Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 лекция по РЦБ КАЗЭУ.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
85.5 Кб
Скачать

3 Сұрақ.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар ─ ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді. Оның қаржысы мүшелерінің төлеген жарнасынан, әртүрлі төлемдерден, мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.

Бұндай ұйымдардың негізгі қызметі:

• бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жалпы ережелері мен стандарттарын дайындау;

• кәсіби қатысушылардың және клиенттердің мүддесін қорғау;

• кәсіби қатысушылар тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың құқықтары:

• кәсіби қызмет және нарықтағы операциялардың стандарттары мен міндетті ережелерін дайындау;

• кадрлардың кәсіби дайындығын қамтамасыз ету, осы нарыққа қатысушылар үшін міндетті талаптарды бекіту;

• нарыққа қатысушылардың бекітілген нормативтер мен ережелердің орындалуын бақылау;

нарықтағы ақпараттық қызметті орындау;

мемлекеттік басқару органдарында нарыққа қатысушылардың мүддесін қорғау және олармен байланысты қамтамасыз ету.

Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың белгілері:

ерікті бірлесу;

ұйымға мүшелік, яғни оның мүшесі ─ ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

ұйым қызметін және ұйымның өзін-өзі реттеуін ұйымдастыру, қатысушылардың қызмет ережесін бекіту;

• мемлекетпен қарым-қатынас орналастыру, ол – мемлекет өзінің реттеушілік қызметінің бірсыпырасын ұйымға беруі.

Бұндай ерікті ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға нұсқан келтіргенін тексереді. Сонымен, маманданған ұйымның бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыда мемлекет мүддесімен сай келеді.

Әлемде қаржы нарығында өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірнеше түрі бар. Олар:

Халықаралық ұйымдар (мысалы, халықаралық қор биржаларының ұйымы).

Ұлттық ұйымдар. Әдетте әрбір мемлекетте қаржы нарығының кәсіби мамандарының мүддесін қорғайтын өзін-өзі реттеуші ұйымдар қалыптасады.

(Мысалы, Ресейде 2000 жылы пайда болған осындай екі ұйым бар: Қор нарығына қатысушылардың Ұлттық ассоциациясы және Трансферагенттер мен депозитарийлерді кәсіби тіркеуші Ассоциация).

Аймақтық ұйымдар. Олар аймақтық тұйықталған нарық болғанда ғана ұйымдасуы мүмкін.

Сондай-ақ өзін-өзі реттеуші ұйымдар өздерінің мүддесін қорғау мақсатында өз эмитенттерінің, институционалдық және жеке инвесторлардың ұйымдарын құрады. Бұндай ұйымдар бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету үшін өзінің ережелері мен стандарттарын дайындайды.

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде өзін-өзі реттеуші ұйымдардың қызметін қадағалаумен және олардың құрылуын бақылаумен Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі шұғылданады.

Қазақстанда ең алғашқы заң жүзінде құрылған өзін-өзі реттеуші ұйым ─ Қазақстан қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығын бақылаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалайды. Келесі өзін-өзі реттеуші ұйым ─ 1999 жылы 13 қарашада Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның директорлар кеңесінің қаулысымен құрылған ─ Активтерді басқарушылар Ассоциациясы. Оның атқаратын міндеттері:

• зейнетақы активтерін басқару компаниясының тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау;

• жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету нарығында еркін бәсекелестікті дамыту;

• кәсіпкерлік әдептілікті сақтау және қызмет көрсету стандарттарын дайындау;

• ассоциация мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау іс-шараларын қамтамасыз ету.

Ассоциацияның ұйымдық-басқару құрылымы мыналар:

• мүшелерінің жылдық жиналысы;

• директорлар кеңесі;

• басқарма;

• тексеру комиссиясы;

• тұрақты қызмет көрсететін (заңнамалар бойынша, қызмет істеушілер бойынша, есептеу және есеп беру бойынша) комитеттер.

Ассоциация өз мүшелерінің тізімін жүргізеді. Тізімде әрбір ассоциация мүшесінің фирмалық атауы жөнінде ақпарат және мекен-жайы, оның ассоциациядағы өкілі туралы және қызмет істеушілердің мамандығы туралы мағлұматтар, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың лицензиясының мәліметтері көрсетіледі.

Ассоциация мүшелері әрбір тоқсан сайын атқарған қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, содан соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзін-өзі реттеуші ұйымға мына мәліметтерді беруі тиіс:

• өз активтері мен зейнетақы активтерінің жағдайы туралы;

• таза зейнетақы активтері мен ондағы өзгерістер туралы;

• бухгалтерлік баланс және қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп.

Ассоциация мүшелері қаржылық жыл өткен соң өзін-өзі реттеуші ұйымға жылдық қаржылық есеппен қоса, өткен жылдық қаржылық есепті тексергені туралы аудиторлық қорытындыны беруі тиіс.

Өзін-өзі реттеуші ұйым ретінде 1998 жылдың екінші тоқсанында тіркеушілер Қазақстан реестрұстаушыларының Ассоциациясын құрды.

Бұл ассоциацияның міндеттері:

• реестрұстаушылардың мүддесін білдіру және қызметін біріктіру;

• ассоциация мүшелерінің жалпы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету;

• Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытуда мемлекеттік органдарға көмектесу;

• реестрұстаушылар қызметінің стандарттарын дайындау.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде Қазақстан бағалы қағаздар нарығын бақылаумен және реттеумен шұғылданатын өзін-өзі реттеуші ұйым түрінде құрылған ─ Қазақстан қор биржасы, Активтерді басқарушылар Ассоциациясы және Қазақстан реестрұстаушыларының Ассоциациясы нарыққа қатысушыларға қызмет көрсетуде. Алайда, олардың заңнамалық негізі толық қарастырылғанымен, отандық нарықтың тарихи қалыптасқан дәстүрі жоқ жағдайында және бағалы қағаздар нарығының алғашқы пайда болу және қалыптасу кезінде нарықтық инфрақұрылым жан-жақты кең ауқымды жұмыс атқаруда деуге ертерек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]