Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
51.2 Кб
Скачать

6-нұсқа

1. Зат есімді көрсетіңіз

A) жылдам

B) жыл

C) жетеу

D) жасқаншақ

E) мақтаншақ

2. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз

А) ерін, бас, көз

B) таулы, сусыз, қысқы

C) азаматпыз, оқушымын, баласың

D) он, жиырма, отыз

E) инженерлік, әдемі, кітап

3. Септеулік шылауды көрсетіңіз

А) оқып шық

B) сапардан соң

С) айтылған сөз

D) көршінің қызы

Е) қызық кітап

4. Жалпылау есімдіктерін көрсетіңіз

А) әлдекім, әлдене

B) бәрі, бүкіл

С) қалай, қанша

D) өзің, өз

Е) кім, не

5. Қалау райлы етістікті табыңыз

А) жүдеп қалыпты

В) еңбек етсем

С) айтқысы келген

D) тынығыңыз

Е) амандасайын

6. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

A) кішкентай

B) демократиялық, құқықтық, зайырлы

C) бүкілхалықтық

D) қонақжай, бауырмал

E) монархиялы

7. Өздік етісті табыңыз

А) көрді.

В) таранды.

С) сағындырды.

D) айтысты.

Е) суарылды.

8. Көсемше жұрнақтарын табыңыз

А) -ған, -ген, -қан, -кен

В) -а, -ып, ғалы, -й.

С) -атын, -етін, -р.

D) -е, -іп, -ар, -ер.

Е) -с, -атын, -гелі, -п.

9. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз

А) Біз үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз.

В) Ақ бесті қара қасқадан қашып шықты.

С) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім.

D) Ауылдың маңы – терең сай.

Е) Сұрап отырғаны – осы.

10. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз

A)Аспанды жапқан тұтас бұлт сиреп, аратұра жұлдыздар көріне бастады.

B)Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.

C)Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.

D)Мен қорықпаймын, қорықпайтыным әжем кеше сұрап алған.

E) Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.

11. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді табыңыз

A) А- лыс-тан

B) Ба-сп-а-сөзд-ен

C) Ша-ппа-шот

D) Ал-ыс-тан

E) Нег-а-тив

12. Ілік септікте тұрған сөздерді көрсетіңіз

A) жазушы, сіз, ағаш

B) жазушыға, сізге, ағашқа

C) жазушының, сіздің, ағаштың

D) жазушымен, сізбен, ағашпен

E) жазушыда, сізде, ағашта

13. Жатыс септігінің сұрақтарын тап

A)кім?не?

B)кімнің?ненің?

C)кімге?неге?

D)кімде?неде?

E)кіммен?немен?

14. Көптік жалғауын көрсетіңіз

A) мекеме

B) тілінің

C) іссапар

D) дүниелерін

E) салтанатты

15. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз

А) әрине, шынында

B) әлдекім, біреу

С) кенеттен, төтенше

D) кіммен, не

Е) кейбір, мүмкін

16. Мезгіл үстеудің сұрақтарын табыңыз

А) кімнен? неден? қайдан?

В) қашан? қашаннан бері? қашанға дейін?

С) кімге? неге? кімде? неде?

D) қайда? қайдан?

Е) кім? не? кімдер? нелер?

17. Есептік сан есімдерді табыңыз

А) қала, күн, түн

B) мен, сен, ол

C) бес, отыз, қырық

D) ақ, қара, көк

E) бүгін, ертең, кеше

18. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді көрсетіңіз

А) қала

В) торғай

С) ұшқыш

D) билік

E) қағаз

19. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз

A) Күн қандай тамаша

B) Көктем туды, бірақ жерде қалың қар жатыр

C) Сен әжеңе көмектес

D) Демалыс күні серуенге шығамыз

E) Ертең С. Сейфуллиннің театрына барайық

20. Қатыстық сын есім қандай мағына береді?

А) мезгіл, мекен, меншікті білдіреді

B) сапаны білдірді

C) түрін, түсін білдіреді

D) дәмін, көлемін білдіреді

E) атын білдіреді

21. Жыл мезгілдерін көрсетіңіз

A) Кеш, күндіз, түнде

B) қыркүйек, қазан, сәуір

C) күз, көктем, қыс

D) таңертең, кеше, бүгін

E) қыс, жазғытұры, ертең

22. Септеулік шылауды көрсетіңіз

А) оқып шық

B) сапардан соң

С) айтылған сөз

D) көршінің қызы

Е) қызық кітап

23. Қай етістік қалау рай жасауға қатысады?

А) жүр

В) жатыр

С) де

D) кел

Е) ет

24. Болымсыз етістікті табыңыз

A) келме

B) ойна

C) келді

D) отыр

E) жаздыр

25. Топтау сан есімдерінің сөйлемде атқаратын қызметін белгілеңіз

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) толықтауыш

D) пысықтауыш

E) анықтауыш

26. Көсемшелі тіркесті табыңыз

А) жақсы бала

В) жазылған кітап

С) айтып берді

D) жала жапты

Е) жақсы жазыпсың

27. Пысықтауышты табыңыз

А) Сен анаңды сыйла.

В) Тамаша ойын болды.

С) Мен үйімді саттым.

D) Туыстарым ауылда тұрады.

Е) Мен келдім.

28. «Тайға таңба басқандай» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз

A) анық

B) ашық

C) белгілі

D) уақытында

E) жылдам

29. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді көрсетіңіз

А) Кешеден тосып жүр.

В) Ол бүгін келді.

С) Ол балаша күлді.

Д) Мен елімнің ертеңімін.

Е) Мен ертең келемін.

30. Лепті сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) тырнақша

C) леп белгісі

D) үтір

E) нүкте

Соседние файлы в папке Тест по вариантам готовый