Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикум. толы.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
135.69 Кб
Скачать
  1. 2. Бақ-тың негізгі өнімі не?

  2. 3. Журналистің қоғамдағы орны.

  3. Журналистиканың қоғамдағы қызметі.

  4. Синхрон туралы не білесіз?

  5. Хабар жанрына қойылатын талаптар.

  6. Ақпараттық жанрлар және оның жіктелуі.

  7. БАҚ –тың міндеттері.

  8. «Егемен Қазақстан» газеті жайында баяндау.

  1. Танымдық очерк қандай мақсатта жазылады?

Танымдық очерк. Шағы эпостық әңгімеге жақын тұрған көркем деректі жанрдың бір түрі – очерк. Көлемі шағын, үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі. Адам өмірінің сәттерін нәрлі тілмен суреттеп көрсету. Очерктегі көтерілген мәселеге өмірде болған оқиғаның негізінде кейіпкері де өмірде болған. очерк – шын оқиғаны қысқаша суреттейтін, көлемі шағын, әдеби көркем шығарма. Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының қалыптаса бастауы Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин шығармашылықтарымен тікелей байланысты. Олар көркем очерк саласында өшпес мұра қалдыра білді. Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әртүрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс

Очерк тәрізді аралық жанрдың бірі – фельетон француз сөзі парақ дегенді білдіреді. Ол өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады «Жауынгер» жанр шағын көлемді көркем тілді, сын-сықаққа бай әдеби шығарма. Саяси фельетондар памфлет деп аталады. Көптеген зерттеушілер бұл жанрдың түрі күні өткендіктен қолданылмайды дейді, бұл әсіресе ТВ памфлетке қатысты айтылған.

  1. Газет жанрларын атап біреуіне анықтама бер

1.Газет жанрлары 2. Ақпараттық жанрлар 3. Заметка 4. репортаж 5. есеп жанры 6. Публицистика жанрлар

Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды. Әдебиетіміздің өнімді де өркенді бір саласы – сатираның да өз объектісі, өз міндеті, атқарар өзіндік рөлі, соны жүзеге асыруда қолданар құралдары болады. Осыдан келіп оның әр қилы жанрлары туындайды. Газеттегі репортаж жанры.

Барлық жағдай репортаж арқылы көрсетіле бермейді.сюжетті таңдаудың критерийлері мен оның өзектілігі,қоғамдағы маңыздылығы.репортердің әңгімесі оқырман алдында шындықтың жаңашыл жақтарын,оның өзгеру процесстерін айқындау керек. Репортердің міндеті мен репортаждың өзегі сюжеттің басқа да маңызды жақтарын ашады. Соған сәйкес оқырман болған

Алғашқы уақыттарда ағылшын парламентінің мәжілістері туралы берілген хабарларды репортаж деп атаған. Ондай репортаждардың авторлары - мәжіліске қатысқан баспасөз өкілдері - репортёрлер болған. Репортажға тән нәрселер: репортёр болған оқиғаның басы-қасында, оны бақылаушы болады. Ол сол оқиғаны болған қалпында суреттеп жазады, оны өз әсерлерімен, өз пікірлерімен толықтырады. Кез келген уақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның өзегінде елеулі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар жатуға тиіс.

Заметка дегеніміз – ең шағын және оперативті жанр Репортаж латынның «rераrtоrе» деген сөзі - хабарлау, баянlау деген мағына береді.

2 Газет есебі - съездер, конференциялар, мәжілістер мен кеңестер туралы мерзімді баспасөзде жиі жазылатын хабар жанрларының бір түрі.

  1. Бақтың 3 функцисы?

  1. Портреттік очерк газетте көп қолданылатын жанр?

Портреттік очерк. Мұнда озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың мінез-құлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері, соларды қалыптастырудағы қоғамның, ортаның ықпал-әсері ашылады. Портреттік очерк кейде бір жеке шаруашылықтың, өнеркәсіп ұжымының еңбегін керсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арналады. Сондықтанда газетте көп қолданылады.

  1. Сюжеттегі синхронның рөлі қандай?

  2. «Солтүстік Қазақстан» газеті туралы баяндау.

_«СҚО әкімдігінің СҚО ішкі саясат басқармасының «Қызылжар-Ақпарат» КМК.«Солтүстік Қазақстан» газеті мемлекеттік тілде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ресми басылымы болып табылады. Газет А3 форматымен 12 жолдағы 6 баспатабақ көлемінде, аптасына 3 мәрте басылады (сейсенбі, бейсенбі, сенбі). Газет таралымы 10500 дана.Негізгі айдарлар - «Ел жаңалықтары», «Президент Жолдауы: ерге міндет, елге бағдар», «Облыстық әкімдікте», «Әкім - әлеумет алдында», «Әкімдер есебі: нәтижесі қандай?», «Облыстық мәслихатта», «Кең-байтақ Отанымызда», «Стратегия-2030», «Жол картасы», «Инноваци ялық жобалар», «Әлеуметтік қорғау», «Ауыз су» бағдарламасы», «Қызылжарда не жаңалық?», «Әлеуметтік әріптестік», «Деректер мен дәйектер», «Өнеркәсіп», «Өнім сапасы - өзекті мәселе», «Агроөнеркәсіп кешені», «Ауыл шаруашылығы», «Ахуалың қалай, ауыл?», «Кәсіпкерлік», «Өнеркәсіп», «Қаржы нарығы», «Тіл тағдары - ел тағдыры», «Мемлекеттік тілді дамыту», «Күн-айғақ», «Құрылыс» және т.б.2007 жылдан бастап білім саласының қызметкерлеріне «Тағылым» қосымшасы, әйелдер мен қыз балаларға арналған «Ұлпан» қосымшасы, студенттер мен жастарға арналған «Ақ семсер» қосымшасы, аптасына 1 рет «Мағжан» әдеби беті шығады

  1. Проблемалық очерк. Оның очерктің басқа түрлерінен айырмашылығы қандай?

  2. Насихаттық мақала дегеніміз не?Мысал келтір.

Насихаттык макала

Мақала 4 түрге бөлінеді:

Бас Мақала 

Проблемалық Мақала

Насихаттық Мақала

Публицистикалық Мақала

Оның ішінде Насихаттық Мақала ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады;

  1. Мақала - ең көп қолданылатын, әрі күрделі газет жанрының бірі. Оның ерекшеліктері?

Алдымен сұраққа нақты жауапты айтпас бұрын мақала жанрына сипаттама беріп өтейін.

Мақаланың негізінде не жатады? Дерек пен жекелеген оқиға жатады, олар кең ауқымды құбылыс ретінде қарастырылады. Нақты деректер, оның тууына негіз болған құбылыстармен байланысқа түседі. Мақалада деректер автордың ойын жеткізу күралы ретінде қолданылады. Автордың көзқарасы, оның түйіндері кең ауқымды орынға ие және нақты дерекке негізделген жалпылама жинағы құрайды.

Мақаланың ерекшелігі оның бір ғана нақты ойды дамыта түсуінде жатыр. Логикалық ой мен дәлелдердің мақсаттылығы, сөйлемдер мен түйіндердің нақтылығы басты назарда болады. Мақаланың мәні ассоциация мен түйіндерден құрылатын автордың ойында жатыр. Сатылай келе тезистердің көмегімен автор оқырманды өзекті мәселеге жақындата түседі. Содан кейін өзінің дэлелдерінің логикалық тізбегін келтіріп, автор оқырманды өз ойының дұрыстығына иландыруға тырысады. Алайда, автор тек қана дәлелдердің логикасына ғана мән беріп қоймайды. Ол эмоциональды әсердің құралын пайдаланады. Журналистика теориясында мақала жанрының бірнеше анықтамасы бар. Зерттеушілердің бірі Н.М.Хлынов: «Мақала ғылыми ақпарат, бас идеялардың насихатшысы мен оқиғаны зерттеудің негізгі үлгісі. Теориялық және практикалық негіз, түйін, басқа жанрларға қарағанда оның мақсаттылыгы мақала жанрында түсініктілігімен, тілдің эсерлілігімен, стильдің көркемдігімен үндесіп жатады»,-дейді. Д.Г.Бекасов: «Мақала - публицистикалық жанр. Ол нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтиды»,-дейді. Мақала - публицистикалық зерттеудің пішіні. Сонымен қатар, зерттеушілер мақаланың түрлерін де әр қырынан қарастырған. Н.М.Хлынов мақалаларды: насихаттық, проблемалық, сахналық, жалпылама, сыни, ақпараттық, публицистикалық (публицистикалық комментарий, публицист заметкасы)деп бөлсе, В.Д.Пельт мақаланы мынадай түрлерге бөледі: насихаттық, проблемалық немесе сыни, публицистикалық, ақпараттық. А.А.Тертычный мақаланың тұрақты пішіндеріне тоқтала отырып, былай жіктейдІ:

Жалпы зерттеу мақаласы.

Тәжірибелік-сараптамалық мақала.

Полемикалық мақала.

Қазіргі газеттің басқа жанрлары сияқты мақала да ұздіксіз дамьш, жетіліп отырады. Газет публицистикасындағы мақалаға уақыт көп өзгеріс әкеліп, жаңа түр берген. Мақала сол түрленушіліктен кенде емес.

Газет публицистикасында мақалалардын мынадай түрлерін байқауға болады:

Ақпараттық мақала.

Проблемалық-сараптамалық мақала.

Теориялық мақала.

Публицистикалық мақала.

Мақаланың бүл түрлері зерттеушілердің бұрын да атап кеткен үлгісі екені рас. Бүл бұрын болған мақала түрлерінің уақыт өте жоғалып кетеді деген ойды білдірмейді. 1980 жылдардың екінші жартысында болған қайта құру кезеңінде газет беттерінен бас мақала жанры мүлдем түсіп қалды. Бас мақаланың орнына газет беттерінен «Публицист заметкасы», «Публицист комментарийі» сияқты айдарлар көріне бастады. Алайда, жанрдың бас мақала түрі жоғалғанымен, оның газеттен біржола кеткендігінің көрінісі емес. Яғни, бірнеше жылдар өтісімен бұл түрдің мерзімді басылым беттеріне қайта оралуы ықтимал. Сонымен, мақала өмірді зерттеудің публицистикалық үлгісінің бір пішіні. Ол журналистен нақты шеберлікті, соның ішінде зерттеу, қорыту, түйіндеу, авторлық ойдың дұрыстығын дэлелдеу сияқты қасиеттерді талап етеді. Сонымен қатар, автор мақаланың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін жетік біліп, оның композициялық құрылымын шебер қолдануды меңгеруі керек.

Мақала сараптамалық жанрдың ең күрделі түрі. Қазіргі таңда ол сапалы мерзімді басылымдардың бетінен түспейтін құндылыққа айналған жанр. Нөмірдің «шегесі» де мақала болып есептеледі. Қорыта айтқанда, мақалада қоғамның маңызды, қиын мәселелерін зерттеп, қарастырып, оның шешімін табу жолына бағыттау жагы басым түсіп жатады.

Баспасөз мақаласы

Мақала - публицистика жанрының бір түрі. Публицистиканың бұл  түрінде  әлеуметтің  ең  маңызды,  мәнді  тақырыбы,  мазмұны толық, жан-жақты терең зерттелген, барлық құбылыстардың, іс-оқиғалардьщ талдауы, деректерге негізделіп жазылуы керек. Сондай-ақ, мақалада оқиғалар мен деректердің дұрыс құрылған бірегей талдауы негізінде автордың өзіңдік көзқарасы, пікірі көрінеді. Мақалада айтылған жағдайға байланысты ашылған дәлелге негізделген, оньщ мәтіні ережеге сәйкес кіріспе және қорытынды бөлімнен, шешімі мен ұсыныстан тұратын анық логикалық байланысқа құрылған мэліметтер негізінде жазылуы тиіс. Мақала -публицистика жанрының ең күрделі түрі.

Баспасөздегі мақала - оның бағытын айқындайтын публицистика жанрларының маңызды түрі. Мақала автор, редактор, баспагердің көзқарасын айқындайтын жанр. Мақаланың мақсаты корреспонден-циядағыдай емес, оған көзқарастардың ауқымдылығы мен жалпылау тән.

Мақаламен жұмыс. Журналистің мақаламен жұмысы - кезеңдер қатарынан құралған ұзақ еңбек. Мақаланың атын таңдау қоғамның қажеттілігі мен ағымдағы саяси-элеуметтік конъюнктурасымен себептеледі. Материалды жинақгау үнемі жүргізіледі.

Атақты публицистер өмір бойы жазбалар мен бақылауларын жазып отырған. Мақаланың сәттілігі автордың тақырыпқа қызығушылыгымен, логикалық ойлау мен сараптауға қабілеттілігімен, материалдарды мұқият зерттеуімен жэне білімінің кеңдігімен (эрине баяндау шеберлігімен қатар) сипатталады.

Мақаламен жұмыс істеу тэжірибесінде зерттеудің басқа да тәсілдері бар. Ақпарат жинауға, құжаттарды зерттеуге, сауалдар мен басқа дайындық кезеңінің элементтеріне ерекше тоқталған жөн. Жұмыстың әрбір кезеңіндегі және мәтін жазу алдында жағдайдың сипаттамасы маңызды болып келеді.

Жалпы мақаламен бүкіл жұмыс төрт негізгі кезеңге бөлінеді:

-   Тақырып   таңдау.   Журналистің   жеке   қызығушылығы   мен

элеуметтік қажеттіліктен туындайды.

Материал жинау. Бұл детализация мен жеке зерттеуді талап ететін айтарлықтай ұзақ үрдіс.

Әдеби өңдеу: мәтіннің жазылуы мен алдын-ала редакциялануы. Редакцияның талаптарын ескеріп, белгілі бір оқырман аудиториясына бағытталуы қажет.

Мәтіннің безендірілуі: соңғы редакциялану, жинау, түзету, қажет болса иллюстрацияларды қоса беру.

Өзекті мәселе қоғамда көп кездеседі. Журналист оған қоғамның назарын бірінші болып аударуы мүмкін, немесе мәселенің қоршаған шындықпен ешкім сезіктенбеген байланысын табу, немесе оны шешу жолдарын ұсынуы да ықтимал. Кез-келген әлеуметтік маңызы бар мәселе журналистиканың бөлігі болып табылады.

Қоғамдық мәселе журналистік зерттеуге дейін «өз ішінде» деген екі ұғымды қалыптастырады. Ол ақиқат арқылы өмір сүреді, бірақ ішінде не жатқаны мен сыртқы ортамен байланысы - ешкімге белгісіз. Осыны ашу - журналистің міндеті. Қоғамның өзекті мәселесін зерттеу үрдісі төмендегідей бөліктерден тұрады:

1. Дерек пен құбылысты белгілеу.

2.Маңызды мәселені тұжырымдау.

З.Материалды зерттеу.

4. Мәселенің жағдайы, даму барысымен жете танысу.

5.3ерттеу барысында кездесетін кедергілерді білу.

6. Мәселенің біржолата шешілуі.

7.Қорытынды тұжырымның өзекті мәселесі және оны шешудің жолдарының көрсетілуі.

Әрине, бұл қатып қалған қағида емес. Әрбір нақты жагдайда оған түзету енгізуге болады. Алайда болашақ журналист осы қағидаттармен жұмыс істей білуі тиіс.

Мақала - бұл өмірлік-маңызы бар құбылыстар туралы жазылған материал. Деректер мақалада негізгі рөл атқарады. Мақалада мәселе және құбылыс маңызды. Онда аргументация, эрекеттердің мотивациясы толығымен қолданылады, барлық мәтін түрлері пайдаланылады: баяндау, суреттеу және ой қосу да орын алады. Мақаланы шартты түрде былай бөлуге болады:

Үздік - бұған дәйектілік негіз болады.

Үгіттеу - мұнда үгіттеу маңызды әдіс болып табылады.

Таза ғылыми және ғылыми-танымдық мақала.

Проблемалық мақала - автордан мәселені жан-жақты, терең зерделеуді, бастамашылдықты, батылдықты талап етеді.

В.В. Ворошилов: «Мақаланың ерекше түріне әртүрлі оқиғаларға жедел үн қосып, оларға түсінік беруге және бағалауға мүмкіндік беретін публицистикалық түсініктемені жатқызуға болады»,-дейді.

Мақала авторының алдында мынадай міндеттер тұрады:

2.Мақаланың өзектілігі мен маңыздылығына мән беру, тақырьштың мағынасын ашу.

З.Қоғамдық мәселеленің шешілу жолдарын көрсету, талдау жасау.

4. Жалған ақпарат беруден, жала жабудан аулақ болу.

Мақаланың белгілері:

І.Әртүрлі құбылыстардың бір-бірімен өзара байланысы.

2.Салыстыру, бағалау, түсіндірме, толықтырулар мен болжамдардың,  яғни талдамалы-жинақтау әдістерінің қолданылуы.

3. Коммуникативтік кұралдардың қолданылуы.

      4.Болған оқиғаиың кешегісі мен бүгінін салыстырмалы түрде байланыстыру.

      5.Мақаланың қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге құрылуы.

Обьектінің мақалада көрінуінің бірінші кезеңі - онымен танысу. Бұл жағдайда берілген мәліметтердің топтамасы мен типология әдістері қолданылады.

Түсіндірменің екінші кезеңі - түсіндіру, яғни себеп-салдарлық байланыстарды көрсету.

Түсіндірменің үшінші кезеңі - болжам жасау. Мұнда сарапшы бағалауларының әдісі, экстраполяция әдісі, сценарий әдісі қолданылады

Түсіндірменің төртінші кезеңі - баға. Тікелей авторлық баға, сарапшы бағалауының әдістері қолданылады.

Түсіндірменің бесінші кезеңі - қалыптасқан шарттар негізінде журналистің ұсынған іс-әрекетер бағдарламасы. Белгілі бір құндылықтарға ие бола отырып, өз мақсатына қалай жетуге болады, немесе мақсатқа жету үшін қандай құндылықтарды пайдаланған жөн.

Мақаланың композициясы автордың зерттеу әдісінің қандай түрін таңдап алатынына байланысты.

Стилистикалық ерекшеліктеріне келсек, мақаланы екі үлкен топқа бөлуге болады.

Ғылыми стильге бейімделген мақала. Бұл сипаттағы мақалалар тілінің нақтылығымен, терминдердің молдығымен, автордың ойлау тереңдігінің логикалық сипатын айқындайтын және ақпаратты «қосуға» мүмкіндігі молдығымен ерекшеленеді.

Еркін көсілуге болатын мақала. Мұндай мақалаларда авторлық «мені» белсенді жұмыс істейді, көркемдік бейнелеуіш құралдар, троп түрлері, ауызекі сөйлеу лексикасы еркін қолданылады. Жай сөйлемдер мен жалғаулықсыз байланыстар саны едәуір ұлғаяды

  1. Дәлел және дәйек?

Дәлел - тұлғаның әрекетінің, өзін-өзі ұстауының мазмұнын, бағытын және сипатын анықтайтын тұрақты себептердің, түрткі болатын жайттардың барлық жиынтығы. [1]

Дәлелдеме

Дәлелдеме - адамның саналы түрде өзінің әрекеттерінің себебін түсіндірулері. Дәлелдеме шынайы себеп пен, әсіресе, адамның жағымсыз қылық жасап, бірақ коршаған ортаның сыйласымдылығын жоғалтқысы келмегенде, жанаса бермеуі мүмкін. Пайымдау мен дәлелдің ақиқат екендігін дәлелдеу үшін келтіріледі. Дәлелдеменің негізі ретінде қызмет ететін аргументтердің(логикалық дәлелдер) жиынтығы

Дәйек (цитата ) – баспасөз материалдарында, ғылыми еңбектерде, кітаптар мен түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде, кітаптар мен түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтірілетін, белгілі бір мәселе жөнінде айтылған немесе жазылған ой-тұжырымдардан сөзбен сөз алынған үзінділер.Мұндай үзінділер кез келген жерден алына бермейді және оның өзінің қажеттілігін көрсететіндей мән-маңызы болуы керек.

Мәселен, бір еңбектің ішінде басқа біреудің пікірінің дұрыс-бұрыстығын дәлелдеп көрсету үшін ең түйінді деген жерлерін сөзбе-сөз келтіру қажет болады.Әсіресе, пікір таластырып, басқа адамның ой-тұжырымының кемістігін, осал жағын көрсетпек болған жағдайда, оның сөздерін мүмкін болғанша толық, дәл келтіру абзал.Сонымен, қатар кейде өзі айтып отырған ой-пікірлерін дәлелді, нанымды етіп көрсету үшін де басқаның айтқан сөздеріне де сүйенеді.Дәйектемелер творчестволық еңбек ішінде пайданылғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс.Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек.Сонда ғана ол өз міндетін атқарады, бостан-бос алына салмаған байқалады.

Әдетте зерттеу еңбектерінде көбіне көп әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйектемелер алынып отырады.Мұның өзі егер үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға себін тигізеді.

Дәйектеме текст іщінде пайдаланылғанда тырнақшаға алынып беріледі де, міндетті түрде цитата авторының аты-жөні, еңбектің тақырыбы нақтылы көрсетіледі.

  1. «Қазақстан-Заман» газетін сипатта.

«Заман» (басылым) – бүгінгі күні Түркиядағы ең танымал әрі беделді газеттерінің бірі. 

1986 жылдан бастап жарық көре бастаған басылым бүгінде ірі түрік басылымына айналды. Оның мемлекет ішінде 400 бөлімшелері, ал шетелдерде 20-ға жуық меншікті тілшілері бар. Басылым күннен-күнге таралу ауқымын ұлғайтып, қызметкерлер саны көбейту жұмыстарын жүргізуде. Баспасөзге өзіндік бетбұрыс ала келген басылым шет елдерде де жарық көреді. Мәселен, біздің елдегі Ахмет Аляздың басқаруымен жарық көретін «Қазақстан-Заман» газеті де түрік «Заманының» қазақ тіліндегі нұсқасы. Газет беттерінде түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жаңалықтар жарық көреді. Қоғамдағы келелді мәселелердің барлығына дерлік жауап іздеуге тырысады. Басылым ақпаратты жедел, еш өзгеріссіз беруімен ерекшеленеді. «Білімге ерекше назар», «Репортаж», «Академия», «Әйелдер әлемі» сынды т.б. арнайы беттері бар.

Халықаралық «Қазақстан-Zaman» газетінің 20 жылдық тарихынан

1992 жылы жарық көрген басылымның ең алғашқы санында «Қаламгер ой толғайды» айдарымен Әбіш Кекілбайдың «Ту тұғыры берік болсын десек...» атты материалы басылып, онда жазушы ұзақ ғасырлар бойы қазақ халқы аңсап келіп, енді ғана қол жеткізген тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, ұлт шаңырағын биіктетудің мүдде-мұддағасы жайында басқаларға ой салар толғамдарын ортаға салған.

 

 1992 жылы шыққан газеттерде осы айдармен Кәкімбек Салықовтың «Экология, экономика, саясат» атты мақаласы сияқты тағы да бірнеше өзекті мәселелер қозғалған. Басылымның алғашқы жылғы сандарында негізінен Түркия мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік саладағы екіжақты қарым-қатынасты дамытып, нығайтуға айрықша көңіл бөлініп отырғаны көзге бірден шалынады. Мысалы, газеттің алғашқы санында «Дұғай сәлем!» айдарымен Ислам Жеменейдің «Аңсап жүрген ағайын бар», Халифа Алтайдың «Алладан халқыма нұр жаусын» деген мақаласынан бастап әрі қарай да «Америкадағы ағайынның ақ тілегі», Мұртаза Жүнісұлының «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», Сәбит Дүйсенбиевтің «Қолыңды соз, ағайын»,— дейді бауырлар т.б. осы сынды материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрыпты. Газеттің екінші бір тұрақты айдары — «Көп сыр бүккен көне тарихтан». Осы айдармен берілген материалдар саны да жетерлік. Мәселен, К.Назыхановтың «Жент шаһары», Қ.Салғараұлының «Бұмын қаған», Ш.Кетенің «Жетіасар — түркілердің ежелгі мекені» мақаласын, бұдан басқа «Жошы хан», «Тұран-Иран ежелден туыс елміз!», «Құпия шежіре мен түркі шежірелері жайында» сынды материалдарды соған жатқызуға болады. Жиі болмаса да ара-тұра «Қазақстанның қадірменді қонағы» (Түркия Республикасының Премьер-министрі Сүлеймен Демирелдің сапарлап келуіне орай), «Құлаққағыс жасайды», «Көршілерге көз салсақ» («Түркия мен Түркімения дәнекерлері» мақаласы), «Елдестірмек елшіден» «Депутаттар құлағына алтын сырға» т.б. осындай айдарлар да газет жүгін көтергені кәміл. 1992 жылдың ең үздік мақаласы — «Қазақстан Азия жолбарысы бола ала ма?» (Авторы — Ш.Құттаяқов).

Ал 1993 жылы газет осы үрдісті әрі жалғап, негізгі айдарлар арқылы еліміздегі ең өзекті мәселелерді көтеріп отырған. Мәселен, дәл осы жылы 15 қараша күні Қазақстанның төл валютасы — теңге айналымға енгізілген-ді. Бұл жаңалық газет назарынан тыс қалмады. Бұдан басқа ел өміріне қатысты көптеген өзекті мәселелер газет бетінен орын алды. Мысалы, С.Кәкімұлы мен Н.Ысқақтегінің «Түйткіл түйіндер, шабан шешімдер» атты ҚР Жоғарғы Кеңесі мен министрлер кабинетінің назарына жолдаған материалы, «Түркияға қазақтар қайдан келген?» (Ержан Уәйіс), «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» (Е.Уәйіс), Ислам әлемінде айдарымен «Қарт Памирде қара бұлт» (Ш.Құттаяқов), «Діни дастандар тағлымы» (Рахманқұл Бердібаев), Алаштың алтын қорынан «Ноғай», Ислам шежіресінен «Пайғамбарлар туралы хиссалар және халифалар тарихы». «Біреу білер, біреу білмес» айдарымен «Һарон халифа мен кембағал қарт», «Хорасан ата», «Алаштың алтын қорынан» «Өзбек хан», «Жәнібек хан», «Жүрекке жылы жаңалықтар» айдарымен қос елде болып жатқан ізгі жаңалықтар жайлы материалдар т.б. осы сынды толып жатқан мақалалар қос ел — Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық байланыстың нығайып, беки түсуіне, сөйтіп, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда олардың бір-біріне кірігіп, етене жақындай түсуіне зор рөл атқарды. Бұл жылдың ең үздік материалы — «Біріксең беріксің, бір-біріңе серіксің» (Әбдіқадыр Дәуітбекұлы).

1994 жылдың басты жаңалығы — осы жылы ғарыш кеңістігіне қазақтың екінші бір ұлы Талғат Мұсабаев көтерілді. Ол «Союз-ТМ-19» ғарыш кемесінің борт-инженері болды. Дәл осы жылы Қазақстан мен РФ Байқоңыр космодромын жалдау туралы алдын ала келісім жасады. “Ақ ордадан ақпарат”. “Елең еткізер оқиға” айдарымен «Мехметшілер Боснияға аттанды», “Әлем жаңалықтары”, “Келіндерге бірер сөз” айдарымен З.Ахметова «Тез өтер қызық дәурен оң жақтағы», Ойтүрткі айдарымен «Астана атын ойлассақ» (Б.Бодаубай), «Ескі сүрлеуге жол берілмейді» (Енес Жансевер), «Мәйітті жерлеу және оны атқару дәстүрлері» (Халел Арғынбаев), «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Адамдар жаратылысы», «Ұлттық сана қоңырауы», «Қазақ хандығы» (Қ.Салғараұлы)

Жылдың үздік мақаласы — «Ислам діні және оның жетекші жауапкершілігі» (Әли Байрам).

1995 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеуге әзірлікті күшейту туралы Президент қаулысына қол қойылса, осы жылы аталған мерейтойға қатысты көптеген материалдар жарық көрді. Олардың қатарында «Ілесіп ұлы Абайға ілгерілеп» (Ш.Елеукенов), «Абай энциклопедиясы» (Таңатқан Рсаев), «Білімсіздер білімдіге жау болды» (Немат Келімбетов), «Абай ішіп үлгермеген у қандай?» (Серікқали Хасан), «Абайдың құрдасы «Әнияр» кім еді?» (Бейбір Сапаралы), «Мәңгілік жан» (Талаптан Ахметжан», «Абайдың әлемдік тойы» (Қайырбек Асанов), «Түркі халықтарының шыққан тегі» (Амангелді Тұңғышұлы), «Ұлттық идеологияның негізі бар» (М.Қайыңбаев),

Осы жылдың 29 сәуірі күні Бүкілхалықтық референдум өтіп, халық қалауы Н.Назарбаевқа түсті. Бұл жайлы Әли Байрамның «Елбасыға ел сенеді» атты мақаласы жарияланды. Газетте тарихқа да көп көңіл бөлінді. Мәселен, «Күміс зереншедегі жазу» атты топтама материал (Әбілхан Әбіласан), «Тарих тағлымдары» айдарымен «Өткенге аз ғана шегініс» (Мекемтас Мырзахметов), «Түркі әлемінің тұлғалары» айдарымен «Алғашқы түркі мемлекеттері» (Амангелді Тұңғышұлы), Әлімғазы Дәулетхан аудармасында жарық көрген «Осман мемлекетінің ең ұлы билеушілерінің бірі — Абдухамит хан», «Межеллені (заң кодексі) дайындаған Ахмет Жәудәт Паша», «Астрономия ғылымының данышпан білгірі Әли Құсшы», «Үндістанда ислам-түрік мемлекетін орнатқан Бабыр шах», «Классикалық әдебиеттің ұлы ақыны Баки Барбарс», «Теңізші Хайреддин Паша», «Осман Ғазының әкесі — Ертұғрыл Ғазы», «Жиһангез Әулие Шелеби», «Фәлсафа әлемінің жарық жұлдызы Әл-Фараби», «Дәрігер — Ибн-Сина», «Сұлтан Қылышарыстан» т.б. осы сынды бірнеше материалдар соның айғағы. Осы жылы түркі халқының аяулы ұлы Мұстафа Өзтүрік қапыда қаза болды. Газетте бұл жайлы да материал жарияланды. Бұл жылы Республика Парламенті таратылды. Жаңа конституция жобасын талқылауға қатысты «Ардың шыңы — Ата заң» материалында оқырмандар пікірі жарияланды. Бұдан басқа «Аралды қалпына келтіру бағдарламасы» (Шаймерден Төлегенұлы), «Парламент мәжілісі сайлауы өтті» (Т.Баев), «Тамыры терең туыстық» айдарымен С.Демирелдің Алматыға ресми сапары (Әли Байрам), «Балқандағы жағдай шиеленісе түсуде» (Ерхан Башиурт) «Дағдарыстан шығудың жолы қандай?» (Ерхан Башиурт) т.б. осы сынды саяси-экономикалық материалдар жарық көрді. Ең үздік материал — «Арал — бүкіл дүниежүзілік проблема» (С.Ізтілеу).

1996 жылғы газетте негізінен саяси-экономикалық, тіл, тарих, әлеуметтік, әдебиет мәселелері көбірек қамтылған. Олардың қатарында сараптамалық материал «Қазіргі қазақ қандайсың?», «Бүгінгі қазақтың рухы қандай?» (Секен Дорженов), «Ұлт мәдениетінің типологиясы» (Тұрсын Ғабитов), «Рухани террорға тосқауыл қоймай, ұлт болып қалыптасу мүмкін емес» (Аманхан Әлімов), «Арал мәселесі қалай шешілуде?» атты тақырып бойынша Кәкімбек Салықовпен сұхбат (Жеңіс Қашқынов),

Үздік мақала — «Языковой политике требуется благоразумие, а не шумиха» ((Мұхтар Тогусов).

1997 жылғы газетте негізінен саясат пен экономика, әлеуметтік, тарих, демография мәселелері көбірек қаузалған. Осы жылдың басты жаңалығы Қазақстанның бас қаласы Алматыдан Ақмолаға көшті. Солардың ішіндегі сүбелі материалдар: «Баспасөз кімнің қолында?» (Рая Ескендірова), «Шәміл тарихы және Чешен төңірегіндегі саясат шытырманы» (Серікбай Алпысұлы), «Влияние исламской цивилизаций на Европу» (Рене Бенон), «Мұстафаны оқығанда» (Б.Орынбекұлы), «Бүгінгі сот жүйесі қандай?» (Шаймерден Төлегенұлы), «Кредитные опеки с пшиковым результатом» (Мадат Аққозин), «Қазақ және «қазақтандыру» (Есенғазы Қуандықов), «ҚапШанхайдағы қайқы шатырлар» (Ж.Борантаев), «Парламент не бітіріп отыр?» (Рая Ескендірова), М.Жолдасбековпен сұхбат «Қазақстан-ЗАМАН» — мың жылдық сағыныштан туған газет» (Толымбек Әбдірайымұлы), «Бес мыңнан бес жүз мың» (бизнес туралы сараптама, Ж.Жанділдин), «Орыстандық деп даурықпау, «қытай қаптайды» деп қорықпау керек» (экономикалық реформа туралы, Ж.Жанділдин), «Болашақ американдықтардікі ме, әлде түркі халықтарынікі ме?» (Мехмет Гундем), «Өткеннен жеткен тарихи сабақ...» (тәуелсіздік ұстанымдарына ұсыныс, Адам Мекебаев), «Рух» айдарымен «Осы біз қандаймыз?» (Бейбіт Қойшыбаев), «Өркениет — ортақ мұрат» (Әлмұхан Исақ), «Қазақтың Отан соғысы тарихы» (Молдияр Серікбаев),

1998 жылы елдің бас қаласы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. ҚР Астанасының тұсаукесер құрметіне «Астана» естелік медалі тағайындалды. 10 маусым күні Астананың Халықаралық тұсаукесері өткізілді. Бұл оқиғалардың бәрі газет бетінен орын алды. Бұл жылы да газет өзінің халықаралық мәртебесіне сай, саясат пен экономика, әлеуметтік, халықаралық қатынас, ынтымақтастық тақырыптарына баса назар аударды. Мәселен, «Сенім дағдарысы және тәуелсіздік тағдыры» (Айтан Нүсіпхан), «Ғасырды шығарып саларда» (Камал Смайылов), «ХХ ғасыр жеті жылдан тұрмайды» (С.Ақатай), Каир университетінің профессоры Хасан Нефаемен сұхбат «Таяу Шығысқа тыным бола ма?» (Ерхан Башиурт),

1999 жыл. Бұл жылғы газеттегі басты жаңалық, осы жылдан бастап басылым бетінде телеарналар бағдарламасы беріле бастады. Бұл жылғы шыққан сүйекті материалдар төмендегідей. «Түркі дүниесінің 1998 жылғы сыйлығы Назарбаевқа тапсырылды», «Назарбаевпен 2006 жылға дейін» (Енес Жансевер), «НАТО ма, әлде басқа ма?» (Жан Шаймұратұлы), «Табуляция. Старые правила политической игры в новом Казахстане» (Әзімбай Ғали), «Қазақстанның Түркиядағы елшісі Қайрат Сарыбаймен сұхбат «Басты мақсат — елге экономикалық пайда тигізу» (Е.Жансевер, Баян Болатхан), «Демократия — білімді елге тән» (Игілік Жанұлы), «Ұлт мүддесі неге аяқасты қала бермек?» (С.Ақатай), «Қазаққа бір «Аттан» қажет пе?», «Жердің сатылуы елдің қоса сатылуы емес пе?» (Оңғар Сапарбекұлы), «Жерді саттық деген — елді сату» (Парламентке Ашық хат)

2001 жылғы газетте де сұхбаттасуға кең орын берілген. Мәселен, «Ағайын арасы» деген айдармен берілген «Енді он жылдан кейін Қазақстан бай өлкеге айналады» атты мақаланы Ахмет Аляз Али Токулдан сұхбат алу арқылы беріпті. Тағы да осы автордың «Түркияның 10-шы президенті — Ахмет Неждет Сезер» мақаласы саяси бейнепортрет стилінде жазылған. Ал И.Жанұлының «Рухани сорбұлақтар көбейді» мақаласы белгілі қаламгер Герольд Бельгермен сұхбат ретінде берілген. Басылым халықаралық газет болғандықтан, саяси бағытынан жаңылмаған. Ондағы «АҚШ-Қытай жанжалында қайсысын жақтау керек?» (Марат Әнденов), «Оңтүстік шекара тыныштығы алаңдатса...», «Көршіңмен қалайсың?» «Әскердегі «ақсақалдық», «жерлестік» және «ұлтшылдық» (Бейбіт Төлегенұлы), «Таразының екі басы тең бе?» (Ғ.Ақсейіт), «Қазақ пен казак арасы» (Нәзира Сәрсекова), «Көгілдір отын Қазақстан үшін қат па?» (Ғ.Ақсейіт), «Ауылдың ақ пен қарасы» (Б.Мүрсәлім), Дүкен Мәсімхан: «Біз, қазақтар, ал, қытайлар...» (салыстырмалы сараптама, әзірлеген Ғ.Ақсейіт), «Адамзатты алаңдатып отырған Ауғанстан» (Х.Гүлерже), «Күнгей Әзірбайжан қасіреті» (Наурыз Қожахметұлы),

2002 жылғы материалдар ішінде көңіл аудартар өзектілері: «Қазақта киелі қарашаңырақ бар ма?» атты дөңгелек үстел, «Президент неге үнсіз отыр?» (С.Аққұлұлы), «Іштен шыққан жау жаман» (Берік Садық), «Ресей АҚШ-тың Ауғанстанда қалуына неге қарсы?» (Г.Қойшығұлова), «Елдің күткені — Елбасы байламы» (С.Аққұлұлы), «Қазақ жұрты және демократия» (М.Тоқашбаев), «АҚШ-Орталық Азия: әскери қауіпсіздік саясаты» (Нұрбол Станов), «Халықаралық қылмыстық сот: Қазақстан мүшелікке әзір ме?» (Р.Кертаев), «Ресей-Гүржістан: қақтығыс қантөгіске соқтырмай ма?» (Р.Кертаев), «Ирактың жазығы — тәуелсіздігі ме?» (Р.Кертаев), «Ата заң — мемлекеттік негізі» (Р.Думанұлы), «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан білімі» (ҚР Білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаева), «Ұлт рухы тілімен қуатты» (А.Тұяқбайұлы), Қызылорда облысының әкімі Серікбай Нұрғисаевпен сұхбат «Қырық жылдан кейін кіші Аралға араша табылды» (Балтабек Түйетай), «АҚШ-Ирак: дипломатиялық соғыс» (Р.Кертаев), «Ататүрік және Тәуелсіз Түркия» (Ахмет Аляз), Сұлтан Сартаевпен сұхбат «Тәуелсіздік тарихы осылай басталған» (Төреғали Тәшенов), «Катеv — Қазақстан келешегінің инвесторы» (Ахмет Аляз, Ұлан Еркінбеков). Ең бастысы осы жылғы басылым бетінде қазақтың біртуар ұлы Дінмұхаммед Қонаев атамыз туралы көлемді-көлемді материалдар мен естеліктер, толғаныс-эсселер көптеп жарияланған. Үздік мақала — Дулат Исабековпен сұхбат «Бізді құтқаратын ұлттық рух» (Бағдагүл Мұзартбекқызы).

2003 жылы газетте саясат бойынша «Көпвекторлы саясаттың салтанаты», «Шанхай процесінің жаңа кезеңі» (Талғат Жұмағұлов), «Ауыл — қазақтың бесігі», «Азияның болашағы — терең ынтымақтастықта», «Қытайдың Ху Цзиньтаосы кім?», «Қытайдың инвестициялық саясаты» «Нарық жетегіндегі нұралықтар», «Су тапшылығы», «Көші-қон» полициясындағылар сауатты ма? (Әлімжан Әшімұлы), «Қазақ қоғамындағы ендігі идеал — отбасы» (Бағдагүл Мұзартбекқызы), «Рубль аймағы Қазақстанға керек пе?» (Ж.Жанділдин), «Түркия Еуропа Одағына кіре ала ма?» (сараптама), «Әңгіртаяқ» (А.Шарон туралы), Ясир Арафат (Аян), «Жаһандағы қауіпсіздік кілті — Азияда!» (Ұлан Еркінбеков), «Жаһандық проблемаға жаңа көзқарас» (С.Досанов), «Ақталынбайтын агрессия», «Ирак тағдыры не болады?» (Марат Тоқашбаев) т.б. Ең үздік мақала — «Өзгелерді аласартпай, ұлтымызды көтерейік» (Ахмет Аляз).

Қазақстан Заман газетінің бас директорынан алынған сұхбаттан қазіргі осы газеттің жағдайы. – Сіз басшылық жасап отырған «Қазақстан-Zaman» газетін де Тәуелсіздігімізбен бірге жасасып келе жатқан басылым деуге болады. Газеттің қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? – Биыл Қазақстанның өз алдына дербес ел болып, жаңа мемлекет құрғанына 20 жыл толып отыр. Менің де Түркия жерінен осы елге табан тірегеніме 20 жылға жуық­тап қалыпты. Одан бергі уақытта қазақ қоғамындағы барлық өзгерістер – менің көз алдымда. Сонау 1992 жылы бір топ түрік жасы білім іздеп Қазақстанға тұңғыш келгенде, мұндағы жағдай мүлде біз ойлағандай емес еді. Әрине, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қиыншылықтар көп болды. Елдегі экономикалық жағдаймен қоса тілдік проблема да ушығып тұрған кез. Шетелден келген студенттер негізінен мұнда орыс тілінде білім алуға ұмтылатын. Бірақ біз Қазақстанның болашағына үлкен сеніммен қарап, ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қазақ бөлімінде оқыдық. Студент кезімізден қазақтілді   басылымдар­ға араласып тұрдық. Сол кезде «Заман-Қазақстан» газеті жаңадан жарыққа шыға бастады. Бүгінде «Қазақстан-Заман» деп аталатын осы басылым Қазақстан Тәуелсіз­дік алғаннан кейін 1992 жылы 17 қаңтарда ашылған. Бұл газет Қазақстанда тұңғыш ашылған шетелдік еларалық еркін басылым болды. Содан бергі уақыт кеңістігінде біздің басылым түркі руханиятын көтеруге және осы елде жарық көріп отырғандықтан, қа­зақ ұлтының сөзін сөйлеп, қазақ мүддесіне қызмет ету жолынан айныған емес. Бүгінгі таңда «Қазақстан-Заман» газетінің ұжы­мын­да түгелдей дерлік қазақ бауырлары­мыз жұмыс істейді. Ұжымдағы жалғыз мен ғана түрікпін. Бірақ 20 жылдан бері қазақ жерін­де тұрып жатқандықтан, осы елде қызмет етіп, ауасын жұтып, суын ішіп жүргеннен кейін, менің де әр қазақпен тілегім бір, жүрегім де үндес. Тәуелсіздікпен бірге жасасып келе жатқан біздің басылым да кезінде түрлі жағдайларда бірнеше рет өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Әйтсе де қайта-қайта жасалған талпыныс­тардың арқасында газет қайта жанданып, өз мис­сия­сын жалғастырып  келеді. «Қа­зақ­стан-Заман» басылымы Түркия мен Қазақстан арасындағы рухани көпірге айнала білді. Бұл ретте екі елдің зиялы азаматтары мен ұжымдағы журна­лис­тердің де еңбегін ескермей кетсек болмас.

  1. БАҚ-тағы жарнаманың маңызы.

ЖАРНАМА, ОНЫҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯСЫ, РӨЛІ МЕН МАҒЫНАСЫ

Жарнама дегеніміз — қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметгі жылжыту нысаны

Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:

- жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;

- жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.

«Gallup Media asia» деректері бойынша, 2002 жылы қазақстандық жарнама бюджетінің жалпы көлемі ЖҰӨ – нің 0,34%-ын қүрады. Бұл көрсеткіштерді батыс елдерінің деңгейімен салыстырсақ, АҚШ-та жарнама шығыны ЖҰӨ-нің 2,1-2,2%-ын, Францияда — 1%-ын, ал Ресейде — 0,65% құрады.

Әлемнің ең ірі жарнама берушілерінің тізімінде «Рrocter & Gamble» компаниясы бірінші орында. Оның жарнама шығындары 1993 жылы 3,6 млрд. доллар немесе компанияның сату көлемінің 15,5%-на жуық болды.

Жергілікті өндірушілердің көбі ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты жарнама агенттіктеріне жүгінбей-ақ, жүмысты өздері істегенді қалайды. Мысалы, «Фуд Мастер», «Беккер және К°», «Рахат» тікелей БАҚ-тың жарнама бөлімдерімен тікелей өзара әрекет жасап, жарнамаларын орналастырады. Ал «Филип Моррис», «PRG Botllers», «Қант орталығы», «Бахус» сияқты компаниялар жарнама агенттіктерімен тікелей байланысын, жарнамаға тапсырыс береді. Олар «Ogivy & Mather», «Мс Cann-Erikson», «Styx/Leo Burnett»«D’Arcy», «Initative», «Panda» ірі ағылшын саксондық-американдық концерндерінің желілі агенттіктерімен жұмыс істеуді қалайды. Қазақстан нарығында да жергілікті жарнама агенттіктері дамуда, олардың ішіндегі «Proba», «Рго-Metia Counsel», «Das-Marketing» сияқты жетекші агенттіктер клиенттерге барлық ақпараттық – жарнамалық іс-әрекет бойынша қызмет етеді.

Жарнама берушілер — бұлар өндірушілер, бөлшек – көтерме  саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б. Қазақстан нарығында негізгі жарнама берушілер — шетелдік компаниялар. Мәселен, «Procter & Gamble» компаниясының 2002 жылғы жарнамалық бюджеті 3,8 млн. доллар, «Unilever»-дікі — 2,8 млн. доллар, «LG Electronics», «Соса – Соlа» компанияларынікі — 1,9 млн. доллар болды. Отандық жарнама берушілер бюджет бойынша шетелдік компаниялармен бәсекеге түсе алмайды. Осыған қарамастан «Қант орталығы», «Terra Incognito» деп аталған брэндін жасап шығарған жарнама компаниясына кеткен шығындары бойынша Қазақстанда екінші орынды иеленді.

Жарнама агентгіктері - жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (творчестволық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.

Көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.

Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге «Стикс», «Юлия», «Триумф», «Бизнес Магазин», «Алина» және басқалар жатады.

Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін үсынады. Оларға шығарма-шылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады.

Шығармашылық шеберханалар жарнаманың ерекше көркем тұжырымдамаларын жасап, ол туралы материалдарды дайындайды, бірақ жарнаманы өткізуде, үйымдастыруда толық ауқымды қызметтер көрсетпейді. Мәселен, «Герона», «Гридан», «Киік» агенттіктері кең өрісті полиграфиялык қызметтерді, визуалды жарнама жасайтын жаңа техноло-гияларды ұсынады.

Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 788 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның саны Жапонияда 4000-ға жетеді.

Жарнама агенттіктердің барлық түрлері өздерінің пайдасын бұқаралық ақпарат құралдарынан түсетін комиссиялық алым немесе көрсетілген қызметтері үшін үстеме баға қою арқылы тауып отырады.

Жарнама құралдары — жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға баспасөз, теледидар, жарнама, радио, кино жатады.

Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жарнаманы сынаушылар оны адам санасын улайтын, тауарға қосымша құндылық дарытып, жалған қажеттіліктерді туғызатын айлалы әрекет деп жағымсыз жақтарын ғана көрсетеді.

1960-жылдары Америка кинотеатрларында мынадай эксперимент жүргізілді. Кино көрсетілімі кезінде, әрбір 24 кадрдан кейін, экранда «Поп-корн  жеңіздер», «Соса-Соlа ішіңіздер» деген сөздер жарқ етіп шығып түрды. Өте қысқа уақытта көрсетілгеніне қарамастан (5 секунд сайын оның 1/3000 бөлігіндей жылдамдықпен), бұл ақпарат адам түйсігіне жетіп, содан кейін санасына әсер етіп, өз кезегінде тауардың сатып алу колемінің ұлғаюына әкелді. Бұл эксперимент кейіннен «25-кадр тиімділігі» деп аталды. Нәтижесінде мұндай жарнама түйсікке әсер ететін, визуалды, адам құқықтарын бұзатын жарнама деп танылып, оған тыйым салынды. Бірақ та ғылыми түрде оның адамға тигізетін кері әсерін ешкім дәлелдеген емес.

Жарнаманы жақтаушылар оның бәсекені дамытатынын, сұранысты арттыратынын, тұтынушыларды пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ететінін, осылар арқылы жаппай өндірістің қалыптасуына байланысты тауардың өзіқдік құнының азаюына ықпалын тигізетінін атап көрсетеді.

Алайда кейбір жекелеген фирмалар жарнама науқанын жүргізгенде, заттың шынайы жағдайын бұрмалап, жалған хабар таратуы мүмкін. Тауар қасиеттерінің жағымды жағын арттырып, сатып алушыны алдау, тауар сапасына қатысты  жалған ақпарат беруді теріс ниетті жарнама деп атайды. Мұндай жарнама заң бойынша қудаланады. Қазақстанньщ «Теріс пиғылды бәсекелестік туралы» Заңы тұтынушыларды теріс ниетті жарнамадан қорғауға бағытталған . Әлемде мұндай әрекет мемлекеттік заңдар және тұтынушылар құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдар қозғалыстары сияқты екі бағытта жүргізіледі. Қазақстандағы жарнама қызметі «Жарнама туралы» Заңмен реттеледі

Жарнама туралы ҚР Заңы

Үзінді

Осы Заң ҚР аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру, және пайдалану проціснде туындайьын қатынастарды реттейді.

2.тарау.Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар

6 –бап.Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар.

1.Жарнама таратылу, орналастыру нысанына немесе пайдаланылаты құралына қарамастан, тікелей ұұсынылу сәтінде арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс.

2.Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.

Жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмалауға тиіс.

Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттік тілде берілетін жарнама күн сайынғы эфирге щығатын барлық уақыт бойы біркелкі таратылуға тиіс.

2-1.Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есеаке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.

4.Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға жол берілмейді.

Егер жарнама беруші жүзеге асыратын қызмет лицензиялауға тиіс болма, онда тиісті тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмірін және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.

5.Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен діни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.

6.Жарнама Қазақстан Республикасыныңконституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтвстығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, техник-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге пайдалануға, сондай оқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларынқұрайтын мәліметтерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс.

7.Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзгеде әрекетті (әрекетсіздікті) қоздырмауға тиіс.

8.Жарнамаға қойылатын шекетеулерге осы Заңмен және ҚР-ның басқа да заң актіоерімен белгіленеді.

8-бап.Теле және радиобағдарламалрғдарламаоарлағы жарнама

1.Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле және радиобағдарламаларға жарнама, жүгіртпе жолды қоспағандағы, тәулік ішінде берілетін хабарлардың жалпы көлемінің жиырма процентінен аспауға тиіс.

Жарнама беру кезінде оның дыбысы беріп отырған бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиіс.

2.Жарнаманы қосарластыру түрінде, соның ішінде жүгіртпе жол тәсілімен пайдалану кезінде оның көлемі кадр аумағының жеті жарым процентінен аспауға және телехабарлардағы мәтіндік немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.

3.Ресми хабарларды, ҚР-ның Президентіне және өкілді органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерін, білім беру және діни хабарлар берілімдерін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар бағдарламалары көрсетілімдерін жарнамамен, соның ішінде жүгіртпе жол әщдісімен де бөліп жіберуге тыйым салынады.

4.Ұлттық аза тұту күндері электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаларға тыйым салынады.