- •17-Cұрақ(Қазақстан моңғол жаулаушылығы дәуірінде)
- •21.Моғолстан мемлекеті
- •22.Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті
- •23.Хіү-хү ғғ. Қазақстан экономикасы мен мәдениеті
- •24.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •25.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •26.Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •27.Хyiі ғ. Қазақ хандығы.Есім,Жәңгір,Тәуке хандар
- •28.Хyi – хyii ғғ қазақтардың шаруашылығы; қоғамдық құрылысы мен мәдениеті.
- •29.Жеті Жарғы – Қазақ халқының әдет-ғұрпы заңдар жинағы
- •30.ХyiiIғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы
- •34. Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •40.Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •41. Хiх ғ. 60 – жж. Ортасында қазақ жерлерін Ресей империясының жаулап алуының аяқталуы және оның зардаптары.
- •42 Хiх ғ. 60-90 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік –саяси реформалар.
- •43.1868-1869Жж.Орал,Торғай облыстарындағы және 1870ж.Маңғыстаудағы қазақ көтерілістері.
- •44. Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
- •45. ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.
- •46.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
- •47. Хiх ғ екінші жартысы – хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •48. Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •49.«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
- •50.1917Ж. Қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы.
- •51.Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср – нің құрылуы.
- •52.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі.
- •54.Қазақ акср-дың құрылуы.
- •55. Жана экономикалық саясат
- •58. Ксро құрамында ҚазКср-інің құрылуы
- •59.1921-1930 Жж. Қазақстандағы мәдени құрылыс.
- •60.1920-1930Жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаппай қуғын-сұргін.
- •61.1941-1945 Жж Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың өшпес ерліктері.
- •1941Жыл 22 маусым- фашистік Германия ксро-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды.
- •62. Қазақстан- майдан арсеналы (1941-1945жж).
- •63. 1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
- •64. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •65. 1965-1985 Жылдардағы Қазақ кср-нің әлеуметтік- эканомикалық жағдайы.
- •66. Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
- •67. 1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •69. Егемендік туралы диклорациясы
- •70. Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
- •72-Сұрақ( Казіргі кезеңде Қазақстандағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2012 жж.))
- •73.Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық саяси омірі (1991-2012жж).
- •74. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2012жж).
- •75.Казіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2012 жж).
- •76.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
- •77.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»(27 қаңтар 2012ж.)
44. Хiх ғ. Екінші жартысы мен хХғ. Басындағы Қазақстандағы Ресей империясының қоныс аудару саясаты.
Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы. Жетісуда егіншіліктің дамуына XIX ғасырдың 70–90 жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды. Бірінші кезеңде 1877 жылы Тоқмақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881–1883 жылдары, Санкт-Петербург шартына сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды. Қоныстанушылардың жаңадан 5 болыс: Жаркент және Кетпен (қазіргі Панфилов ауданының аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданында), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында) болыстары құрылды. Жетісуда ең жақсы жерлер казактардың пайдасына тартып алынып қойғандықтан, ұйғырлар мен дүнгендер қолдан суландырылмайынша егіншілікке онша жарамды болмаған учаскелер алды. Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882 жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға 10 десятинадан жер алуға тиісті еді. Алайда 1885 жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде, әрбір еркек адамға 4–5 десятинадан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жылдың 1 қаңтарынан бастап оброктық алым – салық салынатын болды. Селодағы және қаладағы ұйғыр мен дүнген халықтары өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқаратын дінбасы бар қауымдарға бөлінді. Қоныстанушылардың кедейленген бөлігі алғашқы кездерде өздеріне берілген үлесті жердің шағын учаскелерін ғана игере алды. Соның нәтижесінде қауымдар ішінде өзінше бір арендалық қатынастар қалыптасып, қауымның кедей мүшелері өздерінің үлесті жерлерін немесе олардың едәуір бөлігін қауымның әлді мүшелеріне беріп отырды, ал өздері «арендаторларға» күнделікті жұмысшылар (мердігерлер) ретінде өнімнің бір бөлігін алатын болып жалданды. Бұл үлесті жерлер формальды жағынан әлі де бұрынғы иелерінің атында болып қалғанымен, іс жүзінде олар жаңа қожайындардың толық иелігіне көшетін. Сөйтіп, қауымдардың жоғары бай топтары, дінбасылар және дүнген, ұйғыр қауымдарының селолық әкімшілігінің өкілдері қауымның көптеген мүшелерінің үлесті жерлерін өз қолдарына шоғырландырып, ірі жер иелеріне айналды. Қауымдық жерлердің село байларының қолына шоғырлануына дүнгендер мен ұйғырлардың шет кәсіпке кетуі де себепші болды. Алған жерлері құнарсыз болып, жұмыс көлігі мен ауыл шаруашылық құралдары болмаған кедейлер алым-салықтар төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткеннен кейін мүлдем күйзелді, өздерінің үлесті жерлерін жаппай тастап, қалаларға жалдама жұмысшы және ауыл шаруашылық батырақтары болып табыс іздеп кетті. Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің қалыптасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақылдар ішінде бидай басым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді. Ұйғырлар сондай-ақ мақта өсірумен және ішінара жібек құртын өсірумен де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен темекі өсіріп, оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады. Жетісуда қоныс аудару қоныстандырушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да добал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сеялкаларды, т. б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылдарын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқаларын егуді игерді. Байырғы халықтар – қазақтар мен қырғыздардың әсерімен дүнгендер мал шаруашылығымен айналыса бастады. Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті.