Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология / Топтағы әлеуметтік-психологиялық феномендер.pptx
Скачиваний:
4
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
238.72 Кб
Скачать

15 тақырып. Топтағы әлеуметтік- психологиялық

феномендер

Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт

Инф21к

Адам

• Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі , ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі ,білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады.Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді.Мәселен,жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені ,онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе,білім, іс-әрекет т.б. жоқ

Жеке адам

Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан,сезімінен ,талғам , мұратынан, бағытынан ,қабілет, қызығуынан жақсы байқалады .Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі.Ол әлеуметтік ортада ғана қалыптасады.К.Маркстың айтуынша , жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың

жиынтығы» .

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адмның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Қарым-қатынас тек бір ғана салада емес, керісінше жан- жақты зерттелген

А.А.Леонтьов қарым-қатынасқа “адамның кез-келген іс- әрекетінің алғы шарты” ретінде қарайды (14). Сонымен қатар оның бұндай позициясына басқа да авторлар қосылады: В.Н. Панферов “кез-келген іс-әрекет қарым- қатынассыз жүзеге аспайды” деп атап өткен.

Ал, Л.С.Выготский мен Л.Н. Анцыферова 30-шы жылдардағы қарым-қатынасқа байланысты; “қарым- қатынас адамзат іс-әрекетінің ең бірінші түрі” деген тұжырым жасаған (6).

Б.Д. Парыгин “қарым-қатынас – тұлғаның өмір сүруі мен әлеуметтенудегі қажетті алғы шарты” деген (19).

М.С. Каган қарым-қатынасты “субъектінің практикалық белсенділігін айқындайтын іс-әрекеттің каммуникативті түрі” деген тұрғыдан қарастырады