыртқы факторларға да, жүйе ішіндегі өзара байланыстардың динамикалық тепе-теңдігінің бұзылуына да (мысалы, ауыл шаруашылығында дара дақылды енгізу) тұрақтылығының төмендеуімен байланысты;

  • адамның қызметімен байланысты мозаикалылық элементтерін ландшафттың бастапқы типіне енгізу биологиялық алуан түрлілікті ұлғайтады және биоценоздағы байланыстарды күрделілендіреді; бұл мұндай типті антропогенді биоценоздардың тұрақтылығын арттырады (мысалы, Оңтүстік Африкада (Окванго, Ботсвана өз. атырауы) антропогенді жүктемесі әр түрлі аудандарда құстарды зерттеу), түрлердің аса көп санының табиғи биотиптерден адам қызметімен қатты бұзылған биотиптерге ауысатын жерлерде байқалатынын көрсетті (адамның бастапқы ландшафтқа қандай да бір алуан түрлілік, мозаикалылық енгізуі байқалады);

  • антропогенді ландшафттардың ылғи да табиғи ерекшеліктерге тән ерекшеліктері болады. Бұл белгілі өмірлік нысандар үшін олардың жарамдылығын және тіпті тартымдылығын анықтайды. Ол биотикалық антропогенді экожүйелердің қалыптасуына негізделген.

Экожүйелерді антропогенді ықшамдаудың жағымсыз салдарын жеңу жолы – алуан түрлілікті қалыптастыру. Мысалы, орманның дара дақылдарын жасағанда күрделі шеті арнайы конструкцияланады, олар зиянкестердің лап етуі мүмкіндігін шектейтін құстар мен жәндіктердің тұрақты кешенін құру үшін жағдайлар жасайды.

Ашық ландшафттарда (дала, отырғызу дақылдарының ауқымды кеңістіктері және т.с.с.) биоценотикалық алуан түрлілік орман жолақтарын, бұтадан жасалған қоршауларды, меже учаскелерін және т.с.с. конструкциялаумен құрылады.