Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перечень спец МПФ 2014-2015 К.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
103.94 Кб
Скачать

5В010300 – педагогика және психология

Академиялық дәрежесі: 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы білім бакалавры

Кіру емтихандары: математика, қазақ (орыс) тілі, биология, Қазақстан тарихы.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру мекемелерінде оқу – тәрбиелік үрдісін жобалау, тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен тұлғалық мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу; білімгерлердің жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, түзету және дамыту бағдарламаларын жасау болып табылады.

Кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері (шағын – орталықтар, бала – бақшалар), жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, лицей - мектептері, гимназия - мектептері, шағын комплектілі мектептер, санатория мектептері, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар), бастапқы кәсіби білім беру мекемелері (лицейлер), орта кәсіби білім беру мекемелері (колледж, училищелер).

Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық - технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру);

- өндірістік және басқару («субъект-субъектінің» өзара әрекеті);

  • жобалау (жалпы білім беретін орта мектептегі білім беруді моделдеу);

  • ғылыми-зерттеу (түрлі ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми - зерттеу жобаларын модельдеу және жүзеге асыру, ұйымдастыру);

  • білім беру (психология және педагогиканы оқыту, мамандарды дайындау және қайта дайындау).

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған психологиялық-педагогикалык іс-әрекет:

  • психология, педагогика ғылымындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталган ғылыми-зерттеу іс-әрекет;

  • тәрбиеленушілердің психология-педагогикалық диагностикасы;

  • педагогикалық ұжым мен ата-аналарды тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен жеке тұлғалық мәселелеріне бағыттау мақсатында жургізілген зерттеу жұмысының деректері бойынша психология-педагогикалық қорытынды жасау.

  • дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;

- педагогика және психологиядан алған теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша тәрбиешілерге, педагогтарга кеңес беру;

- 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуға көшуге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;

- ата – аналарға психология – педагогикалық кеңес беру

5В050300 – психология

Академиялық дәрежесі: 5В050300 «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік білім беру бакалавры

Кіру емтихандары: математика, қазақ (орыс) тілі, биология, Қазақстан тарихы.

Кәсіби қызмет саласы:

- психологтің кәсіби-психологиялық саласындағы қызметін іске асыру:

- адамның факторын зерттеу бағдарламасын психологиялық қамптамасыз ету (ғылыми-зерттеу;

- адамдардың қаржыларымен және кадрларды жинақтау психологиялық басқару жүргізу, кәсіби-бағдары және кәсіби таңдауы,өндірістік қызметі;

- психологиялық оқыту және тәрбиемен оқыту үрдісін жүргізу (білім беру);

- спорт кәсіпорындарында психологиялық саласындағы қызметін іске асыру;

- психологиялық түзету және психологиялық алдын алу (денсаулық сақтау);

  • ізденіс-оперативті саласында психологиялық жүргізу, су өнім саласында, пеницитарлық саласында және құқығын алдын алу (құқық қорғау).

Кәсіби қызметтің нысана: мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мекемелер, лицейлер, гимназиялар, арнайы мамандандырылған білім беру және тәрбие мекемесі, училищелер, колледж және техникумдар, ғылыми – зерттеу институттары және зерттеу орталықтары; спорттық және шығармашылық мекемелер; денсаулық сақтау мекемелері, кәсіби бағдарлау орталығы, қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер; еңбекпен қамтамасыздандыру және қоғамдық пікірлерді зерттеу және саяси технология орталығы, педагогикалық тұрғыдан тәртіп бұзған балалар мен жасөспірімдерді түзету және әлеуметтік бейімдеу; өндірістік және бизнес мекемелері; құқық қорғау және пенитендиарлық мекемелер.

Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу;

- диагностикалық-эксперттік;

- басқару – ұйымдастырушылық;

- білім беру;

- кеңес берушілік.

Кәсіби қызмет мазмұны:

- ғылыми - зерттеу қызмет саласы, меодологиялық және әдістемелік бағалау поцедурасының, психологиялық ғылымның әртүрлі аймақта эмпирикалық зерттеу нәтижесіне бағытталған жоспарлары мен жобалар;

- эксперттік – диагностикалық бағалау поцедурасының тәжірибеде кәсіби таңдау диагностикасын құрастырған, кәсіби-бағдары және кадрлар аттестациясы, клиникалы, тәжірибеде, аномальды дамуының психологиялық түзетуі және ауытқушы мінез-құлқы;

- ұйымдастырушылық - басқару, әртүрлі кәсіпоындарында психологиялық қызмет саласын ұйымдастыруын және ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасы үйлесу және еңбек өнімділігін психологиялық қорын тиімді пайдаланып көтеру;

- білім беру, әртүрлі білім беру мекемелерде психологиялық қызмет саласын ұйымдастыруын, ғылыми-психологиялық оқу үрдістерін оқу және оқыту, адамның тұлға ретінде өсу және әлеуметтік дамуы өзін-өзі тәрбиелеу және тәрбие;

- кеңесші, психологиялық кеңесшілерге әртүрлі әдістерді қолдану және кризисты жағдайда адамдарға психологиялық көмек көрсетуіне бағытталған.