Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nabi_Samat_karzhy-02.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
283.65 Кб
Скачать

2.2 «Самсунг электроникс» компаниясының жалпы сипаттамасы

Samsung Group – Оңтүстік Корея  ірі өнеркәсіп Концерінің  бірлестіг 1938 жылы  негізі қаланған. Әлемдік нарықта жоғары технологиялық компоненттрді, телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды, тұрмыстық техникаларды, аудио және видео құрылғыларды өндіруші ретінде танымал .

«Самсунг» сөзі» корей тілінде «үш жұлдыз» мағынасын білдіреді. Бұл атау Самсунг компаниясы  негізін салушы Ли Бен Чхольдіңүш ұлына байланысты болуы мүмкін. Кенже ұлыЛи Гон Химұрагерлік тұрғысынан отбасындағы жекеменшіктің басым бөлігін үлкен ұлы иемденеді деген бүкіл шығыс дәстүрін бұзып, компанияны 2008 жылы  сәуір айына дейін басқарған.

1930 жылы  кәсіпкер Ли Бен Чхоль күріш ұны өндірісі бойынша өз ісін ашады. Тэгу  қаласындағы шағын қойма Samsung компаниясының тарихына бастама болады. Сол кездері Корея отары болғандықтан, елде жеке кәсіпкерлікпен айналысу едәуір қиын болатын. Соған қарамастан 1938 жылдың өзінде-ақ Ли Кореядан Қытай мен Маньчжурияға экспорттау үшін өзінің бірінші каналын жасауға қол жеткізеді. Күріш, қант және кептірілген балық сынды азық-түлік өнімдерін жеткізудің қарқынды дамуы Samsung Trading Companyсауда маркасымен ресми түрде тіркелуге мүмкіндік берді. Атаудың шетелдік (Корея үшін) көрінісі корейлік кәсіпкердің алға қойған мақсаттарына ұмтылуының, амбициялы жоспарларының арқасында 1950 жылы Ли Бен Америка құрылымы  сауданы қалпына келтірмек болғанда пайдабола бастады. Корея түбегіне АҚШ әскерінің келуінен кейін зауыттың күріш шарабы мен сырасын шығару саласындағы өнімдері одақтық әскер өкілдеріне сатыла бастады. Кореядағы соғыс бизнестің тоқтауына себепші болды. Компанияның негізгі зауыттары секілді қоймалар да қиратылып, өртелді. Қиратылып өртенген Ли Бен үйінде кейінгі жаңа ісін бастауға негіз болған ақша толы жасырылған жәшік табылған деген қауесет бар. Бұл тоқыма фабрикасы, қант зауыты, кейіннен сақтандыру бизнесі болған.1960 жылы  Кореяда халықтың орташа табысы 80 доллардан аспағандықтан, Ли Бен өз ісінің нәтижесінде байи түседі. Сол кездері елде, тіпті ел астанасы – Сеулде де электр қуаты тапшы болып, жарық тек сағатпен берілді. Ал орталықтандырылған су құбырлары істен шықты. Ли Бенның жақын досы, президент Ли Сын Ман әскери төңкеріс жасап, оған бай кәсіпкер қолдау көрсетеді. Нәтижесінде Ли Бенды тақтан тайдарылған президентпен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін және жемқорлықпен айыптап, түрмеге жабылады.

Корея соғысынан кейінгі Samsung

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті, генерал Пак Чон Хиэкономикалық және өнеркәсіп реформаларды бастайды. Экономиканың өнеркәсіп секторын дамытуға арналған жоба мен бағдарламалар әзірленді. Шикізат пен заманауи технологиялар өндіруге шетелдік займдар тартып, одан түскен пайданы қайтадан осы өнеркәсіптерді жетілдіруге жұмсауға бағытталды. Осындай кезеңде тасы өрге домалаған кәсіпкерлердің бірі – Ли Бен Чхоль еді. Осылайша 30 ірі компания (чеболи – «қаржы отбасысы») құрылды. Солардың ішіндеSamsung сынды Daewoo,Hyundai,Goldstar (LG)және тағы басқалары да бар еді. «Қаржылық отбасыларының» әрбірінде өзінің бағыты болды: Daewoo – автокөлік өндірісі, Goldstar – тұрмыстық техникалар, Samsung – электроника, Hyundai – құрылыс саласы.

Компанияның реформалануы

Оңтүстік Кореяның эконимакасы жылына 6-дан 14 пайызға дейін қарқынды дамып отырды. Осы кезеңде экспорт өсімі 30 пайызға жеткен. 1969 жылы Sanyo-мен біріккеннен кейін Samsung компаниясы ақ-қара түсті теледидар өндірісін бастап кетеді. Кореяның өзінде тұрғындардың 2 пайызына ғана қолжетімді болды.

Sanyoмен Samsung-тың бірігуі Samsung Group-тың ірі секторларының бірі –Samsung Electronicsсекторына бастама болды. 1980 жылдары компания экономикалық дағдарысты көп шығындалса да еңсере білді. Еншілес компаниялардың саны күрт азайып қалды.Билікке Ли Гон Хи келген соң реформалардың толық спектрі ұсынылды. Компания еркін сауда туралы заңның шарттарын толығымен қанағаттандыра алуы керек болды. Ішкі инвесторларға қатысты саяси өзгерістер негізіндегі ұсыныс компанияның субсидия үшін қызығушылығын арттыруға бағытталды. Конгломерат мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудан қағылған еді.

1980 жылға дейін концерннің құрамына кіретін компанияның акциялары тек Оңтүстік Кореяның аумағында ғана танылып, инвесторлар тарапынан ең төмен сұранысқа ие болады. Басты себебі – конфуциялық ұстанымдар бойынша дәстүрлі азиялық басқару: билік басында тек Ли әулетінің өкілдері ғана болуында. Ішкі инвесторларда өндірісті басқару шеңберінде қабылданған шешімдергі әсер ету тетіктері мүлдем болмады.

Маркетингтік өзгерістер енгізіліп, компания миссиясы толығымен қайта жасалды, оған қоса символы да өзгертілді. Алғашқы екі логотипінде үш қызыл жұлдыз бар болатын. Алайда Samsung басшылығы бұрынғы логотипті халықаралық корпорация имиджіне сай келмейді деп ұйғарып, өзгертуге шешім қабылдайды. Дәл сол тұста ішіне фирманың аты жазылған қатты еңкейтілген көк эллипс қазіргі эмблема жарық көрген болатын. Тамаша дизайн және кеңейтілген жарнама кампаниясы өз істерні атқарды, логотип әлемдегі ең танымалдылардың біріне айналды. Алдыңғы қатарлы ЖОО-дың студент-жарнамашылары бүгінгі күні Samsung логотипін ерекше сәтті ребрендинг үлгісі ретінде өзгертуді зерттеп жатыр.

Жаңа эмблема жасау шығыс философиясынан алшақ кете алмады. Компания өкілдері «логотиптің эллиптикалық формасы идеяларды жаңарту мен жетілдіруді көрсете отырып, әлемдік кеңістікте қозғалысты бейнелейді» деп мәлімдеген. Бұл өзгерістер 1990 жылдарға дейін жалғасып отырды.

1983 жылы дербес компьютер өндірісі ашылған.

1991-1992 жылдары алғашқы жеке мобилды құрылғылар мен мобильды телефондарды жасау аяқталған.

1999 жылы Forbes Global журналының тұрмыстық техника өндірісі саласы бойынша сыйлығы Samsung Electronics компаниясына бұйырды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]